Менеджмент негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:38, курсовая работа

Описание

Осы тұжырымдаманы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Инновациялық комитеті әзірлеген және мемлекеттік құрылымдар, бизнес және қоғамның инновациялық қызметінде тәжірибелік қолданысқа арналған құрал ретінде 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында жобалық менеджментті дамытуға бастама жасайтын бағдарламалық құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
2. Ағымдағы жағдай 5
3. Дамыған елдерде жобалық менеджментті 6
қолдану тәжірибесі 6
4. ҚР-да жобалық менеджментті қолдану қажеттігінің негіздемесі 7
5. ҚР-да жобалық менеджментті дамытудың 8
басты алғышарттары 8
6. Жобалық менеджметті дамыту жолындағы 10
негізгі кедергілер 10
7. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері 12
8. Қазақстанда жобалық менеджментті дамытудың басты принциптері мен құқықтық негіздері 13
9. Жобалық менеджментті дамыту тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары мен құралдары 14
10. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері мен кезеңдері. 14
Қорытынды 16

Работа состоит из  1 файл

менеджмент нег3здер3.docx

— 57.30 Кб (Скачать документ)
 

Құрметті қауым! 
 
 

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасында жобалық  менеджментті дамыту тұжырымдамасының жобасы ұсынылып отыр.

Осы  жобаны «Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитетінің  жанындағы жұмыс тобы «Жобаларды және бағдарламаларды басқару стандарттары»  тақырыбында үстіміздегі жылдың 23 сәуірінде өткен «дөңгелек үстел» ұсыныстарын іске асыру аясында  әзірледі.

«Нұр Отан» ХДП  Инновациялық комитеті Қазақстан Республикасында  жобалық менеджментті дамыту тұжырымдамасының жобасына қосар Сіздердің ұсыныстарыңыз  бен ескертулеріңіз болса, үлкен  ризашылықпен қабыл алады.

Ұсыныстарыңыз бен  ескертулеріңізді келесі E-mail арқылы жолдауға болады:  spmrk@mail.ru.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2010 жылғы 15 қазанға дейін. 
 
 

«Нұр Отан» ХДП 

Инновациялық комитеті

төрағасының орынбасары,

жұмыс тобының басшысы                                                         А. Ысқақ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

17.09.2010 жылғы ЖОБА

(Жұмыс тобының  07.09.2010 жылғы талқылауының 

қорытындысы бойынша  түзетілген) 
 
 

Қазақстан Республикасында 

жобалық менеджментті дамытудың

2010 – 2020 жылдарға  арналған 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 

МАЗМҰНЫ 
 

Кіріспе 3

2.  Ағымдағы жағдай 5

3. Дамыған елдерде  жобалық менеджментті 6

қолдану тәжірибесі 6

4. ҚР-да жобалық  менеджментті қолдану қажеттігінің  негіздемесі 7

5. ҚР-да жобалық  менеджментті дамытудың 8

басты алғышарттары 8

6. Жобалық менеджметті  дамыту жолындағы 10

негізгі кедергілер 10

7. Тұжырымдаманың  мақсаттары мен міндеттері 12

8. Қазақстанда жобалық  менеджментті дамытудың басты  принциптері мен құқықтық негіздері 13

9. Жобалық менеджментті  дамыту тұжырымдамасын іске асырудың  негізгі бағыттары мен құралдары 14

10. Тұжырымдаманы  іске асыру мерзімдері мен  кезеңдері. 14

Қорытынды 16 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Осы тұжырымдаманы  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық  партиясының Инновациялық комитеті әзірлеген және мемлекеттік құрылымдар, бизнес және қоғамның инновациялық қызметінде тәжірибелік қолданысқа арналған құрал  ретінде 2020 жылға дейінгі кезеңде  Қазақстан Республикасында жобалық  менеджментті дамытуға бастама жасайтын бағдарламалық құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасында  жобалық менеджментті дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында (бұдан  әрі - Тұжырымдама) келесілер ұсынылған:

- Қазақстан Республикасында жобаларды басқару білімін, машықтар мен құралдарын және әдістерін қолдану саласындағы ағымдағы жағдайға баға беру;

- Қазақстанның барлық өмір саласында жобалық менеджментті қолдану қажеттігінің негіздемесі.

- ҚР-да жобалық менеджментті дамытудың басты алғышарттары;

- «Стратегиялық жоспар 2020 – көшбасшылыққа қазақстандық жол» жоспарын іске асыруды қамтамасыз етуші негізгі факторларға талдау.

Тұжырымдама келесілерді  белгілейді:

- Жобаларды басқару, аймақтық, салааралық және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларда жобалық менеджментті дамыту және барлық жерлерде қолдану, Жобаларды басқаруды стандарттау бойынша мемлекеттік басқару органдарының, азаматтық қоғам институттары мен бизнес-құрылымдары қызметтерінің бағыттары;

- Қазақстан Республикасында жобалық менеджментті дамытудың кезеңдері. 
 
 

1. Мәселе тарихы 

Соңғы қырық жыл  ішінде Жобаларды басқару - даму тарихы, салт-дәстүрі, экономикасы мен мәдениеті  әр қиылы түрлі контитенттер елдерінің  өркенетті бизнесі мен іскерлік ынтымақтастығында маңызды түйістіруші  буын болып табылатын жаңа басқару  мәдениеті ретінде қалыптасты. Жобаларды  басқару (жобалық менеджмент) қазіргі  уақытта тұтастай әлемдік нарықтық экономикадағы кәсіпқой қызметтің  танымал түрі әрі сұранысқа ие бағытына айналды.

Қазақстанда басқарушылық жолды игеру идеясына Елбасы       Н.Ә. Назарбаев 1993 жылдың мамыр айның  өзінде-ақ Қазақстан инжинерлерінің бірінші съезінде қорлдау көрсеткен  болатын. Республиканың инженерлік корпусы өкілдеріне былай деді: «Сіздердің назарларыңызды заманауи инженерлік білім  мен қызметтің маңызды бір  жағына аударғым келеді. Мен «жобаларды басқару» немесе «жобалық менеджмент»  деп аталатын инженерлік еңбекті  ұйымдастыру аспектісін сөз етіп отырмын. Оның ерекшелігі мен артықшылығы  - идеяларды іздеуден пайда түсіруге дейінгі тұтастай инвестициялық  циклді үздіксіз қадағалап, инженерлік сүйемелдеу жасауға бағыттайтындығында» .

Ұлттық инновациялық жүйелерді (ҰИЖ) қалыптастыру ісінде жобалық  менеджменттің маңызы өте зор. Әлемнің  озық экономикаларының ұлттық инновациялық жүйелерін жасар алдында әрдайым  Жобаларды басқарудың ұлттық стандарттары қабылданғандығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл негізді, өйткені  ҰИС қалыптастыру процесінде өте  көп бірегей жобалар іске асырылады. Сондықтан Қазақстанда ресми  қабылданған Жобаларды басқару  стандарттарының болмауы тиімді ұлттық инновациялық жүйені құру ісіне  күмән тудырады. Бұған қоса, Жобаларды  басқару стандарттарын қолданусыз инновацияларды іске асыру технологияларды  коммерциализациялаудың тым өсіп кетуіне  әкеп соғады. Осының салдарынан, әдетте, мерзімі жағынан болсын, мазмұны мен құны жағынан болсын жобалардың нәтижесіне қол жеткізілмей қалады.

Бүгінгі таңда «Стратегиялық  жоспар 2020 – көшбасшылыққа қазақстандық жол» жоспарын, Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, және «Бизнес жол картасы 2020»  бағдарламасын жүзеге асыру барысында  барлыққа дерлік салалық министрліктер  мен ведомстволар өздерінің жеке бағдарламалық құжаттарын әзірлейді.

«Ғылымды, инновацияны  дамыту және технологиялық модернизацияға атсалысудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы» құжатының жобасы Қазақстанда ҰИС жасауға қатысты  басты құжаттардың бірі болып  табылады. Бұл құжатта Технологиялық  болжаудың ұлттық жүйесін, инжинирингтік  құзіреттері бар бірқатар салалық  инвестициялық қорлар мен орталықтар, аналитикалық орталықтар, конструкторлық бюро құру және басқа да іс-шаралар  кешені қарастырылған. Бұлардың бәрі жобалық  қызмет саласына жатады: Өйткені олар - «бірегей өнімдер, қызметтер немесе нәтижелер жасауға арналған уақытша  кәсіпорындар». Ендеше, оларды жүзеге асыру Жобаларды басқару әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Аталмыш  бағдарламада оны жүзеге асыру барысында  Жобаларды басқарудың қандай стандарттары пайдаланылатыны көрсетімеген. Осы  тектес жағдай басқа да салалық бағдарламаларда  көрініс тапқан. 

