Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:44, курсовая работа
Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат. Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы», секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны...................................................................................................................
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
1.3 Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
ІІ Қазақстандағы муниципалдық көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік және байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты.
2.3.Көлік және коммуникация
ІІІ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің дамуын мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
Мемлекеттік реттеу тек тармақталған құралды кең қолдануды ғана емес, сондай-ақ көлік жиынтығын дамытудың аймақтық өзіндік белгілерінің болуын ескеруі қажет. ҚР жағдайында, бұл қажеттілік оның кең көлемді аймақтарының болуымен, аймақаралық айырмашылықтардың үлкен көлемімен ұғындырылады. Көлік жиынтығын дамытуда кейбір жеке аймақтардың айтарлықтай айырмашылықтарын айқындаушы факторлардың және осыған сәйкес мемлекеттік реттеу барысында қолданылатын құралдардың тізімінде, ең алдымен мыналарды бөліп алу қажет:
- табиғи - климаттық және географиялық жағдайлардың айырмашылықтарын;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейін;
-
табиғи қорлардың болуын, сондай-ақ
олардың көлемін, сапасын және
қолдану бағытын (
-
аймақтың перифериялық немесе
тереңдік жай-күйін, ондағы
-
өндірістік және мәдени
- аймақ алаңдарын кенттендіру деңгейін;
-
жүргізілетін нарықтық
Аймақтық көлік жиынтығының бастапқы негізгі орын алуы - бұл жергілікті деңгей екенін атап өткен жөн, яғни аймақтың көлік жүйесін, оның мемлекеттік билік органдары деңгейінде реттеу. Көлік жүйесін аймақтық деңгейде реттеудің басымды сипаты келесі бірқатар жағдайлармен айқындалады:
-
аймақтың көлік жиынтығы
-
әрбір аймақта көлік жүйесін
дамытуда табиғи, экономикалық жағдайларға
байланысты өзінің
- аймақтық көлік жиынтығын дамыту аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсімінің қуатты факторын алға тартады.
Осыған байланысты, көлік жиынтығын дамыту және қызмет етуін мемлекеттік реттеудің аймақтық құрамы болуы тиіс. Аймақтық көлік саясатын, нақты аймақтарда көлік жиынтығын дамыту бойынша мемлекеттік органның қызметі ретінде ұғынып, оның аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, өз қабілетін ұсыну үшін екі деңгейі болуы тиіс: орталық (мемлекеттік) билік органдарымен іске асырылатын ұлттық және Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының субъектілерімен іске асырылатын аймақтық. Біріншісі, нақты аймақтарда көлік жиынтығын дамытуда жалпы халықтық саясатты реттеудің негізгі қағидаларын орындауды меңзейді. Екіншісі, аймақта орын алған әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелерді шешуге ықпал ететін осы саланың мүмкіншіліктерін айқындайтын, аймақтық көлік жиынтығын дамыту бойынша нақты іс-шараларды жергілікті деңгейде оңдеуді және жүзеге асыруды білдіреді. Мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға және өңдеуге негізделген колік жиынтығын мемлекеттік реттеу саясатының орындау, экономиканың - өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, құрылыс, туризм тәрізді басқа салаларын дамытуға бағытталған, мемлекеттік жалпы экономикалық саясаттың өзге де элементтерімен өзара тығыз әрекеттесуін алдын ала қарастыруы қажет. Бұл көлік жиынтығын дамытуға қолдау көрсету және мемлекеттік реттеудің нақты іс-шараларын, әдістерін, қағидаларын өңдеу, көлікті дамыту келешегі мен басымдылығын анықтайтын, ішкі және сыртқы факторлардың барлық жиынтығын жан-жақты есепке алуға және сараптауға негізделуі тиіс екенін білдіреді. Көрсетілген факторлардың ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1) ішкі: көлік жиынтығының мекемелерін дамыту деңгейі; ұсынылатын көлік қызметтерінің тізбегі; қолданыстағы көлік коммуникациясының желісін дамыту деңгейі; көлік жиынтығы мекемелерін кадрмен қамтамасыз ету.
2) сыртқы: табиғи-географиялық және климаттық жағдайлар; әлеуметтік-экономикалық жағдай; тауарлар мен қызметтердің өндірісін дамыту беталысы; мемлекет ішіндегі және халықаралық тауарлардың ағымын дамыту беталысы.
Жоғарыда көлік жиынтығының көпжақтылығын және күрделілігін ескере отырып, "мемлекеттік реттеу" мәніне және мазмұнына жүргізілген сараптаулар негізінде, "көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу" ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу мемлекеттік билік органдарының қызметін білдіреді, оның мақсаттары ел экономикасында көліктің орны мен рөлі туралы концептуальдік ұғыммен айқындалады және басымды бағыттарды анықтаумен, көлікті дамыту бағдарламаларын және тұжырымдамаларын өңдеумен және ұсынумен, көлік жиынтығының тиімді қызметіне қатысты құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық шарттарды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асырумен тұйықталады. Мемлекеттік әсер етудің нақты тәсілдерін таңдау кезінде тек алға қойылған мақсаттардың сипатын, әрбір реттеу тәсілінің мәнін және өзіндік белгілерін, олардың құрылымдық бағыныстылығьш білу ғана емес, сондай-ақ шаруашылық құрылымының салалық және аймақтық өзіндік белгілерін, олардың даму беталысының мүмкіндіктерін ескеру маңызды. Бұл әрбір нақты жағдайда, көлік жиынтығын мемлекеттік реттеудің тиісті стратегиялық баламасына және тәсілдеріне таңдау жүргізу қажет екенін білдіреді.
