Көлік кешенін муниципалдық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:44, курсовая работа

Описание

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат. Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы», секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны...................................................................................................................
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
1.3 Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
ІІ Қазақстандағы муниципалдық көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік және байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты.
2.3.Көлік және коммуникация
ІІІ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің дамуын мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары

Работа состоит из  1 файл

Көлік кешенін муниципалдық басқару. КУРСОВАЯ КУКА.doc

— 412.50 Кб (Скачать документ)

     Облыста күн сайынғы 10 әлеуметтік маңызы бар  темір жол көлігімен маршруттар жүреді, оның ішінде 5 электр пойызы бар.

Темір жол көлігімен  әлеуметтік маңызы бар  жолаушылар көлігін ұйымдастыруға 2006 жылы республикалық бюджеттен 288792 мың теңге және жергілікті бюджеттен 170000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер  бөлінген, 2007 жылға жергілікті бюджеттен 170120 мың теңге қарастырылды.

Әуе көлігі

     Қарағанды облысының аумағында 3 аэропорт орналасқан: Қарағанды қаласында «Сарыарқа» аэропорты, Жезқазған қаласында – «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, Балқаш қаласында «Жезқазған -Эйр»  Авиакомпаниясы» АҚ филиалы Балқаш аэропорты.

     Инвестиция  тарту және аэропорт пен аэропорт шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін 2005 жылдың 15 қарашасында «Сарыарқа» Аэропорты» АҚ  акциясын 100 пайыз мемлекеттік пакетпен сату бойынша инвестициялық тендер болды. Тендер қорытындысы бойынша акция пакетері «Sky Servis» берілді.

     Қарағанды қаласының  «Сарыарқа» аэрофорты қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы арқылы транзитті жүк тасымалдауды атқаратын әуе судаларының техникалық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар жолаушылар тасымалдау  болып табылады.

     Жезқазған мен Балқаш қаласының аэрофорттары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сенім басқармасына берілген.

     2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС инвестициялық жоспарларына  сәйкес Жезқазған қаласында жасанды  ұшу-қону жолағына және халықаралық  авиарейстерге қызмет көрсету  үшін аэровокзалды қайта жөндеуге жалпы сомасы 313 млн. теңге 660 мың теңгеге күрделі жөндеу  жүргізілген.

     2009-2010 жылдарға арналған республикалық  бюджеттік инвестициялық жобалар  тізбесіне Балқаш қаласының ұшу-қону  жолағы мен аэровокзал кешенін  қайта жөндеуді енгізу жоспарлануда.

     Телекоммуникация  мен байланысты дамыту

     Облыстағы телекоммуникация жүйесінің ағымдағы жағдайын келесі маңызды сандармен  сипаттауға болады:

  • телефон станцияларының саны 293 АТС құрайды, оның ішінде сандықтары;
  • станцияның жалпы монтирорлау сыйымдылығы 315 943 номерді құрайды, оның ішінде сандығы 240 426 номерлер немесе 76 пайыз;
  • станцияның  әрекет ететін жалпы сыйымдылығы 302 869 номерді құрайды, оның ішінде сандық 228 938 номер немесе  жалпы АТС жөндеу жасалған сыйымдылығы 95,8 пайыз және сандық бойынша АТС 95,2 пайыз;
  • негізгі телефон аппараттарының саны  301 621 құрайды, оның ішінде ГТС – 275 468, СТС – 26 153;
  • қойылған негізгі телефон аппаратарының саны  23 141 құрайды, оның ішінде ГТС – 20 172, СТС – 2969;
  • негізгі телефон аппараттарының таза өсімі 18 496 құрайды, оның ішінде ГТС – 16 261, СТС – 2 235;
  • облыс бойынша телефон тығыздығы  100 тұрғынға 21,7 телефонды құрайды, оның ішінде ГТС – 24,2, СТС – 10,4.

     2005,2006 жылдары телекоммуникация жүйесін  дамыту мен модернизациялауға  акцент қойылған. АТС модернизациялау Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск  қалаларында  жүргізілді.

