Қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 13:40, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері. Тақырыптың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру;
дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру;
Қазақстандағы қонақ үй шаруашлығының жаму перспективаларын айқындау;
қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығын, қонақ үйлерді классификациялау.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................2

І. Методологиялық анализ негізі және қонақ үй қызмет саласының даму келешегі

1.1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциялық функциясы мен құрылымы.......................................................5

1.2 Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары.......................................................................................................11

ІІ. Қонақ үйдегі қызмет көрсетілу деңгейі

2.1 Қонақ үйдлердің әлемдік классификациясы.................................................15

2.2 Қонақ үйдің жабдықталуы, құрылымы.........................................................22

2.3 "Rixos Almaty" қонақ үйі...............................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Работа состоит из  1 файл

курсовая2.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

 Екіншіден,  жұмыс атқару кезінде міндеттер  мен жауапкершілікті анық бөлу. Бөлу негізі ретімен әр жұмыстың  күрделігі мен ерекшелігі, орындаушылардың  дайындық дәрежесі біліктілігі,  жасы, адал ниеттілігі және де  оған тән жеке қасиеттерін  көз өткірлігі реакция жылдамдығы, ықыластылығы және т. б. ескеру керек.

   Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

 Менеджменттің  міндетіне, басшылық етуіне жаңа  нарықтық қатнастарды игеруіне  жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру  жатады. Егер кәсіпорын нашар  әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек.

 Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.

 Бірінші  ұғым. Менеджмент – бұл басқару,  басшылық ету органы. Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды  басқару.

 Менеджерлер  деген кім? Менеджер деген сөздің  өзі бізге ағылшын тілінен  келген: бір нәрсені реттеу, бір  нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

 Менеджер  – ең кең тараған кәсіптің  бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен  шұғылданатын, заң және басқа  да мәселелерді жақсы білетін  кез келген адам. Шаруашылықтың  түйінді орнында жұмыс істейтін  кез – келген адам да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.

 Әр  елде менеджерге түрліше анықтама  береді. Мәселен, американдықтардың  түсінігінше, мұндай адамдардың  міндетіне өзіне бағынатын белгілі  бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

 Европалықтардың  түсінігінше – менеджер қазіргі  тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы  адамдар.

 «Менеджер  – бұл жауынгер, оның үрейленуге  және қателесуге қақысы жоқ,  өзінің жанұясы – фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

 Оның  біріншісі – қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер – әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады.

 «Өндірістік  бірлікті» құру міндетін шешу  үшін менеджерге бүкіл әлсіз  буындарды жою, барынша дамытуды  қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің  барлық күшті жақтарын, бірінші  кезекте адам ресурстарын пайдалану  үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс – әрекеті менеджердің кэз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс – әрекетін қадағалай білуі тиіс.

 Менеджердің  екінші міндетіне – кез келген  шешімді қабылдап, іс әрекетке  кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен  қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы  туралы да ойланып – толғануы  жатады. Әрбір менеджерге – деп атап көрсетеді. Дракер – өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

 Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның  мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 Екіншіден,  менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды  жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық  құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

 Үшіншіден,  менеджер көтермелеу шараларын  қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз  байланыс орнатады. Ол ұжымды  өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын  адамдардан құрады: бұл үшін қолда  бар барлық мүмкіндікті – сыйлық  беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

 Төртіншіден,  менеджер ұйымның іс – әрекетін  талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында  жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

 Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан  кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз  етеді. Адамдардың мамандығының  жетілдірілуі де, қызмет жағынан  жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым  бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі  де менеджер жұмысына байланысты.

 Менеджерлік  шеберліктің маңызды жақтарының  бірі – келіссөз жүргізе білуі  – әріптесінің мүддесін өз  мүддесіне сәйкестендіре білетін  өнері болуы тиіс. Қонақ үй, мейрамхана  т.б. менеджмент және маркетинг  туристік бизнесте ерекше орын  алуға тиісті.