Бұл
ретте дамудың кейбір жеке экономикалық
керсеткіштерінде көлік факторларының
есепке алынуына үлкен мән берілуі тиіс.
Жалпы, көлік жиынтығын дамыту үшін қажетті
жағдайларды жасау үшін елімізде немесе
оның кейбір аймақтарында қолда бар потенциалды
жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік органдар
күшінің сипатына, бағытына және қарқынына
байланысты екенін айтуға болады. Осыған
байланысты, көлікті дамытуға қолдау көрсету,
реттеудің тексерілген мемлекеттік саясатын
жүзеге асыру және өңдеу, оның жүйелі дамуының
қажетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы көлік саласын мемлекеттік реттеу
Қазақстан
Республикасында мемлекеттік
-
шаруашылық қызметінің негізгі
нормаларын өңдеуге және
-
шаруашылық субъектілерінің
- алдағы уақытта жалпы елдің, сондай-ақ оның жеке аймақтарының индикативтік жоспарларын және болжамдарын өңдеу кезінде оның өзгеру мүмкіндігі және экономикалық ахуалы туралы шаруашылық субъектілерін хабардар етуге байланысты ақпараттық қызмет;
- жалпыұлттық мақсатта ірі мекемелердің, аймақтық қалыптасулардың және салалардың қызметін реттеуге бағытталған реттеуші қызмет;
- қолданыстағы заңнаманың
бұзылуын алдын алу мақсатында мекеменің
ағымдағы қызметін бақылау.
ІІ Қазақстандағы муниципалдық көліктік басқару
2.1.Қазақстан
Республикасының
көлік және
байланысы, басқарылуы
Атап айтқанда, темір жол саласын
қайта құрылымдау жұмыстары
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы К.Есекеев “Электроны Үкіметті жүзеге асыру нәтижесі” атты баяндамасында электрондық жүйе бойынша құжаттар айналымы 25 мыңға жететіндігін мәлім етті. Қазір бұл көрсеткіш 14 мыңның деңгейінде екен. Төрағаның сендіруінше, жүйе куәландыру орталығынсыз жұмыс істемейді. Өйткені құжаттар электронды сандық қол қоюды куәландыру қажет. Келесі жылы азаматтарға осындай қол қою арқылы электронды қызметтер кеңінен көрсетіле бастамақ. “Ұлттық реестрлер туралы” Заңның күшіне енуіне орай жылжымайтын мүлік, жеке және заңды тұлғалар жөніндегі базалар ашылған. Енді азаматтар кімнің артында қандай жылжымайтын мүлік тұрғандығын еркін біле алады. Бұдан басқа да көптеген электронды көрсетулер жүзеге асырылады. Бүкіләлемдік Даму және қайта құру банкінің Астанадағы өкілі С.Шаталов Қазақстанға БДҚБ тарапынан 28 инвестициялық жобаға 2,5 миллиард доллар бөлінгендігін ерекше атап өтті. Соның басым бөлігі осы көлік саласына тиесілі. Бұдан басқа консультациялық-кеңестік қызметтер мен өзге де салаларда байланыстар орнаған. Еліміздегі Ислам даму банкі өкілдігінің директоры Ник Зайнал Абидин өз сөзінде Қазақстанның аймақтағы рөлін ерекше атады. Оның сөзіне қарағанда, еліміз инфрақұрылымды дамыту арқылы бүкіл аймақты өркендетуге үлес қосуда. Бұл аймақтық ынтымақтастықты алға жылжытып қана қоймай, сонымен қатар тиісті салалардағы байланыстарды да арттыра түседі. Осылайша Қазақстан 10 жыл ішінде алдағы 20 жылға дейінгі дамудың іргетасын қалап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Ресей, Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдер арасын байланыстырушы болып отыр. Осы ретте ИДБ Қазақстанға барынша қол ұшын беруге дайын, деді өкілдік директоры. Негізінен аталған даму институты Алматы – Астана, Астана – Қарағанды арасын жалғайтын жол құрылысы жобасына қатысқаны белгілі. Осындай жобаларға әрі қарай да көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірген исламдық банк өкілі Батыс пен Шығысты жалғайтын дәліздің құрылысына қатысуға да ниетті екендіктерін байқатты. Оның себебін ол аймақтағы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдердің де дамуы қажеттігімен байланыстырды. “TERA Іnt. Grup” компаниясының (Орталық Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастығының консалтингілік компаниясы) президенті Азил Гезен аймақтық көлік жүйесінің бәсекелестігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Достық – Алашанқай бағытында осыдан он жыл бұрынғы тасымалдың дәл қазіргідей ауқымға ие болғанына таңдана отырып, ол бұл көрсеткіштің 15 миллион тоннаға жеткенін ерекше екпінмен атап өтті. Аталған аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына елімізден өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан және ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы кіреді. Сондықтан да мұндай аймақтық көліктік жүйе инфрақұрылымының дамуы еліміз үшін ғана емес, осы аталған елдер үшін де тауарлар алмасуға серпін береді.
