Муниципалдық менеджмент теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер» дәуірі болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарды. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3
I Қазақстан Республикасының банк жүйесі .................................................. 6
1.1 Банк жүйесі ......................................................................................................... 6
1.2 Банк жүйесін, банктерді жіктеу ...................................................................... 8
II Банк жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11
2.1 Банк жүйесін реттеу мен қадағалаудың мәні, қажеттілігі
және мазмұны ......................................................................................................... 11
2.2 Банк қызметін реттеу әдістері ...................................................................... 16
2.3 Банк қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың
даму және жетілдіру кезеңдері ............................................................................ 20
2.4 Қадағалау жөніндегі Базель комитеті ........................................................... 23
2.5 Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан
шығуға тигізер ықпалы ......................................................................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32

Работа состоит из  1 файл

Банк жүйесін мемлекеттік басқару.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

банк  атынан мемлекеттік  реттеу мен қадағалауды  қатайту  қажет болды. 

    Бақылау  және  қадағалау  функцияларының  орындалуын  қатайту  үшін  Ұлттық  банктің  ұйыдастырушылық  құрылымында  арнайы  бөлімше, яғни  облыстарда  бөлімшелері  бар  Банк  қадағалауы  департаменті  құрылып, ол  банк  қызметін  реттеу  ережелерін  жасау  мен  енгізу  үшін  жауап  берді. Банк  қызметіндегі  тәуекелдің  жоғарылығы  1993 жылы  банктердің  жағдайындағы  қанағаттананарлықсыз нәтижелерге  алып  келді, мұның  өзі  банктердің  90%-ның  экономикалық нормативтерді  сақтамауынан  көрініс  тапты.

    1993 жылғы  қарашада ұлттық  валюта  – теңгені енгізу  банк  қызметін  реттеудің ұлттық  құқықтық  және  нормативтік базасын қалыптастыруға, екінші  деңгейдегі  банктер санының көбеюіне, Ұлттық  банктің банк  қызметін  реттеу  мен өзіндік ақша-кредит  саясатын  жүргізу саласындағы рөлінің  артуына көмектесті. Бұл  кезеңде банктер  дамуының  екінші  кезеңі  қалыптаса  бастап, Ұлттық  банктің реттеуші  және  қадағалаушы  функциялары  беки  түсті, мұның  өзі  ақша-кредит  жүйесінің  институционалдық  формаларын, капитал  рыногындағы  тиімді  жұмыс  істейтін  тұтқаларды, кәсіпкерлік  және  коммерциялық  құрылымдарға  қызмет  көрсетудің  жаңа  әдістерін  іздестіруге  жәрдемдесті.

    1993 жылы банктердің  ең  төменгі   жарғылық  қорларының  мөлшеріне   деген  талаптарды  екі  есеге   ұлғайту қарастырылды. Мұның  өзі  инфляциялық  процестердің  өршуі  мен Ұлттық  банктің  елде ірі, капиталдануы  жеткілікті, салымшылардың  сеніміне  ие  әрі  өндірісті  ойдағыдай  несиелей  алатын  коммерциялық  банктердің  болуына  деген  мүдделігінен  туындады. Осы жылы  жұмыстағы өрескел қателіктері үшін 10 банк  жабылды.

    1994-1996 жылы  өршіген  инфляция, траст   компанияларының  өсуі  мен   өшуі, банк  дағдарыстары  жағдайында  банк  жүйесінің  қалыптасу   процесі  жүріп, жарғылық  қорлар  құрылымына  деген  талаптардың  қатаюы, резервтеудің жаңа  тәртібі  т.б. тұсында  банктердің өміршеңдігі сыннан  өтті.

    Банк  қызметін  Ұлттық  банк  тарапынан  реттеу  банк  өтімділігін, сенімділігі  мен оның  қызмет  сапасын  арттыру  мақсатында  жүргізілді.

    1994  жылға  дейін  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі  банктерді бақылау үшін  классикалық пруденциалдық нормативтерді нашар пайдаланып  келді. Бақылаудың  фискалдық сипаттағы тәсілдері көбірек қолданылды. Бұл кезеңде банк  қызметінің  нормативтік базасы  нашар дамыған  еді.

