Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 00:24, курсовая работа
Қандай шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекаы болып саналады, яғни барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді. Менің курстық жұмысқа “Кәсіпорынның еңбекақы төлемінің саясаты ” тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбекақы мәселесі тек эконо-микалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да күрделі мәселелерінің бірі.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Еңбек нарығы: қасиеттері мен оның тепе-теңдігі
1.1. Еңбек нарығы: оған сұраныс пен ұсыныс қасиеттері...................................5
1.2. Еңбек нарығының түрлері мен жалақы тағайындау әдісі..........................10
2. ҚР-дағы Еңбек нарығының дамуы
2.1. ҚР еңбек күшінің қажеттілігін жоспарлау...................................................17
2.2. ҚР-да жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар........21
2.3. ҚР еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары.................24
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................40
2006
жылдың 1-қаңтарында тіркелген
Облыста кедейлікті төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындау барысында, 2005 жылы 14514 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде өнеркәсіпте – 1657, ауыл шаруашылығында – 1584, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта – 2343, білім және денсаулық сақтауда – 3616 жұмыс орындары құрылды.
Жұмыссыз халықты еңбекпен қамту деңгейі өсуде. 2005 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 24150 адамның – 17959, немесе 74,4% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 2004 жылы бұл көрсеткіш 50,1% болған. Қоғамдық жұмыстарға 9634 ресми тіркелген жұмыссыз, кәсіби оқытуға – 1550 адам тартылды..
2005
жылдың қаңтар-қарашасында
2005
жылдың желтоқсанында жан
2005 жылы облыс бойынша қызметкерлердің (шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қоса есептегенде) атаулы орташа айлық жалақысы 22429 теңгені құрап, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан – 3,2 есе, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінен – 2,4 есеге артты. Кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 22833теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 17,9% өсті.
2005 жылы тұтыну бағасы индексін есепке алғанда, облыс бойынша орта есеппен нақты орташа айлық жалақы 2004 жылмен салыстырғанда 10,5% артты.
Халықты әлеуметтік қорғау. Кедейлікті төмендету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде, жергілікті бюджет қаржысынан 92355 аз қамтылған азаматтарға 642,8 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Кедейлікті төмендету іс-шараларының тиімділігін арттыру және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын ұлғайту мақсатында, 278 аз қамтылған отбасыға – 1332,3 гектар жер үлесі, 623 отбасыға – 2378 бас ұсақ және мүйізді ірі қара мал, 1165 – үй құстары, 561 отбасыға 27,4 млн. теңге көлемінде шағын несие бөлініп берілді.
2005
жылы 76896 адамға 580,5 млн. теңге көлемінде
атаулы әлеуметтік көмек
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде кедейшілік шегінен төмен табыс табатын азаматтардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға кеміп, 53552 адамды, немесе облыс халқының 2,4% құрады.
Қартайған және жалғыз басты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. 2,3 мың жалғыз басты қарияға әлеуметтікөмек көрсететін 26 бөлімше, сонымен қатар, төмендетілген бағамен тауарлар өткізетін дүкендер, киім-кешек және аяқ-киім, ыстық тамақ беретін пункттер жұмыс істейді.
Кейінгі
жылдары еңбек рыногындағы
Облыстық
статистика басқармасы өткізген халықты
ішінара тексеру деректері
Экономикалы тұрғыдан іскер халық арасындағы жұмыссыздықтың жалпы
2002 жылдың басында 10,4 % құрады, бірінші жартыжылдықтың аяғына 9,1%-ға азайды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында 6,4 %-дан, Ақсу ауданында 15,4 %-ға дейін өзгереді. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша 2001 жылдың 1-ші шілдесіне қарағандағы жұмыссыздардың жалпы саны 71124 адамды құрады, бұл, былтырғы жылғымен салыстырғанда орташа алғанда 3858 адамға, немесе 5,1 %-ға аз деген сөз.
Қазақстан
Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек туралы» Заңының
2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 31020 адам жұмыссыздар ретінде тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейгенін көрсетеді.
2002 жылдың 1-ші қыркүйегіне жұмыссыздық деңгейі 2,0%-дан 2,8 %-ға өсті.
Еңбек
рыногында жұмыс күшіне сұраныс
пен ұсыныстың квалификациялық-
2002 жылдың 1-ші шілдесінен есепте тұрған жұмыссыздардың ішінде 1170 адам (4,7%) - жоғары білімді, 14619 (59,2%) - орта білімді, 4016 адам (16,3%) - орта кәсіби білімді, әлі де болса, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту проблемасын шешу қалаға қарағанда қиындық келтіреді. 2002 жылдың 1-ші тоқсанында, орта есеппен алғанда, облыс бойынша әрбір бесінші жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса, ауыл тұрғандарының арасынан әрбір жетіншісі қамтылады.
