Муниципалдық менеджмент теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер» дәуірі болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарды. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3
I Қазақстан Республикасының банк жүйесі .................................................. 6
1.1 Банк жүйесі ......................................................................................................... 6
1.2 Банк жүйесін, банктерді жіктеу ...................................................................... 8
II Банк жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11
2.1 Банк жүйесін реттеу мен қадағалаудың мәні, қажеттілігі
және мазмұны ......................................................................................................... 11
2.2 Банк қызметін реттеу әдістері ...................................................................... 16
2.3 Банк қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың
даму және жетілдіру кезеңдері ............................................................................ 20
2.4 Қадағалау жөніндегі Базель комитеті ........................................................... 23
2.5 Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан
шығуға тигізер ықпалы ......................................................................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32

Работа состоит из  1 файл

Банк жүйесін мемлекеттік басқару.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3

I   Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі ..................................................  6

1.1 Банк  жүйесі ......................................................................................................... 6

1.2 Банк  жүйесін, банктерді жіктеу ......................................................................  8

II   Банк  жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11

2.1  Банк    жүйесін  реттеу  мен  қадағалаудың  мәні, қажеттілігі                     

және  мазмұны ......................................................................................................... 11

2.2 Банк  қызметін  реттеу  әдістері ...................................................................... 16

2.3 Банк  қызметін  мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың                               

даму  және  жетілдіру  кезеңдері ............................................................................ 20

2.4 Қадағалау жөніндегі Базель  комитеті ........................................................... 23

2.5 Банк  капиталын арттырудың  өтімділік дағдарысынан  

шығуға  тигізер  ықпалы ......................................................................................... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы  онжылдық  біздің  еліміз  үшін «өзгерістер» дәуірі  болды. Елімізде  көпукладты  нарықтық  экономиканы  қалыптастыруға  бағытталған  толық  ауқымды  реформалар  жүзеге  асырылды. Мұнда  күшті  де  серпінді  дамыған  банк  секторын  жасау  маңызды  рөл  атқарды. Бұл  кезең  тарихта  банк  секторы  ішіндегі  бүкіл  қарым-қатынас  жүйесін, яғни Ұлттық  банк  тарапынан  басқару  және  бақылау  саясатын  түбегейлі  өзгерткен  монобанктік  жүйеден  нарықтық  экономика  талаптарына  жауап  беретін  қазіргі  заманғы  жаңа  банк  секторына  көшу, әмбебап  банктер  жүйесін  қалыптастыру  кезеңі  болды.

      Дамыған  банк  жүйесін  құру  кез  келген  елдегі  түбегейлі  экономикалық  өзгерістердің  басты  шарты  болып  табылады. Қазақстан  нарықтық  экономикасы  бар  елдердегі  қаржы- кредит  институттарының  даму  үрдісін  және  қаржылық, соның  ішінде  банктік  қатынастарды  құқықтық  тұрғыдан  реттеу  тәжірибесін басшылыққа  ала отырып, отандық болмысқа  икемдеді. Мұның өзі көптеген  экономикалық  және  әлеуметтік  өзгерістерден, мемлекеттің өндірістік  әлеуетінің  артуынан  көрініс тапты.

    Банк  жүйесінің  әлеуетін  арттыру, банк  ресурстарын  еселеу – бірінші  дәрежелі  маңызы  бар  міндет  пен  отандық  экономика  қызметінің  маңызды  басымдықтарының  бірі  болып  табылады.

    Банк  жүйесі - кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық  экономиканың маңызды құрамдас бөлігі . Кредит және қаржы операцияларының негізгі бөлігін шоғырландырады.

    Құрамдас  бөлік  ретінде банк жүйесі үлкен  жүйеге – елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал кредит жүйесі - елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Мұның өзі банктердің қызметі мен дамуын қоғамның қайталама өндірісінің процесімен тығыз бірлікте қарастырудың қажет екендігін білдіреді. Өзінің практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет – салық және басқа да жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық  өмірді реттеу мен басқарудың ортақ тетігіне кіреді.

    Банк  жүйесін  мемлекеттің реттеп  отыруы  өте  маңызды  деп ойлаймын.

    Банк  жүйесін  мемлекет  реттеп, ылғи  да  бақылауда  ұстауы керек. Себебі  банк  жүйесін реттеу  арқылы  экономика реттеледі. Банк  жүйесінің  мақсаттары  мен  міндеттері  негізінен  алғанда  экономиканы  басқарудың  мақсаттары  мен  міндеттерімен  барабар. Алайда банктер  басқарудың  кіші  жүйесі  ретінде  экономиканы  басқарудың  жалпы  мақсатына жетуді  қамтамасыз  ететін өзінің  арнайы  жеке  міндеттерін  орындайды. Экономиканы  басқару  органы  ретіндегі  банктердің  рөлі олардың  өз  функцияларын  орындауы  және  банк  ісін  ұйымдастырудың  жалпы  принциптерін  сақтауы  барысында  көрініс  табады.

    Мен банк  жүйесін  мемлекеттік  реттеудің өзекті мәселелерін алға қойып, олардың әдістерін қарастыруға тырысамын. Таңдап алынған тақырып төңірегіндегі барлық мәселелерге,  әрине, бір жұмыс көлемінде толығымен тоқталып, толғауы тоқсан  толғанысқа тоқ етер жөн-жоба көрсету мүмкін емес екендігі түсінікті. Сондықтан банк  жүйесін  мемлекеттік  реттеу, менің ойымша, бір ғана ғылымның немесе ғалымның  күшімен емес, бірнеше мемлекеттік ғылымның алдыңғы қатарлы мамандарының зерттеуіне айналған жағдайда оны жан-жақты қарастырып, іс жүзінде реттеу  әдістерін анықтап алуға мүмкіндік болар еді деп ойлаймын. Өйткені банк  жүйесінің  тұрақтылығы -  мемлекеттің  экономикасының  тұрақтылығы.

    Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстанның  банк  жүйесінің қалыптасу ерекшелігіне  тоқталу, банк  жүйесінің қызметінің  мәні  мен банк  жүйесінің   құрылымымен  танысу, банк   жүйесін  мемлекеттік  реттеу  әдістерін  білу.

    Бүгінгі таңдағы банк  жүйесін  реттеудегі  мемлекет орнын анықтап, банктердің  экономикадағы  рөлі, банктердің  кредиттік  және  инвестициялық  операциялары, банк  қызметін реттеу  тетіктері туралы  мағлұмат  алу, игерген білімдерді  макроэкономикалық ахуалды талдау,  банк  қызметі нарығында бағдар  ұстануға  қолданып, банк  қызметінің  басқарушылық  қырлары жөніндегі білімді жетілдіру.

    Курстық  жұмыс  тапсырмалары. Аталмыш мақсаттарға жету үшін мақала, ғылыми материалдарға, оқулықтарға сүйене отырып, зерттеу мақсатынан туатын басты тапсырмалар:

    - Қазақстанның  банк  жүйесінің  қалыптасу  ерекшелігіне  тоқталу, банк  жүйесінің  қасиеттері  мен  белгілерін  тану;

    - Банктерді  орындайтын  операцияларының  сипатына  қарай, меншік  түрі  бойынша, қызмет ауқымы  бойынша топтастыру, банк  жүйесінің түрлерін білу;

    - «реттеу», «қадағалау»  ұғымдарымен  танысу, банк  реттеуі  мен  қадағалауының  басты  мақсатын білу,  Базель  комитетінің  банк  қадағалау  стандарттары бойынша,  банк  қадағалауы  мен  реттеуінің  принциптерін  тұжырымдау; 

    - Банк  қызметін  реттеу  әдістерін   көрсету,     ҚР  Ұлттық  банкі  мен  ҚНА  банк  қызметін  реттеу жолдарын, Ұлттық  банк пен  ҚНА  белгілейтін, міндетті  түрде  сақталуға  тиісті  пруденциялық  нормативтер  құрамын айқындау, Ұлттық  банк  пен   ҚНА-ның құқықтарын  ашу;

    - Банк  қызметін  мемлекеттік   реттеу мен қадағалаудың  даму  және  жетілдіру  кезеңдеріне   тоқталу;

    - Қадағалау жөніндегі Базель комитетімен танысу. Базель II мақсаттарын ашу;

    - Банк  капиталын  арттырудың  өтімділік  дағдарысынан  шығуға  тигізер  ықпалын  анықтау, өтімділік  дағдарысынан  шығу  жолдарын  көрсету.

    Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, 2 тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 

I   Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі

1.1 Банк  жүйесі 

    Банк  жүйесінің  негізгі  элементі - банк [1].

    Кез келген жүйе барлық қажетті  элементтерді қажетті пропорцияда жинақтауы  керек. Бұл жерде олар бір-біріне өзара әсер етіп, толықтырады және бір жүйе өзге, неғұрлым кең жүйенің ішіне кіреді.

    Осыдан  келіп, бұл принциптер мен талаптар банк жүйесіне тікелей қатысты болып  шығады. Мәселен, кез келген елдің  банк  жүйесінде банк жүйесінің  элементтері жеткілікті мөлшерде болады: түрлі типтегі банктер, банктік емес мекемелер, банктік құрылымдар, банк бірлестіктері және т.б. [2].

