Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:26, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер» дәуірі болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарды. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.
КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3
I Қазақстан Республикасының банк жүйесі .................................................. 6
1.1 Банк жүйесі ......................................................................................................... 6
1.2 Банк жүйесін, банктерді жіктеу ...................................................................... 8
II Банк жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11
2.1 Банк жүйесін реттеу мен қадағалаудың мәні, қажеттілігі
және мазмұны ......................................................................................................... 11
2.2 Банк қызметін реттеу әдістері ...................................................................... 16
2.3 Банк қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың
даму және жетілдіру кезеңдері ............................................................................ 20
2.4 Қадағалау жөніндегі Базель комитеті ........................................................... 23
2.5 Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан
шығуға тигізер ықпалы ......................................................................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32
Ұлттық банк пен ҚНА-ның банктердің ағымдағы қызметіне қадағалау жасауы дистанциялық құжаттық қадағалау мен жергілікті жерлерде инспекциялық тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дистанциялық қадағалаудың негізгі мақсаты – банк бәс тігіп отырған тәуекелдерді бағалау, қызмет барысында кездесетін түйткілдерді танып-біліп, табыс етілген есептермен ақпаратты талдау барысында анықталған теріс құбылыстар мен тенденцияларды оңалту үшін шаралар қабылдау [6].
Филиалдардың, өкілдіктердің, еншілес банктердің жұмысы, құрылтайшылар және басшылар құрамындағы өзгерістер, келіп түскен есептер мен ақпараттың дұрыс- бұрыстығы бақылауға алынады.
Жергілікті жерлерде инспекция жасаудың басты мақсаты белгілі бір банк пен оның филиалдарының қаржы жағдайын айқындау, кредиторлар мен салымшылардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайларды анықтау, қолданылып жүрген банк, валюта заңнамасының және Ұлттық банк пен ҚНА-ның нормативтік құжаттарының сақталуын тексеру болып табылады.
Жергілікті жерлердегі тексеру кезінде менеджменттің сапасы, банк бақылауының жеткіліктілігі, активтер сапасы мен олардың өсуінің заңдылығы, табыстың қалыптастырылуы, банк операциялары орындалуының, ішкі бақылау мен тәуекел-менеджменттің дұрыстығы, сондай-ақ заң мен нормативтік актілер талаптарының сақталуы бағаланады.
Банк реттеуі мен қадағалау саласында заңнама арқылы бекітілген функцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен ҚНА-ға банк қызметін реттейтін заңнаманы, нормативтік актілерді бұзған кредит мекемелеріне тиісті ықпал ету шараларын қолдану өкілеттігі берілген. Ықпал ететін шаралар ескерту және мәжбүр ету шаралары болуы мүмкін.
Ескерту шаралары заң бұзушылық, кемшілік алғаш көрініс беріп, банк қызметінің көрсеткіштері нашарлай бастағанда банкке жазбаша түрде беріледі. Ескерту мазмұны банк қызметіндегі кемшіліктер туралы ақпарат пен
оны жою жөніндегі нұсқаудан, орын алған олқылықты жөндеуге бағытталған шаралар түзіп, қадағалаушы органға жеткізу жөніндегі талаптан тұрады.
Мәжбүр
ету шаралары банк заңнаманы,
Ұлттық банк пен ҚНА-ның
нормативтік актілері мен нұсқамаларын
бұзған, толық емес және қате
ақпарат берген, сондай-ақ жүргізіліп
жатқан операциялар қоғамның, кредиторлар
мен салымшылардың мүдделеріне
нақты қатер төндірген жағдайда
қолданылады. Мәжбүр ету шаралары
нұсқама түрінде рәсімделеді. Оларға:
айыппұл, қаржылық сауықтыру жөніндегі
шараларды жүзеге асыру талаптары,
банктің жекелеген операцияларды
6 ай мерзімге дейін шектеуі,
банктің жекелеген немесе барлық
банк операцияларын жүргізуіне
1 жылға дейін мерзімге тыйым
салу жатады.
2.2
Банк қызметін
реттеу әдістері
ҚР Ұлттық банкі мен ҚНА банк қызметін реттеуді мына төмендегі жолдармен жүзеге асырады:
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банк тұрғысынан да, жинақталған тұрғыдан да, яғни банк тобына қатысты да жүргізіледі.
Банк қызметін реттеу әдістеріне қысқаша тоқталсақ:
Ұлттық банк пен ҚНА белгілеген, кредиттік ұйымдар қабылдайтын тәуекелдің ең шекті мөлшері, өтімділікті қамтамасыз ететін резервтер құру нормалары пруденциалдық нормалар деп аталады. Оларды орындамау кредиттік ұйымдардың қаржы жағдайына теріс әсер етуі ықтимал.
Пруденциалдық нормалардың маңызды бөліктерінің бірі кредиттік ұйымдар сақтауға міндетті экономикалық нормативтер болып табылады.
Ұлттық банк пен ҚНА белгілейтін, міндетті түрде сақталуға тиісті пруденциялық нормативтер құрамына мыналар кіреді:
Банк топтары үшін белгіленетін пруденциалдық лимиттер құрамы:
Ұлттық банк пен халықаралық банк практикасында қолданылатын және қадағалау жөніндегі Базель комитеті ұсынатын қосымша пруденциалдық нормативтер мен сақталуға тиісті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге қақылы.
