Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:45, курсовая работа

Описание

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

коммуналдық                              қамту мен  әлеуметтік

шаруашылығы,                           бағдарламалар бөлімі

жолаушылар                                

көлігі және автокөлік 

жолдарын басқару бөлімі

 

    Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің  маңызы  мен проблемалары

   Көптеген дамушы елдердің  тәжірибелері   көрсетіп отырғандай,  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды іске асыру   кез келген  мемлекеттегі   демократиялық  тәртіптің   қажетті  саласы  болып табылады.

     Қазіргі  уақытта   Қазақстан  жергілікті  өзін-өзі  басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан да өз еліміздің   ерекшелігін ескере отырып, шетелдік  тәжіибені  талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.

    Бұрынырақ  осындай  жүйені  құруға  талай рет  ұмтылыс  жасалды.  Халықтың жергілікті  маңызы бар  мәселелерді  дербес  шешуді қамтамасыз ететін  жергілікті  өзін-өзі  басқару туралы  ереже  бастапқыда  қазақстан Республикасы  Конституциясының    негізіне  арқау болады.

      Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  заңнамалық  негізін әзірлеу   мен оны енгізуге  талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы   «Жергілікті   мемлекеттік   басқару мен  және өзін-өзі басқару туралы» заң әзірленді,  бірақ ол қабылданбады.

      Жергілікті басқаруды дамыту  мақсаты  әр әкім  өз мекенінің  (ауылдың, қаланың, ауданның)  бюджетінің толуына  мүдделі  болуы үшін  жеке шағын, орта, үлкен  кәсіпорындардың экономикасына  араласпай, қайта олардың  дамуына  қолайлы  жағдай жасауы  тиіс.  Облыстардың бүгінде  әл-ауқаты  өзін-өзі асыруға   жетті деу   қиын. Республикалық   бюджеттен  қаржы  алып   отырған  облыстар баршылық. Оларға дербестік  берілсе, бюджеттің   шығыс бөлігін  қамтамасыз ететін   қаржы көзін  қайдан  алмақ? Ал әлеуметтік   қамсыздандыру  саласы  ақсап  жатса,  ол облыс   шеңберінде   саяси наразылық  туғызары сөзсіз. Демек, әр облыс  өз бетінше өмір сүре алатын  жағдайға жетпей, орталықтың  билігін  шектеуді   енгізу ерте.  Ал әкімдерді   сайлау   мәселесіне   тоқталсақ, әлеуметтік –экономикалық  жағдайы ауыр  аймақта   әкімдерді   сайлау  кері  әсер беруі   мүмкін. Экономикалық   дағдарыстан  жаңа  шыға бастаған  ел  үшін толассыз  сайлаулар  экономикалық  өсу қарқынын  бәсендетуі әбден мүмкін.

     Жергілікті жағдайда   экономиканы   басқаруды жетілдіру   жолдарын  іздестіруде   көптеген   пікірлер бар.  Жергілікті басқаруды   жетілдіруде  оған  саяси  тұрғыдан емес,  оны шаруашылық   тұрғысынан  да қарау керек.  Біз  үшін  оның дамуы,  жергілікті халықтың  барлық  әлеуметтік   қызмет түрлерімен қамтамасыз етілуі    маңызды. Яғни үнемі  орталықтан көмек күту тиімсіз, сондықтан да  өздері   шеше алатын мәселелерге еркіндік (өкілеттілік) беруді талап  етеді. Өкілеттіктерді ажырату  мәселесі  де сатылап  шешілуі дұрыс  болады. Себебі,  кейбір өкілеттіктер  жергілікті деңгейде   берілгеннен  кейін орталық   ол мәселеге  оралмайды,  ал жергілікті   органдар  оны толыққанды  шеше алмай   қалуы  да ықтимал, лоай болса,  барлығы эксперимент  сынынан  өтіп барып  қабылдануы керек.  Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды мемлекеттік басқару   жүйесінен бөлек   алып  қарау мәселесі  әлі де  көптеген  талқылауларды  талап етеді. Кез келген   экономикасы дамыған   мемлекеттерде  мемлекеттен бөлек  жүйе жоқ.

      Жоғары Кеңес  өзінің  таралуы алдында  1993 жылдың 10 желтоқсанында «Жергілікті  өкілетті  және атқарушы органдары туралы»    заңды қабылдап,  онда жергілікті   басқару органдарының  мүлдем басқаша   үлгісін енгізеді. 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған  Конституцияда   мемлекеттік басқару   қағидалары мен  бағыттары  нақты  белгіленген.  Конституцияда  жергілікті мемлекеттік  басқарумен  (85-бап) қатар жергілікті  өзін-өзі  басқару  да (89-бап)   берілген.  Онда  жергілікті   өкілетті  органдарға – облыстың, ауданның, қаланың  мәслихаты;   жергілікті  атқарушы органдарға -  облыстың,  ауданның, қаланың, ауылдың  әкімшіліктері  жатады  деп берілген.

    Ал 2001 жылдың  қаңтарында     «Қазақстан  Республикасының   жергілікті мемлекеттік  басқару  туралы» заңы қабылданды (соңғы өзгерістер  2006 жылдың  10 қаңтарында  енгізілді).

     Қазір «Жергілікті  өзін-өзі басқару  туралы»  Заң жобасы   көпшіліктің талқылауына  2006 жылдың  қазан айына берілді,  ол 2007 жылдың  1 қаңтарынан бастап  күшіне енді.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару   жергілікті қоғамдастық    шеңберінде   іс-қимыл жасайтын және жергілікті   маңызы бар мәселелерді  шешуді  өзінің   жауапкершілігіне  алатын  халықтың  өзін-өзі  ұйымдастыруының    жүйесі болып табылады.  Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың арнайы   сайлау органдары -  кеңестері   құру көзделуде,  олардың   мүшелерін  тікелей жергілікті   қоғамдастықтың   халқы сайлайтын  болады.

    Кеңесті   Төраға  басқарады,  оны  кеңестің  не жергілікті   қоғамдастықтың  мүшелері  сайлайды.                                                                            

    «Жергілікті  өзін-өзі басқару  туралы»  Заң жобасы    талқыға  түскеннен  бері 150-ден аса ұсыныс  жасалып, 117-сі  Үкіметтің   жұмыс тобымен  келісілді.

     Жергілікті  өзін-өзі басқару   органдары  - бұл мемлекеттік   құрылымдары қызметін  ешқандай   да қайталамайтын   дербес  басқару  бірліктеі екенін  есте  ұстау аса  маңызды.   Бұл орайдағы  мемлекеттің  басты міндеті -  жергілікті  өзін-өзі басқару    органдарының  дербестігіне кепілдік  беру.

   

   

 

                    

 



Информация о работе Жергілікті басқару