Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:45, курсовая работа

Описание

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

      «Күшті мэр» үлгісі. Мэр атқарушы билік басшысы ретінде не кеңеспен, не кеңестен бөлек барлық тұрғындардың тікелей дауыс беруімен сайланады. Кеңес заң шығару билігіне, кеңесушілік қызметтерге ие, сонымен қоса бюджетті бекітуде шешуші роль атқарады. Кеңес отырыстары, оның қызметтері және комитеттері «кеңес – менеджер» үлгісіндегі бар нәрселерге сәйкес келеді. Соған қарамастан, мэр айтарлықтай, нақты көрсетілген құзыреттерге ие (мысалы, кадрлық тағайындаулар бойынша) және кеңестің тікелей бақылауына жатпайды. Бұл үлгінің бір модификациясына орталықтың мэрді орнынан алып тастау құқығының болуы жатады.

      Ендігі кезекте елімізде жүргізілген соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес қалыптасқан өзін-өзі басқару құрылымының «қазақстандық» үлгісін жоғарыда аталған жүйелерге сүйене отырып қарастырайық.

 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық үлгісі

     «Қазақстандық» үлгі деп атаудың өзі кездейсоқ емес. Өйткені елімізде қалыптасып жатқан өзін-өзі басқарудың құрылымы белгілі төрт үлгінің ешқайсысына жатпайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының санатына мәслихатпен қатар әкімдердің енгізілуі ерекше жағдайды қалыптастырды. Мәслихат тиісті аумақ тұрғындарымен сайланатын өкілдік органы болып табылса да, жоғарыдағы үлгілердегі кеңестерге қарағанда жергілікті атқарушы биліктің жасақталуына ықпал жасауы төмен. Себебі әкімдер жергілікті тұрғындардың қызығушылықтарын жүзеге асырумен қатар жалпымемлекеттік қызметтердің орындалуына жауапты тұлға болып табылады. Соған байланысты «қазақстандық» үлгіде Президент те жергілікті өзін-өзі басқару құрылымына кірістірілген (облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды).

   Мәслихат депутаттарына заң бойынша әкімдердің шешімдеріне ықпал етуге кең мүмкіндіктер берілгенімен, олардың жоғары тұрған әкімдер мен Президенттің араласуларынан тиісті дәрежеде қорғалмағандығын байқауымызға болады. Бұл мәселе өз шешімін барлық деңгейдегі әкімдердің мәслихатпен немесе тікелей тұрғындармен сайлану жағдайында табуы мүмкін. Ал қазіргі таңда аудандық деңгейден төменгі әкімшілік-аумақтық бірліктерде өкілдік органдарының болмауы жағдайында аталмыш аумақ әкімдерінің тұрғындармен тікелей сайлануын енгізу жоғарыда айтылған бағыттағы алғашқы қадам болмақ. Айтылған ұсыныстар іске асатын болса, «қазақстандық» үлгінің «күшті мэр» үлгісіне трансформациялануы орын алуы мүмкін. Дегенмен, «атқарушы комитет» үлгісі де біздің шындыққа жақынырақ болмақ.

     Қорытындылай келсек, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі кездегі дамуы оның алғашқы сатыдан әрі қарай айтарлықтай қозғала қоймағандығын аңғартады. Сол себепті Қазақстанда шынайы жергілікті өзін-өзі басқару институты қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себептері мыналар: 1)билік басындағылардың жергілікті өзін-өзі басқаруға деген немқұрайлы қатынасы;

2) жергілікті өзін-өзі басқару институтының тұрғындардың мәселелерін шешудің тиімді құралынан гөрі билікке «демократиялық бейне» жасаудың құралына айналуы;

3) тұрғындардың өзіндік ұйымдасу дағдысының толықтай өмір шындығына айналмауы.

