Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:44, курсовая работа
Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат. Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы», секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны...................................................................................................................
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
1.3 Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
ІІ Қазақстандағы муниципалдық көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік және байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты.
2.3.Көлік және коммуникация
ІІІ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің дамуын мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
Әлемнің көптеген елдерінде темір жол көліктің басқа түрлері тарапынан бәсекелестікті сезінуде, ал бұл теңіз, құбыр және автомобиль қатынастары инфрақұрылымының дамығанын көрсетеді.
Темір
жол транзиті мемлекет аралық және
халықаралық тасымалдарды атқаруда
Республиканың экономикалық өмірінде
басты рөл алады және еліміздің еркін
нарықтық экономикаға өтуіне ықпалын
тигізеді. Темір жол көлігі Республиканың
жекелеген аймақтарын ғана емес, сонымен
қатар өндіріс түрлерін де сырқы экономикалық
кеңістікке шығара отырып, Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық қатынасын дамытумен
қоса, елдің әлемдік экономикаға интеграциялануына
мүмкіндік береді.
1.2
Көлік инфрақұрылымын
мемлекеттік басқарудың
негізгі мақсаттары
Кез келген елдің экономикалық даму процестерінде, мемлекет ең алдымен билік құрылымы ретінде орын алуы тиіс, ол нарықта шаруашылық субъектілерінің жүргізілу тәртібіне қатысты ережелер белгілейді және нарықтық субъектілердің қызмет ету жағдайына қатысты ынталандыру механизмі мен өзінің міндеттемелік жазбаша өкімінің көмегімен әсер етеді. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы тезис аксиома болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қаты-сты болуы тиіс. Колік қызметін мемлекеттік рет-теу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процестерге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты. Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет:
- көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде;
- қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында;
- көлік жүйесінің кабілеттілігінде экономикалық қауіпсіздікті сақтау мүддесінде ішкі және сыртқы тасымалдауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау.
Сонымен қатар көлік төтенше жағдайларды жою кезінде орталық буын болып табылады және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда көлік мекемелері нарықта монопольдік орын алады. Бұл көлік қызметтерін тұтынушылардың қызметіне монопольдік жағдайдың жағымсыз әсерін шектеу мақсатында, оның қызметін реттеу қажеттілігін тудырады. Көліктердің әртүрлерімен өзара алмасудың жоғары болуына байланысты, көлік нарығы бәсекелестік күресі тығыздығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Көлік нарығында аралық бейне және ішкі бейне бәсекелестігінің үнемі өсуі әртүрлі субъектілердің өзара әрекеттесу және қызмет ету ережелерін сақтауға бақылау орнатуды меңзейді. Келік қызметінде қолданылатын инфрақұрылымды қалыптастыру, әдетте шығындардың жоғары болуымен байланысты. Бұл көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын салуды қаржыландыруда мемлекеттік қатысу қажеттілігін және жұмсалған мемлекеттік шығындарды тікелей немесе жанама өтелуі мақсатында, олардың қызмет етуін әрі қарай реттеуді көздейді. Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі, сондай-ақ халықаралық көлік
нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды. Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды:
1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету:
-
аймақаралық экономикалық
- аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету;
- экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету.
2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету:
- халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
-
әлеуметтік маңызы бар
- көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою.
3. Шаруашылық қызметін үйлестіру:
-
көлік қызметтері нарығының
4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету:
-
еркін бәсекелестіктің
-
көлік жиынтығы
- монополизммен күресу;
-
қатаң бәсекелестіктің
- кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық);
5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару:
-
мемлекеттік мекемелерді
- өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары).
6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету:
-
автокөлік құралдарын
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету:
- көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін қамтамасыз ету;
-
әртүрлі субъектілердің
Көлік
жиынтығын мемлекеттік
- көліктің даму бағдарламаларын және статегияларын, қызмет жоспарларын және оларды іске асыру механизмдерін өндеуді қамту арқылы жоспарлау;
-
көлік қызметін реттеу
-
көлік жиынтығын реттеу
-
жоспарланған даму
Қолданыстағы нақтылықты, оны жүзеге асырудың барынша ұтымды тәсілін ескере отырып, анықтау және ұйымдық құрастыру моделін таңдау көлік жиынтығын реттеудің тиімді жүйесін құрудың маңызды кезеңі болып табылады. Әлемдік және ҚР іс жүзіндегі тәжірибесі көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу жүйесіне қатысты үйым-дық қүрастыру моделі барынша жан-жақты екенін көрсетеді. Алайда, тандап алынған ұйымдық құрастыру моделіне қатысы жоқ, іс жүзінде, айтарлықтай барлық елдердің әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарының қарамағында мыналар орын алған:
-
көлік жиынтығын дамытудың
-
көлік кызметтерінің
- көлік инфрақұрылымын құру үшін мемлекеттік және жекеменшік секторының күштері мен қорларын үйлестіру;
-
көлік жиынтығында жекеменшік
инвестицияларын ынталандыру
-
көлік монополиясының
-
көлік мекемелерінің
-
көлік жиынтығының мекемелері
және ұйымдары үшін кадрлардың
кәсіби дайындық жүйесін
1.3
Аймақтық көлік жиынтығын
мемлекеттік реттеу
Іс
жүзінде экономиканы
1. Халықшаруашылығының жиынтығы тәрізді экономика құрылымының үнемі күрделенуімен және көлемінің өсуімен.