     NGN мультисервисті қол жетуді пайдаланумен  жаңа түрдегі жүйе құрылысы  бойынша жұмыстар басталды. Монтаж  бойынша жұмыстар жүргізілді  және   IP/MPLS мәліметтерін беру жүйесінің жабдықтарына тестілік байқау жүргізілуде.  ADSL порттарына монтаж жүргізілді: Қарағанды қаласында – 6048, Балқаш қаласында – 864, Жезқазған қаласында – 576, Теміртау қаласында – 1104.

     Осакаров  ауданындағы Молодежный кентінде, Нұра ауданындағы Киевка кентінде, Шет ауданындағы Ағадыр кентінде, Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде АТС сатып алу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

     Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылы, Сарлық, Кеңгір ауылдары, Ұлытау ауданының  Талап ауылы  бағытында  аудан, село  орталықтары учаскелерінде қосу линиялары сандықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.Апатты жағдайдағы  ғимараттардан кету мақсатында 12 селода селолық телефон станциялары контейлерін орналастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Жолаушы көлігінің дамуын мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту 

     Қазақстанда көлiк кешенiн басқару жүйесi республиканың  одақ орталықтандыруынан саяси және экономикалық тәуелсiздiгiне ие болу жағдайында өз алдына қалыптасты. КСРО кезiнде тасымалдаудың барлык жетекшi салалары - темiржол, автокөлiк, әуекөлiк, құбырмен тасымалдау -одақ министрлiктерiнiң меншiктi және сапалық қарамағында болды. Бүкiл одақта да, не болмаса оның жекелеген республикаларында да көлiк кешенiн бiрыңғай басқару болмағаны белгiлi. Өйткенi ол кезде жолқатынастар министрлiгi, азаматтық әуеқатынастары, теңiз флоты шындап келгенде, өте iрi мемлекеттiк-шаруашылық басқару органы болып, ол өз ведомостволарының iшiнде бүкiл экономикалық-қаржылық, тарифтiк және техника-технологиялық саясатты, қарасты кәсорындардың шаруашылық iс-әрекетiн басынан аяғына дейiн шектеп отырды.

     КСРО  ыдырағаннан кейiн басқа да одақтық  республикалар секiлдi Қазақстанда да 1991 жылдың бас кезiнде көлiк министрлiгi құрылып барлық көлiк кешенiн басқаруға қатысты мәселелердi өз қарамағына алды. Бұнымен қатар бүларға мемлекеттiк реттеу мәселесiн де шешуге тура келдi. 1994 жылы бұған қоса оларға автомобиль жолдарын салу және iске қосу ҚР-ның байланыс және коммуникация мәселелерiн реттеу де соларға берiлдi [8, 105 б.].

     Мұндай  жағдай, көлiк министрлiгi болмаған Өзбекстаннан басқа барлық достастық мелекеттерде көрiнiс (11 кесте) тапқанын айта кету керек.

     Өзбекстандағы автомобиль көлiгiне болған сыбайластық, ұлттық әуежол компаниясы, Өзбекстан темiржолының мемлекеттiк компаниясы шаруашылықты жүргiзу және мемлекеттiк саясатты жолға қою қызметтерiн атқарды.

     Қазақстанда коммуникация және көлiк министрлiгiн  құрумен қатар көлiк және коммуникация кешенiн басқаратын бiрыңғай мемлекеттiк ұйым құрылып, ол мыналарды өз қарамағына алды: темiржол, автомобиль, автокөлiк жолы, әуе жолы, су департаменті және байланыс департаменті. Ал республиканың қүұбырмен тасымалдау көлiгi өз алдына үлттық компания түрiнде кызмет етедi. Алайда қазiргi уақытқа дейiн көлiк кешенiн басқарудың жүйесi мен құрылымы өтпелi кезеңдi бастан кешуде, өйткенi: қатал орталықтандырылған басқару жүйесiнен кеткенiмен, нарыққа негiзделген жүйе ендi ғана қалыптасып келедi. Осыған орай, тасымалдаудың жеке салаларын басқару құрылымы да ұйымдастыру жағынан реттелмеген не болмаса реформалау кезеңiне ендi ғана өте бастағандықтан сөз жоқ, тасымалдау салаларының iс-әрекетiнде көрiнiс тапты.

     Көлiк  саласын бiр орталықтан басқару  түзiлгенiне қарамастан бұл саланың iс-әрекетi жақын араға дейiн бөлшектенген, түгел күйде болды. Бұл көлiк саласының (көлiк түрлерi) белгiлi бiр логикамен, нақты қалыптасқан мемлекеттiк республикалық тасымалдау жүйесiне арналған тұжырымның болмауы себептi олардың жүмыстары реттелмеген және өзара байланысы болмағандығын көрсетедi.

