Қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 13:40, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері. Тақырыптың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру;
дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру;
Қазақстандағы қонақ үй шаруашлығының жаму перспективаларын айқындау;
қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығын, қонақ үйлерді классификациялау.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................2

І. Методологиялық анализ негізі және қонақ үй қызмет саласының даму келешегі

1.1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциялық функциясы мен құрылымы.......................................................5

1.2 Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары.......................................................................................................11

ІІ. Қонақ үйдегі қызмет көрсетілу деңгейі

2.1 Қонақ үйдлердің әлемдік классификациясы.................................................15

2.2 Қонақ үйдің жабдықталуы, құрылымы.........................................................22

2.3 "Rixos Almaty" қонақ үйі...............................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Работа состоит из  1 файл

курсовая2.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

 Практикада  басқару әкімшілік әсері ереже  бойынша 3 түрлі бағындыру түрімен  байланысты:

- амалсыз  және сырттай көндіру, бұл жағымсыз  тәуелділік сезіммен бірге жүреді  және бағынушылардың түсінігі  бойынша « жоғарыдан» қысым боп табылады.

- пассивті  бағындыру, бұған өз бетімен  шешім қабылдаудан босатылуға  байланысты қанағат тән.

- сезінген  ішкі тұрақталған, бұл жетекшіні  де, бағынышты да қанағаттандырады.

 Ұйымдастыру  – әкімшілік басқару тәсілдерін  қолдану басқарылатын жүйе дамуны және тіршілігіне жағымды жағдай жасайды, басқару обьетісіне мақсатты әсер етеді. Тікелей әскер етудің мазмұнды ерекшеліктеріне жетекші мен бағыныштының тікелей байланысы жатады. Бірақта тікелей әсер ету ақырында бағыныштылардың пассивтіліктерінің күшеюіне, ал кейде жабық түрде көнбеушілікке әкеледі. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асатын әсер етудің әдістері өте нәтижелі. 
 
 

1.2 Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары

         2009 жылы министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды. 

      1-стратегиялық бағыт.  Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру.

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.

      Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туристік қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Алайда, 2009 жылы туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің тұрақсыз өсуімен сипатталады. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 2008 жылмен салыстырғанда келушілердің  саны 3,9 %-ға көбейді,  шығу туризмі саны 22,3 %-ға артты (6413,9 мың теңге), алайда ішкі туризмнің көлемі 5,3 %-ға төмендеді және 4 028,1 мың адамды құрады. Бұл ретте,  келу туризмі 8,3%-ға төмендеді және 4329,8 мың адамды құрады.

      Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеді және 65,7 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуін 2007 жылмен салыстырғанда 22,4 %-ды (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін) құрады.

      Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.

      Келу туризмі статистикасының деректері мұндай көрсеткіштердің сапар мақсаты бойынша, оның ішінде бос уақыт пен демалу бойынша бөлу ретінде, 2008 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға немесе 1541 адамға төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, сатылған  жолдамалардың саны 3 242 бірлікке немесе - 44 % қысқарды.

        Есепті кезеңде 1203 туристік фирма  және туристік қызметпен айналысатын  73 жеке кәсіпкер 369,1 мың келушіге қызмет көрсетті, бұл экономикадағы әлемдік жағдайдың салдарынан 2008 жылмен салыстырғанда 25,7 %-ға кем.

      Жалпы алғанда туристік индустрия субьектілерінің  туристік қызметінен түскен табыс 2009 жылы 82,6 млрд. теңгені құрады.

      Республикада  жұмыс істеп тұрған 1235 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2306,1 мың адамға 48 249,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде  30 831 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 67 807  жатын орынды құрайды.

      Елде  қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген  сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең  мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі  заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдай жасалып жатыр. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.

      Туризм  және спорт салалары аясында ерлер  мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр.

      Негізгі проблемаларды талдау

      Бұдан басқа, бүгінде  шешілуі көзделген мақсатқа – Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар проблемалық мәселелер бар.

  1. Туристік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы

      Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талаптарға сай емес.

  1. Сервистің төмен деңгейі және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде танымал тарихи орындарға жетудің қиындығы  қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.

      Туризмді  дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол жолаушы тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы едәуір проблемаға айналып отыр.

      3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың  және олардың біліктілігін арттырудың  төмен деңгейі және туризмнің  ғылыми базасының болмауы.

      Туризмді  дамытуға кедергі жасайтын негізгі  проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.

      4. Туристік индустрияда ұсынылатын  қызметтердің төмен сапасы.

      Бұл проблема жоғарыда аталған мәселемен өзара байланысты, өйткені қызмет көрсету саласындағы төмен сапа туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұған басқа, бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу мерзіміне, шетелдік туристерді тіркеу рәсімдеріне, кедендік және паспорттық бақылауға қатысты.

      5. Туризм елі ретінде Қазақстанның  жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы.

      Елдің оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың жұмыс істеу мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін растап отыр.

      Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

      Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы  бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан  деңгейі сақталған жағдайда, отандық  туристік нарықты дамыту мүмкіндігі тұрмыс деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын  арттыру, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдай жасау үшін жеткіліксіз болады.

      Туристік  саланың дамуына негізінен сыртқы фактор, оның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайлар және т.б. ықпал етеді.

      Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) («Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі               2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы           № 958 Жарлығы) негіз болып табылады.

      ҮИИДМБ  шеңберінде Қазақстан Республикасының  туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың  2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы  әзірленді.

      Сонымен қатар, саланың дамуына ішкі факторлар  да әсер етеді, оған кадрлық саясатты (кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру) отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.

      Бүгінгі күні туристік сала үшін кадрларды  даярлау жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша 77 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.  

      Министрліктің әлемнің жетекші телеарналарында  жарнамалық бейнероликтерді жүргізу, ақпарттық турларды өткізу арқылы Қазақстан  туризмін ақпарттық насихаттау жөніндегі тұрақты жұмысы қазақстандық туристік өнімге жоғары сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Осы бағытта туроператорлардың шетелдерден туристерді тарту жөнінде күшейтілген жұмыстары қажет, бұл тек келу туризмі туристердің ағынының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қоймай, туристік саланың кірістілігін арттырады.

      2-стратегиялық  бағыт. Халықтың дене тәрбиесі  жүйесін жаңғырту және Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

      Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2009 жылы    2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Қонақ үйдегі қызмет көрсетілу деңгейі 

2.1 Қонақ  үйдлердің әлемдік классификациясы

    Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығы Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп тұрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты кызмет көрсету деңгейі алуан тұрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

   Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциясының үлгісі бойынша және сертификациялык ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандык сипаты, сервистік жағдайға, кызмег көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.

  Қонақтарды қабылдау орнындағы жихаз, жаңа технологияға қарай оның қандай қонақ үй түріне жататынын біле аламыз.

1, 2, 3 қонақ  үй шаруашылығының комфорттылығы,  ассортименттері және қызмет  көрсету бағасының әртүрлігі. 

 Ассортименттері  мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығьн бірнеше типтерге бөлуге болады (14):

 •  Арзан конақ үйлер немесе қызмет  көрсету сервистерімен шектелген  (мотельдер, үнемдеу класына жататын  қонак үйлер және т.б.) — қызмет  көрсетудің кейбір түрлері ғана  ұсынылады. Кейде, кейбір қонақ үй шаруашылықтары, кызмет көрсету тұрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ орташа деңгейде.

Информация о работе Қонақ үй шаруашылығы