Қонақ үйдің технололгиялық циклі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:05, курсовая работа

Описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе,

Содержание

І. Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері
1.1. Қызметтерге мінездеме беру.
1.2. Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
1.3.Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру
ІІ. Қабылдау және орналастыру қызметіндегі автоматтандырылған өңдеу
2.1. Қонақ үйде фондты ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы
2.2.Қонақтарды тамақтану жүйесін ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы.
2.3. Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар
ІІІ. Қонақ үйдегі қызмет көрсетілу деңгейі
3.1. Қонақ үйдлердің әлемдік классификациясы
3.3. « Royal fish» қонақ үй
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

қонақ үй циклі курс.doc

— 339.00 Кб (Скачать документ)

 Әкімшілік қызмет  міндеттеріне қонақ үй кешеніндегі  барлық бөлім қызметіне жауапты.  Қаржы мамандармен қамтамасыз  ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге  жұмыс істеуге жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, қауіпсіздікті сақтау, өрттен сақтану және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды камтамасыз етеді. Қызмет құрамы: хатшы, кадр, қаржы, инспекторлар (өртке карсы кауіпсіздік, техникалық кауіпсіздік).

 Қабылдау және орналастыру  қызметі жататын орынды брондау (сұраныс беру) конақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарында, бөлмелерде қызмет ету, сонымен қатар қонақтарға үйлеріне шығарып салумен айналысады. Қызмет құрамында: директордың орынбасары (менеджер түрлері), әкімшілік кызметкерлері, портье, есептеу операторлары, төлқүжат және анықтама қызметкерлері, швейцарлар, жүк тасушылар, кауіпсіздік кызметкерлері т.б. болады.

 Нөмірлік қор кызметкерлері  қонақ үй тазалығынан бастап  тұрмыстық қызмет керсетуді қамтамасыз етеді. Оның құрамында: менеджер (директордың орынбасары), қабаттағы қызмет көрсетушілер, үй тазалаушылар, кезекшілер, кастелянша, кір жуу қызметкерлері.

 Тамақтану қызмет  орны (ресторан) мейрамхана, кафе, барларда  презентация, банкет, тамақтануды  үйымдастырады. Бүл жерлерде менеджерлерден баска асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторы жұмыс істейді. Коммерциялық қызмет конақ үйдің оперативті стратегиялык жоспарлау мәселелерімен және қызмет көрсету түрін оңтайландырумен қонак үй сұранысы сараптап үнемі жүзеге асырып отырады.

 Коммерциялық қызмет  тобында - директор, маркетинг және  жарнама қызметкерлері жұмыс  істейді. Қаржы қызметі қонақ  үйдің қаржы және шаруашылық  іс әрекетін реттеп, қадағалап  қаржыландырып отырады. Бұл сала  өте жауапты және қомақты жұмыс істейтін бөлім.

 Инженерлік-техникалық  қызметкерлердің негізгі міндеті:  электр, санитарлық-техникалык жүйені  қадағалау, жөндеу құрлыс жұмыстарын  үйымдастыру, байланыс телекомуникация  жұмысының дұрыс болуы, Қазақстан  қонақ үйлерінің көпшілігі ескі ғимараттарда, сондықтан да күрделі жөндеу,технологиялық өзгерістер қажет етеді. Ал ірі қонақ үй шаруашылығы, кейінгі салынғандары Европалық стильде, қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары болуына әкеліп соғатынын корсетуде.

  Желдеткіш салқындатқыш қондырғыларының дүрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 Көмекші қызмет  тобы түрмыстық қажет жұмыстарын  реттеп отыратын конақ үй кешенінің  бір бөлімі.

 Оған кір жуу,  химиялық тазарту, аяк киім  жөндеу т.б. жаткызамыз.

 Қосымша қызмет  көрсету саласына бизнес-орталык, спорттык-шыныктыру орталығы, шаштараз, сүлулык салондары, магазин т.б. жатады.

 Қызмет түрлерінің  ортақ моделі кездеспейді. Олардың  әр түрлі конақ үй статусына  тікелей катысты. Қонак үй бизнесіндегі  басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Оған төмендегілер сәйкес келуі тиісті:

1. Басқару органдарының  көп болмауы; 

2. Қызмет белімдері  ықшам, мамандармен қамтамасыз  болуы; 

3. Қызмет көрсету және  барлык жұмыстарды түтынушы сүранысына сәйкестендіру керек.

 Қонақ үй шаруашылығының  осындай моделді мекен жайларының  қызмет көрсету жүйелігі, әрқашанда  өзінің сапалы дәрежелі денгейін  көрсетеді. Ол мынандай қонақ  үйлердің жұлдыздық жүйелігіне  сай болуы қажет. 

1 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты ескі, 1-2 қабатты, бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, едені ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет тұрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан (әрбір қабатында бір-бірден немесе сыртта), асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортак. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындыктары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жок, электр жүйесі ортақ, тесек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік тек қана күндіз, күзеті жоқ.