Ұлттық банк пен ҚНА банк заңнамасына сәйкес банктерді, банк холдингтерін, болмаса олардың лауазымды тұлғаларын банктердің пруденциалдық нормативтерін, сақталуға тиісті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Банктің қойылып отырған талаптарға жауап беруін шешу мақсатында Ұлттық банк пен ҚНА банк капиталының белгілі бір күнге қатысты мөлшерін анықтауға қақылы.
Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережесінде пруденциалдық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банк пен банктер тобының белгілі бір күнге арналған капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемесі, ашық валюта позициясының есептеу тәртібі мен лимиттері, міндетті резервтік талаптардың нормалары, оларды сақтау әдістемесі және есептесу әдістемесі, тиісті ақпараттың формалары мен оны тапсыру мерзімдері белгіленеді.
Банк қызметін жүргізуге қатысты, берілген ссудалардың қайтпауына байланысты шығындарды жабу мақсатымен күмәнді және үмітсіз кредиттерге қарсы резервтік капитал мен провизия (резервтер) жасақталады. Резервтік капитал жай акциялар бойынша дивиденттер төленгенге дейінгі банктердің таза табысы есебінен жасақталады. Банктің резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк пен ҚНА белгілейді.
Резервтік талаптар нормалары елдегі ақша айналымын реттеудегі Ұлттық банктің бір тұтқасы болып табылады. Банктердің барлығы Ұлттық банк белгіліген норма бойынша (қазір ол 15%-ға тең) Ұлттық банк ашқан арнайы есепте өз пассивтерінің бір бөлігін депозиттеуге міндетті. Оны Ұлттық банк айналымдағы ақша массасын реттеуге пайдаланады. Банк банкрот болған жағдайда жинақталған сома банкке қайтарылады.
Кейбір нормативтерге тиянақты тоқталсақ:
1. Банк балансы өтімділігінің көрсеткіштері банк активтері мен міндеттемелері арасындағы олардың өтелу мерзімдері, активтерді өткізу мүмкіндіктері есепке алынған нормативтік арақатынас түрінде белгіленеді.
Бұларға мынадай арақатынас жатады:
- банк капиталы мен оның міндеттемелері арасындағы;
- кредиттер сомасы мен есеп айырысу, ағымдағы есептер, салымдар мен депозиттер сомасы арасындағы;
- өтімді активтер сомасы мен активтердің жалпы сомасы арасындағы.
2.
Міндетті резервтер мөлшері
қаржы қалдығын Ұлттық банктің
резервтік есептерінде
Бір займшыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшері банк капиталының жалпы сомасының белгілі бір пайызы түрінде белгіленеді. Бір займшыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшерін есептеу кезінде тәуекел ұғымына осы займшыға берілетін салымдар мен кредиттердің бүкіл сомасы, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша берілген міндеттемелер кіреді.
Бір займшыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшері банк тәуекелінің мөлшері (займшының банкке кредиттер бойынша міндеттемелерінің жалпы сомасы) мен банк капиталының арақатынасымен анықталады. Коммерциялық банктер бойынша ең жоғары жол берілетін шама 1,0 мөлшерінде белгіліленді.
Банктер қызметін инспекциялауды (тексеру) жүргізгенде Ұлттық банк пен ҚНА банктердің аффилирленген тұлғаларының қызметін өздерінің нормативтік актілеріне сәйкес олардың банктер қызметіне ықпалының дәрежесі мен сипатын анықтау мақсатында ғана тексеруге қақылы.
Банктің қаржы жағдайы нашарлаған кезде Ұлттық банк пен ҚНА акционерлер алдында қаржылық сауықтыру, басшылықты өзгерту туралы мәселе қоюға қақылы, соның ішінде қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде:
Қадағалаушы органдар банк пен депозиторлардың қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіруі ықтимал пруденциалдық нормативтер, сақталуға тиісті нормалар мен лимиттер, Ұлттық банк пен ҚНА-ның нормативтік актілері бұзылғаны, банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің өрескел әрекеттері болмаса, әрекетсіздігі анықталған жағдайда Ұлттық банк пен ҚНА банкке төмендегі шектелген ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
Ұлттық банк пен ҚНА банкке оған қолданылған ықпал ету шараларына қатыссыз санкциялар қолдануға қақылы.
Санкциялар есебінде Ұлттық банк, ҚНА мына шараларды қолдана алады:
2.3
Банк қызметін
мемлекеттік реттеу
мен қадағалаудың
даму және жетілдіру
кезеңдері
1991-1992 жылдары Қазақстан банк жүйесінің жағдайы жағымсыз тұрғыдан бағаланады, мұның себептерінің бірі тиісті банк қадағалауы мен бақылауының болмауы еді. Заң талаптары, нормативтік-құқықтық актілер бұзылып келді, Ұлтық банктің талаптары орындалмады.
Заң негіздерінің әлсіздігі салдарынан орталықтандырылған кредиттік ресурстарды банктер қарақан бастарының мүддесіне пайдаланды. Бақылау функциялары мамандандырылған банктердің ықпалымен салыстырғанда әлсіз болып шығып, тек лицензия берумен шектелді. Мұндай жағдайда Ұлттық