Көлік кешенін муниципалдық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:44, курсовая работа

Описание

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат. Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы», секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны...................................................................................................................
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
1.3 Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
ІІ Қазақстандағы муниципалдық көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік және байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты.
2.3.Көлік және коммуникация
ІІІ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің дамуын мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары

Работа состоит из  1 файл

Көлік кешенін муниципалдық басқару. КУРСОВАЯ КУКА.doc

— 412.50 Кб (Скачать документ)

           Бағдарламаны жүзеге асырудағы маңызды нәтижелер  мыналар болып табылады:

  • тұрақтылық, ал жекелеген жағдайларда Алматы қаласында көлік ахуалын жақсарту (қол жетімділік, орташа пайдалану жылдамдықтары мен жол қозғалысының қауіпсіздігін көтеру, табиғат аясына көлік салмағын жұмсарту);
  • тұрғындар және бизнесті жүргізу үшін қолайлылық деңгейін көтеру;
  • қаланы тасымалдау деңгейінің жаңа, қол жетпес дәстүрлі түрлерімен тұрғындарға ұсынылатын қызмет сапасын көтеруге ықпал ететін жолаушылар көлігінің заман талабына сай жоғары технологиялық түрлерімен (көлемі, тасымалдау тұрақтылығы және жылдамдығы) толықтыру.

     Бағдарламаны  жүзеге асырудағы аса маңызды нәтижелерінің бірі Алматы қаласының жаңа келбетін қалыптастыру, оның бейнесін қазіргі заманғы іскер, мәдени және туристік орталық ретінде тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия аймақтарында да көтеру болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Жаһандану жағдайында Қазақстанның  кең байтақ  аумағын ескере отырып,  экономиканың және мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігі  көбіне көлік салсының тиімді  қызметіне  байланысты болады. Соңғы жылдары көлік кешенінің құрамдас бөлігі ретіндегі Қазақстанның жолаушы айналымы күннен-күнге өсіп келеді, темір жолы, әуе жолы және автомобильдік тасымалдар ең қажетті қызмет түріне айналды. Орындалатын көліктік қызметтердің сапасына қойылатын талаптың өсуі жолаушыларды тасымалдауға кететін уақыт және ақша қаражаттарының шығынын жүйелендіру және оңтайландыру қажеттілігін туындатып отыр.

     Мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялық көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және  тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады. Қазіргі жағдайда көлік саласы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Республиканың қалалары мен  елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік  тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде де негізгі рөл атқарады.

     Қазіргі кезде жолаушы тасымалдау көлігі саласы мен негізгі құралдарының жай-күйі мемлекет пен жеке меншік сектор тарапынан көлемді инвестицияларды талап етеді. Тасымалдаудың бәсекелестік нарығын дамыту үшін инвестициялар салу мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіруге және жылжымалы құрамды жаңалауға мүмкіндік туады.

     Көлік жүйесінің дамуын және жұмыс істеуін  басқаруда, сондай-ақ әртүрлі көлік  түрлерін үйлестіру мен өзара әрекет етуінде қажетті кешенділік жоқ. Қазақстанмен бүгінгі күні қол қойылған халықаралық көлік келісімдерінің болашақтағы үлкен маңыздылығын есепке ала отырып, Үкімет ұқсас интеграциялық үрдістердегі Қазақстандық ұстанымдарды нығайту үшін халықаралық ұйымдармен үнемі жұмыс істей беруі қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, мемлекеттің жалпы экономикалық өсуін тұрақты қамтамасыз етуге қабілетті барлық тік-көлбеу инфрақұрылымдарының болашақтағы теңестірілуінің бастапқы кезеңі – ақпараттық технологиялардың дамуы болып табылып отырғандықтан, ақпарттық технологияларды ендіру басқару органдарын да қоса отырып, барлық салалардың дамуының әлеуетті бағытына айналуы керек деп ойлаймыз.

     Қазіргі кезде жолаушы тасымалдау салаларын әлеуетті дамытуды 8 негізгі факторлар анықтайды: институционалдық қайта құрулар, көлік инфрақұрылымының дамуы, көлік қызметтерінің нақты нарығы мен бәсекелестікті дамыту, құқықтық реттеудің құралдарымен қаматамасыз етілгендігі, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың тиімділігі, әлемдік көліктік жүйеге интеграциялану деңгейі және транзиттік әлеуетті пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі, байланыс пен ақпараттың қазіргі кездегі технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етілгендігі.