Біліктілік талаптарының жоғарылауына байланысты, кәсібі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі төмендейді. 2001 жылы жастардың арасынан әрбір төртінші жұмысқа орналасса, 2002 жылы әрбір алтыншы ғана орналасатын болады.
Жұмыс орындары жетіспеген жағдайда, еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеті төмен мүгедектердің проблемасы қиындай түседі. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген мүгедектердің саны аз болғанмен, 2001 жылғы 15 адамнан 2002 жылдың алты айында 43 адамға дейін көбею тенденциясы байқалады.
Әдеттегідей, біліксіз жұмыс күші болатын репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру деңгейі төмен: 2001 жылы 4,6% - ғана, 2002 жылы - 12% құрады.
Шағын қалаларда және ауылдық жерлерде әсіресе әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы күн тәртібінен түспей тұр. 2002 жылдың алты айы аралығында жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарға өтініш жасаған әйелдердің жалпы санының -56,3% ауылдық жерлердің тұрғындары. Жұмыссыз әйел, жанұя мүшелерін күтумен қатар қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр болады.
Зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарды, әсіресе әйелдерді, жұмысқа қабылдау кезінде жасы және жынысына байланысты кемсіту мәселенің шешілуін қиындата түседі. Зейнеткерлік жасқа таяп қалғандар, еңбек рыногында мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, жұмыспен қамтуға уәкілетті органдарда тіркелуден бас тартады. Мәселен, халықтың осы санатынан, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында жұмысқа орналасуға көмектесу жөнінде 152-ғана адам, оның ішінде 88 әйел өтініш жасады.
Жұмысқа тұру, дұрыс табыс табу мүмкіндігі болмағандықтан ер адамдардың отбасындағы асыраушы ретіндегі статусы төмендейді. Дұрыс жұмыс табысы жоқ және бұрынғы әлеуметтік статусқа сай келмейтін жұмыстан, ер адамдардың көбісі бас тартады. Нәтижесінде жұмыссыздар құрамында маргинализация жүреді, уәкілетті органдарда көбінесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркелетін бәсекеге жарамсыз азаматтардың үлесі көбейе түседі.
Облыстың еңбек рыногына әсер ететін проблемалардың бірі ТМД қатысушы-мемлекеттерінен келетін жасырын еңбек көші-қоны. Қазақстандық кәсіпкерлердің көбісі, шетелдік жұмыс күшінің арзандығына байланысты, біліктілігі төмен, жасырын еңбек босқындарын жалдайды. Бұл бейресми секторлардың және заңсыз жалдаудың кеңеюіне соқтыратын әділетсіз бәсеке тудырып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.
Соңғы проблема жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуы мен өңiраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебiнен жеңiлдейтiн болады. Бұл кадрларды, оның iшiнде жұмысшы мамандарын кәсiби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңiрлердегi еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық блок, өндiрiстiк инфрақұрылымды және т.б. дамытудың жекеше жүйесi арқылы да жүзеге асыруды талап етедi.
Бүгiнде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуi айтарлықтай салмақ түсiрiп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл–әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғарғы технологияны пайдалану болып табылады. Міне осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктермен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Кейбір субъектілер өндірген өнімге норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленуге тиіс салықтардың мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың біздің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.
Осыдан іс тәжірибе еңбекақы пәнінің жаңа түсінігін іске асыру мақсатында, еңбек төлемін басқаруда болған жетіспеушіліктерді жоюда және жұмысшылардың жағдайын жақсартуда және экономиканы нығайтуда оны қолдану мүмкіндіктері ұсынылады– Халықаралық негізде талқылауды және еңбекақы бойынша экономикасы дамыған елдердің тұжырымдамасында іс тәжірибесі есебі мен, осы сұрақтағы барлық деңгейдегі басқарушы органның рөлі мен бірқалыпты орнын белгілеуді анықтау.
– Еңбекақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау, онда есеп айырысудың қолдану тәртібі және тұтыну қорының анықталуы, күн көрістің төменгі мөлшері, тарифтік ставка көрсетілуі қажет.
Өнеркәсіпте және экономиканың басқадай саласында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша үкімет деңгейінде арнайы бағдарламаларды өңдеу және орындау.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе кез келген кәсінорында, мекемелерде, ұйымдарда яғни кез келген шаруашылық субъектілерінде еңбек ақы есебін дұрыс жүргізу, кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол кәсіпорынның қызметін алға жүргізу үшін олар келесі міндеттерді орындау керек:
Еңбек және еңбек жайлы белгілер статистика және бухгалтерлік қорытынды есепті сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыру одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет: