Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2009 және 2010 жылдардағы 31 желтоқсанындағы есеп бойынша несиенің көп бөлігі (жалпы портфельдің 90%-ы) Қазақстан Республикасы территориясында қызмет жасайтын компанияларға берілген.
2010
және 2009 жылдардағы 31 желтоқсанындағы
нәтижеге сәйкес клиенттерге берілген
несиелер бойынша бір қарыз алушыға
несиелік тәуекел сомасының ең жоғарғы
деңгейі ретінде, сәйкесінше, 7,815,832 мың
теңгені және 6,790,888 мың теңгені құрады.
Кесте
9 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның туынды
қаржы құралдары
Номиналды сома | 31.12.10 ж.
Таза анықталған бағасы |
Номиналды сома | 31.12.09 ж.
Таза анықталған бағасы | |||
Талап | Міндеттеме | Талап | Міндеттеме | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Пайыздық своптар | 11,614,150 | 6,259 | 585 | 986,111 | 3,982 | 118 |
Валюталық форвардтар | - | - | - | 6,693,500 | 86,000 | 91,500 |
Барлығы | 11,614,150 | 6,259 | 585 | 7,679,611 | 89,982 | 91,618 |
Кесте
10 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның қолда
бар сатуға жарамды инвестициялары
Номиналды пайыздық мөлшерлеме | 31.12.10 ж. | Номиналды пайыздық мөлшерлеме | 31.12.09 ж. | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ұзақ мерзімді облигациялар | ||||
ҚР Қаржы министрлігнің облигациялары | 3,4%-8,2% | 39,496,157 | 3,5%-6,4% | 48,188,206 |
Корпоративтік облигациялар | 4,9%-12,0% | 33,818,696 | 5%-11% | 16,942,080 |
Муниципалды облигациялар | 8,5% | 2,314,178 | 8,5% | 2,272,470 |
Сатуға жарамды инвестициялардың барлығы | 75,629,031 | 67,402,756 |
2010
және 2009 жылдардың 31 желтоқсанына қолда
бар сатуға жарамды бағалы қағаздарға,
сәйкесінше, 1,109,642 мың теңгеге және 729,233
мың теңгеге пайыздық табыс жинақталған
болатын. Кесте көрсетіп тұрғандай банктің
сатуға жарамды инвестициялары 2010 жылы
2009 жылға қарағанда 8,226,275 мың теңге, яғни
12,2%-ға көбейді
Кесте 11 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның қайтаруға дейін ұстап тұратын инвестициялары
Номиналға пайыздық мөлшерлеме | 31.12.2009 ж. | Номиналға пайыздық мөлшерлеме | 31.12.2008 ж. | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Астана
қаласының муниципалды |
8,5% | 773,188 | 8,31%-8,50% | 2,139,856 |
ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары | 8%-8,2% | 409,597 | 6,00%-8,30 | 927,745 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның корпорациялық облигациялары | 8% | 418,967 | 9,2% | 402,380 |
Қайтаруға дейін ұсталатын бағалы қағаздардың барлығы | 1,601,752 | 3,469,981 |
Сурет 2. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы «Қазақстан Даму Банкі»
АҚ-ның инвестициялық портфелінің құрлымы
Сурет 3. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі «Қазақстан Даму Банкі»
АҚ-ның
инвестициялық портфелінің
Келтірілген
кестелер нәтижесіне қарасақ «Қазақстан
Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық портфелінің
құрлымы айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.
Олардың құрылымы сол бастақы кезбен салыстырғанда
Мемлекеттік бағалы қағаздар 2008 жылы 70,28%-ды
құраса, ал 2009 жылы
1 сәуірде 55,88%-ды құрап отыр. Бұл мемлекеттік
бағалы қағаздардың осы аралықта үлесінің
кемігенін көрсетеді. Ал халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары 1,87%-дан
5,18%-ға дейін өскен. Шетел эмитенттерінің
мемлекеттік бағалы қағаздары 2008 жылы
0%-ды құраса, ал 2009 жылы 1,55% болып тұр. ҚР
эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы
қағаздары 27,85% болған, 2007 жылы 31,50%-ды құрайды.