Мәжіліс
барысында белгілі болғандай, инфрақұрылымды
біртұтас транзит жүйесіне айналдыру
мақсатында, “Бәсекелестікке қабілетті
50 елге апаратын жол” атты инфрақұрылымдық
мегажобаны жүзеге асыру жоспарланып
отыр. Оны Көлік және коммуникация министрлігі
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен
бірлесіп дайындаған. Соңынан сессиялық
мәжіліс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
2.2
Көлік саласының
мемлекеттік саясаты
Еліміздің
2015 жылға дейінгі Көлік
Жолдауда «Теміржол және автомобиль инфрақұрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсетіліп, автомобиль жолдарын дамытуға байланысты нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасына сәйкес, атқарылатын істер көрсетілді. Биыл осы іргелі жұмыстарды орындауға кедергі болып жүрген заңнамалық және нормативтік базаларға едәуір өзгерістер енгізілді. Яғни саланың инфрақұрылымын дамытуға кең өріс ашылды.
Стратегияның аясында жалпы сомасы 30 миллиард АҚШ долларының 80-ге жуық инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде сомасы 2,7 миллиард долларға бірқатар концессиялық жобаларды іске асыру көзделуде.
Таяу жылдары 1600 шақырымдай жаңа теміржол салынып, 2700 шақырым теміржол электрлендірілмек. 50 мың шақырым автомобиль жолы жаңадан немесе қайта салынады. Сондай-ақ алдағы уақытта азаматтық авиацияны, оның ішінде әуежайлар мен авиакомпанияларды, теңіз және өзен көлігі, автомобиль көлігі салаларын одан әрі дамыту міндеті тұр.
Сонда ғана түпкі нәтижеге
қол жеткізу мүмкін. Бүгінгі күнде
Көлік және коммуникация
2006
жылы еліміздің 2015 жылға дейінгі
Көлік стратегиясы осыған
Қазақстанда тұңғыш рет концессия жүйесі бойынша салынып жатқан Шар – Өскемен жаңа теміржол желісінің құрылысы бітуге таяу қалды. Ел аумағынан тыс шығуына, соған сәйкес Ресеймен екі аралық кеден және шекаралық бақылаудан өтуді болғызбайтын Шар – Өскемен теміржол учаскесінің құрылысымен Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ұлттық теміржол желісінің қалыптастырылуы аяқталды.
Қазіргі таңда Үкімет Қаулысымен бекітілген орта мерзімді кезеңге, яғни 2007-2009 жылдарға арналған концессияға беруге ұсынылатын нысандар тізбесіне сәйкес, Маңғыстау – Баутино, Ералиев – Құрық, Қорғас – Жетіген теміржол учаскелерін салу және Мақат – Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру бойынша жұмыстар басталды.
Биылғы
жылдан бастап Қазақстан, Түрікменстан
және Иранды жалғайтын Өзен – Берекет
– Горган жаңа теміржол желілерін
салу және Алматы – Ақтоғай, Ақтоғай
– Достық және Ақтоғай – Мойынты
учаскелерін электрлендіру
Салынатын
жаңа теміржолдар экономика және
көлік саласындағы
– Еліміз Бүкілдүниежүзілік банкпен Азия елдерін Ресей мен Еуропамен жалғастыратын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыруды бірлесіп қаржыландыру туралы келісім жасады. Бұл жобаның экономикалық жағынан тиімділігін шамалап болжауға болады. Осы мәселе жайында әңгіме өрбітсеңіз.
– Бұл – көпшіліктің көкейінде жүрген және үлкен үміт күтіп отырған жоба. Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілген Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік дәлізін салу eліміздің жол кұрылысы саласының алдында тұрған ғасырлық жоба болып есептеледі. Бұл көлік дәлізінің еліміздің экономикалық дамуына тигізетін игі ықпалы аса зор. Сондықтан да Елбасы осы көлік дәлізін салуға ұлттық маңыз бepіп отыр.
Бұл көлік дәлізінің құрылысы өткен жылдан бepі қолға алынған. Қaзіp осы дәліздің ұзақтығы 215 шақырым Қарабұтақ – Ырғыз учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 12 жобалау ұйымдары осы дәліздің 1882 шақырым жол кұрылысын салу жөніндегі жобалау-сметалық жобасын әзірлеуде. Бұл жобаның жалпы құны – 935 миллиард теңге. Жоба толық жүзеге асырылу барысында 2552 шақырым автомобиль жолы қайта салынады.