    1994 жылдың  басынан  бастап  Ұлттық  банк  банк  қадағалауы  жөніндегі   Базель  комитеті  мен  халықаралық  есеп  айырысу  жөніндегі   Базель  банкі 1988 жылы жасаған  экономикалық  және пруденциалдық  нормативтерді енгізді.

    Ұлттық  банк  жүзеге асыратын  ақша-кредит  реттеуінің  маңызы  артып, бұл болжануы  қиын  экономикалық  ахуалда экономикалық  және  қаржылық  тұрақтандыруға  оң  әсер  етті. Ұлттық  банктің  қызметі мен  қабылдайтын  шешімдері  нарықтық  қатынастары  дамыған  елдердің  Орталық банктерінің  функцияларына  жақындай  түсті. Жеңілдікті  кредит  ресурстарын  беру  практикасы, ұйымдардың  кредит  сұрап  тікелей  өтініш  жасауы  келмеске  кетті; кредиттер  Үкіметке  бюджет  зәрулігін  жабу  үшін ресми  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі  бойынша  берілді, бюджет  депозиттер  үшін  үшін  пайыз  алды; кредиттік  аукциондар  өткізілді; миграциялық  ақша  ағымдары  кеміді; экономикалық  сипаттағы  санкциялар  арқылы  банктердің  ұлттық  валютаның  қайтарылымын  реттеу  процесі  күшейді.

    1995  жылы  екі  банк  заңнамасын  қабылдау  банк  қызметін  реттеу  мен  қадағалауды  нақты   қайта  құруға  жол  ашты.

    Банк  жүйесін  реформалаудың  қысқа  мерзімді  бағдарламасын  жүзеге  асыру  үшін  Ұлттық  банк «ҚР  банктерінің  ссудалық  қоржынын  сыныптау  тәртібі  туралы  ережені», «ҚР  банктерінің   қаржылық-шаруашылық  қызметінің  нәтижелерін  анықтау  туралы  ережені», «Халықаралық  қаржы  мекемелерінен  алынған  кредиттер  бойынша  операцияларды  есепке  алу  тәртібі  бойынша  нұсқауды» т.б. жасап  шығарды.

    Ұлттық  банк  екінші деңгейдегі  банктердің  қызметін  реттеу  процесінде  олардың  пруденциалдық нормативтерді  орындауын  қатаң  қадағалап, нәтижесінде 100-ден астам банк  лицензиясы  қайтарып алынды.

    1995 жылдың басында  Ұлттық  банк  реттеудің  классикалық  ақша –кредит  құралдарын: кредиттер  көлемін қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі  арқылы  реттеуді, міндетті  резервтер  тетігін  қолдануды, мемлекеттік  бағалы  қағаздар мен операциялар жасауды, валюта рыногын  реттеуді қолдана бастады.

    1995-1996 жылдары  реттеу, бақылау, қадағалау   функцияларына  ие  орган   ретінде  Ұлттық  банк  халықаралық   стандарттарға  көшу  мақсатымен  банк  қадағалау  процедураларын  жақсарта  бастады. Осы  мақсатпен  1995 жылдың соңында банк  реттеуі   мен  қадағалауы  жүйесін  қайта  құрылымдау басталды. Бұл шара  аяқталғанда барлық реттеуші  және  қадағалаушы  функцияларды  жинақтаған  бірыңғай  орган – Банк  қадағалауы  департаменті  құрылды.

    1996 жылдың  соңында  екінші  деңгейдегі  банктердің  капиталдың  жеткіліктілігі, активтердің  сапасы, менеджмент, бухгалтерлік  есеп  деңгейі, ақпаратты  жүргізу  мен  беру  тұрғысынан  алғанда  халықаралық  стандарттарға  көшу  Бағдарламасы  қабылданды.

    1997 жылдың  басынан  бастап  банк  жүйесінің  тұрақтылығын  нығайту   үшін тиімді  пруденциалдық  реттеу  саясаты  мен  процедураларын  жүргізе  бастағандықтан  ол  сапалық  жаңа  кезең  бастамасы болды.

    1997 жылғы  5  желтоқсаннан  бастап  жарғылық  капиталдың  ең  төменгі   мөлшері  жаңадан  ашылған   банктер үшін 300 млн  теңге, жұмыс  істеп  жатқан  банктер  үшін 100 млн  теңге  болып  белгіленді.

