Менеджмент негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:38, курсовая работа

Описание

Осы тұжырымдаманы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Инновациялық комитеті әзірлеген және мемлекеттік құрылымдар, бизнес және қоғамның инновациялық қызметінде тәжірибелік қолданысқа арналған құрал ретінде 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында жобалық менеджментті дамытуға бастама жасайтын бағдарламалық құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
2. Ағымдағы жағдай 5
3. Дамыған елдерде жобалық менеджментті 6
қолдану тәжірибесі 6
4. ҚР-да жобалық менеджментті қолдану қажеттігінің негіздемесі 7
5. ҚР-да жобалық менеджментті дамытудың 8
басты алғышарттары 8
6. Жобалық менеджметті дамыту жолындағы 10
негізгі кедергілер 10
7. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері 12
8. Қазақстанда жобалық менеджментті дамытудың басты принциптері мен құқықтық негіздері 13
9. Жобалық менеджментті дамыту тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары мен құралдары 14
10. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері мен кезеңдері. 14
Қорытынды 16

Работа состоит из  1 файл

менеджмент нег3здер3.docx

— 57.30 Кб (Скачать документ)

5. жаңа веб-технологиялар мен әлеуметтік желі қызметтерінің принциптері негізінде «Жобаларды басқару» интернет порталын ашу;

6. жобаларды басқарудың ұттық стандарты бойынша сертификаттау жүйесін қалыптастыру;

7. «ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Мамандықтардың мемлекеттік реестріне» және «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестріне» «жоба менеджері», «бағдарлама менеджері» лауазымдарын енгізу;

8. елде жобалық менеджментті дамыту;

9. қазақстандық жағдайға бейімделген салалық стандартты  әзірлеу. Мысалы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі,  металлурния саласында.

8. Қазақстанда жобалық менеджментті дамытудың басты принциптері мен құқықтық негіздері 

Жобалық менеджметті  дамытудың басты міндеттеріне мыналар  жатады:

а) жобалық менеджментті дамытудың эволюциялылығы мен кезеңділігі;

ә) этикалық нормалар мен ережелерді сақтау;

б) жобалық менеджметті  дамыту процесін ұлттық инновациялық жүйе қалыптастыру процестерімен синхрондау;

в) бір тараптан - заңды тұлғалардың, екінші тараптан -  жұмысшылар мен жұмыс берушілердің серіктестік қатынастарын үйлестіруші  құрал ретінде жобаларды басқарудың қазіргі заманғы мәдениетіне  халықтың ауқымды жігін тарту.

Жобалық менеджментті ілгерлету процесіне қатысушы қоғамдық құрылымдардың бірі де Қазақстанда  осы процесті монополиялауға үміттене алмайды.

Жобаларды басқаруды  дамытуда мүдделі барлық құрылымдардың  әрекеттерін үйлестіру үшін Қазақстанда  Жобаларды басқаруды стандарттау  жөнінде техникалық үйлестіру комитеті құрылмақ.

Қазақстанда жобалық  менеджментті ілгерлетуді бастаудың  құқықтық негізі қолданыстағы заңнамалық база болып табылады. Алдағы уақытта  бұл база ҚР-да жобалық менеджментті дамыту процесі Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарымен үйлестіру  бағытында қамтамасыз етілуі тиіс. 

9. Жобалық менеджментті  дамыту тұжырымдамасын іске асырудың         негізгі бағыттары мен құралдары 

Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен механизмі  оның негізгі міндеттерімен үйлестіріледі. Мемлекеттік құрылымдар, азаматтық  қоғам мен бизнестің назарын  жобаларды басқарудың осы заманғы  технологияларын белсенді ілгерлету  қажеттігіне аудары үшін, алғашқы  және негізгі қадам ретінде, осы  Тұжырымдаманың негізінде оны жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар  жоспарын әзірлеу ұсынылады.

Осы Жоспарды іске асыру  отандық және шетелдің жобалық білікті  менеджерлерінің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс. Талқылауды ұйымдастыру  үшін қоғамдық және парламенттік тыңдаулар  механизмін қолданған жөн.

2010-2020 жылдар аралығындағы  кезеңде Қазақстанда жобалық  менеджментті дамыту бойынша  министрліктер, ведомстволар, даму  институттары, үйкіметтік емес ұйымдар  мен бизнес құрылымдарының әрекеттерін айқындайтын нормативтік құжат осы процестің қорытындысына айналуы тиіс.

10. Тұжырымдаманы  іске асыру мерзімдері мен  кезеңдері.

