Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Несиелік-банктік жүйенің модельдері мен өндірістік және қаржылық капиталдың байланысу формаларының ерекшеліктері.
Несиелік-банктік
жүйенің құрылуының негізгі модельдерінің
айырмашылығын халықаралық
Германдық модельге несиелік әдісті иелену тән, бұл орайда несиелік құралдарды эффектті пайдалануға негізделген басты тәсіл – меншікке қатысу жолымен қарыз алушы үстіне банк арқылы бірден-бір бақылау орнату.
Коммерциялық банктердің өндірістік корпорация капиталында маңызды үлестік қатысымы банкпен қатар өнеркәсіп үшін де үлкен мәнге ие: банк үшін, бұл - қарыз алушының ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығына бақылау орнатуға мүмкіндік жасау; өнеркәсіп үшін, бұл – жеке капиталдағы қажеттіліктердің азаюы және өндірісті қаржыландырудың жалпы бағасының қысқаруы.
Германияда
банктендің өнеркәсіп әрекетіне
әсері басқа елдермен салыстырғанда,
құнды қағаз нарығының
Тип
жағынан Қазақстан
Германдық
модельдің белгілі бір
Сонымен қатар, ресейлік коммерциялық банктердің әмбебап көрінісі олардың көп жағдайда қиындықтарымен көзге түседі. Бұл құнды қағаз нарығы мен банктік емес институттар жүйесінің дамымай қалуынан көрінеді.
Әмбебап
модель коммерциялық банк әрекетінің
жоғарғы деңгейдегі тәуекелділігімен
байлансты және дағдарыс жағдайында
күрт өсіп кетуімен де тікелей қатысымға
ие. Өйткені инвестициядық салымдар
бойынща ьанк тәуекелдері депозиттік-
Осыған орай, инвестиция негізгі банктік әрекетпен байланыста болып, құнды қағазға арналған кезде тәуекелге жасалатын бақылау механизмі болмаса, бұл банк өтімділігін жоғалту қаупі болып табылады. Аталмыш фактор 1997-1998 жылдардағы дағдарыс жағдайында банк жүйесінің өтімділігінің төмендеуінде маңызды рөл атқарған.
Неміс әмбебап банктерінің әрекет тәжірибелері көрсеткендей тәуекелді бақылау кезінде қаржылық емес компания капиталына қатысу түрлі тармақты қамтитын өнеркәсіптерге айтарлықтай қаржылық көмек беруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, «Deutsch Bank» банк пен өндірістің бір-біріне өзара әрекетінің жарөын үлгісі болады. 400 өндірістік және коммерциялық компанияларда: химиялық, электротехникалық, металлургиялық, құрылыстық, тамақ өнеркәсіптерінде, автомобиль құрылысында және машина жасак кешендерінің, сауда, көлік, тұрмыстық қызмет сфераларының өзге тармақтарына қатысады.
Инвестициялық банктер мен даму банктері.
Әр
түрлі елдердің банктік жүйесінің
талдауы әмбебаптанудың дамуымен қатар
коммерциялық банктер әрекетінің мамандануға
бағыттары күшейе түсетіндігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде,
несиелік жүйенің әмбебап құрылымы бар
елдерде жетекші орынды мамандандырылған
банктер иеленеді (олардың санының төмендігіне
қарамастан). Оның ішінде инвестициялық
банктер мен ерекше қызметі бар несиелік
институттар үлкен қызығушылық тудырып
отыр. Олар ұлттық қызығушылық реализациясымен
байланысты келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялық портфельді модельдеу және инвестициялық шешімдерді бағалау әр түрлі амалдар негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық шешімдерді бағалау және инвестициялық портфельді қалыптастыру амалын таңдау инвестор мақсаттарымен анықталады. Құнды қағаздардың қалыптасқан портфелі кіріс, тәуекелділік, өтімділік қағидалары бойынша жалпы бағаланады.
Қазақстан Даму Банкі өз қызметін осы 6 жыл ішінде атқарып келеді. Оның негізгі қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. Шетелдердің қаржы ұйымдары мен коммерциялық банктері және халықаралық банктермен байланыс жасай отырып, Қазақстанға керекті инвестициялық жобаларды іске асыру болып отыр. Ол мемлекетпен бірлесіп Қазақстанда инвестициялық климатты жасай отырып, шетел инветорларын Қазақстанға тарту қажет. Бірақ бұл істің бәрі бір мезетте ғана бітетін іс емес. Оған біз бәрәміз ат салысуымыз керек. Ол қалай десек? Ол үшін Қазақстанның әр азаматы тек қана өз қамын ғана ойламай, сонымен қатар, қоғам жағдайына да көңіл бөлу керек. Егер әр азамат қоғамға дендейде бір пайда алып келетін болса, онда қоғамның өркендеу сонда болады. Ал қоғам неғұрлым әлеуметтік-экономикалық жағынан қанағаттандырылатын болса, онда соғұрлым қоғам табысты болады. Қоғамның табысты болуы арқасында Қазақстан территориясындағы бар байлықты өзіміз игерертін боламыз. Әйтпесе бар мұнай мен пайдалы қазбаларды шетел инвесторлары өз қаражаттарын жұмсау арқылы біздің байлығымызды иемденіп отыр. Мемлекетіміз бұл жөнінде жұмыс жасауда. Президентіміз әр жылдағы халыққа жолдауында тиімді инвестициялық жобаларды Үкіметке және арнайы органдарға тез арада дайындаумен, оларды шұғыл түрде іске қосуды талап етуде.Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық портфелін талдау барысында оның құрлымының көп өзгеріске ұшырамайтынын байқаған болатынбыз. Соған қарағанда банк инвестициялық портфельді басқаруда пассивті модельді қолданады. Пассивті модельді қолдану барысында инвестициялық портфельдің құрамы көп өзгеріске ұшырамайды. Құрамындағы бағалы қағаздардың тәуекел дәрежесі мен табыстылығы өте жоғары болмайды. Бірақ олардан тұрақты табыс табуға болады.Халық алдында тұрған бәсекелі 50 елдің қатарына кіру мақсаты тұрғандықтан, Қазақстанымыздың жаңа әлемге нық аяқ басуына қазіргі уақытта көптеген шаралар жасалуда. Қазақстан жан-жақты дамыған, халықтың әлеуметтік жағдайы жоғары ел болуы үшін экономикамыздың түрлі салаларын дамытуымыз керек. Соның ішінде, халық қажеттіліктерін қанағаттандыратын банктік сала да, әрдайым даму үстінде болуы керек, ал инвестициялық саясат халық үшін жасалған саясат болғандықтан, банк дамуында осы саясаттың дұрыс жүзеге асырылуы өте маңызды деп ойлаймын. Күннен-күнге, жылдан-жылға басқаларға үлгі болған Қазақстанның болашағына, банктік сектор өз үлесін қосатындығына сенемін.