2 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен  салынған. 1 -3 қабатты ғимарат. Терезелері  ашылады, лоджиясы мен балконы  жоқ, жалпы кішігірім холы бар.  Холы телевизормен және жұмсак жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналган лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен бірге орналаскан. Тесек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады; ыстық елдердегі конак үйлерде кондиционері бар; 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындыктар, тоңазыткыш, телевизор, конак үй ішіндегі телефон, кала бойынша телефон кезекшіде ғана бар; элекір жүйесі ортак. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй бойынша тәулік бойығы кезекшілік жүргізіледі.

3 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен  салынған; 2-7 кабатты ғимарат, қонак үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңгайлы жұмсақ креслолары бар. Қабаттардың бірінде, тәулік бойы, бары жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті (жүк және адам тасымалдауга) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Тесек орны бар; электр жүйесі белме бойынша барлығына да ортак. Терезелері ашылады, балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонак үйдің қабырғалары суреттермен әшекейленген, телевизорды пультті; кондиционер; тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек кана "люкс" нөмірлерінде); қонақ үй бойынша телефон тегін; ал қала бойынша ақылы; дүние дәретханасымен бірге орналасқан; дәретхана қағазы, орамал (қол сүртетін және моншалык), сабын (күнделікті ауыстырылады).

4 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты міндетті түрде кірпіштен,  бетоннан салынады. Міндетті түрде сырткы атының жазылуы болу керек, демеушілердің жарнамасы. Қонақ үй көп қабатты, 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонак үйде жылдам лифті (2 жүк тасымалдауга және 45 адамдарға арналған) кем болмауы тиіс. Қонак үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалган, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемденген, жалпы жаксы жарықпен және радио-видео-телеаппаратураларымен жабдықталған. Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.

 Бассейні қонақ  үйдің қасында орналаскан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері — үлкен кіреберіс жиһаздармен және толық жиһазбен жабдыкталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемшек, қонак үй ішіндегі және кала бойынша телефон болады.

5 жұлдызды қонақ үйлер.  Ғимараты казіргі заман талабына  сай, кеп қабатты. Міндетті  түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері,  кымбат соңғы үлгідегі қүрылыс  материалдарынан салынған. Кіре-беріс  есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген (төсеніштер, гүлдер, клумбалар т.б.), міндетті түрде туристердің және конак үйдің транспорты тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыга алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қакпамен салынады. Бассейн жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар т.б. барлығы да тегін. Бұл жерде-ақ, солярий (ауа ваннасы) болуы мүмкін. Массаж т.б. қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі. Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг-понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен катар, бильярд және гольф ойындарына арналган заддары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары; біреуі - холдың қасында орналасқан, барлығына да ашык. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірак, сахнасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін. Екіншісі - қымбат концерттерге, керсетулерге, шоу-багдарламаларға, лекцияларга арналган. Екінші концерт залы ақылы. Орталық холл өте үлкен (ол бүкіл қонақ үйді көрсетеді): кабырғалардың дизайны, жиһазы, жарықпен камтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі. Үлкен коридор, кіреберіс және нөмірлер дыбыстартқыш паласпен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшіктері төселген. Ванна, душ, дәретхана, биде, 3 орамал, бөлмеге киетін аяк-киім, халат, тіс пастасы, сабынсу — әрбір бөлмеде міндетті түрде бар.

 Әр елдердегі қонақ  үй жүйелігіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:

 Австрия мемлекеті  қонақ үйлері 5 жұлдызды Европа  Қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды  елді мекендерде кішігірім қонақ  үйлер категориясыз ең арзан  орналасу және түнеу орны болып  саналады.

 Ұлыбритания конак  үйлері өте жиі тараған конак  үй классификация жүйесіндеі тәжі (корона) немесе кілт сипатында болып келген.

 Европа елдеріндегі  қонақ үйлерге карағанда тәжі  жұлдыздық жүйеліктен бір сан  жоғары болып есептелінеді (5 жұлдыз  – алты тәжіге).

 Сонымен катар мұнда  (ВТА) Британдык туристік агенттілік классификациясы жиі пайдаланады. Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақ жай орындары.

 Аргентина қонақ  үйлері ұлттық жүйеге енген.  Бес жұлдыздык категорияға сай  бес категория белгілері енгізілген.

"Т"- туристік класс- Ол екі жұлдыздык қонақ үй болып есептелінеді.

"Ғ"- бірінші класс.  Бұл үш жұлдызды қонақ үй  деп есептейміз.

"ҒS"- супер класс.  Суперкласс - төрт жұлдызды конақ  үйге сай келеді.

"L" - люкс, "DL"- өте жайлы ең жоғарғы қонақ  үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.

 Германия қонақ  үйлерінің жүйелігі мемлекеттік  бес жүлдызды белгіге ие. Орналастыру  тәртібінің іс шаралары: қонақ  үйлер, курортты, қонақ жай мекемелері, отель-пансиондар және отель-гарнн  деп аталады. Осылар орта ауқатты  демалушыларға арналған.

