Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Банктің инвестициялық портфелі келесі портфельдерден тұруы мүмкін: инвестициялық жобалар портфелі; инвестициялық несие портфелі; бағалы қағаздар портфелі; үлес пен пайлар портфелі; жылжымайтын мүліктер портфелі; бағалы металдар мен асыл тастар портфелі және басқа да инвестициялық объектілер портфелі.
Әлемдік тәжірибеде инвестициялық портфель біртұтас басқару объектісі ретінде заңды немесе жеке тұлғаның иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл портфельді қалыптастыру мен болашақта оның құралы мен құрылымын өзгерту кезінде басқарушы менеджер тәуекел-пайда қатынасындағы жаңа инвестициялық сапаны қалыптастыруды білдіреді. Бірақ жаңа портфель корпоративтік акциялардан, әр түрлі дәрежедегі қамтамасыз ету мен тәуекелі бар облигациялардан және бекітілген пайдасы бар қағидалардан тұрады, яғни негізгі сомасы мен ағымдағы түсімдерді жоғалту тәуекелі минималды болады. Теориялық жағынан портфель бағалы қағаздардың бір түрінен қалыптасуы, бағалы қағаздардың бір түрін екінші түрге ауыстыру арқылы құрылымын өзгертуі мүмкін.Портфельді қалыптастырудың мәні - бағалы қағаздардың жекелеген бір түрі бойынша қол жеткізуге болмайтын және оларды біріктіру арқылы қол жеткізуге мүмкін болатын инвестициялық мінездеме қасиетін қалыптастыру арқылы инвестициялық жағынан жақсарту.
Бағалы қағаздардың портфелі – инвесторға минималды тәуекел деңгейі мен талап етілетін табыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал. Портфельдік инвестиция бойынша табыс тәуекел деңгейі ескерілген портфельдің біреуіне қосылған бағалы қағаздар жиынтығы бойынша жиынтық пайданы білдіреді.
Бағалы
қағаздардың инвестициялық
Қалыптасу көзіне байланысты портфель сыныптамасы:
Портфель
типін тәуекел деңгейіне
Сондықтан инвестордың әр типіне бағалы қағаздар пайдасының өзіндік типі сәйкес келеді: жоғары сенімді бірақ төмен табысты, әртарапталған, жоғары тәуекелді, бірақ жоғары табысты, жүйеліліксіз.
Инвестиялық портфельдің өтімділігі дегеніміз – портфельдің құнын жоғалтусыз ақша қаражатына тез айналу мүмкіндігі. Бұл мақсатқа жетуді ақша нарығының портфельдері шешеді.
1.
Ақша нарығының портфельдері
– капиталдың толық сақталуына
бағытталған портфельдердің
Бағалы қағаздармен жұмыс істеудің “алтын” ережесін: барлық ақша құралдарын бағалы қағаздарға салуға болмайды, аяқасты туындайтын инвестициялық мәселелерді шешу үшін бос ақша-қаражаттар резервін құру қажеттігін, айтып кетуіміз жөн.
Инвестор
құралдарының бір бөлігін ақшалай
нысанда салуы портфельдің
Жоғары өтімділікті қысқа мерзімді қордың портфельдері де қамтамасыз ете алады, себебі олар қысқа мерзімді бағалы қағаздардан құралады және ақша нарығында айналыста жүреді.
2.
Салық салудан босатылған
3. Мемлекет органдарының бағалы қағаздарынан құралған портфелдер. Бұл портфель мемлекеттік және жергілікті бағалы қағаздар мен міндеттерден құралады. Бұл нарықтық құралдарға салымдар портфельді ұстаушыға сатып алу мен сату бағасының арасындағы дисконт түріндегі пайыздарды төлеу мөлшерлемесі түрінде табыс әкеледі.
4.