    1998 жылы банктерді  капиталдау   процестері  жеделдетілді, нашар  банктерді таратты. Осы  жылы  банктер  саны 71 болды.

    Банк  қызметін  реттеу  жүйесінің  дамуындағы  басты  нәтиже банк  жүйесіне  деген  сенімнің  пайда  болуы. Бұл  Ұлттық  банк 1999 жылғы 5 қарашада  қабылдаған  «Жеке  тұлғалардың  екінші  деңгейдегі  банктердегі  салымдарын  міндетті  ұжымдық  кепілдеу  ережелерін  бекіту  туралы» Қаулысында көрініс  тапты .

    2000 жылдар саясат  және экономика  бағытындағы  тәуелсіздік  негізінде  жаңа  банк  жүйесін  құрып, әлемдік  экономикалық кеңістіктегі   интеграциялық  үрдістердің  басталуымен  сипатталады [7]. 

2.4 Қадағалау  жөніндегі  Базель  комитеті 

    Қаржы  рыногы  интеграциясының  артуы, әр түрлі  мемлекеттердің  банктері  үшін  жұмыс  алаңын  жасау  қажеттігі  1988 жылы банктердің  меншікті  капиталына  қатысты  талаптар  тұрғысынан  алғанда  халықаралық  стандарттар  жасау  үшін  Базель  келісімін  бекітуге  алып  келді.

    Базель  дегеніміз  не? Базель банк  ұйымдары үшін  капитал  жеткіліктілігінің  ең  төменгі  талаптарын  айқындау  үшін  жаңа  стандарттар  ұсынады. Базель  II-ні  1988 жылы Базель I-ді  жасаған банк қадағалауы  жөніндегі Базель комитеті, 10  тобының  орталық  банктері  мен  банк  қадағалау  органдары  әзірледі.  

    Базель  II-ң 1998  жылғы Келісімнен  айырмашылығы?

    Базель I-ң   негізгі  кемшіліктері:

  • банктік операцияларды бұрмалайды, өйткені  тәуекелдері  жеңіл ескереді;

    -  дұрыс  емес  қате  беруі   мүмкін;

  • «Экономикалық ынтымақтастық  және  даму  ұйымдары  клубы»- капитал деңгейін анықтауға институционалды тәсіл  негізделмеген болып табылады;

    -  тәуекел  деңгейлерінің  аса   елеулі  емес  төмендеуін  қамтамасыз  етеді;

  • несиелік  тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін қамсыздандыру мен құралдардың шектелген тізімін қамтамасыз  етеді;
  • банктік  істе  негізгі  тәуекелді  ескермейді - әлсіз  ішкі  процедуралармен  немесе  айлакерлікпен  байланысты  операционды  тәуекел.

    Базель  II Келісімінің жаңа  нұсқасы  халықаралық  есептер  банкімен

2001 жылдың  қаңтарында  белгіленген. Енді  келісім  капитал  жеткіліктігі, тәуекелдерді  бағалау  т.б.  бойынша  банктерге  талаптарды  қатайтты [8].

    Базель  II  қаржылық  операциялар саласында, сондай-ақ  банктік реттеу  мен  бақылау  саласында  да  анағұрлым  заманауи  тәсілдерді  сипаттайды. Бұл құжаттың  негізгі  мақсаты – банктердің  бара-бар  капитализациясына  және  тәуекелдермен  басқару  жүйесін  жетілдіруге  болысу, осылайша  жалпы  қаржылық  тұрақтылықты күшейту.

Сурет 1 Базель II-нің үш  негізгі компаненті 

 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Банк  капитал  жеткіліктілігінің   екі  нормативін  қанағаттандыруы   тиіс: оның  1- деңгейдегі «базалық»   капиталы (акционерлік  капиталы) тәуекелі  есептелген  активтер  шамасының  кемінде 4%-ын  құрауы  керек, ал  жиынтық  капитал (1-деңгейдегі  капитал+ссудалар  бойынша  шығындарды  жабуға  кететін  резевтер  мен  субординарлық  борыш  кіретін 2-деңгейдегі  капитал) тәуекелі  есептелген  активтер  сомасының 8 %-ын  құруға тиіс.

