Тақырыбы: Саяси менеджменттің пәні және спецификасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:35, шпаргалка

Описание

Басқару – бізді қоршаған ортадағы әмбебап және қажетті элемент. Басқару сөзін кең көлемде алғанда – ол субъектінің объектіге әртүрлі амалдармен әсер етуі. Бұл ықпал етудің мақсаты объектінің жағдайын, іс-әрекетін және сапасын өзгерту болып табылады. Басқару деп көп жағдайда мақсатты бағытталған әрекеттерді атайды. Бұл тұрғыдан алғанда объект адамдар жағынан реттеліп отырылады. Басқарудың ықпалына біздің қоғамдағы құбылыстар түсуде. Соның ішінде біздің қарастырғалы отырғанымыз қоғамдағы басқару және де соның бір ғана түрі - саяси менеджмент.

Содержание

Саяси менеджмент анықтамасы және қалыптасуы.
Саяси менеджмент пәні және оның даму тарихы.

Работа состоит из  1 файл

саяси менеджмент тезис дарис.docx

— 126.14 Кб (Скачать документ)

 

  1. Саяси консалтингтің саяси менеджменттегі алатын орны.

«Саяси консалтинг»  ұғымы бізге батыс саяси ғылымдарынан еніп, бір жақты түсіндірмесі ұсынылмаса да, Қазақстан Республикасының саяси  тәжірибесінде белсенді түрде пайдаланылады.

«Қазақстанның саясаттанулық сөздігі» бойынша: «саяси консалтинг – прагматикалық және технологиялық түрде ықпал ететін өзіндік технологиялық және тәртіптік  жүйесі бар өндіріс» деп айтылған. Американдық маман Д. Ниммо пікірінше, бұл түсінік сайлау науқанын ұйымдастыруымен  өзара байланысты. Саяси процестің  технологиялық орындалуының сахналық көрінісі көпшілік баяндамалар, бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы суреттелетін барлық іс-шаралардың жиынтығын құрайды. Бірақ осы саясаткерлер қимылдарын ұйымдастырумен, қазіргі заманғы  саяси технологияларды игерген  дарынды, зерделі кеңес берушілердің ұйымдастырушылық қызметімен байланысты. Өткен ғасырдың соңындағы Ресейлік ғалым О.А. Метвейчевтің пайымдауынша, саяси кеңесші – халық пен  саясаткер арасындағы көмекші. Көп  жағдайда ол саясаткерді халықтың қабылдауына  қарай бейнесін жасайды. Ресейлік ғалымдар А.П. Ситников пен Е.Г. Морозова саяси  кеңес беру ұғымына төмендегідей сипаттама береді: «Әр науқандық  ақпараттың, үгіт-насихаттың, доктриналардың қызметі негізінде жүзеге асырылатын жоғары технологияларды саяси науқандарды  интеллектуалды және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің кәсіби қызметі», - деп  көрсетеді. Саяси менеджментті зерттеуші  танымал Ресей ғалымы Г.В. Пушкарева  саяси кеңес беруді «саясаткерлердің нақты саяси міндеттерді шешуде тәжірибелі көмек беру процесі» деп  түсінеді.

 

Дәріс № 14

 

Тақырыбы: Саяси менеджменттің ұйымдастырылуы

 

Жоспар:

    1. Саяси менеджменттің менеджмент ғылымынан бөлінуі.
    2. Саяси менеджментті ұйымдастырудың түрлері.

 

    1. Саяси менеджменттің менеджмент ғылымынан бөлінуі.

Саяси менеджмент бүгін немесе кеше пайда болған емес. Ол ежелден бері келе жатқан басқарудың ерекше түрі. Тарихи фактілер де, тәжірибелер де осыны дәлелдейді. Барлық тарихи қоғамдарда ел басқарушылар өздерінің беделін көтеру, өздерінің ықпалдарын өсіру сияқты міндеттерді шешіп отырды. Ал қарсы топтар болса әркезде өздерінің көсемдеріне ықпал етудің тиімді жолдарын іздеп отырды. Дегенмен, саяси менеджмент тек қана қазіргі қоғамда кең көлемде қызмет етуде.

Адамзат тарихының  барлық кезеңі адамдардың өздерінің  өмірлерін жеңілдетуге тырысып  келеді. Ал бұндай мақсатқа жақсы ұйымдастырылған  басқару арқылы жету керек. Бұрынғы  кездерде саяси менеджмент басқару  өнері ретінде бағаланбай келді. Кеңес  одағы кезінде, тіпті, тәуелсіздікке  қол жеткізгеннің өзінде де “менеджмент” және “менеджер” деген жаңа ұғымдар  көпшіліктің құлағына біртүрлі естілетін  еді. Бұл сөздер Америка құрама штаттары мен Европа үшін ескі болғанымен, біз  үшін жаңа көрінді. Сондықтан да әлі де болса жаңаның кейпін киюде. Саяси менеджменттің қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болғандықтан менеджменттің барлық тарихи даму кезеңін қарастыру керек. Бұл кезде, әрине, көп ғасырлардан бері қалыптасқан саяси менеджменттің негізін анықтауымыз қажет. Бұнда ұйымның құрылымы, басқару мен басқарушы арасындағы қарым-қатынас, мотивация мен жұмысты белсендендіру, жетекшілік, басқарудың түрлері және тағы да басқалары сияқты сұрақтар туындайды.

Ежелгі Грецияда «менеджмент» сөзіне балама жоқ болды. Оған жақын сөздердің бірі «master», яғни – «іздеу салушы, іздей алатын», бірақ басқара алатын емес. Грецияда адамдарды басқару өнері демагогия  болып саналды. Демагогия – «халыққа жетекшілік ету» (demos – халық, ago - ертемін) дегенді білдірді.  Ежелгі грек демократиясының  дамуы, сөз арқылы халықты артынан  ертуді қажет етті. Осы уақытта  шешендік өнердің де даму кезеңі болды. Еріксіз азамат деген статусы  бар адамдарды күштеу мүмкіндігі шектелді. Сондықтан да басқа басқару  түрлерімен әдістері қажет болды. Кейін  уақыт өте келе «демагогия» сөзі жағымсыз түсінікке айналды. Мысалы, Аристотельде олигархтар демагогиялық амалдар арқылы халықты өздерінің  жақтастарына айналдырып, мемлекеттік  құрылымды өзгертеді деген ойлар  кездеседі. Сонымен, «демагог» сөзі бір жағынан мемлекеттік қайраткер  болса, екінші жағынан халық арасынан атақ іздеуші. Демократия «халық билігі»  болса, ал демагогия осы билікпен халыққа қарсы манипуляция жасау. Грек өркениетінен кейін тарих сахнасына  рим өркениеті келеді. Латын тілінде  менеджмент сөзіне балама сөздер кездеседі. Дегенмен, уақыт өте келе менеджмент сөзінің интерпретациясы ағылшын  тілінен алынып қазіргі күнде  бұл сөз қолданылып келеді. Ал менеджмент терминін алғаш болып ғылыми айналымға  және басқару теориясына Ф. Тейлор енгізді.

 

2.Саяси менеджментті ұйымдастырудың  түрлері.

Президенттің 2007 жылғы жолдауында көрсетілген әкімшілік реформаға  байланысты көптеген түсінішпеушіліктер де туындап отырды. Осыған орай талқылаулар  мен сөзжарыстар да өз орнындарын тауып отырды. Жоғарыда аталған әкімшілік  реформа бойынша министрліктер  мен әкімдерде «орынбасар» деген  қызмет жойылып, корпаративтік басқару  жүйесі енгізілмек. Әрбір министрліктер  мен әкімдіктерде директорлар кеңесі және бас директор қызметі пайда  болады. Министрліктегі бас директорды Президент, ал облыс әкімдігіндегі  бас директорды әкімнің өзі тағайындайды. Директорлар кеңесінің бір мүшесі етіп Президент әкімшілігінің өкілі  сайлау көзделген. Тәуелсіз директорлар  деген пайда болады. Басқару органдарында ішкі бақылау деген қызмет құру жоспары  бар. Ол қаржы айналымын, ақшаның  қалай жұмсалып жатқанын бақылайды. Сарапшылар, саяси кеңесшілер тобын  жасақтау да ұсынылып отыр.

Сонымен жаңалықтың сыры неде? Бұл  сұраққа үкімет басшысының орынбасары Аслан Мусин былай деп жауап  береді: «Әкімшілік реформаны жүргізу  мемлекеттік басқару жүйесіндегі  кейбір мәселелердің әл бермеу қаупіне байланысты да қолға алынды. Олар – жемқорлық, қызметтердің ашық болмауы, бағдарламалық құжаттардың шеттен тыс көптігі, бюджеттің және стратегиялық жоспарлардың арасындағы байланыстың әлсіздігі». «Билікке талас болмай ма?» деген сауалға А. Мусин: «Керісінше билік нақты бөлінеді, әрбір қызметкердің жауап беретін саласы нақты анықталады. Мемлекеттің басқару жүйесі жетіледі»  деп жауап қайтарды. Яғни, бір сөзбен айтқанда министрлер мен облыс әкімдері негізгі стратегиялық, саяси бағыттағы қызметтермен шұғылданады, бас директор қойылған нақты міндеттерді, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырушы, даму жоспарын орындатушы, шаруашылықпен айналысады.