Сурет 4. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның
инвестициялық
портфелінің өзгеру динамикасы
3. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Әлемдік тәжірибеде несиелік банктік жүйе қалыптасуының екі негізгі модельдері белгілі: сегменттелген (американдық) және универсалдық (германдық). Берілген модельдердің негізгі айырмашылығы несиелік институттардың әмбебаптандыру және мамандандыру дәрежесіне,нақты бір сектордың қаржыландыру формасы мен көздеріне, банк және өнеркәсіптің инвестициялық портфельдерінің әртараптандырылу деңгейіне қатысты.
Бұлардың негізінде қаржылық тәуекелді орналастыру ұйымдарының мамандануы жатыр. Американдық модельдердің тәуекелдері ең жоғарғы дәрежеде коммерциялық және инвестициялық болып бөлінген сақтандыру деңгейі қатары арқылы мамандандырылған: құнды қағаздар шығару мен қор нарығының механизмі арқылы өнеркәсіпті қаржыландыру жүйесі, арнайы инвестициялық банктік және банктік емес институттарды несиелендіру. Германдық модельде тәуекел бақылауын әмбебап коммерциялық банктер қамтамасыз етеді. Бұлар бір уақытта реальды сектордың негізгі несие беруші және қаржы нарығының ең басты субъектісі бола алады.
Несиелік-банктік жүйе модельдерінің пайда болуы мен дамуы.
Қаржылық дағдарыстың себептерін талдауға және Қазақстанның банктік жүйесінің алға қарай дамуының жолдарын іздестіруге байланысты кейбір экономистер коммерциялық және инвестициялық тәуекелді шектеуге мүмкіндік беретін модельдерге көшуді іске асыруды өте қажет санайды. Сондықтан нарықтық экономикаға орнаған елдердегі несиелік жүйенің ұйым модельдерінің құрылу бағыттарын тереңірек қарастыру дұрыс болар еді.
Әр түрлі несиелік институттар арасындағы әрекет аясын шектеу 1929-1933 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі бірқатар елдерде жүзеге асырылды. Италияда банк дағдарысына дейін сәтті конъюнктураны сақтау қысқамерзімді жинақ салымдары негізіндегі орта және ұзақмерзімді несиелер есебінен жүргізілді. Экономикалық дағдарыс шартында, яғни тауар тасымалы қысқарғанда және баға төмендегенде өнеркәсіп несиені жабуды тоқтатқан, ал салымшылар өздерінің жинақ қорларын қайтарып ала бастаған. Мұның соңы банк өтімділігінің нашарлауына, ірі-ірі тоқырауға ұшыраудың жалғасына алып келді. Банк заңына сәйкес 1936 жылы банктер мамандануы қолға алынды: қысқамерзімді немесе тек орта және ұзақмерзімді несие берумен айналысатын банктердің ара жігі ажыратылды.
АҚШ-та әмбебап банктер 1933 жылдан бергі банк заңына сәйкес коммерциялық және инвестициялық болып бөлінді. Өз әрекетін дәстүрлі банктіқ операцияларға негізделген коммерциялық банктерге құнды қағаздармен операция жүргізу тыйым салынды.Бұл тыйым салыну мемлекеттік федеральді немесе муниципальді құнды қағаздармен жүргізілетін оперциялардан тыс қарастырылды. Өйткені аталмыш құнды қағаздар несиемен циклді конъюнктуралық толқуының компенсациясын реттеуші және бюджеттік кассалық айырымды жеңілдететін құрал қызметін атқарды. Инвестициялық банктер өндіріс дамуын көздеген ұзақмерзімді салымдарды, өзінің және банк салымшыларының есебінен болған құнды қағаздар мен операцияларды жүзеге асырды. Мұндай құнды қағаздармен операцияларды шектеу жапондық банк құрылуына негіз болды. Бұл жүйе мамандануының жоғарғы деңгейін қамтыған американдық үлгі бойынша II Дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтірілді.
Маманданудың дәстүрлі жоғағы деңгейі депозитті (коммерциялық) және іскерлік (сауда) банктерін қамтыған Ұлыбритания банктер иелігінде болды.
Нақты заңды шектеулердің болмауына қарамастан, депозиттік банктердің АҚШ-тағы коммерциялық банктер секілді қор нарығына бірден –бір қол жеткізуі мүмкін болмады. Сондықтан қысқамерзімді депозиттік-несиелік операциялармен және есептесу жағдайымен ғана реттеліп отырды. Мұндай функционалды бөліну 1929-1933 жылғы дағдарыс кезінде көбейген банктік тоқырауларға деген кері іс-әрекет болды. Италиядағы сияқты мұның қорытындысы депозитті банктердің қысқамерзімді пассивтер негізіндегі орта және ұзақмерзімді несиелер ұсынуымен көрініс тапты.
Жеке операцияларға мамандандырылған банктердің түсімдері жеткілікті түрде зор болуы мүмкін. Бұл басқа сфераларда міндетті емес әрекет етеді. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта банк операцияларын әмбебап етудегі нақты бағыттармен суреттеледі. Несиелік институттар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі және күшті қаржы нарығының даму шартындағы жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы көптеген банктердің өз операция кірістерін көтерудің өзге жолдарын іздестіруге әкеліп соқтырды.
Мәселені шешу жолдарының бірі болып банктер орындап жатқан операция санының күрт өсуі, инвестициялық әрекет формаларының дамуы болып табылды. Әмбебап ету бағыттары коммерциялық банктердің бұрын әдеттен тыс қызметтерінің: инвестициялық жобаларды қаржыландыру, лизинг клиенттердің инвестициця портфелін басқару, консультациялық қызметтер және т.б дамуына алып келді. Бұл қызметтердің дамуы банк заңын либерализациялау нәтижесінде, сонымен қатар, сол заңдарды банк арқылы айналып өтудің түрлі әдістері барысында жүзеге асырылады. Әмбебап ету бағыттары барлық дамыған елдердің несиелік жүйесіне тән, сондай-ақ ол әрқайсысында өз ерекшелігімен көзге түседі. Әсіресе, Германияда өте жақсы көрініс тапқан. Мұнда коммерциялық банктер ұзақ жылдар барысында әр алуан операция түрлерін орындайды және ұзақ мерзімді несиелердің көздерін тауып, өнеркәсіптің жеке капиталына салым салынуын іске асырады.
Әмбебап принцип Австрия, Бельгия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Швейцария банктік жүйе ұйымының негізінде жатыр. Бұл тип бойынша «жаңа индустриялды елдердің» банктік жүйесі құрылып жатыр. Мұнда банктік әрекет ұлттық банктер позициясын күшейту, қоныстанушылардың жинақ және коммерциялық құрылым құралдарын эффектті түрде мобилизациялау қабілетін және инвестицияға бағытталған жолдарын көтеру ретінде қарастырылады /15, 93б/.
Елдер қатарында банк әрекетін әмбебап етудің дамуы заң актілеріндегі өзгерістердің әсерінен күшейді. Сол себепті Жапонияда 1983 жылғы банк заңына сәйкес банктер құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға қол жеткізуге арнайы мүмкіндік алды. Соған орай, әмбебап типке негізделген жапондық банктік жүйенің әрекет үрдісі басталды. Банктік жүйенің жаңа реформасы, яғни банктік келісімдер мен валюталық операцияларға қойылған көптеген шектеулердің 1998 жылдың 1 сәуірінен бастап алынып тасталуы (бұл капиталдың сырттан әкелінуі мен сыртқа шығарылуымен байланысты) төмендегі жағдайлардың алдағы 3 жыл ішінде орындалуын болжайды: банктер мен брокерлік компаниялар арасында бәсекеге кедергі жасайтын барьерлерді алып тастау; банктерге жаңа қаржылық заттарды енгізуге кедергі жасайтын тыйым салуларды алып тастау; банктерді ұжымдық инвестицияландыру қорының нарығына еркін қол жеткізуді көздейтін мүмкіндікпен қамтамасыз ету; банктік институттардың активтерді басқару операццияларын көбейту (әсіресе, зейнетақы қорын айтуға болады).