   

2.  Ағымдағы жағдай

Қазіргі заманда  Жобаларды басқарудың ауқымы мен  ролін келесі цифрлермен сипаттауға болады. Әлемдік сарапшылардың бағалауы бойынша бүгінгі таңда 25 млн. мамандар мен іскерлер түрлі салаларда  жаңа өнімдер мен қызметтерді  жүзеге асыру бойынша жобалық  бағыт-бағдар қызметімен айналысады. Олардың  айтуынша жобалар мен бағдарламаларға 2020 жылдың аяғында әлемдік бюджеттің 30 пайызы немесе 45 трлн. доллар шамасында  қаражат жұмсалатын болады. 2008 жылы жобалар формасында 6 трлн. доллар сомасында  өнім жасалған, бұл әлемдік ІЖӨ  көлемінің 20 пайызын құрайды.

Кәсіпқой әлемдік  қауымдастық Жобаларды басқару  бойынша шамамен 500 мың маманды  біріктіріп отыр. Олар жобалық қызметтің  барлыққа дерлік саласында жұмыс  істейді және 185 елдің ұлттық және кәсіпқой, халықаралық және ұлттық ғаламдық желісіне тиесілі. Олардың  ішінде 317 мың адам Жобалық менеджмент институтының (PMI) мүшелері болса, шамамен 95 мың адам – Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығының (IPMA) және 88 мың адам басқа да кәсіпқой ұйымдардың мүшелері болып табылады. Жобаларды  басқару саласындағы сертификаты  бар кәсіпқойлар саны 475 мың адамды құрайды, соның ішінде 381 адам – РМІ  бағдарламасы бойынша РМР, 70 мың  адам – ІРМА төртдеңгейлі сертификаттау  бағдарламасы бойынша және шамамен 24 мың адам Жапония және Австралия  қауымдастықтарының бағдарламалары бойынша.

Қазақстанда жобалық  менеджментті енгізу процесіне қатысушылар: республиканың бірқатар министрліктері мен ведомстволары, инновациялық даму институттары, Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлерінің одағы, Жобаларды басқарудың Қазақстандық қауымдастығы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (Алматы қаласы), бірқатар ЖОО, консалтингілік компаниялар мен мекемелер.

2008 жылдан бастап  Жобаларды басқару саласында  мамандар дайындауға мемлекеттік  тапсырыс жасалды. 2009 жылы жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім мамандарының мемлекеттік  классификациясы бекітілді, онда  Жобаларды басқару бойынша магистратура  мен докторантура қарастырылған.  «6М051800 Жобаларды басқару» мамандығы  бойынша Магистратура және «6D051800 Жобаларды басқару» мамандығы  бойынша докторантура жөнінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  жалпыға міндетті білім стандарттары  бекітілді.

Жобаларды басқару  мамандарын дайындау «Болашақ» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Алайда оқу  процесі әлемнің түрлі елдерінде  жүретін болғандықтан, Бағдарлама түлектері, әдетте, өз қызметтерінде жобалық  менеджменттің бір-бірінен айрамашылығы бар түрлерін қолданады. Бұл жобаларды  жүзеге асыруды қиындатады, ең бастысы  – жобалық командалар ішінде қарым-қатынас  тиімділігін тежейді.

Кәсіпқой қауымдастықтардың  бастамасымен Қазақстанда Жобаларды  басқару саласында білім мен  тәжірибені ілгерлету бойынша іс-шаралар  кешені жүзеге асырылуда. Жобалық менеджментті ілгерлету мәселелері бойынша халықаралық  үш симпозиум, бірқатар форумдар мен  конференциялар өтті. Компаниялар, мекемелер  мен ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік және отандық  мамандарды шақыра отырып, кәсіби бизнес-тренингілер  өткізілуде. Оқытумен айналысатын және консалтингілік ұйымдар тренингілер, мастер-кластар және семинарлар өткізу бойынша жеткілікті тәжірибе жинақтады. Мұндай оқыту іс-шараларына мемлекеттік  басқару органдарының, Қазақстан  Республикасының ұлттық компаниялары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 10 мыңнан астам басшылары мен  мамандары қатысты.