 

Дәріс № 15

 

Тақырыбы: Саяси менеджер мамандық ретінде

 

Жоспар:

 

    1. Саяси менеджер басқарудағы басты тұлға.
    2. Саяси менеджменттің этикалық мәселелері.

 

    1. Саяси менеджер басқарудағы басты тұлға.

Саяси менеджер деп басқару шешімдерін жасап  жүзеге асыратын саладағы мамандарды атайды. Ол өзінің кәсіби деңгейін анықтайтын бірқатар қасиеттермен мінез-құлыққа  ие болуы керек. Саяси менеджер –  ол саяси салада өзінің қызметін жүзеге асыратын басқарушы. Кейбір ғалымдардың  пайымдауынша тиімді саяси менеджер төмендегі кәсіби қасиеттерге ие болу керек:

  • Біліктілік;
  • Жауапкершілік;
  • Тәуекелге бару;
  • Жоғары жұмыс тиімділігі;
  • Саяси ортаның талаптарына сай болу;
  • Психологиялық-моралдық тұрақтылық;
  • Шешім қабылдау жігері;
  • Басқа шешімдер мен көзқарастарға, позицияларға, қағидаларға төзімді;
  • Қайтпайтын;
  • Келісімге келе алатын;
  • Басқаруға терең араласу;
  • Адамдармен ұжыммен тіл табысып қарым-қатынас ұйымдастыра білу және т.б.

Қазіргі таңда көптеген тиімді саяси менеджерлер  ұстанатын және осыған қарап қызмет ететін бірқатар негізгі қағидалар  бар. Олар:

  • Жұмыс уақытын рационалды пайдалана білу;
  • Басқару барысында басты назарды процеске емес ал, жұмыстың тиімділігі мен нәтижесіне мән беру қажет;
  • Саяси менеджердің жұмысы оның әлсіз жақтарын көрсетпеу үшін, күшті қасиеттеріне негізделіп жасалуы керек;
  • Күштің барлығы маңызды жетістіктер мен нәтижелер алып келетін салаларға бағытталуы қажет;
  • Саяси басқару қызметінің бағытын таңдау барысында тиімді шешімдер қабылдау өте маңызды.

Саяси менеджер үшін өздерінің кез келген шешімдерінің әлеуметтік маңызы бар екендігін  түсіну өте маңызды. Кез келген саяси  менеджердің шешімі қалайда болса  адамдарға ықпал етеді. Ал жоғарғы  деңгейдегі саяси менеджерлердің шешімдері  азаматтарға кең көлемде ықпалын  тигізеді.  Сондықтан, саяси менеджерлер  қоғамның жағдайы мен дамуына  жағымды ықпал ететін шешімдер қабылдауға тырысуы керек. Саяси менеджерлердің ықпал ету дәрежелерінің жоғары болуы, олардың әлеуметтік дәрежесінің  жоғары болуы ғана емесе, сонымен  қатар, белгілі бір басқару шешімдері  үшін оларды жасау мен жүзеге асыру  барысында жауапкершілік жоғары болады деген сөз. Саяси менеджер шешім қабылдау барысында, шешімнің адамдарға қоғамдағы процестерге  қаншалықты әсер ететінін ескеру керек. Сонымен қатар, шешімнің жүзеге асуына ықпал ететін кедергі келтіретін барлық факторларды жағымсыз салдарды есепке алу жөн. Саяси менеджер өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында  қолда бар ресурстарды пайдаланудың рационалды жолдарын табуы қажет.

 

2.Саяси менеджменттің этикалық  мәселелері.

Саяси менеджмент шеңберінде қарастырып отырған мәселелер негізінде  этикалық қағидаларды ұстану өте  маңызды саяси аспект болып табылады. Саяси менеджменттің негізгі  этикалық мәселелеріне төмендегілер кіреді:

  • Саяси мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін амалдарды таңдау;
  • Саяси технологтардың кеңес беретін саясаткерлеріне ұсынатын ақпараттар мен қызметтердің объективтілігі;
  • Саяси кеңес беру агенстваларының арасында бәсекелес күресінің әдістері;
  • Саяси технологтардың көзқарастарының саясаткерлердің мүддесімен сай келу дәрежесі;
  • Адамдардың санасы мен бейсаналығына ықпал ететін әдістерді пайдалану дәрежесін анықтау.