        Сонымен қатар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруда жүйелік пен кешенділіктің жоқтығы саяси өмір шындығына айналып отыр. Ал жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық мәртебесінде екі жақты пайымдауларға жол берілуде. Конституциялық мәртебенің шикілігі жергілікті өзін-өзі басқару туралы арнайы заңның жоқтығымен қосылғанда аталмыш сала бойынша мәселелердің үлкен шоғырын қалыптастырды.         Мәслихаттар мен әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде мойындалуы тек мәртебе тұрғысынан өзгерістер әкелді. Құзыреттердің конфигурациясына айтарлықтай әсер етпеді. Әкімдер қос қызметтілік жағдайында халық еркінен дербес болып қалуда. Сонымен қатар мәслихаттар мен әкімдер қызметтері жаңа жағдайда жіті талқылаудан өтпеді. Мәслихаттардың сайлануы мен әкімдердің тағайындалуында айтарлықтай өзгерістер болмады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары міндеттерінің нақтыланбауы да ахуалды күрделендіріп отыр.

 

Қазақстан Республикасындағы орталықсыздандыру және өзін-өзі басқару мәселелері

      Қазіргі таңда еліміз үшін мемлекеттік  құрылысты жетілдіру, оның ішінде биліктің әр деңгейге бөлінуі, яғни мемлекеттік биліктің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте маңызды мәселелер болып табылады. Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан  одан әрі  демократияландыруда, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруде әкімшілік-экономикалық механизмдердің  алатын орны ерекше. Мемлекеттің негізгі қызметі ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және қоғамдық тәртіпті сақтау, ақша айналысын және сыртқы сауданы реттеу т.с.с. болып келсе, жергілікті өзін-өзі басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті түсімдерді белгілеу, халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты қызметтер кіреді.

     Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті толық жүзеге асыруды жетілдіруді, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді: оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған дәлел келтірер болсақ, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Үкімет осы кеңесте қаралу үшін “Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасын” әзірледі. Кеңесте елбасы Н. Назарбаев осы мәселе жөнінде: “Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр”,- деді.  Президенттің бұл пікірі өте маңызды, өйткені ол өзінің халыққа жолдауында “орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің бастысы және ең маңыздысы болып табылады”,- деп атап көрсетті.  

      Мемлекеттік орталықсыздандыру процесіне әртүрлі ерекшеліктер, оның ішінде тұрғылықты халықтың менталитеті, әдеп-ғұрпы, саяси және құқықтық  мәдениеті, демократиялық дәстүрдің орнығуы және де сол сияқты көптеген мәселелер әсер етеді. Биліктің өкілеттілігін тек жергілікті жерлерге механикалық жүзінде көшіру мүмкін емес, ол қоғамда орын алып отырған нақты жағдайларға сүйенуі тиіс.

      Орталықсыздандырудың қазіргі кезде көптеген анықтамалары бар.  Олардың ішінен біз мойындайтын жақын анықтамаға тоқталғанды жөн көрдік. Орталықсыздандыру – орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, нақтырақ, жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару  органдарының билігі мен құзіреті шеңберінің кеңейтілуі. Яғни, мемлекеттік функцияның бір бөлігі жергілікті атқарушы және өзін-өзі басқару органдарына тапсырылады. Олар өз кезегінде осы орталықсыздандырылған құзырлар шеңберінде, жоғарғы билікке жүгінбей-ақ, өз атынан өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осындай жолмен жергілікті және өзін-өзі басқару қамтамасыз етіледі.

    Орталықсыздандыру негізгі үш талаптың орындалуын қажет етеді:

біріншіден, жергілікті басқару органдары, нақты белгіленген өкілеттіліктерге ие болуы шарт;

екіншіден, олар құзырларына кіретін мәселелерді шешуге арналған тетіктер мен құралдарға ие болуы керек;

үшіншіден, олардың іс-әрекетіне мемлекеттік әкімшілік органдар тарапынан бақылау барынша шектелуі тиіс.