2.Ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін, көптеген алдын алу процесі күрделі факторлардың әрекетіне біріңғай қарау және алдын ала шешімін табу қажеттілігімен.
Осыған байланысты келесі екі тапсырманы шешу қажет: біріншіден, ұлттық экономика салаларын өзіндік белгілеріне сәйкес реттелетін, әрекет
етуші тәсілдерді қолданудың барынша мәнді және сәтті комбинацияларын табу; екіншіден, экономика саласына тоғысқан, орын алуы мүмкін жағымсыз әсерлерді есепке алу. Экономика әдебиетінде экономиканы мемлекеттік реттеу тәсілдерінің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары беріледі. Қолданыста барынша орын алған жіктелулер:
1.Субъектілердің басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде мемлекеттің тікелей қатысу деңгейі бойынша тікелей әсер етуші тәсілдер және жанама әсер етуші тәсілдер болып бөлінеді.
2.Ұйымдық-институционалдық өлшем бойынша әкімшілік және экономикалық тәсілдер болып бөлінеді.
Тікелей әсер ету тәсілі мемлекет тарапынан келесідей реттеуді ұсынады, яғни бұл ретте экономиканың субъектілері, ерікті экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің жазбаша өкіміне негізделген шешімге келуге мәжбүр. Жанама әсер ету тәсілінде мемлекет қабылданатын шешімге тікелей әсер етпейді, тек алғышарттарды ұсынады. Тікелей тәсілге субвенциялар, демеу қаржылар, мемлекеттік тапсырыстар, бағалар, инвестициялар және т.б.жатады. Жанама тәсілге - қаржылық, салық реттегіштері жатады. Әкімшілік тәсілдер тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларына бөлініп, мемлекеттік билік күшіне негізделеді. Экономикалық тәсілдер қаржы-несие қаражаттары және бюджеттік саясат болып бөлінеді. Әкімшілік иінтіректердің жиынтығы құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен байланысты реттеуші іс-әрекеттерді қамтиды. Әкімшілік шаралар тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу болып бөлінеді. Олардың қызметі - іскерлік жағдайда өмір сүру үшін тұрақты заңды жай-күйді қамтамасыз ету, бәсекелес ортаны қорғау, меншік құқын және экономикалық шешімдерді еркін қабылдау мүмкіншіліктерін сақтау.
Институциондық шараларға мыналар жатады: мемлекеттік биліктің атқарушылық құрылымдарын қалыптастыру, экономикалық бағдарламаларды және болжамдарды дайындау, экономиканың түйінді мәселелері бойынша сараптау кеңестері және кеңесшілері институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету, экономиканың түйінді мәселелері бойынша зерттеу орталықтарына, басқа да экономикалық акпарат институттарына қолдау көрсету. Көлік жиынтығында тікелей қолданылатын мемлекеттік реттеудің тәсілдерін сараптау кезінде, жоғарыда керсетілген тәсілдердің жіктелуімен қатар жалпы қабылданған әдістердің түрін біршама өзгертетін өзге тәсілдер ұсынылады. Атап айтқанда, реттеу әсерінің мағынасы бойынша көлік нарығын және көлік қызметін реттеу тәсілінің жіктелуі ұсынылады. Осыған сәйкес, реттеу тәсілдері үш топқа бөлінеді: нормативтік-құқықтық, экономикалық, жиынтықтық. Нормативтік-құқықтық жол қозғалысы ережелері, рұқсат берулер, квоталар, лицензияландырулар жатады. Экономикалыққа - салықтар, тарифтер, айыппұлдар, несиелер жатады. Бірмезгілде реттеудің нормативтік-құқықтық және экономикалық тәсілдерін қамтушы жиынтық тәсіл болып табылады. Мемлекеттік реттеу бойынша қолданылатын тәсілдерді үйлестіру көлік жиынтығы қызметінің барлық аясын қамтуы тиіс екені айқын - құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, ғылыми-ағарту, экологиялық. Реттеудің осы бағыттарының әрқайсысы өзінің реттеу құралымен жүзеге асырылуы қажет.