Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:45, курсовая работа

Описание

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

       әкімнің ұсынысы бойынша  әкімияттың  жеке құрамын  мәслихат сессиясының шешімімен  келісу;

       атқарушы органдар  жетекшілерінің  есептерін қарау,  мәслихат шешімін  орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік  басқару органдарының  лауазымды тұлғаларын   жауапкершілікке тарту бойынша  тиісті органдарға ұсыныс  беру;

       ҚР заңдарына   сәйкес  азаматтардың   құқықтары мен  заңды мүдделерін  қамтамасыз ету   өкілеттіктерін  іске асыру;

       ҚР әкімшілік  құқық  бұзушылық  Кодексіне сәйкес  тәртіпті  бекіту;

       Жергілікті бюджеттің, жоспардың,  экономикалық  және әлеуметтік даму  бағдарламаларының  орындалуына бақылау;

       Мәслихаттың тұрақты комиссиясын  және басқа да  органдарын құру,  олардың   қызметтерінің  есептерін бекіту

       Хлықты еңбекпен қамту  және   кедейшілікпен күресу  бағдарламасын бекіту;

       Ведомствоаралық  сипаттағы мәселелер бойынша әкімият  жанынан  консультациялық  кеңестің жеке  құрамын  әкімнің ұсынысымен  бекіту;

       ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

       ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің  нормативтік  құқықтық актілерін  орындауға қатысу.

    Мәслихат  өзінің өкілетін  сессияда ( сессия жылына 4 рет өткізіледі) , өзінің тұрақты  комиссиясы, мәслихат  сессиясының төрағасы, депутаттар, мәслихат хатшысы  арқылы жүзеге асырады.  Мәслихат сессиясының төрағасы  мен оның хатшысын  сайлайды, олардың  есептерін тыңдайды,  тұрақты  комиссияны қалыптастырады,  мәслихаттың  шығындарын анықтайды, ревизиялық  комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат  аппаратының  құрылымын бекітеді.

Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы  жергілікті атқарушы  органдардың жетекшілерін шақыруға  құқылы. Мәслихат  өзінің мерзімінде тұрақты  комиссияны құрады, онда  жеті депутаттан  артық болмайды.  Тұрақты комиссия  жылына бір рет  есеп беріп тұрады. Мәслихат  қызметінде  резизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия  мәслихат   өкілетінің  мерзіміне сайланады, олар жергілікті  бюджеттің орындалуына  бақылау  жасайды. Тексеру нәтижесімен  ревизиялық  комиссия  мәслихат  пен әкімиятты  ақпараттандырады.

    Мәслихат құрылымында   хатшының  атқаратын  рөлі зор,  ол мәслихаттың  ағымдағы  барлық жұмыстарын   орындайды. Бұл  лауазымды тұлға,  ол тұрақты  негізде  жұмыс істейді. Мәслихат  хатшысының  тұрақты комиссияның  құрамында болуға  құқығы жоқ. Мәслихат  функциясын   жүзеге асыру үшін  шағын аппарат   құрылады,  оның құрылымы мен  сандық құрамы  орындалатын   жұмыстың  деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат  аппараты  ұйымдастырушылық, құқықтық,  материалдық-техникалық  және басқа да  мәслихаттың   органдарын  қамтамасыз ету жұмыстарын  жүзеге асырады. Мәслихат  аппараты  жергілікті бюджеттен  қаржыландыратын  мемлекеттік мекеме болып табылады.

        Сонымен қатар,  мәслихатқа берілген  өкілеттіктерде  шешімін  таппаған   тұстары да бар . Біріншіден, облыстық  және аудандық  деңгейлер  арасында бөлінген  функциялардың  нақты,  түпкілікті   жоқ. Екіншіден,  өкілеттер тізіміне анық емес. Басты өкілет  - әлеуметтік – экономикалық  даму жоспарларын  бекіту. Әрбір  жергілікті   деңгейдегі  атқарушы және  өкілетті органдардың  арасында  функцияларды   бөлуде терең ойлануды талап етеді. Облыстық, республикалық   маңызы бар қалалардың,  астананың  әкімін  республика Президенті  сайлайды,  оның өкілеттілігі  Конституцияның 29- бабымен , ал аудан  әкімдерінің  өкілеттіктері  33-баппен  реттеледі. Бұл деңгейлерде  мынадай  мәселелер  қарастырылады. Облыстық  деңгейде:

       Кепілдендірілген  медициналық  қызмет көрсету;

       Ақысыз білім беру;

       Экологиялық  сараптама;

       Аудан әкімдерінің жұмысын үйлестіру;

       Алыс-беріс  бойынша  шешім қабылдау туралы  әр Мәслихат   ұсыныстарын  қарауға  енгізу;

       Мемлекеттік стандартты  сақтауды  қамтамасыз ету;

       Мемлекеттік  мекемелер  мен  олардың   штаттарын  құру.

