Қонақ үйдің технололгиялық циклі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:05, курсовая работа

Описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе,

Содержание

І. Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері
1.1. Қызметтерге мінездеме беру.
1.2. Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
1.3.Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру
ІІ. Қабылдау және орналастыру қызметіндегі автоматтандырылған өңдеу
2.1. Қонақ үйде фондты ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы
2.2.Қонақтарды тамақтану жүйесін ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы.
2.3. Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар
ІІІ. Қонақ үйдегі қызмет көрсетілу деңгейі
3.1. Қонақ үйдлердің әлемдік классификациясы
3.3. « Royal fish» қонақ үй
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

қонақ үй циклі курс.doc

— 339.00 Кб (Скачать документ)

2. Қонақ үйлердің біреуінің  нарық сегментін толық ауыстыруының  мүмкіндігі. 1. Ғаламдық жүйе өкілдерімен  қарым-қатынас түрлері(жалға беру) жөнінде келіссөз өткізу.

2. Қала ортасында жаңа қонақ үйлерді салудағы бастапқы бөгеулерді көбейту мақсатымен әкімшілік пен баспасөзге ықпал ету.

 

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ 

 

  1. Қонақ үйдің жалпы көлемінің бөлме қоры көлемімен арақатысының қанағаттанарлықсыздығы, осының салдарынан бөлме қорының 1 кв.м. көлеміне жұмсалатын тұрақты шығындардың жоғары деңгейі қалыптасады. 

2. Басқарудың икемсіз ұйымдастырылуы, басқарудың жедел еместігі, тұрақты клиенттермен жұмыс жасай алмау.

3. Қызметкерлердің тұрақсыздығы, дипломдалған мамандардың жетіспеуі. 1. Жалға беру уақыты өткеннен кейін жеке кафе, мейрамхана жүйесін құру

4. Қонақ үйдің тұрғын емес көлемдеріндегі жалға беру ақысын ұлғайту. .

5. Тұтынушылар талғамының өзгерулеріне жедел бейімделе алатын бәсекелестер жағынан бәсекелестіктің күшейтілуі.

  6.Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі қаражат салымдарын талап етеді. Қосымша  пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық салымдар салу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен қонақ үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру ең маңызды  қағидалары болып келеді. Қызмет көрсетуді  тиімді ұйымдастыру келген қонақтардың  қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бірінші көрсетілетін қызметтерге қанағаттанған туристер басқа да қызметтерді тұтынуға қызығушылық танытады. Яғни келген туристерді дұрыс қарс алып дурыс түрде шығарып салуы қонақ уйлердің имеджін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

Қызметтер дайын, біткен формада болмайды, ол тұтынушымен  атқарушы арасыдағы қызметтер жағдайында қалыптасады. Өндіру процесі және қонақ үй қызметтерін тұтыну қонақ келгеннен бастап, кеткенше жүріп отырады. Қонақ үйде қонаққа персоналдар мейрамханаларда, номерде, қонақ үй кәсібінің барлық жерінде қызмет көрсетіп, байланыс орнатып отырады

Қонақ үйдің негізгі  ауданын тұрғын комнаталары-номерлерді құрайды, сонымен қатар онымен байланысты қосымша қызметтік орындар. Қонақ  үй номері өзіне адамға қажетті барлық элементтерді кіргізеді (асханадан  басқа), бұл жерде демалуға және ұйықтауға, жұмысқа, қонақ қабылдауға орын болуы керек

Өте қымбат қонақ үйлер  барлык қызмет көрсету түрімен қамтылған. Соған орай бағасы да жоғары. Фирмалық тамақтану, ойын сауық, спорт кешендері  және кажет жағдайда жеке даяршы, секретарь, дәрігер, медбике, жеке компьютер, факс т.б. ақпараттык құралдар жүйесімен камтамасыз ететін қонақ үйлер тобы.

 Курортты қонақ  үйлерге — емдік сауықтыру  аймағында (таулы өлке, теңіз жағалауы, минералды бұлақтар) орналасқан  қонақ үйлер кіреді. Бұл қонақ  үйлердің өсуі, теміржол транспортының өсуімен тығыз байланысты.

   Қонақ үй индустриясына — экономикалық іс әрекет ретінде адамдарға әртүрлі мерзімге сай қызмет керсететін орналастыру орындары кешендерінің тобын жаткызамыз.

 Орналастыру орындарына  қонақ үйлердің алуан түрі  кіреді. Олардың өзі әртүрлі мазмүнға, сипатқа ие.

 Орналастыру орындарының  әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты  жіктеле отырып, орналаскан орны, қызмет көрсету дәрежесіне қарай,  максаттылығына карай бөлінеді.

