Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:45, курсовая работа
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.
Кіріспе
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.
Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр.
Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жергілікті органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәслихаттардың рөлін арттыру керек. Ол орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің мүшелері қоғамды демократияландырудың бір жолы – орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзін басқарудың өзекті мәселелерін ортаға салды.
Жалпы алғанда жергілікті мемлекеттік басқару - заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет.
Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Аймақтық басқарудың әдістері аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;