Осы  аталғандардың   ішінде   мемлекеттік   билікті   орталықсыздандыру, билік  арасында өкілеттіктерді  бөлуде көптеген  қиындық  туындататын  тұстары да бар,  мысалы,  экологиялық  сараптаманы  облыстарға   беруге қарсылар бар,  олардың пайымдауынша , мұндай жағдайда  әр облыстан  бір-бір зертхана  ашуға  тура келеді,  оның үстіне  кадр мен қаржы  ресурстары тапшы. Яғни   экологиялық  сараптама  республика  деңгейінде болуы тиіс.

    Ал аудан деңгейінде:

       Жауынгерлікке жазылу, әскери қызметін  өтеуге шақыру, азаматтық  қорғаныс  мәселелері  бойынша  шараларды  ұйымдастыру; тұрғын үй  қорын бөлу;

       Қоғамдық орындарды  көркейту мәселелерін шешу;

       Ведомствоаралық  сипаттағы мәселелер   бойынша   консультациялық  кеңес беру органын  құру жөнінде   міндеттер бар,  олардың  қатары  жұмыссыздықпен   күрес және  атаулы  әлеуметтік көмек беру мәселесімен  толығуы мүмкін. Бірақ бұл да екі ұшты  мәселе, себебі,  ауылда жұмыссыздарды қайта даярлайтын  мектеп жоқ,  оны ұйымдастыруға ауыл  халқының ақшасы да жоқ.  Сондықтан жұмыссыздықпен  күрес жоғары  деңгейде қалу  керек деген пікірлер де бар.  Солай болғанына қарамастан,   бірқатар мамандар жергілікті  өзін-өзі басқару институтын енгізсек, аталмыш  проблемалар оңай шешіледі деп  те ұйғарады.

Берілген талдау көрсетіп отырғаныңдай,  қазіргі уақытта   жергілікті басқарудың  негізге  біржақты   қалыптастыру – күрделі іс.

    Коммуналды шаруашылық, тұрғын үй қоры,  жергілікті жолдар,  аумақты  көркейту  және санитарлық  жағдайлар мәселелерін  басқару бойынша жергілікті   басқару  органдарының  өкілеттіктері бар.  Жергілікті   басқару  органдарының     заң бойынша екі   топқа қарастырылатындығы  шетелдердің  тәжірибесінен  көруге  болады.  Біреуі сайлау нәтижесінде, ал екіншісі  өкілеттіктерді  табыстау  арқылы  биліктің  ұйғарымымен  қалыптасады.  Жергілікті  құрылымның  басшысының  заңды мәртебесін, оның басқа органдармен қарым-қатынасын анықтау – күрделі мәселелердің бірі. Нақты   фактілерге  жүгінсек,  ауыл әкімдері   жергілікті  халықтан   жасырынып жүрген  іспеттес, оған  бір себеп ол – жергілікті маңызы бар мәселелерді тиянақты,  уақытында шешуге  қаржының  жетіспеуі.  Жер және мүлік   салығы  100%  жергілікті бюджетке  берілгенімен жергілікті проблемалар  толығымен шешіліп   отырған жоқ. 

    Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік  басқару типтік құрылымы Үкіметтің  2004 жылғы  4 қазанындағы  №1022 Қаулысымен бекітіліп, 2006 жылдың  1 қаңтарынан  күшіне енді. Оның құрылымы  төмендегідей:

  Облыстық әкімият:

1.1.             Облыс әкімінің аппараты

1.2.             Сәулет  және  құрылысы  департаменті (басқарма)

1.3.             Ішкі саясат  департаменті (басқарма)

1.4.             Мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылау департаменті (басқарма)

1.5.             Мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау департаменті (басқарма)

1.6.             Денсаулық сақтау  департаменті (басқарма)

1.7.             Еңбекпен қамту  реттеу және әлеуметтік   бағдарламалары  департаменті (басқарма)

1.8.             Мәдениет  департаменті (басқарма)

1.9.             Азаматтық қорғаныс,  жұмылдыру жұмыстарына дайындық, авариялық  және табиғи апаттарды алдын ала ескерту департаменті (басқарма)

1.10.         Білім беру департаменті (басқарма)

1.11.         Жүргіншілер көлігі және автокөлік жолдары департаменті (басқарма)

1.12.         Кәсіпкерлік   және  өнеркәсіп  департаменті (басқарма)

1.13.         Табиғи ресурстар  және  табиғатты  пайдалануды реттеу департаменті (басқарма)

1.14.         Ауыл  шаруашылығы департаменті (басқарма).Құрылыс департаменті (басқарма)

1.15.         Қаржы департаменті (басқарма)

1.16.         Экономика  және бюджетті  жоспарлау департаменті (басқарма)

1.17.         Архив  және  құжаттау  басқармасы (бөлім)

1.18.         Жер қатынастары басқармасы

1.19.         Тілді дамыту  басқармасы

1.20.         Дене шынықтыру  және  спорт басқармасы (бөлім). Тариф   бойынша басқарма (бөлім).