Әр түрлі өндірістік
Инвестициялаудың мақсатына байланысты бағалы қағаздар портфелінің құрамына сол мақсатқа сәйкес келетін айырбасталатын бағалы қағаздар кіреді. Ол айырбасталатын және артықшылығы бар акциялар мен облигациялардан құралады және белгілі уақыт аралығында бекітілген бағамен, бекітілген жай акциялар санына айырбасталады. Активті нарық жағдайында, яғни “өгіздер нарығында” бұл қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл портфель типіне, сонымен бірге, тұрақты табысты облигациялар және ұзақ мерзімді инвестициялар портфелін жатқызады. Элементерінің орналасу аймағына байланысты бағалы қағаздар портфелін ажыратады. Мұндай бағалы қағаздар портфелі типіне белгілі мемлекеттің бағалы қағаздары, аумақтық және шетелдік бағалы қағаздар портфельдерін жатқызуға болады.Инвестициялық портфель құрамындағы объектілер инвестордың қызығушылығының негізінде құралатын болғандықтан, портфель типі мен инвестор типінің арасында байланыс болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты, байсалдыға - әртараптандырылған портфель, ал агресивтіге – жоғары табысты, бірақ жоғары тәуекелді портфель сәйкес келеді. Портфельді инвестицияның теорияларын зерттеу көрсеткендей, инвестициялық портфельді құру белгілі қағидалардың негізінде жасалуы қажет. Олардың негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Инвестициялық
саясаттың мақсаты
Инвестициялық портфельді құрудың негізі инвестордың өз мүмкіншілігі мен сыртқы ортаның инвестициялық қызықтыруын баланстың табыстылық пен өтімділік арқылы жағымды тәуекел дәрежесі болуын талдау арқылы жүзеге асады. Осы талдау нәтижесінде инвестициялық портфельдің негізгі мінездемелері (тиімді тәуекел дәрежесі, болашақ табыстың көлемі, мүмкін болатын жоғалтулар және тағы басқалары) сараланады, инвестициялық ресурстардың көлемі мен құрлымын ескере отырып, көптеген инвестициялар түрлері бойынша инвестициялық портфельді оптимизациялау жүргізіледі.
Инвестициялық портфельді құру кезінде ең негізгі мәселе ретінде нақты инвестициялық объектілерді таңдау, оларды инвестициялық портфель құрамына инвестициялық қасиеттері бойынша саралап алып кіргізеді.
Инвестициялық
портфель құрамына неше түрлі инвестициялық
объектлерді кіргізу үшін, олардың
табыстылық, тәуекел және өтімділік
деңгейлерінің қатынастары
Қызмет ететін инвестициялық жобалар бойынша ақпараттың қайнар көзі ретінде келесілерді қарастыруға болады:
2. «Қазақстан Даму Банкі» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Даму банктері және
олардың экономикадағы
рөлі
Мемлекет қолдауымен маңызды орын алатын ұлттық экономикалық сферасында қызмет етуші банктер қатары бүгінгі таңда көптеген елдерге тән. Даму банк қызметінің кеңеюі қазіргі әлемдік тәжірибедегі тенденцияның бірі болып табылады. «World Bank»-пен жасалған концепцияға сәйкес, осындай институттар маңызды экономикалық программалар мен жобалардың қаржыландырылуын алға тартушы катализаторы болуы қажет.
Даму банктері бір-бірінен қызметінің масшабы және бағыты бойынша, ұйымдық-құқықтық формасы және т.б. сипаттамаларына сәйкес ажыратылады. Олар орташа, сондай-ақ қаржы институттары ретінде әлемдік даму банктерінің көшбасшылық рейтингіне ие. Әлемдік тәжірибеде жеке, сондай-ақ мемлекеттік даму банктерінің кеңейтілуі де орын алған.
Германияның даму банкі ерекше мәселелермен айналысатын несиелік институттар ретінде ұлттық экономикада белгілі бір алға ұмтылушы бағыттағы қызметтерді орындайтын мемлекеттік және жеке қаржы несиелік ұйымын ұсынады. Мысал келтірер болсақ, жеке банк болып, кәсіпорындарға ұзақ мерзімдегі несиені берумен айналысатын «Industriekreditbank A6-Deutsche Industriebank» банкісін жатқызамыз. Ал мемлекеттікке қызметі экспорттық несиемен және экономиканың кризистік саласымен байланысты «Kreditanstalt fur Wiederaufbau» (қалыптасу банкі) банкін атауға болады.