 Барлық  елдерде қонақ үйлер басқару  жүйесінде менеджмент жетістіктерін  ұтымды жақтарын пайдалануға  тырысады. Сондықтан да менеджерлер  алдына қоятын талап тілектер  қалыптасқан.

 Қонақ  үй жүйесінде менеджерлер тобы  және тікелей жұмыс атқаратын  адамдар тобы қалыптасқан.

 Менеджерлер  үш топқа бөлінеді:

- жеке  қызметкерлер жұмысын реттейтін  жетекші менеджерлер, олар басқа  менеджерлер қызметіне араласпайды;

- басқа  менеджерлер жұмысын қадағалаушы  менеджерлер, жоспарлау саясатына  ықпал тигізеді және басты  міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады;

- қонақ  үй басшыларына тікелей жауапты  менеджерлер;

- қонақ  үй кәсіпорынның даму стратегиясының  қалыптасуына, ірі мәселелерді шешуші  мамандар.

 Қонақ  үй бизнесіндегі менеджер төмендегі  бес негізгі іс – әрекеттерді  жүзеге асырады.

 Біріншіден, ол – қарамағындағыларға бағдар  бере алатын, мақсат қоя білетін  оның орындалуын талап ететін  тұлға.

 Екіншіден,  менеджер – мақсатты огрындау  бағытында сараптама жүргізе  отырып дұрыс шешім қабылдауы,  проблема мәселесін топтамастырып, шешуде қызметкерлерді жұмылдыра білуі қажет.

 Үшіншіден,  қонақ үй ұжымымен тығыз қатынаста  болып, жұмысты ұйымдастыра, жүргізе  білу.

 Төртіншіден,  қонақ үй қызметкерлерінің әрқайсысының  жұмысына баға беріп, бағалау,  марапаттау менеджерлердің функциясына жатады.

 Бесіншіден, адамдардың кәсіби шыңдалуына, өсіп  жетілуіне назар аудара отырып, өзінің жетілуіне көңіл бөлу  қажет.

   Практикада басқарудың қонақ үй кәсіпорындарымен қатар көптеген әдістер және олардың үйлесімділігі қолданылады. Негізгі әдістемелік топқа қатысты:

1. экономикалық

2. ұйымдастыру  – әкімшілік

3. әлеуметтік  – психологиялық 

Басқарудың  экономикалық әдістері. Басқару қатынасы бірінші кезекте экономикалық қатынастарымен және оның негізінде жатқан адамның  қызығушылығы мен қажеттілігін анықтайды. Содан да басқарудағы экономикалық әдістеріне басты орын беріледі.

 Бұл  әдістерді қолдану туралы басқарылып  отырған обьектіге экономикалық  ынталандыруға ұйымдастырудың қайырымдылығын  қамтамасыз ету керек. Өз бетімен  жұмысқа негізделген жағдайларда  ғана басқарудың экономикалық әдісіне көшуге мүмкін болады: ұжым, материалдық қорды, түскен пайданы, еңбек ақыны басқарады және өздерінің экономикалық көзқарастарын іске асырады.

 Экономикалық  әдістер жаңа мүмкіндіктердің  және қордың анықталуына себеп  болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды. Өндірістік процесстің бар қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады.

 Бұл  бағыттағы барлық жұмыстың бас  мағынасы басқару іс – әрекеттерінің  экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру секілді жағдайда қою.

 Ұйымдастыру  – әкімшіліктен айырмашылығы  экономикалық әдіс басшылығы  жұмыстың ортақ жоспарлы экономикалық  көрсеткіштері мен оларға жету  құралдарын ұйғарады. Экономикалық  ынталандыруда жоғарылату нәтижесінде мына жағдай пайда болады, бұл жағдайды еңбек ұжымы және мүшелері жұмысқа әкімшілік қысымы нәтижесінде емес ( бұйрық, директивалар, жарлықтар) экономикалық ынталандыру нәтижесінде талпынады. Басқарудың экономикалық әдісі негізінде ұйымдастыру – әкімшілік және әлеуметтік – психологиялық әдісі даму және нығаю қажет, кәсіпкерлік және оларды мәдени қолдануы жоғарылауы керек.

