Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ

Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

КР ИнвестициялыкПортфель Шахаева Фариза 40с.doc

— 423.00 Кб (Скачать документ)

  Көп кешікпей, қаржылық қолдауды стратегиялық негізде жүзеге асыратын толыққанды мамандандырылған банктер құрылды. Олар: «Ұзақ мерзімді несие беруші Корей банкі», «Кореяның экспорттық-импорттық  банкі», шетелдік капиталды  мобилизациялауды және қаржылық емес кәсіпорындарға орта және ұзақ мерзімді несиені алуды қамтамасыз ететін сауда және банк корпорациялары. Ұйымдық-қорлық нарыққа бағытталған қаржының өсуі үшін қабылданған шаралар өзара жинақтаушы компаниялар және инвестициялық – қаржылық банктік емес байланысымен бекітілді. Сол себепті, инвестицияның жоғарғы деңгейіне  жету үшін, технологиялық және өндірістік жаңа өзгерістерді еңгізу үшін, сонымен қатар жеңіл несиелік- банктік жүйенің орнығуы үшін мемлекет тарапынан бақылаудың болуы және оның қатысуы бірден-бір қажеттілікке ие болды. Осындай және басқа да мысалдарда көрсетілгендей, несиелік институтта ұлттық экономикада стратегиялық мәселені шешу үшін мемлекеттің қатысуының талап етілетіндігіне куә болдық. Бұл қатысудың деңгейі көптеген жағдайда экономикалық ситуацияның нақты ерекшелігі болып табылатын нарықтық механизмнің, құрылымның және әдістерінің қалыптасуымен анықталады. Жалпы ұлттық қызығушылыққа жету үшін, яғни мемлекеттің, банктің, қаржылық емес кәсіпорындардың өзара тығыз байланыстарды қызмет етуі, әсіресе, экономикалық дағдарыстың этаптарынан шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімділік.

  Бреттон-Вудскінің  институттар деген атпен жалпыға  танымал Дүниежүзілік банкі мен  Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды кұруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штабпәтері Вашингтонда. Үзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, экономикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдасгырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.

  Осыған  қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ  принциптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дүниежүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі инсти-тут болып табылады, ал ХВҚ - бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін кұруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.

  Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық  өзінің ресми атуы - Халықаралық  қайта құру және даму банкісінде (ХВҚДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті - экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.

  Дүниежүзілік  банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалык және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады - Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халықаралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағаттылған Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық. Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.

  Дүниежүзілік  банкте 6000-нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі  бар, оның қызметкерлерінің 95%-ға жуығы  Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс  жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.

  Дүниежүзілік  банк - инвестиялық банк, инвестор мен  алушылардың арасында делдалдық  қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.

  Дүниежүзілік  банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі  несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация  мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі /20, 308б/.

  Дүниежүзілік  банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. - 27 млрд. доллар, 1980 ж. - 34 млрд. СДР-ға дейін (ол кезде СДР=1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. - 140 млрд. СДР-дан астам болды.Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген каржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайдалана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден төленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.

  Дүниежүзілік  банк несиелік қабілеті бар дамушы елдердің үкіметтеріне өз несиесін береді.Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы  ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл  ел Халықаралық қайта кұру және даму банкісінен несие алуына мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарыктық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдердің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80% жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның қайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.

  ХҚДБ  қарыздарын (ссуда) беру шарттары:

  • несие тек қана үкіметтерге, олардың орталық банк-тері экономикалық даму үшін жасаған жобаларды қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға кепілдік берген жағдайда;
  • несие алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа жерден несие алуға мүмкіндігі болмаса;
  • ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға баға беріп оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;
  • қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай, кезең-кезеңімен беріледі.

  Бұл ережелер ХҚДБ-нің де және оның несие  берушілерінің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде несие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.

  Дүниежүзілік  банк несие берген кезде көбірек  көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер  жатады. Бірінші кезекте ауылдық  жердегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жуйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.

  Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде  оның несиесін пайдаланушы болып  табылады. Онын несиесімен ондаған  республика үшін маңызы зор жобалар  қаржыландырылуда.

  Европа  қайта құру және даму банкісі (ЕКДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралык қаржы мекемесі ретінде құрылған. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен коса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жа-пония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕКДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.

  Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің  мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік  елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.

  ЕҚДБ-нің  басты міндеті - бұрынғы социалистік  елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдык қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.

  ЕҚДБ-нің  негізгі несие беретін объектілеріне - жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.

  ЕҚДБ  несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі  ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды  пайдаланады, экономиканың нақты салаларына, инфракұрылымға және экология саласының  дамуындағы ұзақ мерзімді жоспарларды  жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.

  ЕҚДБ-нің  жүмысындағы маңызды аспекті - басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық  кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚДБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдерлің нарықтық экономика үшш банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуғе көмек беретін Біріккен Венск институты кұрылды. ЕҚДБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері - 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі - 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы - 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-ның жарғылық капиталының 8,5% үлесін иемденеді.

  ЕҚДБ  жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.

  ЕҚДБ-нің  несие қоры жай ресурстар мен арнайы қорлардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамына:

  • шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал;
  • әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат;
  • заемдарды қайтарудан түскен қаражат пен кепілдіктен түскен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестицияяаудан түскен түсім;
  • арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.

  Арнайы  қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвестициялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қаражаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.

  Өз  қызметінде ЕҚЦБ операцияның әр түрлі  формаларын қолданады: жекешелендірілген  сектордың кәсіпорындарына несие  беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру. 
 

    2.2 «Қазақстан Даму  Банкі» АҚ-ның  қаржылық жағдайын  талдау 
     

  Банктің қызмет ету мерзімі аясында жалпы  сомасы $2 млрд. болатын 40 инвестициялық жобалар мен 46 экспортық операциялар жүзеге асырылды. Бұлардың барлығының $808 млн. банк үлесі бар. 2006 жылдың өзінде банк 12 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялардың жалпы сомасы $200 млн. қатысты, банк үлесі $62 млн. болды.

  Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық жобаларға  берілетін несиелерінің мерзімі  ұзақ мерзімді болғандықтан, берілген несиелердің басым бөлігі әлі қайтарылған жоқ. Осы уақытқа дейін 36 несие бойынша жалпы сомасы $180 млн. толық көлемде қарыз қайтарылды.

  Инвестициялық жобаларды іске асыруда Банк портфелінің  құрамында орта мерзімді (10 жылға  дейін) несиелердің үлесі - 48,3%-ды, ал ұзақ мерзімді несиелер үлесі – 51,7%-ды құрайды. Несиелік портфельдің орташа жылдық пайыздық мөлшерлемесі 8,51%, ал несиелердің орташа мерзімі – 10,66 жыл. Қазақстанның банк жүйесіндегі заңды тұлғаларды несиелендірудің төртен бір бөлігі Қазақстан Даму Банкінің үлесінде.

  Банктің несиелік портфелі 2006 жылдың аяғында  $390 млн. құрады, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда $38 млн. артты. Бұның құрамындағы инвестициялық жобаларды іске асыру көбірек болып отыр (84%), бұл Банк қызметтінің инвестициялық мазмұнын көрсетеді. Несиелерді кепілдендіру барысында екінше деңгейлі банктер үсынған жоғары өтімді активтер, ақша, жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер алынған.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау