Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:26, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер» дәуірі болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарды. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.
КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3
I Қазақстан Республикасының банк жүйесі .................................................. 6
1.1 Банк жүйесі ......................................................................................................... 6
1.2 Банк жүйесін, банктерді жіктеу ...................................................................... 8
II Банк жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11
2.1 Банк жүйесін реттеу мен қадағалаудың мәні, қажеттілігі
және мазмұны ......................................................................................................... 11
2.2 Банк қызметін реттеу әдістері ...................................................................... 16
2.3 Банк қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың
даму және жетілдіру кезеңдері ............................................................................ 20
2.4 Қадағалау жөніндегі Базель комитеті ........................................................... 23
2.5 Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан
шығуға тигізер ықпалы ......................................................................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32
Өтімділік
дағдарысына дейінгі 2004-2007 жылдардағы
ЕДБ-дің меншікті капиталдарының
серпіні 1-кестеде берілген [13].
Кесте 1 ЕДБ-дің меншікті капиталдарының серпіні, мерзімнің басына
Меншікті капитал көзі, млрд теңге | 2002 ж | 2003ж | 2004ж | 2005ж | 2006ж | 2007ж | Өсім,% |
I деңгейлі капитал | 91,1 | 110,6 | 153,3 | 229 | 368,4 | 816,5 | 121,6 |
Жарғылық капитал | 76,8 | 77 | 100,4 | 161,3 | 244,7 | 593,6 | 142,6 |
Қосымша капитал | 8,7 | 11,2 | 13,8 | 16,7 | 27,2 | 4 | -85,3 |
өткен жылғы бөлінбеген табыс | 8,7 | 15 | 24 | 41,6 | 71,9 | 131,6 | 83 |
II деңгейлі капитал | 36 | 55,7 | 87,9 | 129,3 | 216,4 | 385,4 | 78,1 |
Бөлінбеген таза табыс | 7,4 | 20,6 | 28,8 | 31 | 70,1 | 101,3 | 44,5 |
Субординирленген қарыз | 15,3 | 30,1 | 58,8 | 100,3 | 184,7 | 368 | 99,2 |
III деңгейлі капитал | - | - | - | - | - | 1,5 | - |
Барлық меншікті капитал | 122,1 | 161,2 | 233,6 | 347,6 | 584,8 | 1168,6 | 99,8 |
Соңғы 4 жыл ішінде банктің меншікті капиталының көздері өскен.
ЕДБ-дің капитал жеткіліктігін талдау - банктердің қаржылық жағдайына баға берудің маңызды көрсеткіші. Базель келісіміне сәйкес банктің капиталының жеткіліктілігінің динамикалық және статистикалық жағы бар. Статистикалық жағы бұл меншікті капиталдың құрамдас бөлігі саналатын жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін көрсетсе, динамикалық жағы банктердің нормативтік деңгейде капиталдарын ұстап отыруын баяндайды. Бұл жерде банктердің сенімділігінің негізгі көрсеткіші саналатын Кук коэффициентінің қызмет етуі, банк капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтастырылған банк активтеріне қатынасын бейнелейді.
Соңғы жылдары банктеріміздің табатын пайдасы алып- сатарлық сипатқа ие операциялардан құрылғаны жасырын емес, яғни шетелден 2-4% несиелік ресурстарды тартып, оны кемінде 12-15% мөлшерлемеде отандық клиенттерге беру арқылы орасан зор табыстарды иеленді. Әрине, кез келген коммерциялық банктің арзанға алып, қымбатқа оны орналастыруға тырысатыны - заңдылық. Бірақ бұл жерде банктер өздерінің өтімділігін сақтап отыруды естен шығармағаны дұрыс. Ендеше сыртқы қарыздардың банк капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз кезегінде банктердің өтімділігіне кері ықпал етті. Нәтижесінде банктер өтімділік дағдарысын басынан кешіруде.
Өтімділік дағдарысына қарсы Қаржылық қадағалау агенттігі пруденциалдық нормативтерге өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер валюталық өтімділікке және капитал деңгейіне қатысты болды. Өзгерістерге дейін ашық валюталық өтімділік әрбір валюта бойынша есептелсе, өзгерістерден кейін, яғни 2007 жылдың 1 қазанынан бастап, тұрақты валюталарды бір қоржынға біріктіріп есептеу әдістері енгізілді.
Сонымен қатар сыртқы қарыздарға байланысты банктердің капиталдану нормативтеріне де өзгерістер енгізу қарастырылды. К8 коэффициенті, яғни сыртқы қарыздар тарту көлемі, қазіргі кезде меншікті капиталға қатысты шығарылған бағалы қағаздарды есепке алмай есептеліп, банктің капиталының көлеміне қарай 2-ден 4-ке дейінгі деңгейде бекітілді. 200 млрд теңгеден төмен капиталы бар банктер үшін норматив мәні 2, одан артықтарға, 2,5 деңгейінде белгіленді. К9 коэффициентінің мәні, ол банктің капиталының көлеміне қарай 4-ден 5-ке дейінгі деңгейде бекітілу көзделген. Сөйтіп, ҚҚА банктердің меншікті капиталына қарай сыртқы қарыз алу шартын қатаңдатты.
Өтімділік
дағдарысынан шығу жолдарын
ендігі жерде мемлекет емес, бірінші
кезекте банктердің акционерлері
ойлауға, яғни капитал деңгейін арттыру
көздерін іздестіруге көңіл аударуға
тиіс. Керісінше жағдайда, мемлекеттік
реттеуші ұйымдар тарапынан
банктердің капиталдарының жеткіліктігіне
қатысты талаптарды күшейту: жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшерін және капиталдың
жеткіліктілік коэффициенттерінің
мәндерін кемінде 2 есеге көтеру талаптарын
қойып, банктердің иелерін заңдық тұрғыдан
мәжбүрлеу шараларын қарастырғаны
дұрыс. Осындай шаралардың нәтижесінде
көптеген орта және ұсақ банктер алдында
өзара бірігу немесе қосылу
мәселелері туындайды және бұл банктік
сектордың бәсекелестік қабілеттігін
артыруда шешуші қадам болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүйе барлық қажетті элементтерді қажетті пропорцияда жинақтауы керек. Банк жүйесін өзге жүйелерден айрықшалайтын 7 белгісі бар. Бұл белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне де тән. «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі және оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Банк жүйесі, банктер орындайтын операцияларының сипатына қарай әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді. Меншік түрі бойынша банктерді мемлекеттік, жекеменшік коммерциялық , шет елдік капитал қатысатын деп бөлуге болады. Қызмет ауқымы бойынша банктер ірі, орташа және шағын банктер болып бөлінеді.
Банк жүйесінің тұрақтылығы - экономикалық дамудың кепілі.
Өзінің даму деңгейі мен ауқымы жағынан Қазақстанның банк жүйесі ТМД елдері арасында неғұрлым тұрақты болып табылады. Сөйтсе де жеке алғандағы әр елдің банк жүйесі тек өзіне ғана тән жеке заңдармен әрекет ететін ерекше оқшау организм бола алмайды. Кез келген биологиялық организмнің өмір сүруі ортақ биологиялық заңдылықтар бойынша өтетіндігі секілді, елімізде банк жүйесінің қызметі де ортақ заң бойынша жүреді [10].
Қазақстан нарықтық экономикасы бар елдердегі қаржы- кредит институттарының даму үрдісін және қаржылық, соның ішінде банктік қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеу тәжірибесін басшылыққа ала отырып, отандық болмысқа икемдеді.
Банк жүйесін реттеу үшін елімізде реформалар жүргізіліп, заңдар қабылданды.
Банктер қызметін реттеу жекелеген банкке қатысты да, сондай-ақ жинақталған негізде де, яғни банк топтарына қатысты да жүзеге асырылады. Жинақталған қадағалау тәртібін Ұлттық банк пен ҚНА жасайды.
«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңында Ұлттық банктің реттеуші функциялары ҚР ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын сақтауға, банк кредиторларының, салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталғаны атап көрсетіледі.
Банкке Ұлттық банк пен ҚНА тарапынан әсер ету шарасы оның қызметін реттеу деп аталады.
Ұлттық банк пен ҚНА-ның банктердің ағымдағы қызметіне қадағалау жасауы дистанциялық құжаттық қадағалау мен жергілікті жерлерде инспекциялық тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Банк реттеуі мен қадағалау саласында заңнама арқылы бекітілген функцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен ҚНА-ға банк қызметін реттейтін заңнаманы, нормативтік актілерді бұзған кредит мекемелеріне тиісті ықпал ету шараларын қолдану өкілеттігі берілген.