      Қазақстанда жергілікті өзі-өзі басқару мәселесіне әлі күнге дейін қажетті көңіл бөлінбей келеді. Біздің еліміздің 1995 жылғы Конституциясының 89 бабында көрсетілгендей Қазақстан  Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Бірақ Конституция баптарына сәйкес заң әлі күнге дейін қабылданбағаны баршаға аян, яғни осы фактінің өзі заңға қайшы - заң бұзушылық болып табылады. Өйткені бұл заңның қатардағы заңдардан айрықша саяси салдары бар, сондықтан ол заңды мейлінше тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда бір нәрсені ескеру керек, яғни жергілікті органдар  белгілі билік өкілеттіктерін іске асыру құқығымен қоса, мойнына үлкен жауапкершілікті де қоса алады, сондықтан билікті бөлуге жіті көңіл аудару керек. Жалпы орталықсыздандыру қағидасы әрі саясаты үшін жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету басты көрсеткіш болып табылады.

     Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың екі түрі бар. Олар: шоғырландырудан алшақтау (деконцентрация) және деволюция. Шоғырландырудан алшақтау құзіреттердің  мемлекеттік билік жүйесінің иерархиясы бойынша төменгі органдарына берілуі деп түсінеміз. Орталық органдарға қарағанда жергілікті басқару органдары өз деңгейіндегі мәселелермен, жағдайлармен тікелей таныс, сондықтан оларды шешу үшін  тиісті өкілеттіктерді қолына алады. Осы шоғырландырудан алшақтау үрдісі жергілікті проблемаларды  шешуге көп  мүмкіндік береді, сол себептен де аталмыш үрдісті “әкімшіліктік орталықсыздандыру” деп те атайды.

     Тым қатты орталықсыздандыру, яғни әкімшілік-аумақтық басшыларын сайлау, олардың саяси дербестігін, заң шығару құқығын кеңейту -  негізінен  субъектілерден тұратын федеративті құрылымды мемлекеттерге тән, ал Қазақстан Республикасы  унитарлы - біртұтас мемлекет. Унитарлы мемлекеттер керісінше өздерінің тұтастығын сақтап, елдің саяси ыдырауына жол бермеуге тырысады.

      Қазіргі кезде әлем елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екі түрі бар: бірінші, жергілікті  тұрғындармен сайланатын, аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын өкілетті орган. Екіншісі, - әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы.

      Жергілікті өзін - өзі басқару органдары қызмет етуі үшін құзіреттермен қоса олар белгілі ресурстарға ие болуы қажет. Негізінен жергілікті және өзін-өзі басқару органдарының қаржысы мемлекеттік бюджеттен және өздерінің жеке табыстарын құралады. Бұндай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару кейбір мәселелерде өз тәуелсіздігін білдіреді, екінші жағынан мемлекеттік басқару жүйесіне кіретінінде білдіреді. Бірақ, қай жағынан қарағанда да, жергілікті өзін-өзі басқару, халықтың сенімінен шығатын, жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын, жоғын жоқтайтын, жоғарғы билікке ықпал ететін институт болуы тиіс. Ал егер олар өз жауапкершілігін атқара алмаса ше? Онда, бұл арада Жапония мемлекетіндегі секілді үрдісті қолдану керек. Онда өзін-өзі басқару органына немесе басшыларына халық сенімсіздік білдіретін болса, халық белгілі мөлшерде қол жинап басшыны кері шақырып ала алады. Бұның өзі демократияның бір көрінісі емес пе? Енді біздегі жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті мемлекеттік биліктің айырмашылығы сол, белгілі  жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайланса, жергілікті мемлекеттік билік органдарын басшысын орталық тағайындайды. Бірақ сайланған басшыда билік болмаса онда оның тағайындалған басшыдан артықшылығы шамалы.