    Банк  жүйесі белгілі қасиеттер мен  белгілерге ие. Банк жүйесін өзге жүйелерден айрықшалайтын белгілері:

  1. Банк жүйесінің элементтері Орталық банк бастаған белгілі бірлікке бағына отыра, өзара әрекет жасайды. Кездейсоқ элементтер жоқ;
  2. Банк жүйесі оның құрамдас элементтері және олар арасындағы өзара әрекеттер арқылы айқындалған арнайы қасиеттерге ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, тәртіптерді орындайтын тетік жұмыс істейді;
  3. Банк жүйесінің элементтері өзара алмасуға қабілетті. Оны тұтастық  есебінде қарастыруға болады. Бұл оның жекелеген бөліктері қажет жағдайда бір – бірін алмастыра аларлықтай болып байланысқанын көрсетеді. Мәселен, Сбербанктің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай  алады, ауылдық жерлерде оларды пошта – жинақ жүйесіне беруге болады. Бір банк банкротқа ұшырағанмен, банк жүйесі орнында қалады;
  4. Банк жүйесі динамикалық жүйе және  ұдайы қозғалыс үстінде  болып, дамып отырады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толыға алады. Кредиттердің және қаржы институттарының жаңа түрлері  пайда болуда;
  5. Банк жүйесі «жабық»  жүйе ретінде көрінеді. Оның өз тәртіптері,  нұсқаулықтары, ережелері болады. Оларда тек осы жүйеге арналған банк құпиясы бар. Бірақ оны толық мәнінде жабық деп айтуға болмайды, себебі ол өзге жүйелермен өзара байланысқа түседі;
  6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі  ұйымдастыратын» қасиетке ие. Жалпы алғанда, жүйе өзінің  іс-әрекет саясатын құбылмалы экономикалық әлеуметтік, саяси ахуалға байланысты өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыстар кезеңінде саясат  басқа болады, ал  экономика тұрақты дамыған кезеңде өзге іс-қимыл саясаты қолданылады;
  7. Банк жүйесі - басқарылатын  жүйе. Ол арнайы банк  заңдарымен реттеліп, жұмыс істейді,орталық атқарушы, өкілетті органдарға бағынады [3].

    Бұл белгілердің барлығы  Қазақстанның  банк жүйесіне де тән. « Қазақстан  Республикасындағы банктер мен  банк қызметі  туралы» ҚР  Заңында (3-бап) былай деп жазылған:

    - Қазақстан  Республикасы екі  деңгейлі банк  жүйесіне ие;

  • Ұлттық банк  мемлекеттің  орталық   банкі  болып табылады және  банк  жүйесінің жоғары (бірінші)  деңгейін  құрайды;
  • ҚР заңнамалық  актісінде  белгіленген  айрықша  құқықтық  мәртебеге ие (Қазақстан  Даму  банкінен  басқа)  банктер  банк  жүйесінің  төменгі  (екінші)  деңгейін құрайды;
  • Шет  елдік  қатысуы бар  банк – екінші  деңгейдегі  банк, оның акцияларының   үштен  бірінен  астамы:

    а) ҚР  реалар - ҚР  резиденттерінің  иелігінде,  меншігінде  және  басқаруында болады;

    - Мемлекетаралық  банк – халықаралық   шарт  негізінде  құрылып, жұмыс  істейтін  банк [14].

    Банк  жүйесіне  банк операцияларының  жекелеген  түрлерін  орындайтын  банктік  емес  мекемелер, банк  инфрақұрылымын  түзететін, кредит  институт-

тарының өмір сүруін  қамтамасыз  ететін  қосымша  мекемелер кіреді  [4].

      «ҚР-ның  Ұлттық  банкі  туралы»   ҚР  заңына  сәйкес  ҚР  Ұлттық  банкі  және оның  аумақтық  органдары  банк  жүйесінің   жоғары  деңгейін  білдіреді   және  елдің  эмиссиялық, резервтік,  есеп  айырысу, кассалық  орталығы  болып табылады. Сонымен қатар норма шаруашылық,  бақылаушылық  құқыққа ие  соңғы инстанциядағы кредитор  рөлін атқарады, ақша – кредит  валюта  саясатын  белгілейді. Оның  қызметінің  басты  мақсаты  пайда табу емес, ақша-кредит  саясатын  өмірге  енгізу, елдің  кредит   жүйесіне   басшылық  жасау.

    Ұлттық  банк  мемлекеттік  биліктің  атқарушы  органдарынан  экономикалық  және  саяси  тәуелсіздікке  ие. Оның  қаржылық  тәуелсіздігі  ұйымдастырушылық  және  қаржылық  қырларында  көрінеді. Ұлттық  банктің  ұйымдастырушылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекеттік  бюджеттен  қаржылық  капиталмен,  мүлікпен  қамтамасыз  етілген  және  оларға  иелік  ету,  пайдалану  мен  басқару  өкілеттігін  жүзеге  асыратын  дербес  мемлекеттік  орган  болуынан  байқалады. Ұлттық  банктің  қаржылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекет  міндеттемелеріне,  ал  мемлекеттің  оның  міндеттемелеріне  жауап  бермеуінен  көрініс  табады.

Информация о работе Муниципалдық менеджмент теориялары