Банк қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың даму және жетілдіруін 3 кезеңге топтастыруға болады. Бірінші кезең – 1990-1991жылдар - дайындық. Бұл кезеңнің басты мақсаты – заңнамалар даярлау, рыногтық инфрақұрылымды, қаржы институттарын құру. Екінші кезең – 1991-1994 жылдар – бейімделу. Жаңа қаржы институттарын құрып, рыногтық ортаға бейімделу. Үшінші кезең – 1994- 2000 жылдар – саяси және экономикалық тәуелсіздік негізінде жаңа банк жүйесін құру.
Қаржы рыногы интеграциясының артуы, әр түрлі мемлекеттердің банктері үшін жұмыс алаңын жасау қажеттігі 1988 жылы банктердің меншікті капиталына қатысты талаптар тұрғысынан алғанда халықаралық стандарттар жасау үшін Базель келісімін бекітуге алып келді. Соңғы жылдары қаржылық әлем ғаламдандыру сатысына енді, сондықтан Базель I стандарттары белгілі бір деңгейде ескірді. Сондықтан 2004 жылы Базель II құжаты қабылданды.
Базель II қаржылық операциялар саласында, сондай-ақ банктік реттеу мен бақылау саласында да анағұрлым заманауи тәсілдерді сипаттайды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – банктердің бара-бар капитализациясына және тәуекелдермен басқару жүйесін жетілдіруге болысу, осылайша жалпы қаржылық тұрақтылықты күшейту.
Бұл жұмыста капитал жеткіліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар қандай, банктер капитал жеткіліктілігі талаптарын неліктен орындаулары керек деген сұрақтарға жауап берілді деп ойлаймын.
Бүгінгі күні отандық банктеріміздің міндеттемелері құрылымындағы сырттан тартқан қарыздарының басым және қысқа мерзімді болуы, өз кезегінде банктердің өтімсіздігіне немесе өтімділік дағдарысына ұшырау қаупін туғызды.
Өтімділік дағдарысына қарсы Қаржылық қадағалау агенттігі пруденциалдық нормативтерге өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер валюталық өтімділікке және капитал деңгейіне қатысты болды. Өзгерістерге дейін ашық валюталық өтімділік әрбір валюта бойынша есептелсе, өзгерістерден кейін, яғни 2007 жылдың 1 қазанынан бастап, тұрақты валюталарды бір қоржынға біріктіріп есептеу әдістері енгізілді.
Бүгінгі
таңда әлем экономикалық дағдарысты
басынан кешіруде. Оның Қазақстан
экономикасына ықпал етері сөзсіз.
Бұл дағдарыс ең бірінші кезекте
банк жүйесінде көрініс табады.
Себебі банк жүйесі экономиканың
айнасы іспеттес. Сондықтан банк
жүйесі мемлекет тарапынан қамқорлықта
болуы тиіс. Қазақстанның банк
жүйесінде жасап отырған қадағалау
шаралары заман ағымына қарай
өзгеріп отыруы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Ғ.С.
Сейтқасымов «Ақша, несие,
2. С.Б. Мақыш «Банк ісі». Экономика баспасы.; Алматы 2006ж. 10-110 бет.
3. О.И. Лаврушин «Деньги, кредит, банки». М.; ФиС.; 2002 ж. 285-290 бет
4. О.И. Лаврушин «Банковское дело». М.; ФиС.; 2003 ж. 18 бет.
5. А.М. Тавасиева. М.: Единство, 2002 ж. 57-59 бет.
6. Г.Н. Белоглазова, Л.Т. Кроливецкий «Банковское дело». М.; ФиС.; 2003 ж.
47-48 бет.
7. С.А. Святов: «Трансформационные процесы и формирование национальной
банковской системы»/ «Банки Казахстана»// №6. 2008ж.
8. Б.И. Лисак: «Банктік тәуекелдерді реттеу»/«Қаржы менеджменті»// №4.
4 сәуір 2008ж.
9. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы //2008 ж. 7 ақпан.
10. Әбдіәзиз Алдаберген: «Банк жүйесінің тұрақтылығы-экономикалық дамудың кепілі»/ «Егемен Қазақстан»// 11 қараша 2007ж.
11. С.Б.
Мақыш: «Банк капиталын
12. Ғ. Сейітқасымов, Ж. Бекболатұлы, С. Кәрімжанов «Қазақстанның банк жүйесі» оқу құралы. Экономика баспасы.; Алматы 2008ж.
13. ҚР ҚҚА-ң 2003-2006 жылғы есептілік материалдары.
14. «ҚР-ғы банктер мен банк қызметі туралы» ҚР Заңы (3 бап). 2005 жыл
15. «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы. 2006 жыл
16. «ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы» ҚР заңы. 2006 жылзиденті еместердің;