Жаһандану жағдайындағы бүгінгі әлем өзгерістерге толы сондықтан да оның жаңаруы жедел қарқынмен жүріп жатыр. Дамыған да, дамушы да мемлекеттер сол өзгерістер қарқынына ілесе алмаса, аз уақыттың ішінде көп нәрседен кенжелеп қалуы қиын емес. Біз «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясын жүзеге асырудың он жылында үлкен белестерден өте алдық. Ал енді алдағы он жылда өтуге тиіс болатын белестер өте күрделі екені түсінікті болды. Елбасы өз сөзінде баршамыз бірге болсақ, ойға алғанның бәрін жүзеге асырамыз деп атап көрсеткеніндей, көпэтносты және көпконфессиялы еліміздің халқы Елбасы төңірегіне топтаса түсіп, бұл белестерден де абыройлы асатынына сенім мол.
Қазақстан Республикасы сонғы бірнеше жылда тұрқты және қалыпты экономикалық өсу қарқынын көрсетуде. ЖІӨ-де жылдан-жылға жөғары қарқынмен өсіп келеді, инфляция болса, қалыпты деңгейде тұр, ал мемлекетте жұмыссыздық деңгейі біртіндеп азайып келеді. Шетел инвесторлары Қазақстанды инвестициялық климаты тартымды елдер қатарына жиі қосып жүргені жаңалық емес. Ол өз көрінісін нақты инвестициялардың біздің елге көптеп келуінен көрінеді. Мемлекетте бизнес өте тез дамып келеді. Өндірістік қуатты артыру үшін компанияларға қосымша қаржылық ресурстар керек. Осындай экономикалық жақсы жағдайда қор нарығы дамымай келеді. Рас инвестициялық портфельді басқарумен айналысатын банктер өте аз Қазақстанда. Барларының өзі мемлекетік бағалы қағаздарды сатып алумен шектелуде.
Банктік жүйенің жақсы дамуы салдарынан қор биржасы дами алмай келеді. Қор биржасы дамымаса «инвестициялық портфель» ұғымын Қазақстан азаматары білмеу өтуі мүмкін. Өйткені инвестициялық портфель негізінен бағалы қағаздардан тұрады. Ал бағалы қағаздар қор нарығында жұмыс атқаратын болады.
Президенттің бастауымен Алматыда аймақтық қаржы орталығын құру идеясын дұрыс деп ойлаймын. Бір жағынан оның жарқын болашағына сену қиын . Өйткені Алматы қаласы басқа ірі қаржы орталықтарынан тым алыс орналасуда, соған байланысты шетел инвесторларының Алматыдағы қор биржасына өз бағалы қағаздарын орналастыру көп уақыт пен қаражатты талап етеді. Оған баратын инвесторлар жиі кездеспейді. Сондықтан бұл орталықты дамыту үшін, алдымен Қазақстандық инвесторларды өз өндірістеріміздің, кәсіпорындарымыздың бағалы қағаздарына инвестицияларын салуына жағдай жасау керек.
Қорытындылай
келе, банк қызметінің тиімді және тұрақты
жұмыс істеуі мемлекетіміздің экономикасының
дамуына елеулі әсер етеді. Екінші деңгейлі
банктер көптеген функцияларды орындай
отырып бір-бірімен және басқа да шаруашылық
субъектілермен қарым-қатынасқа түседі.
Қазақстанда банк жүйесі құрылғаннан
бері қазіргі уақытқа дейін екінші деңгейлі
банктердің банкроттыққа ұшырауы жиі
кездесетін жағдай болды, сондықтан да
коммерциялық банктердің қызметінің тұрақсыздығы
кәсіпорындар мен ұйымдардың төлемқабілеттілігіне
жағымсыз әсер етіп, өндірістің құлдырауына,
экономиканың дағдарысқа ұшырауына әкелу
мүмкін, осыған байланысты әрбір ел үшін
банктердің тұрақтылығының маңызы өте
зор болып табылады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.1
Банктің инвестициялық
мен маңызы
1.2
Банктің инвестициялық
ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР