Еңбек нарығының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 00:24, курсовая работа

Описание

Қандай шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекаы болып саналады, яғни барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді. Менің курстық жұмысқа “Кәсіпорынның еңбекақы төлемінің саясаты ” тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбекақы мәселесі тек эконо-микалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да күрделі мәселелерінің бірі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Еңбек нарығы: қасиеттері мен оның тепе-теңдігі
1.1. Еңбек нарығы: оған сұраныс пен ұсыныс қасиеттері...................................5
1.2. Еңбек нарығының түрлері мен жалақы тағайындау әдісі..........................10

2. ҚР-дағы Еңбек нарығының дамуы
2.1. ҚР еңбек күшінің қажеттілігін жоспарлау...................................................17
2.2. ҚР-да жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар........21
2.3. ҚР еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары.................24

Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курсовая. еңбек нарығы.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар  

Кіріспе.......................................................................................................................3 
 

1. Еңбек нарығы: қасиеттері мен оның тепе-теңдігі

1.1. Еңбек нарығы: оған сұраныс пен ұсыныс қасиеттері...................................5

1.2. Еңбек нарығының  түрлері мен жалақы тағайындау әдісі..........................10 
 

2. ҚР-дағы Еңбек нарығының дамуы

2.1. ҚР еңбек  күшінің қажеттілігін жоспарлау...................................................17

2.2. ҚР-да жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар........21

2.3. ҚР еңбек  нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары.................24 
 

Қорытынды............................................................................................................37 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты  қамтуда. Сол себепті қалыптасқан  құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

    Сонымен қатар, еңбекақы және еңбек қатынастарын реттеудің бұрын қолданып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сонда да бұл саланы түбегейлі реформалау, яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылады. Еңбекақы төлеу мәселесі – тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Бүгінде Қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы жалақы құрайды, ал жалақыдан тыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен, олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастарын 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған Кеңестік “Еңбек туралы” заң кодексінен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” жаңа заңы күшіне енді. Бұл заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Бұл заңның негізінде “әлеуметтік серіктестік туралы”, “Еңбекті қорғау туралы”, “ұжымдық келісімдер туралы” заңдарды қабылдау жоспарланған.

    Қандай  шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекаы болып саналады, яғни барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді. Менің курстық жұмысқа “Кәсіпорынның еңбекақы төлемінің саясаты ” тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбекақы мәселесі тек эконо-микалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да күрделі мәселелерінің бірі. Жалпы еңбекақы мөлшері жұмыскерлердің тек физиологиялық қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге оның кәсіптік білім алуына, жанұясын асырауына, адамның басқа да көптеген жалақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей маманда болуы керек.

    Еңбекақы  төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс процессінде атқаруға тиісті жұмыстардың өзі күрделілігі жағынан әрқилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған жөн.

       Осы курстық жұмысты жазудағы  мақсатым – Еңбек нарығының толық мәселесін ашу. Яғни еңбек нарығының қасиеттерін, жалақыны тағайындау мәселесін қарастырдым.

    Курстық жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімінен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

    Бұл жұмыс келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйенеді: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі (Салықтық Кодекс), Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы ”Қазақстан Республикасы  еңбек туралы” заңымен сәйкес жүргізілуі тиіс. 
 
 
 

І. Еңбек нарығы: қасиеттері мен оның тепе-теңдігі

1.1. Еңбек нарығы: оған  сұраныс пен ұсыныс  қасиеттері 

     Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар  жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекетінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы – ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көленкесінде жанды, жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

     Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етеуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

     Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек  табыстың және жақсы хал-жағдайдың  өте маңызды көзі экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды  өндірістік ресурс (фактор) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстарымен жақсы тұрмыс халынның әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілу және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілу жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, әдетте реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілетін күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарылуына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.

     Бәсекелік еңбек нарығының классикалық  үлгісінің негізін мынадай принциптер құрайды: фирмалардың ынталарын  бейнелейтін және еңбекке сұраныс  жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кетергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындағы және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

     Икемді  нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік сипатталары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлерімен белгіленеді.Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденен білік – еңбектің саны (Q), тік білік (P) – жалақының ставкасы (1.сур.).

                                                                                                                                                                                         

                                                                             P

P                                                                                                                                                                             

                                                                                                                          S                                                    
 

      Q                                                                                Q 

                                                                                                                                                                                                                                                                                         Q                                                                                                                                                                                                                           

                                                                               

1-сурет                                                                                    2-сурет 

           Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады (2.сур.). жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жүмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінің қабілеттірін әдеттегідей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен жиынтық экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, енбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жүмыскерлердің квалификациалық – мамандық қүрылымымен, несие – қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметтерімен қалыптасады. Сұраныс (DD) пен ұсыныстың (SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-теңдік дәрежесін (РЕ) көрсетеді де, жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады: Qe – еңбекке сұраныс ұсынысына тең (3. сур.).

            

          P                

                      D                            S

 

 

             Pe 

                                                       D         

               0                     Qf                         Q

                    

      3-сурет 
 

     Жетілген  бәсеке жағдайында жалақының тепе-теңдік дәрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы  мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе – теңдігімен және жалақының тепе – теңдік дәрежесімен сипатталады.

     Еңбек нарығы монопсониямен ( олигопсониямен) сипатталауы мүмкін. Бұл жағдайында ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма – монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын – монопсониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.

     Дамыған елдердің көбінде заң жүзінде  жалақының минимумы белгіленген. Бұның  мақсаты – кедейліктің дәрежесін  төмендету және төмен квалификаицялы жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.

     Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдық жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы – бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне бөлсек, нақты жалақы шығады.

     Нақты өмірінде фирмалармен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракті  еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлемін, квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылықтармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде) орын алады және олардың динамикасы ерекше болады.

Информация о работе Еңбек нарығының дамуы