 Негізгі орталық  қонақ үйлер, биік ғимараттардан  тұрады. Олар өте қымбат, орташа, экономикалык дәрежеге сай қызмет керсете алады.

 Өте қымбат қонақ  үйлер барлык қызмет көрсету  түрімен қамтылған. Соған орай  бағасы да жоғары. Фирмалық тамақтану,  ойын сауық, спорт кешендері  және кажет жағдайда жеке даяршы, секретарь, дәрігер, медбике, жеке компьютер, факс т.б. ақпараттык құралдар жүйесімен камтамасыз ететін қонақ үйлер тобы.

 Курортты қонақ  үйлерге — емдік сауықтыру  аймағында (таулы өлке, теңіз жағалауы, минералды бұлақтар) орналасқан  қонақ үйлер кіреді. Бұл қонақ  үйлердің өсуі, теміржол транспортының өсуімен тығыз байланысты. Тұлғалар бос уақытын экзотикалық жерлерде өткізуге тырысты. XIX ғасыр аяғына таман курортты орындарда мұндай қонақ үй құрлысы басталды. Мысалы: курортты қонақ үйлерге жататын Greenbrier, Hotel de Coronado, Banff Springs (АҚШ). Осы уақыттарда, табиғаттың керемет көркімен қоршалған тау маңындағы қонақ үйлер көптеген инвесторларды қызықтырды. Сонымен қатар табиғаттан ләзат алу үшін мұхит маңындағы немесе тау маңындағы орындарға сұраныс туды. Өз кезегінде автомобиль жол торбтарының дамуы курортты орындардың өсуіне үлкен ықпал тигізді. Европа, Кариб маңы бассейні, Мексика маңында демалушылардың саны артты. Уақыт өте халықтың демалу принциптері өзгере бастады. Ұлттық бір айлық демалыстан көрі, демалушылар мезгіл – мезгілімен 6 – 7 күнге өздерінің демалыс уақыттарын бөле бастады.Күнделікті курортты жерлердегі қонақ үйлердің ашылуына қарамастан, ескі курортты орындарға үлкен жастағы туристер баруда. Ал жас демалушылар тобы қазіргі заман талабына сәйкес курортты орындарды таңдауда. Мұндай қона үйлерде әр – түрлі шарттар, бағдарламалар қарастырылған. Мысалы: кейбір курортты қонақ үйлерде кішкентай баламен шомылатын орындарға баруға болмайды. Адам баласының мінез құлқының әр-түрлігіне байланысты, туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін еңбек етеді. Қызмет көрсету дәрежесі емдеуші мен туристерге қолайлы жағдайға ие. Бұл қонақ үйлерге тән нәрсе емхана, сауықтыру орталықтары, спорт кешендері және экскурсиялық қызмтке көрсету жолға қойылған.

 Әуежайда орналасқан қонақ үйлер 200-600 орынға есептелген, толык сервистік қызмет көрсете алатын жататын орындар. Мақсаты - іскер адамдардың кездесуіне, келіссөз жүргізуіне жиын т.б. еткізуге қолайлы жағдайлар туғызған.

   Республикада жұмыс істеп тұрған 1235 қонақ үй шаруашылығы  кәсіпорны 2306,1 мың адамға 48 249,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде  30 831 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 67 807  жатын орынды құрайды.

Елде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдай жасалып жатыр. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.

Туризм және спорт  салалары аясында ерлер мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр.

           Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) («Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі               2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы           № 958 Жарлығы) негіз болып табылады.

          Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.

          Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің сферасы – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. «Қонақүй шаруашылығы»  – оқу құралы

 Мазбаев О. Б., Омаров  Қ. М.

 

2. www.google.kz

 

3. «Атлас мира» 2007 ж

 

4. «Gulnar tour» журналы

 

5. «Продвигая казахстанский имидж//Казахстанская правда. – 2008., 19 апрель» газеті

 

6. Дала дипломатиясының көшбасшысы//Орталық Қазақстан. 20 шілде, 2006 жыл. - 235 б.

 

7. Назарбаев Н.А Қазақстан Дипломатиясы: түп-бастауларынан қазіргі заманға дейін: «Сындарлы он жыл» кітабынан//Дипломатия жаршысы. – 2005. №1. 85-89 б.

 

8. www.rixos.com

 

9. apartamenty.kz

 

10.  «Қонақ үй менеджменті» -2010 ж, оқу құралы. Мейрамбеков Ж., Әлиев Б.

 

11. «Әлемдік стандарт» - 2009 ж.

 

12. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы).

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қонақ үйдің технололгиялық циклі