      Қазіргі таңда еліміздегі жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін жетілдіруді бірнеше кезеңге бөлу қажет, яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту сол органның нәтижесі және азаматтық қоғамның даму дәрежесін білдіреді. Бірінші кезең. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзін басқару органы атқарушы биліктің өкілі - әкімді тежейтін орган болуы керек. Яғни оны “кеңес” деп атауға да болады. Бұл кеңестің құрамы жергілікті халықтың өкілдерінен 2-3 жылға сайлануы тиіс. Олар халықтың мұң-мұқтажын жергілікті әкімнің алдында көтеріп, шешуді талап етеді. Екінші кезең. Халықтың демократиялық, саяси мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалы жақсарумен бірге,  жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі де белгілі дәрежеде дамуы керек. Дәлірек айтсақ аталған орган белгілі мәселелерді шешуге құқық алуы қажет. Ол үшін жергілікті өзін-өзі басқару органына заң жүзінде нақты құзырлар берілуі тиіс. Әсіресе оның ішінде қаржы және шаруашылық мәселелерін шешу құзіреттері берілуі керек. Оларды жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңды тұлға мәртебесін беру міндетті.

     Сонымен, билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, біріншіден, азаматтық қоғам дамуының тірегі болса, екіншіден, ол сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесі. Орталықсыздандыру уақыт талабы. Өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, билікке халықты да қатыстыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім

     Мемлекетті және оның экономикасын басқаруды  орталықсыздандырудың саяси, әкімшілік және әлеуметтік астарлары бар, сондықтан  оларды  өзара үйлестіре отырып қарастырудың  басқарушылық  қатынастарды жетілдірудегі рөлі ерекше. Әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, орталықсыздандыру географиялық, әкімшілік шешім қабылдау жүйесі және бюджеттік  деп бөлінеді. Ол жекелеген  кейбір  талдауларда  локалды (жергілікті) , идеологиялық және әлеуметтік  деп  те бөлінеді. Географиялық  және локалдық (жергілікті) орталықсыздандыру  түрлері  бір-біріне ұқсас. Географиялық орталықсыздандыру аудандардың  экономикалық  дамуының белсенділігін білдіреді.Онда  субсидия  және салық  жеңілдіктерінің  көмегімен  шығындарды  азайтып,  аудандардағы  бизнесті дамыту арқылы олардың инвестициялық тартымдылығын  арттырады. Локалды  орталықсыздандыру   жергілікті басқару органдарының дербес  іс-әрекетін,  өкілеттілігін  және көптеген  шешімдерді орталыққа тәуелсіз  жеке қабылдау  мүмкіндіктерін көрсетеді. Әкімшілік  шешім  қабылдауды  және оны орындау  жүйесін  орталықсыздандыру  жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерін  кеңейтуді білдіреді. Бұнда белгілі бір шешім  қабылдануы  үшін  көптеген  сатыдан өтеді,  міне, бұл осы  процестің  қысқаруын және  мемлекеттік  жергілікті басқару органдарының  жұмысын көтермелеуді  анықтайды. Идеологиялық  орталықсыздандыру кеңес үкіметінің  құрамында болған  барлық елдердің  тәжірибесінде болды. Идеологиялық  орталықсыздандырудың қауіптілігі сонда,  оның нәтижесі саяси жіктелуге  әкеп соғуы  мүмкін және ондай  жағдайды  көптеген мемлекеттердің  тәжірибесінен  кездестіруге болады. Дегенмен оның өзіндік артықшылығы  да бар:  ол пікірталасу ортасына,  интеллектуалдық   жарысқа және  еркіндікке жол ашады. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті басқару   органдарының қаржылық жүйесін  нығайтуды  талап етуші басқару  жүйесі мен халықтың  арасындағы тығыз  қарым-қатынасты  құрайды. Жергілікті басқару органдарына   салық салу,  қаржыларды  жұмсау,  жергілікті бюджеттің   шығыс бөлігін  дербес анықтау  бойынша  өкілеттіктер беріледі.Бюджеттік  орталықсыздандыруды жергілікті басқару органдарының   бюджет-салық   аясында  тәуелсіз  шешім  қабылдауларына  мүмкіндік беретін  белгілі бір деңгейде   автономиялы  екендігін  білдіреді. Бюджеттік  орталықсыздандыруға  орталық  билік араласады:

Информация о работе Жергілікті басқару