     Мемлекеттік реттеудің негізінде нарықтың барлық субъкетілері үшін теңдей  көлік  қызметтерін білдіретін еркін кәсіпкерлік  қызметтің бастапқы қағидасы сақталынуы тиіс. Негізгі реттеу құралы ретінде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға  арналған бағдарламасы. Егемен Қазақстан,1 сәуір. 2006 жыл.
  2. Назарбаев Н.Ә "Қазақстан -2030. Барлық Қазақстандықтардың  өсіп- өрлеу, қауіпсіздігі  және  әл ауқатының артуы туралы". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж. 11 қазан.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясы.
  4. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2000.-406-б.
  5. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2001.-572-б.
  6. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2002.-588-б.
  7. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2004.-560-б.
  8. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2005.-570-б.
  9. 2000-2005 жылдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің жылдық есебі. – Алматы.
  10. 2000-2005 жылдарға Қазақстан Ұлттық банкісінің статистикалық бюллетені. – Алматы.
  11. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2006.-560-б.
  12. 1999-2005 жылдарға Қазақстан Ұлттық банкісінің экономикалық шолуы. – Алматы.
  13. 2002-2005 жылдарға Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық есебі. – Алматы.
  14. 1999-2005 жылдарға Қазақстан Ұлттық банкісінің  Хабаршысы. – Алматы.
  15. Ахметов Ж.А., Даубаев К.Ж. Международные транспортные коридоры: перспективы Казахстана. Алматы, АТЭС, 2001. – 489 б.
  16. Смирнов С. Транспортный комплекс Казахстана: состояние, проблемы, возможности./Транзитная экономика. 2004 ж. №3. 47-43-б.
  17. Азовский И., Щербанин Ю. Транспортные проблемы в российско-китайских экономических отношениях//Пробл. Дал. Востока. – М., 1999. - №5. – 28-35-б.
  18. «Транспорт Республики Казахстан» статистикалық жинағы. Алматы, 2005ж.
  19. «Основные показатели работы транспорта и связи Республики Казахстан» статистикалық жинағы. 10-ші сериясы. Көлік және байланыс. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан. Алматы. – 2006 ж.
  20. Башарова Г.М. Перспективы развития нефтепроводного транспорта в РК. Алматы: Казақ мемлекеттік аграрлық университеті, 2001. – 309-б.
  21. Бражников М. Экспорт казахстанской нефти: Тенгиз – Новороссийск. Континент. 2001. №7.
  22. Бражников М. Маршруты, которые мы выбираем. Континент. 2005. №10.
  23. Бекмаганбетов М.М. Современные приоритеты в развитии транспортной системы Республики Казахстан. Алматы, АИЭС, 2005.- 489 б.
  24. Бекмаганбетов М.М. К проблеме развития транзитного потенциала Казахстана. / Транзитная экономика 2005ж. №4. 16-30-б.
  25. Бекмаганбетов М.М. К вопросу о приоритетах развития транспортного комплека Казахстана. / Транзитная экономика 2006ж. №3. 33-46-б.
  26. Бекмаганбетов М.М., Карибжанов А.К. Проблемы развития международных транспортных коридоров Казахстана. //Вестник Казахской Академии транспорта и коммуникаций, №6, 2005.
  27. Келимбетов К.Н. Стратегические направления развития транспортной инфраструктуры до 2010 года. Алматы, АИЭС, 2004. 489-б.
  28. Концепция развития международных транспортных коридоров Республики Казахстан. 2001 жылдың 27 сәуірінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мақұлданған, №566.
  29. 2008 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы. 2001 жылдың 11 масумынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мақұлданған, №801.
  30. Жангулов А. Каспийская стратегия Казахстана: проблемы выбора маршрута транспортировки нефти. //Petroleum. 2005. №23.
  31. Жумин К. Вероятность загрузки КҚК в этом году исключена. Интервью заместителя генерального директора КТК. //Панорама 18.02.2006ж.
  32. Каримова З., Рябенко М. Мировой рынок нефти. Экономика и статистика. 2001, №4.
  33. Конаев Э.Н., Надиров Н.К. Трубопроводный транспорт Казахстана и перспективы его развития. /Нефть и газ 2005ж. №2. – 73-81-б.
  34. Кабылдин К. Экспорт казахстанский нефти: доминирует Запад./Oil and gas of Kazakhstan. 2005ж. №3-4-33-39-б.
  35. Кабылдин К. Приоритеты экспортных маршрутов для казахстанской нефти.//Нефтегаз, №2, 1999ж.
  36. Саймагамбетова Г.А., Усипбаев Д.М. Роль порта Актау на трансконтинентальных маршрутах транспортировки нефти.// «Тұран» университетінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары, 1 Бөлім (Алматы, 27 қыркүйек, 2002ж.),           3 бет-0,2 б.т.;
  37. Усипбаев Д.М. Арнайы экономикалық аймақтың теңіз көлік әлеуетін дамытудағы мәселелері.//  Аль-Пари. - Алматы.- №1.- 2008. -14 бет-       0,8 б.т.;

Информация о работе Көлік кешенін муниципалдық басқару