     Өтпелi кезеңде коммуникация мен көлiк  кешенiн қайтадан үйымдастырып оның қүрамына екi үлттық акционерлiк, және екi холдингтiк компания енгiзiлiп екi мемлекеттiк акционерлiк қоғам пайда болды. Бұл компаниялардың құрылуы көп жағдайда қажеттi экономикалық тұрғыда негiзделмедi /19/.  

1 кесте - ТМД елдерiндегі көлiк кешенін басқару қүрылымы /18/

Мемлекет Көлiктiң жетекшiлiк  органы МК-ға кiрмейтiн  көлiк түрлерiн басқару органы Мемлекеттiк  және шаруашылык қызметiн бөлiстiру
Әзербайжан Республикасы Коммуникация  жөне көлiк министрлiгi Әзербайжанның мемлекеттiк темiржолы Темiр жолдан баска да             көлiктерге бөлiнген
Белорус Республикасы Коммуникация  жөне көлiк министiрлiгi Белорусия темiржолы, әуежолы мемлекеттiк комитет! Толық бөлiнбеrен
Грузия Көлiк министрiлiгi - Бөлiнген
Қазакстан Республикасы Коммуникация  және көлiк министрiлiгi - Бөлiнген
Ресей Федерациясы Көлiк министрiлiгi Жол қатынастар министрлiгi, Федералды әуе көлiк қызметi, Федералдық жолдар қызметi Белiнген
Өзбекстан Республикасы Көлiктiң        барлык түрлерi өзалдынша   Бөлiнбеген
Украина Көлiк министрiлiгi - Бөлiнген
 

     Мемлекеттiк  реттеу жүйесiне қатысты өткiзiлген салалық талдау республикадағы көлiк саласының қызметiн қандай болмасын белгiлi бiр қалыптасқан көлiк кешенiн дамытудың бiрыңғай мемлекеттiк саясатына сәйкес келедi деп айтуға жол бермейдi. Бұған көлiк саласының тұрақты дағдарыстағы жай-күйiн сипаттайтын қазiрri ахуал куә бола алады. Бүған қарамастан осы кезде елiмiздiң көлiк кешенi саласы, оның даму процесiнде мемлекет ең жиi және ұрымтал араласатын, тiптi мемлекеттiк компаниялардың көлiктiң кейбiр салаларына ықпалын сақтауға ұмтылған тұстары да кездеседi.

     Көлiк  саласын басқару құрылымын талдай отырып, бiз мынадай қорытындыға келдiк, қазiргi кезеңде Қазақстандағы экономика жүйесiнiң нарыктық қатынастарға өтуiне қарамастан және шаруашылық катынастардың жаңа үлгiдегi принциптерiнiң қалыптасуына қарамастан, мемлекеттiң рөлi және мемлекеттiң көлiк саласын дамыту үрдiсiне араласуы жоғары дәрежеде болып отыр. Бұндай жағдайдың каншалықты дұрыстығына көлiк кешенiнiң қазiргi ахуалы куәлiк етедi.

     Бiздiң  пiкiрiмiз бойынша, көлiк кешенiнiң  қазiргi дамуын бүтiндей, сонымен бiрге оның кейбiр құрылымдарын қоса талдаудан жасаған негiзгi қорытындымыз, көлiк кешенiн ары қарай дамыту жүйесiн жетiлдiрудiң қажеттiгiнiң дәлелденуi. Мұнда, Қазақстан көлiк саласындағы жаңа көлiк құрылымдарын реттеу iс-әрекетiнде, қалыптастыру мен корпоративтi құрылымдардың кызметiн заң шығару және құқықтық-нормаларына бағытталған мемлекеттiң ролiнiң маңыздылығын ескермеуге болмайтыны.