Өндірістік (операциялық) қызметті регламенттейтін ISO сапа стандарты  елде кеңінен тарады. Сонымен қатар, жаңа нәтижелер, өнімдер мен қызметтер  алуға бағытталған Жобаларды  басқару стандарттары Қазақстанда  тиісінше дамымай отыр. Сондықтан, барлыққа дерлік мемлекеттік және саяси құжаттарда пайдаланылып келе жатқан  «Жоба» терминін министрліктер мен ведомстволардың  мамандары түрліше түсініп, әртүрлі  ұғымда қолданып келеді.

Жобалық әдіс және ұлттық стандарттарды енгізу ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастыру барысында  мемлекеттік басқару құрылымдарының қызметін бірмезгілді етуге мүмкіндік  береді. Сонымен қатар, стандарттарды  енгізу Жобаларды және бағдарламаларды  басқару процесінде мемлекеттік  органдардың азаматтық қоғам  институттары және бизнес құрылымдарымен кәсіпқой қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. 

3. Дамыған елдерде жобалық менеджментті  қолдану тәжірибесі 

Жобаларды басқару  шетелде кәсіпқой қызметтің маңызды  саласы ретінде қалыптасты. Ол бизнес жүргізу мен мемлекеттік қызметті жүзеге асырудың ажырамас бөлігіне айналып, инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды  іске асырудың әдіснамалық негізі және технологиясы болып табылады. Бүгінгі  таңда «жоба басшысы» мамандығы  ресми танылып, әлемнің көп елдерінің  мемлекеттік реестріне енгізілген. Ауқымды инвестициялық қызмет жүргізіп отырған барлыққа дерлік дамыған елдерде Жобаларды басқару саласында мамандар дайындалады. Стандарттарды қолдану салааралық, институционалдық және инфрақұрылымдық жобаларға бастама жасап, оларды табысты орындауға және аяқтауға мүмкіндік жасайды. Жобаларды басқару стандарттарының болуы, олардың мәні мен барлық жерлерде қолданылуы мамандарға жобаларды табысты басқарып, өзара жоғары кәсіпқой деңгейде араласуына жағдай жасайды, салық төлеушілер мен инвесторлардың ақшалай қаражатын тиімді пайдалануға жетелейді.

 Жобаларды басқару  әдіснамасы мен құралдары өмірдің  барлық саласында, соның ішінде  мемлекеттік басқару ісінде кеңінен  қолданылады. Соңғы жылдары АҚШ,  Ұлыбритания. Германия, Австрия,  Жапония, Франция, Австралия, Бразилия, Мексика және басқа да елдердің  үкіметтері жобалық басқару саласындағы  білімге арнайы талаптар қоюда.  Мысалы, АҚШ үкіметінің әрбір  қызметкері кеңсе бағдарламаларының  міндетті жиынтығының ЖБ бағдарламалық  құралдарын меңгеруі тиіс. АҚШ  Қорғаныс министрлігінде жобаларды  басқару ісіне арнайы дайындықтан  өтіп, жобаларды басқару жөніндегі  кәсіпқой сертификатын (РМР РМІ)  алған қызметкер ғана жіберіледі. Энергетика министрлігі, Менеджмент  және бюджет кеңсесі (ОМВ) өз  қызметкерлеріне жобалық менеджмент  бойынша міндетті сертификат  енгізді. АҚШ-тың әуе-ғарыш агенттігі  (NASA) зерттеу, құралдар әзірлеу  және жобалық менеджментті пайдалану  саласында әлемге танымал көшбасшы  болып табылады. Штаттар әкімшіліктерінің  жобаларды басқарудың өзіндік  әдіснамалары бар. Нью-Йорк мэриясы  өзіндік жобалық менеджментті  әзірлеу үшін айтарлықтай қаражат  жұмсаған. ЖБ құралдары федералды  жобалар мен бағдарламаларды  ғана емес, сонымен қатар үкіметтік  аппарат ішінде басқару қызметтерін  жүзеге асыру үшін белсенді  қолданып келеді.

Информация о работе Менеджмент негіздері