 

2.Республикалық маңызы бар қала, астана әкімияты 

2.1.Республикалық маңызы  бар  қала, астана  қалаларының  әкімі аппараты

2.2.  «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық зонасын  әкімшілігі департаменті (басқарма)

2.3.  Сәулет және құрылыс департаменті (басқарма)

2.4. Ішкі саясат  департаменті (басқарма)

2.5.Мемлекеттік  сәулет- құрылыс бақылау  департаменті (басқарма)

2.6. Мемлекеттік-санитарлық  эпидемиологиялық  қадағалау департаменті (басқарма)

2.7. Тұрғын үй департаменті (басқарма)

2.8. Еңбекпен қамтуды реттеу  және әлеуметтік   бағдарламалар  департаменті (басқарма)

2.9.Денсаулық сақтау департаменті (басқарма)

2.10.Мәдениет  департаменті (басқарма)

2.11. Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру  жұмыстарына дайындық,  авариялық  және табиғи  апаттарды  алдын ала  ескерту департаменті (басқарма)

2.12. Білім беру   департаменті (басқарма)

2.13.Жүргіншілер   көлігі  және автокөлік  жолдары департаменті (басқарма)

2.14.Кәсіпкерлік      және өнеркәсіп департаменті (басқарма)

2.15.Табиғи  ресурстар    және қоршаған ортаны  қорғау департаменті (басқарма).Құрылыс  департаменті (басқарма)

2.16.Қаржы департаменті (басқарма)

2.17.Экономика  және бюджетті  жоспарлау департаменті (басқарма).Энергетика  және  коммуналды  шаруашылық  департаменті (басқарма)

2.18.Архив   және құжаттану  басқармасы (бөлім)

2.19.Жер қатынастары басқармасы

2.20.Тілді дамыту басқармасы

2.21.Дене  шынықтыру және  спорт басқармасы (бөлім).Тариф бойынша   басқарма  (бөлім).

 

Аудан және облыстық  маңызы бар қала әкімияты

3.1.Аудан, облыстық  маңызы бар  қала әкімінің аппараты

3.2.Ішкі саясат бөлімі

3.3.Сәулет  және құрылыс  бөлімі

3.4.Тұрғын  үй  шаруашылығы,  жүргіншілер  көлігі және   автокөлік  жолдары бөлімдері

3.5.Еңбекпен қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі.Жер қатынастар бөлімі.

3.6.Мәдениет  және тілді   дамыту  бөлімі

3.7.Кәсіпкерлік

3.8.Ауыл   шаруашылығы  бөлімі.

3.9.Құрылыс бөлімі

3.10.Дене шынықтыру  және спорт бөлімі

3.11.Қаржы  бөлімі

3.12.Экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімі.

      Міне,  осы  басқарушылық  құрылым  жергілікті шаруашылықты   басқару  мәселелерін  шешуде  үлкен  рөл атқарады.

     Тәуелсіздік алған жылдарда  жүргізілген  экономикалық   реформалардың  нәтижесінде  аймақтары  мамандандыру  бағытында  көптеген өзгерістер  болды. Санаулы   аймақтар ғана  Қазақстан экономикасын   дамытуға   негіз бола алады. Ал  жергілікті   басқаруды   жетілдіру   дамыту   ауыл  экономикасын  дамыту   керектігін білдіреді.Ауыл  экономикасының  дамуына  соңғы  жылдары  оның  құрылымдарының,  әсіресе, жеке (фермерлік)  шаруа    қожалықтарының  көп  әсер етіп  отырғанын  статистикалық  деректерден  көруге болады.

       Шаруа  (фермерлік)  қожалықтардың    ауыл экономикасын  дамытудағы рөлі, орны, олардың әрі қарай   жетіле   беруіне  қажетті  көмектер  дұрыс  жолға   қойылу керек.

    Әрбір ауылдық  (селолық) округке  шаққандағы  жергілікті   тұрғындардың   орташа  саны жағынан  да, онда өндірілген  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  орташа  көлемі    жағынан да еліміздің   облыстары  арасындағы   айырмашылық  өте үлкен. Әрине, бұл жағдайдың  көбінесе  табиғи  себептермен  түсіндіріледі. Бірақ әрбір  округте тұратын халық  саны мен аталмыш   өнімдердің   көлемін өзара  салыстырғанда  кейбір  округтерге ауыр да, кейбір округтерге   жеңіл.

                                                                   Аудан әкімі

 

 

    Аудан әкімінің                             Аудан әкімінің                                  Аппарат

     орынбасары                                 орынбасары                                     жетекшісі

  Экономика және                              Аудандық ішкі                                       Ауыл 

бюджетті жоспарлау                          саясат  бөлімі                                  шаруашылығы

          бөлімі                                                                                                      және жер 

                                                                                                                     қатынастар   бөлімі

   Қаржы бөлімі                                Білім беру  және                       

                                                             спорт бөлімі

 

  Тұрғын-үй,                                  Аудандық  еңбекпен

Информация о работе Жергілікті басқару