Нидерландыдағы көптеген мамандандырылған банктер мемлекеттік немесе мемлекеттік кепілдіктер негізінде қызмет етеді. Мұндай банктерге, қаржылық қиындықтарды бастан кешіруші, несиелік қолдауды қажетсінетін және дамушы аймақтардың капитал салымын жүзеге асырушы Ұлттық инвестициялық банкі («De Nationale Investeringsbank N.V.» ), ерекше жағдайларда саяси тәуекелділікті сақтандыруды жүзеге асырушы несиені сақтандыратын Нидерландиялық компаниясы («Nederlandse Creditietverzekering Maatschappij N.V.»). Францияда мемлекеттік несие үлесіне ұзақ мерзімдік несиенің жартысынан көбісі түседі /18, 214б/.
Экономикалық
дағдарыстың мерзімі
Соғыстан кейінгі онжылдықта мемлекеттік «Instituto Mobilliare Italiano» банкінің қатысуымен Италияндық қайта құру институтының аналогиялық мемлекеттік институттары құрылды. Олар: ЭФИМ, ЭНИ, ДЖЕПИ. Бүгінгі таңдағы белгілі бір экономикалық тұрақтылық жағдайында мемлекеттік қолдау өзінің мәнін жоғалтты. Сол себепті, Италия үкіметі өндірістік қаржылық кешендердің сатылап жекешелендіру процесстеріне көшті.
Жапония бизнесінде дәстүрлік мән болып, мемлекеттің тек ұлттық қолдауды ғана емес, сонымен қатар банктік қолдау да маңызды рөл атқарды. Нарықтық механизм қалыс қалған кезде мемлекеттің экономика ісіне араласуы қажет-бұл жапондық модельге тән. Жапондық тәжірибенің бір үлгісі оның экономиканың алдыңғы қатарлы өндіріс схемелары негізіне орнықтыруы болып табылады. Капиталдың орнығуы мемлекеттік қаржылық корпорациясы арқылы өндірістің базалық тармақтарының бағыттарымен орныққан. Келесі кезеңде, яғни экономикалық дамуға қол жеткізгенде, инвестициялық сұранысты қаржыландырудың мүмкіндігін жасау үшін төмендегі банк түрлері қалыптасты: «Ұзақ мерзімді несиелендіру банкі», «Траст банктер» және мемлекеттің қаржы институттарының қызметін толықтыратын банк қатарлары Жапония даму банкі, Жапонияның экспорт-импорттық банкі. Бұл қаржы министірлігіндегі сенім қорларының есебінен ақша қаражатын ұсынды.
Сондай-ақ қаржылық реттеудің арнайы мына түрлері пайдаланылады: пайыздық реттеу, қызмет сферасы, сыртқы және ішкі нарықтың бөлінуі (капитал мен операция кезіндегі валюталық бақылау) т.б.
Жапония экономикасының және банк өтімділігінің құлдырауы Жапонияны 1997-1998 жж. әлемдік валюталық-қаржылық дағдарысқа алып келді. Сол себепті, экономиканы аяғынан тік тұрғызу үшін және қаржылық сектордың қайта қалыптасуын қамтамасыз ету үшін ел үкіметі мемлекеттің қатысуы бар банктер «Хейсей Файнэншл ресторейшн» корпорациясы негізінде құрылды. «Депозиттерді сақтандыру» корорациясы шығынға ұшыраған бантерді қалпына келтіру .шін және мүмкін болатын тәуекелділіктердің жабылуы үшін осы құрылтайшыларды қажеттіліктермен қаржыландырды. Капиталдық базаның әлсіреуіне, сенімсіз қарыздардың өсуіне себепкер 19 ірі банктің мәселелерін шешу барысында ерекше орын алатын стратегиялық қаржыландыруды және осы банктердің қосылуын алға ұмтылдыру үшін мемлекет қаржысы пайдаланылды.Жаңа индустриялдық елдерде инвестициялық капитал мобилизацисы орнығуына мемлекеттің қатысуы қызығушылық процесін туғызатындығы даусыз. Соның бірі – экономикалық өсудің қажеттілігін қамтамасыз етуімен сабақтасқан Корея Республикасының банктік жүйесінің қалыптасуы. Экономикада өндірістік және ауыл шаруашылық секторын эконом калық даму жобасын қаржыландыру мақсатымен «Кореяның ауыл шаруашылық банкі», қаржылық ассоциация база шеіберінде мемлекеттік несие институты болып табылатын «Корейлік банкі» бекітілді /19, 167б/.