Бірінші кезең 2010 – 2011 жылдар:

• барлық мүдделі тараптардың қатысуымен осы Тұжырымдаманы іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар жоспары әзірленеді;

• жобалық менеджментті ілгерлету саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандар мен қазақстандық құрылымдар кеңінен тартыла отырып, халықаралық іс-шаралар (конференциялар, форумдар мен симпозиумдар) кешені өткізіледі;

• ҚР техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі комитетінің жанынан Жобаларды басқаруды стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылады. Оған ҮИИДМБ іске асыруға жұмылдырылған барлық министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ жобалық менеджментті дамытуға қатысушы кәсіби бірлестіктердің өкілдері енгізіледі;

• Қазақстан Жобаларды басқарудың халықаралық стандартын әзірлеуге қатысушы елге айналады;

• Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарымен үйлестірілген Жобаларды басқарудың ұлттық стандарты әзірленеді және енгізіледі;

• Министрліктер мен ведомстволарды, ҚР даму институттарында барлық бағдарламалық құжаттар ЖБ ұлттық стандарттары мен жобаларды басқару тұжырымдамаларына сәйкестеледі;

• ҚР Мемлекеттік қызмет академиясы мен елдегі озық ЖОО-лар жанынан құзірет орталықтары ашылады, оларда топ-менеджерлер дайындалады;

• 06М051800 (магистратура) және 06D051800 (докторантура) мамандықтары бойынша жобаларды басқару саласында мамандар дайындаумен байланысты қазақстандық оқу бағдарламаларын жобалық менеджмент халықаралық орталықтарының аккредитациялауы процесі іске қосылады;

• «Жобаларды басқару» пәні бойынша ЖОО оқытушылары мен оқыту тренерлерінің әлеуеті қалыптасады;

• «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистрлар мен PhD дайындауға деген мемлекеттік тапсырыс ҮИИДМБ іске асыру сұранысына сай көлемде өседі;

•  жобаларды басқару тәжірибесін қолдануды кеңінен тарату ісі жүргізіледі.

Екінші кезең 2012 – 2014 жылдар: 

• Мемлекет пен қоғамның барлық өмір саласында Жобаларды басқарудың ұлттық және салалық стандарттары белсенді енгізіледі;

• Жобалық менеджменттің халықаралық орталықтары сарапшыларының қатысуымен сертификаттау орталықтары ашылады және Prometric,  VUE жаңа халықаралық тестілеу орталықтары аккредиттеледі;

• көп жағдайда сәтті шыққан әрі пысықталып жасалған OPM3  PMI и  CMMI  SEI моделдерінің негізінде ұйымдар, кәсіпорындар мен компаниялардың технологиялық жетілуінің ұлттық стандарты халықаралық нормаларға сәйкестікте әзірленіп, енгізіледі;

• ЖОО-ларда ұлттық және салалық стандарттар негізінде «Жобаларды басқару» пәндері енгізіледі және Құзіреттер орталықтарының желісі кеңейтіледі;

• «Жорбаларды басқару» мамандықтары бойынша кадрларды дайындау және қайта дайындау үшін нақты кәсіпорындарға тапсырыстар қалыптасады. Осы тұрғыда мемлекет мұндай шығындарды қолдап, салық ұстамдарымен және басқа да тәсілдермен мотивациялайды. 

Үшінші кезең 2015 – 2020 жылдар

Жобалық менеджментті дамыту елде жүйелі және бұлжымас сипатқа  ие болады.

Халықаралық құзіреттер орталықтарымен перманентті айқындалып отыратын Жобаларды басқару әдіснамаларының  даму үрдістерімен сәйкестікте ЖБ-ның  ұлттық және салалық стандарттарына және кәсіпорындар, ұйымдар мен компаниялардың технологиялық жетілу стандарттарына  ағымдық өзгерістер енгізіледі.

Қорытынды

Елде Тұжырымдаманы  іске асырудың нәтижесінде жобалық  менеджментті ілгерлетуді қарқындату механизмі тиімді іске асырылады. Елде жобаларды басқарудың заманға сай  технологияларын ілгерлетуге жағдай жасайтын әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық база дамиды. Жобаларды  басқару кәсіпқой қызметтің маңызды  саласы ретінде қалыптасады. ҮИИД бағдарламасы қажетті көлемде жоғары білікті  топ-менеджерлермен, басшылармен және жобалар командаларының мүшелерімен  қамтамасыз етіледі.

ЖОО-ларда жобаларды  басқару және стратегиялық жоспарлау  саласында мамандар дайындау басталады. Бұл ұлттық инновациялық жүйенің  нық қызмет етуіне мықты негіз  болады. Бизнес, ғылым және білім  саласында серпінді инновациялық жобалар  жасау үшін креативті мамандардың  мықты жігі құрылатын болады.

Жобалық бағыт-бағдар қызметіне қатысушылардың түрлі  санаты бірқатар артықшылықтарды иеленеді:

1. Инвесторлар – мемлекеттік және жеке жобалар ашықтығының артуы; тәуекелдіктердің азаюы мен бақылауға икемділігі; инвестициялық мүмкіндіктер аясының кеңеюі; жобалар қаражатын тиімді пайдалануды арттыру есебінде инвестициялық ресурстардың үнемделуі; инвестицияның қайтып оралу деңгейінің артуы. 