     Бiздiң  ойымызша, жоғарыда айтылғандарға орай, дамыған шет мемлекеттердiң үлгiсi бойынша үйлестiру-бақылау органдарын - көлiк саласының дамуын үйлестiру жөнiндегi Комитет құру қажеттiлiгi туындап отыр. Мысалы, Жапонияда мемлекеттiк министрлiктер мен ведомостволардан басқа Әкiмшiлiк-инспекциялық комитет, АҚШ-та - Байланыс жөнiндегi федералдык комиссия және АҚШ саудасы жөнiндегi комиссия, Англияда Әдiл сауда басқармасы мен Монополия жөнiндегi комиссиялар жұмыс iстейдi. Бұл құрылымдардың барлығы тек бақылаушы қызметiн атқарып қана қоймай, саланың дамуына, оның басқа салалармен өзара қарым-қатынас жасауына ықпал етуге, сонымен қатар бағалық нормативтердi олардың арасындағы салааралық бәсекелестiктi болдырмайтындай етiп белгiлейдi. Болашақта саланы бiртiндеп монополиясыздандыру кезiнде бүндай органға қажеттiлiк туындайтыны сөзсiз, себебi олардың неғүрлым тиiмдi дамуы, сол сияқты басқа салалармен өзара байланысқан экономика аясында, аймақтардагы жүмыста және т. б. түрлi iшкi сала қүрылымының қызметiн үйлестiру маңызды болмақ. Бұндай органды қүрудың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың ақпанындағы Жолдауында айтылған жүк тасымалдау бойынша салалық кластердiң одан әрi өркендеуi үшiн де өте маңызды.

     Комитеттiң  негiзгi мiндетi көлiк саласын тиiмдi дамытудың түрлi бағыттарын реттеу және үйлестiру, сонымен қатар ұлттық экономиканың экономикалық дамуына ықпал ету болып табылғандықтан Көлiк саласын дамыту жөнiндегi комитет Көлiк және коммуникация министрлiгі, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу жөнiндегi агенттiгiнiң өзара әрекеттестiгi арқылы құрылуы керек. Бұндай бiрлесiп әрекет жасау көлiк саласы бойынша мемлекеттiк саясат жүргiзудегi мемлекеттiк органдардың жұмысының үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.

     Көлiк  саласын мемлекеттiк реттеудiң  негiзiнде ең басты ұстаным сақталуы тиiс - бұл нарық субъектiлерiнiң барлығына бiрдей тасымалдау және соған байланысты сервис қызметiн көрсетуге мүмкiндiк туғызатын iскерлiк iс-әрекетiнiң еркiндiгiн бiлдiредi. Даму Комитетiнiң құрылуы кезiнде негiзгi назар, нарық субъектiлерiнiң барлық меншiк түрлерiне қарым-қатынасын жетiлдiруге, олардың барлығының тиiмдi дамуына жағдай жасауға аударылуы тиiс.

     Мұнымен бiрге мемлекет өз меншiгiне қатысты  құқығын сақтап қалуы керек, ал маңызды тасымалдау коммуникацияларын (магистралды автомобиль жолы және темiр жолы, су катынастар жолы) және көлiк инфра құрылымдарының қажеттi объектiлерiн (республикалық мәндегi әуепорты, Ақтау порты, әр түрлi навигациялық, диспетчерлiк қызмет т.б.), олардың тек ұлттық қауiпсiздiкке қатысы жоқ сонымен бiрге жол қимылдары қауiпсiздiгiне қатысы жоқ iс-әрекет тұстарын ғана коммерцияландыруға мүмкiндiк берiледi. 

     

1 сурет - Көлiк саласын ретгеудiң құрылымдық-ұйымдастыру сұлбасы 
 

     Реттеудiң  басты құралдары ретiнде, мемлекеттiң  қатысуын оңтайлау мақсатында нормативтi қүқықтық қамсыздандыруды пайдалану керек. Бұнымен бiрге оларды жетiлдiрудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болады:

     - көлiктiң жекелеген секторларындағы  iс-әрекетiн нормативтi қүқықтық  қамтамасыз етудi жасау;

     -тасымалдау  қызметi нарығында монополиялық  жағдайды иемденiп отырған көлiк салаларын қайта құруды ары қарай жалғастыру;

     -тасымалдау  қызметiне сұранысты төлеу мүмкiндiгiн  қанағаттандыра алатын және тасымалдау шығындарын төмендетуге алыш келетiн, сондай-ақ айналымға түсiру үшiн, тасымалдау құралдарының парктерiн жаңғыртуға қаржы жинақтауға мүмкiндiк туғызатын тариф саясатын жетiлдiру;

Информация о работе Көлік кешенін муниципалдық басқару