      Капитал жеткіліктілігіне  қойылатын   қазіргі  талаптар қандай?

    1988 жылғы капитал  қажеттілігі   жөніндегі Келісім  арқылы  банк  капиталының  тұңғыш халықаралық  тұрғыда танылған анықтамасы  белгіленіп, ең төменгі  мөлшері   анықталды. 1988 жылғы  келісім  бойынша  банктер  контрагенттерге  қойылатын  талаптарды  займшылардың  ұқсас  типтерін  біріктіретін  бірнеше  жалпы  сыныптарға  бөлуі тиіс  еді. Займшылардың  нақты  бір  түріне  қатысты  тәуекелді  капиталмен  жабу  талабы, мәселен, корпоративтік займшыларға  қойылатын  талаптар  бір  сынып  аумағындағы  займшылардың  кредиттік  қабілеттілік ерекшеліктеріне және  әрбір  жекелеген  займшыға  тән  тәуекел  сипатына  қарамастан  ұқсас  болып  табылады.

    Банктер капитал  жеткіліктілігі талаптарын  неліктен  орындаулары  керек?

    Іс  жүзінде  банк  қызметтерінің  белсенді  рыноктары  бар  әрбір  ел  банк  ұйымдарынан  ары  кеткенде  капитал  жеткіліктілігінің  ең  төменгі  деңгейін  ұстауды  талап етеді. Капитал  кез  келген  банктің  дамуына  негіз  болып  табылады  және  банктің кездейсоқ  шығындардың  орнын  толтыруға  деген  қабілеттілігін  қамтамасыз  етеді. Капиталдың  жеткілікті  деңгейі  банк  жүйесіне деген  қоғамдық  сенімді  нығайтуға  жәрдемдеседі.

    Базель  II-нің банктер мен қадағалаушы  органдар  үшін  техникалық  озықтығы  кездейсоқ  шығындарды  жабуға  қандай  капитал  қажеттігін  нақты  айқындап  беруінде  жатыр. Капитал  шамасы  тым  төмен болғанда  банктер елеулі  шығындарды  жабуға  дәрменсіз  болуы  мүмкін. Капитал  шамасының тым төмен деңгейі банктердің  жарамсыздық фактілерінің  туындау тәуекелін арттырады, мұның өзі салымшылар мен инвесторлар қаржысын  тәуекелге салады. Егер  капитал шамасы  тым жоғары  болса, банктер өз  ресурстарын пайдалануға қабілетсіз  болып  шығуы  мүмкін, ал бұл клиенттерге  кредит  беруді  шектеуі  ықтимал. 

    2.5 Банк  капиталын   арттырудың  өтімділік   дағдарысынан  шығуға  тигізер   ықпалы 

    ҚР  Президенті  2008 жылғы 7 ақпандағы  халыққа  жолдауында  банк  секторының  бәсекелестік  қабілеттігі  мен  тұрақтылығын  арттыру  міндетін  белгілей  отырып, банктерге  мемлекеттік  қолдаудың  біржақты  бола  алмайтындығын, яғни тәуекелдердің  өздеріне  тиесілі  бөлігін  алуға  тиістігін, сондай-ақ  банктердің  акционерлері  өздерін  дамыту  үшін қосымша ресурстар тартқысы  келмесе немесе  оған  қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу  керектігін  басып айтты [9].

    Бұл жерде  мәселе   өткен  жылдағы  сыртқы  қарызды қайтаруға  байланысты  банктік  капиталдың  сыртқы  міндеттемелерді орындаудағы қабілетсіздігі  туралы  айтылып  отырғаны  белгілі.

    Бүгінгі күні отандық банктеріміздің міндеттемелері құрылымындағы  сырттан тартқан  қарыздарының басым және қысқа мерзімді  болуы, өз кезегінде  банктердің өтімсіздігіне  не  өтімділік  дағдарысына  ұшырау  қаупін  туғызды.

    Банк  жүйесінде  өтімділік  дағдарысы  туындағанға  дейін  ҚР Қаржылық  қадағалау  агенттігі тарапынан  банк  капиталына  және  өтімділікке  қатысты  қойылған  талаптар  әлсіздік  танытқандығы  тәжірибе  дәлелденді [11].

Информация о работе Муниципалдық менеджмент теориялары