2. Компаниялардың иелері мен басшылары бәсекелестігін арттырып, активтерінің өсімін қамтамасыз етеді; шегерімдер азаяды, қосымша пайда түсіп, компанияның басқаруға икемділігі артады.

3. Мемлекет жобалар мен бағдарламаларды нақты жоспарлап, іске асыру және қаражат пен құралдардың шығындалуына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болады; тәуекелділік азаяды, ашықтық қамтамасыз етіледі; барлық деңгейдегі бюджеттердің шығыны азаяды; мемлекеттік басқару тиімділігі артады; жемқорлық сипатта тәртіп бұзу мүмкіндігі қысқарады; экономикалық қауіпсіздік артып, инновациялық және инвестициялық қызметтің тиімділігі артады.

4. Қоғам республикалық және жергілікті бюджет тарапынан әлеуметтік секторға баса назар аударуына қол жеткізеді; өмір сапасы жақсарады; халықтың мемлекетке деген сенімі арта түседі.

Жалпы, азаматтық  қоғам институттары, мемлекеттік  басқару мен бизнес арасындағы қатынас  үйлесімге келеді. Әлемдік экономикалық және басқару ойларының ең жаңа жетістіктеріне негізделген басқарудың осы заманғы  әдістерін енгізудің сапалы жаңа кезеңіне көшу үшін алғышарттар жасалатын  болады.

Бұл тұрғыда жобалық  басқару мемлекеттік және қоғамдық басқаруда, экономика мен бизнесте, ғылым мен білім беруде, әлеуметтік және қоғамдық салада пайланылатын пәнаралық  әдіс-тәсілдің негізіне айналады. Бұл  мемлекет пен қоғамның барлық деңгейіндегі басқару ісінде сапалы өзгерістерге әкеледі және ауыспалы әлемде Қазақстан  Республикасы дамуының тұрақты және бақылауға икемді болуына мүмкіндік  береді. 
 

Уважаемые посетители! 
 

Вашему вниманию предлагается проект Концепции развития проектного менеджмента в Республике Казахстан.

Данный проект был  разработан рабочей группой при  Инновационном комитете НДП «Нур Отан» в рамках реализации рекомендаций «Круглого стола» на тему «Стандарты управления проектами и программами» состоявшегося 23 апреля текущего года.

Инновационный комитет  НДП «Нур Отан» будет признателен  Вам за предложения и замечания  к проекту Концепции развития проектного менеджмента в Республике Казахстан.

Предложения и замечания  можете направлять на E-mail: spmrk@mail.ru.

Срок приема предложений  до 15 октября 2010 г. 
 
 

Заместитель председателя

Инновационного комитета

НДП «Нур Отан», руководитель

рабочей группы                                                                                А. Ыскак 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПРОЕКТ от 17.09.2010 г.

(Скорректирован  по итогам обсуждения 

на рабочей группе 7.09.2010 г.) 
 
 

КОНЦЕПЦИЯ

развития  проектного менеджмента  в  Республике Казахстан

на 2010 – 2020  годы 
 

СОДЕРЖАНИЕ 
 
 

Введение 3

1. История вопроса 3

2.  Текущая ситуация 5

3. Из опыта применения  проектного менеджмента в развитых  странах 6

4. Обоснование необходимости  применения проектного менеджмента  в РК 7

5. Базовые предпосылки  для развития проектного менеджмента  в РК 8

6. Основные барьеры  на пути развития проектного  менеджмента 10

7. Цели и задачи  концепции 12

8. Основные принципы  и правовые основы развития  проектного менеджмента  в  Казахстане 13

9. Основные направления  и инструменты реализации Концепции  развития проектного менеджмента 14

10. Сроки и этапы  реализации Концепции. 14

Заключение 16 
 
 
 
 
 

Введение 

Данная концепция  разработана Инновационным комитетом  Народно-демократической партии «Нур Отан» и является  программным  документом, инициирующим развитие проектного менеджмента в Республике Казахстан  на период  до 2020  года, как инструмента  для практического применения в  инновационной деятельности государственных  структур, бизнеса, общества, а  также   прорывного  государственного  и  общественного  развития.

В концепции развития  проектного менеджмента  в  Республике Казахстан на 2010 – 2020  годы (далее  - Концепция) представлены:

- оценка текущей  ситуации в части применения  знаний, навыков, инструментов и  методов  Управления проектами  в  Республике Казахстан;

- обоснование необходимости  применения проектного менеджмента  во всех сферах  жизнедеятельности   Казахстана;

- базовые предпосылки  для развития проектного менеджмента  в РК;

- анализ основных  факторов, обеспечивающих реализацию  «Стратегического плана 2020 - казахстанский  путь к лидерству».

Концепция  определяет:

- направления   деятельности органов государственного  управления, институтов гражданского  общества и бизнес-структур по  стандартизации Управления проектами,  развитию и повсеместному применению  проектного  менеджмента в региональных,   межотраслевых и государственных   программах и проектах.

Информация о работе Менеджмент негіздері