Кез келген саяси мақсат міндеттерді жүзеге асыру барысында әдістерді таңдау туралы айтатын болсақ, онда олар қоғамда  қалыптасқан моралдық қағидаларға  сай келуі керек. Дегенмен, өмірлік  тәжірибе көрсеткендей бұл этикалық нормалар көптеген жағдайларда сақтала  бермейді. Бұл мәселе билік үшін күрес барысында немесе қол жеткізілген  саяси деңгейді сақтау барысында  ерекше өзектілікке ие болып ушыға  түседі. Этикалық қағидаларды сақтау немесе оны әркезде ұстану саяси  менеджерлердің немесе саяси технологтардың ажырамас қызметі болуы керек. Себебі, қаржылық пайда табу мақсатында саяси менеджерлер немесе саяси технологтар белгілі бір міндетті шешуде этикалық нормаларға жатпайтын аморалды ақпараттар беруі мүмкін. Консалтинг агенстваларының арасында да бәсекелестік адал жүруі керек. Аталған агенствалар өздерінің қарсыластары туралы жағымсыз ақпарат таратқан кезде, қоғамда қабылданған нормалар мен заңдарға қайшы келетін күрес әдістерін пайдалану барысында этикалық қағидалардың бұзылуы жүреді. Сондықтан саяси менеджменттің этикалық мәселелеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Саяси технологтардың қызмет етіп отырған саясаткерлермен көзқарастары мен моралдық ұстанымдарының сай келмеуі, яғни қаржы табу мақсатында жағымсыз ақпараттар тарату;
  • Психологиялық ықпал жасау, яғни адамдарды еріктеріне қарсы манипуляциялау, сайлау кезінде немесе белгілі бір адамның беделін өсіру кезінде көбірек жүзеге асырылады. Барлық адамдар жасырын ықпалда болады. Саяси менеджментте психологиялық тәсілдерді қолдану әркезде нәтиже беріп отырады. Сондықтан аталған амалдар кең таралған. Адамдарға психологиялық қысым көрсету морал мен этиканың барлық қағидаларына қарсы келеді;

Саяси салада этикалық қағидаларды сақтау қиын. Себебі, аталған қиғадалар қоғамда  сыйлы әрі мойындалған. Сондықтан  ол қағидаларды ескермеу барысында  немесе бұзғанда жауапкершіктен бас  тартуға болады. Дегенмен, этикалық қағидаларды ұстануға байланысты нақты  бекітілген тәртіптер жоқ болса  да, норма мен морал қоғаммен қорғалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Саяси менеджмент басқару  жүесіндегі өте ауыр феномен.  Әсіресе, саяси менеджмент ауырлығы  саяси процестерде көрініп отырады.  Себебі, саяси менеджменттің қызмет  ету ауқымы біз ойлағаннан  кеңірек болып табылады. Бұл феноменді  қолдану үрдісі мемлекеттік құрылымда,  анығырақ айтсақ мемлекеттік  қызмет саласында қолдану және  саяси акторлардың (саяси партияның,  ұйымдардың және т.б.) әрекетінде  қолдану әлі де болса бастапқы  кезеңдерден өтуде. Саяси менеджменттің  саяси басқару жүйесіндегі алатын  орны зор. 

    Оқу  құралында біз басты назарды  саяси менеджменттің теориялық  негіздеріне, даму тарихына, түрлеріне  саяси PR мен өзара қатынасына  және мемлекттік-әкімшілік басқаруда,  саяси коммуникация мен саяси  кампаниядағы алатын орнына аса  көңіл аудардық және де саяси  менеджменттің басты түрлерінің  бірі болып табылатын саяси  PR туралы ерекше сөз қозғаған  едік. Әрине, біз өзіміз көрсеткендей  саяси менеджменттің басқа да  түрлері бар. Дегенмен де, біз  саяси PR-ды ерекше бөліп көрсеттік.  Оның да өзіндік себептері  бар. Айталық, саяси PR саяси  менеджменттің түрі ретінде және  құралы ретінде де қызмет ете  алады. Мүмкін сондықтан да  болар кейбір ғалымдар саяси  менеджмент пен саяси PR-ды бір  қатарда қарастырады. Саяси менеджмент PR-ды жоспарлайтын, ұйымдастыратын  және басқаратын ерекше феномен. 

Информация о работе Тақырыбы: Саяси менеджменттің пәні және спецификасы