 Басқарудың  ұйымдастыру – әкімшілік әдістері. Тіке директивтік нұсқауда негізделеді.  Басқару механизмі бөлігін құрайтын обьетивті негіздегі қолданылған ұйымдастырылған қатынастағы әдістермен шығады.

 Ұйымдастыру  – әкімшілік қызметінің міндеті  бағынушылар қозғалысының үйлесімділігін  құрайды. Ешқандай экономикалық  әдістер ұйымдастыру – әкімшіліктің  ықпалынсыз болмайды. Ол айқындылықты және ұжым жұмысының тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Қолайлықтың үйлесімділігі, экономикалық және ұйымдастыру – әкімшілік әдісінің рационалдық байланысын анықтау маңызды.

 Экономикалық  әдістерінің әсер ету саласы  шығарып тастау, ұйымдастыру әкімшілік басқару әдістерінің есебінен ғана кеңейеді, практикалық жағынан да, ғылыми жағынан да заңды деп есептей алмаймыз, өйткені , әрекет ету механизмі ерекшеленеді. Ұйымдастыру – әкімшілік әдістері негізінен жетекшінің билігіне және оның құқықтарына сүйенеді. Бірақ та әкімшілік әдістерін жетекшінің жігерлі және субъективтік әдістеріне ұқсастырмау қажет, яғни, әкімшеліктелуімен.

 Ұйымдастыру  – әкімшілік әдістері еңбек  тәртібін сақтау құралдарының  әкімшілік жүйесі, олардың орындалуын  бақылау, ауызша және жазбаша түрде берілетін жылдам нұсқа, бұйрық арқылы басқарылатын объектіге тікелей ықпал жасайды. Олар ұйымдастырудың айқындылығымен еңбек тәрбиесін қамтамасыз етуге белгіленген. Бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілерімен реттеледі.

 Ұйымдастыру – әкімшілік әдістерінің көрінісінің 3 түрі бар:

- міндетті  жазылым ( бұйрық, тыйым және т.б. )

- келісімділік  түрі ( кеңес, мәмілелердің рұқсаты  )

- кепілдеме,  тілек ( кеңес, түсіндіру, ұсыныс  және т.б.)

 Ұйымдастыру  – әкімшілік әдістердің барлық түрі бір жүйеде болады: бұл жоғарғы тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары және тікелей тапсырма, олар заңдар мен қаулылар, өндірістік үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған.

 Ұйымдастыру  – әкімшілік әдістерін басқа әдістерден ерекшелейтін директивтердің анық мекен – жайлығы, бұйрықтар мен нұсқаулардың орындалуының міндеттілігі, бұлардың орныдалмауы орындаушылық дисциплиналардың тікелей бұзышылығы ретінде қаралады және белгілі бір жазалар тағылады. Нақты мазмұн бойынша, ұйымдастыру – әкімшілік әдістер – бұл зорлау әдістері, олар еңбек – адамның ең бірінші өмірлік қажеттілігі болғанға дейін өз күшін сақтайды.

 Ұжымдағы  қызмет ететін басқару әдістеріне  байланысты оларға сәйкес келетін  бағындыру жүйесі қалыптасады. Бұндай бағындыру түрі ең ақ жарқын мазмұнда болу керек ұжымда прогреске себеп болу керек, және керек қорлық , қолайсыз жағдайларды, тітіркену, кейде стресс сияқты эмоцияларды туындырмау керек, себебі олар басқаратын және басқарылатын жүйелер арасындағы кез – келген арақатынастарды алшақтатады.

Информация о работе Қонақ үй шаруашылығы