 Греция мемлекеті  қонак үйлеріне әріппен белгілеу  негізге алынған. Олар төрт  категорияға жатады. Жоғарғы, сапалы  қонақ үйге — " DL", ал бесжұлдызға  сай - А, үш жұлдызға - В, екі  жұлдызға - С, бір жұлдызды - Д әрпімен  белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.

 Египет жерінде  бес жұлдызды жүйелік барлық  қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлдыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарынан 1 не 2 жұлдызға артығырақ, көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй кызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән.

 Испания категориялык  деңгейі жұлдызды болып келген. Қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонак үйлерге арналган жұлдыздық жүйелік 1-5 жұлдызға дейін белгіленген. Бунтало, жеке аппартаменттер 1-4 жұлдызды белгілерге сай қызмет керсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1-3 жұлдызды категорияга сай жұмыс істейді. Өте карапайым орналастыру орындар 1-2 жұлдызды болып келген.

 Италия қонақ үйлері  Европа қонақ үй белгілерінің  үлгілеріне сай, үш категориядан  тұрады. Бірінші категория - 4-5 жұлдызды  қонақ үйлері біріктіреді. Екінші  категория үш жұлдызды қонақ үйге, үшінші категорияға екі-бір жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.

 Қытай республикасында  жұлдызды классификацияда. Қарапайым  қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды  комфортты қонақ үйлер кешендерін  кездестіреміз. Өте арзан тұраққа  хостельдер жатады. Студенттік жатақханаға сай қонақ үйлер көптеп тараған.

 Мальдив аралдары  қонақ үйлері ете жайлы, жоғарғы  сапалы қызмет көрсете алады.  Ең жоғарғысы "Стандарт" ауқатты  демалушыларға арналған. " DL" қонақ  үйлер орта ауқатты адамдарға  арналса, "Балалар кешені" жанұялык топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймак болғандықтан лауазымды адамдарға арналған "Президенттік кешен" деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.

 Америка Құрама  Штаттарының қонақ үй және  мотелдер ассоциациясының ақпараттары бойынша, АҚШ-та 46 000 қонақ үй және мотел, жалпы бөлме сандары 3,3 млн . Жылдық табыс көлемі 65 млрд. долл. АҚШ- та басқа мемлекеттерде сияқты нақты өкімет органдары тарабынан бекітілген қонақ үйлердің классификациясы жоқ. Бірақ тәжірибе жүзінде қонақ үйлер түрлері көп. Америка автомобилдер ұйымы қонаүйлерді “брилиант”бірлігімен сипаттайды. Ал Mobile Travel Guide ұйымы болса қонақ үйлерді “жұлдыз” жүйелігімен сипаттауда. АҚШ Автомобилдер Қоғамына кіретін 24000 қонақ үй мынандай қызмет түрлерімен және категориялармен сипатталады:

 Категориясы бір  брилиант қонақ үй - негізгі жол  торабы жағынан жай ғана көрініске  ие жәнеде мұнда туристер үшін  ең керекті шарттар қарастырылған. 

 Категориясы екі  брилиант қонақ үй - сапасы орта дәрежедегі қызмет және жихаз түрімен әбзелденген. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі аса көрнекті.

 Категориясы үш  брилиант қонақ үй - сапасы жағынан  жоғарыда айтылған екі категорияға  қарағанда, айтарлықтай көптеген  мүмкіншіліктерге ие.

 Категориясы төрт  брилиант қонақ үй- келген қонақтардың сұранысынан бұрын оларға арнайы қызмет түрлері көрсетіледі. Негізгі жол торабынан күрделі көрініске ие.

 Категориясы бес  брилиант қонақ үй- келген қонақтарға  максималды түрде қызмет көрсетіледі  және бөлме ішіндегі жихаздар, қонақ үй сыртының көрінісі архитектуралық сапасы жағынан керемет.

 Жоғарыдағы айтылған  қонақ үй жұлдызды жүйесінде  басқару «менеджмент» мәселесі  елеулі орын алады.Менеджмент  ағылшын сөзі,оның түп төркіні  басқарудың және ұйымдастырушылықтың  ғылыми, практикалық мәнін білдіреді. Басқаша айтқанда адамдармен қарым қаитынас жасау әдісі,үлгісі,билік және басқару өнері,экімшілік бөлігі болып табылады.Күнделікті түрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы адамдар қызметіне басшылық ғтумен шұғылданып,өз мақсатына жетуді білдіреді.Тіпті білікті басқару саласында менеджмент үғымы түрліше түсіндіріледі.Менеджмент басқару болса менеджер-басқарумен және экономикамен шұғылданатын адамдар. Менеджер қабылдап шешімін таба білу,менеджер міндетінің бірі кезкелген шешімді дер кезінде орындау. Қонақ үй, ресторан менеджменті туристік бизнесте ерекше орында. Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы тікелей жұмыс атқаратын аадамдар тобы қалыптасқан. Олар үш топқа бөлінген. Біріншіден жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджерлер қызметіне араласпайды. Басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады.Сонымен бірге қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер.Қонақ үй бизнесіндегі менеджерлер негізгі бес іс әрекеттерді жүзеге асыра алуға тиісті.

Информация о работе Қонақ үйдің технололгиялық циклі