Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:14, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша – несиелік саясаты бойынша негізгі бағыттары көрсетілген. Бірінші бөлімінде ақша – несиелік саясаттың концепциялық мақсатының теориясы қарастырылады, ақша-несиелік саясатындағы жаңа құбылысы – инфляциялық таргитерлеу қарастырылады. Ақшалық база және алтын валютті резервтердің мақсаттың көрсеткіштерінен ақырындап инфляция бойынша мақсаттың көрсеткіштеріне ауысуы, бұл ҚР Ұлттық банкімен көбірек сәйкес келеді, инфляцияны таргетирлеу принципінің жолына ауысуы қабылданған. Инфляциялық таргитерлеу жоспарына ауысуын дайындап Ұлттық Банк жылдан бастап ақша – несиелік саясаттың –жылдық горизонталды жоспарлауын бекітеді, яғни жылдан бастап «базалық инфляция индексі есептеледі және инфляцияны қарастырылуы жіберіледі.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................5
1.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатындағы даму бағыты...................................5
1.2 Валюталық саясат және валюталық бағамды реттеу теориясы...................12
1.3 Инфляция және инфляциялық таргетирлеу...................................................21
2 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫСЫ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУШІСІ ...................30
2.1 ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі ақша-несие саясаты........................30
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу қатынастарының
қазіргі жағдайы.....................................................................................................54
3 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................................62
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2007-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................62
3.2 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................93
Қазақстан Республикасының төлем балансы және теңгенің айырбас бағамы
Әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың өсуі Қазақстан Республикасының экспорттың кірістірінің одан әрі өсуін қамтамасыз етті. Кедендік статистиканың деректері бойынша тауарлар экспорты 2007 жылғы 9 айда 2006 жылдық тиісті кезеңімен салыстырғанда 19% өсіп, 33,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Энергия тасымалдауыштарының әлемдік бағаларының жоғары деңгейінің сақталуы мұнай кен орындарының инфрақұрылымын дамыту үшін шетелдік тікелей инвестициялардың ағынына себепші болды. Бұл ретте негізінен банк секторының сыртқы заемдары шикізатқа жатпайтын сектордың жоғары өсу қарқынының көзі болды. Ағымдағы операциялардан кірістер (негізінен тауар экспортынан түскен түсімдер) өткен жылдардағыдай импорт шығыстарын және резидент еместерге қаржы және еңбек ресурстарын тартқаны үшін кірістерді өтеген жоқ. 2007 жылы осы үрдістер күшейді, нәтижесінде ағымдағы операциялар шоты бойынша дефицит одан әрі ұлғайды. Төлем балансының ағымдағы шотының дефициті 2007 жылды. 9 айында 5,3 млрд. АҚШ долл.астам болды, ал 2007 жылдың нәтижесі бойынша 7 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болады деп күтілуде (2006 жылы – 1,8 млрд. АҚШ долл.). Шетелдік тікелей инвестициялардың нетто-ағынының айтарлықтай өсуі салдарынан (2007 жылғы 9 айда 6 млрд. АҚШ долл. жуық) бірлескен кәсіпорындардың импорт, ең алдымен халықаралық қызмет көрсету шығыстары өсті. 2007 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықаралық қызмет көрсету балансының дефициті 5,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2006 жылдық тиісті кезеңіне қарағанда 28,5% көп. Шетелдік тікелей инвесторлар қайтарған сомалар ағымдағы шот бойынша шығыстардың негізгі бөлігін құрайды. 2007 жылдың 9 айында олар 6,9 млрд. долл. құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,3% көп. Ағымдағы операциялар шоты бойынша дефициттің ұлғаюы да банк секторының сыртқы борышы бойынша сыйақылар төлемдерінің өсуі есебінен болды. 2007 жылдың 9 айында бұл сома 2,3 млрд. АҚШ долл. құрады (2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті). Тікелей инвесторларға дивидендтер төлеу және халықаралық қызмет көрсетуге ж.ұмсалған шығыстар бірлескен кәсіпорындар алған экспорттық кірістер мен тікелей инвестициялар есебінен жеткілікті түрде қаржыландырылады. Сонымен бірге төлем балансының елден капиталдың әкетілуін айқындайтын қалған операцияларын қаржыландыру мүмкіндіктері (сыртқы борышқа қызмет көрсету және өтеу) Қазақстан резиденттерінің халықаралық капитал нарықтарына кіруіне және резиденттер жинақтаған шетелдік активтердің көлеміне тікелей қатысты болады. Мәселен, 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында қаржыландырудың банк секторының сыртқы заемдармен қамтамасыз етілген нетто-ағыны 2006 жылдық бірінші жартыжылдығындағы 5,2 млрд. АҚШ долл. нетто-ағынымен салыстырғанда 12,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Елге сыртқы ресурстардың ағыны ағымдағы төлемдерді. қаржыландыру қажеттілігінен айтарлықтай асты және жеке сектордың шетел активтерінің өсуімен өтелген жоқ. Төлем балансының қаржылық шотының операцияларымен қалыптастырылған шетел валютасына деген артық ұсыныс теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай айтарлықтай қысым көрсетті, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығындағы операциялары есебінен әлсіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері бірінші жартыжылдықта 3,2 млрд. АҚШ долл., оның ішінде 1,1 млрд. АҚШ долл. Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) және банкаралық нарықта жүргізілген операциялар есебінен өсті. Теңгенің 2006 жылдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 127 теңгені құраған номиналдың бағамы 2007 жылғы сәуірде бір доллар үшін 120,1 теңгеге дейін нығайды, ал 2007 жылғы маусымның аяғына дейін бір АҚШ доллар үшін 122,31 теңгені құрады. Капитал нарықтарындағы ғаламдық дағдарыстық көрінуі 2007 жылғы тамыздан бастап Қазақстан банктері үшін сыртқы ресурстарды тарту жағдайының айтарлықтай нашарлауына және нәтижесінде Қазақстан Республикасы экономикасының жұмыс істеуі жағдайының өзгеруіне алып келді. 2007 жылғы үшінші тоқсанда банктер 4,2 млрд. АҚШ долл. сомасына ұзақ мерзімді сыртқы заемдарды (мерзімі 1 жылдан асатын) тартты, ал бірінші және екінші тоқсанда тарту көлемі, тиісінше, 6,9 және 6,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұрын тартылған ұзақ мерзімді заемдар бойынша негізгі борышты төлеуді және қысқа мерзімді заемдарды таза өтеуді өтеуді ескере отырып банк секторының сыртқы заемдары бойынша ресурстардың нетто-ағыны 2007 жылдың үшінші тоқсанында 0,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Шетел валютасына ұсыныстың қысқаруы жағдайында сұраныстың өсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері есебінен қаржыландырылды. Әлемдік капитал нарықтарындағы оқиғалардан кейін банктерде шетел валютасындағы өтімділік дефицитінің пайда болуы халықта валюта бағамының одан әрі динамикасына қатысты дүрбелең туғызды. Тамызда айырбас бағамы айдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 126,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған өктемдігі және банк жүйесіне деген сенімділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралары теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз етті. 2007 жылғы қыркүйектің аяғында айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 120,96 теңгені, ал 2007 жылғы желтоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 120,30 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде 6,0 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеп, желтоқсанның аяғында 17,4 млрд. АҚШ долл. құрады. Орта мерзімді перспективада теңгені. АҚШ долларына қатысты нығаюын айқындайтын түбегейлі факторлардың болуын назарға ала отырып, теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмау қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады.
Макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы экономикалық дамуы соңғы 7 жыл бойы жалғасып келе жатқан жоғары өсу қарқынының сақталуымен сипатталды. 2007 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсуі 2006 жылдық көрсеткішіне (10,7%) қарағанда шамалы бәсеңдеп, 9,7% .құрады. Негізгі өсу өңдеуші өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар, құрылыс, сауда сияқты салалардың жоғары даму қарқынымен байланысты болды. Негізгі капиталға инвестициялар 2007 жылғы қаңтар-қарашада 10,5% ұлғайды (2006 жылы – 11,1%). Экономикадағы жұмыспен қамтудың өсуі жалғасуда. 2007 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономикадағы жұмыспен қамтудың өсуі 2,4% құрады (2006 жылы – 2,0%). Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2006 жылғы желтоқсандағы 7,8%-дан 2007 жылғы қарашадағы 7,4%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, 2007 жылғы үшінші тоқсанда экономиканың тау-кен өндіру өнеркісібі, құрылыс және қаржы қызметі сияқты салаларындағы өсу қарқынының бәсеңдеуі байқалды. Бұл ретте өндіріс көлемінің қысқаруы іс жүзінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің барлық салалаларында дерлік байқалып отыр.
Қаржы секторындағы, ең алдымен банк сегментіндегі жағдайдың дамуы 2007 жыл ішінде әр түрлі бағыттағы үрдістермен сипатталды. 2007 жылғы қаңтар-шілде ішінде банк қызметінің одан әрі кеңеюі байқалды, банктердің активтері, міндеттемелері біршама қарқынмен өсті. Осы кезеңде әлемдік қаржы нарығындағы қойылымлардың біртіндеп өсуіне қарамастан, олардың деңгейі отандық банктерге сырттан қарыз алуды тарту жөніндегі саясатты жалғастыруға мүмкіндік жасады. Банктердің резидент еместер алдындағы 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы міндеттемелері 32,9% ұлғайды (2006 жылдық тиісті кезеңінде – 19,5%).
Тартылатын ресурстардың біраз бөлігі отандық экономиканы кредиттеуді ұлғайтуға бағытталды. 2007 жылғы 7 ай ішінде экономикаға берілген кредиттің өсуі 46,6% құрады (2006 жылдық тиісті кезеңінде – 27,7%). Болып жатқан оқиғалар аясында қаржы секторындағы жағдайдың өзгерісін сақтықпен сезінетін көрсеткіш ретінде халықтың депозиттері 2007 жылғы тамыз-қазан кезеңінде 4,7% төмендеді. Соған қарамастан олардың осы айлардағы көлемі 2007 жылғы маусымның деңгейінен асты, ал 2007 қарашада халықтың депозиттері 1,9% ұлғайды. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері 23,6% өсті, ал халықтың депозиттерінің өсімі 42,4% құрады. Сырттан қарыз алуға жасалған шектеулерге, әлемдік қаржы нарықтарындағы қойылымлардың өсуіне, сондай-ақ депозиттердің біршама өкетілуіне қарамастан отандық банктер экономиканы кредиттеуді тоқтатпады. 2007 жылғы тамыз-қарашада экономикаға кредиттер 5,1% өсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға арналған Ақша-кредитсаясаты. Инфляция бойынша қол жеткен мақсатты бағалау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2007 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 18,8% (2006 жылғы желтоқсанға 2007 жылғы желтоқсан) құрады, бұл 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,4 п.т. жоғары. Азық-түлік тауарлары 26,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 10,5%, ақылы қызмет көрсету 15,4% қымбаттады.
Базалық инфляция (жеміс пен көкөніс, бензин мен көмір бағаларының өсуін қоспағандағы инфляция) инфляциялық үдерістер динамикасындағы жалпы үрдісті көрсетеді, 2007 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша жылдың көрсетумен 17,3% дейін (2006 жылы – 7,3%) өсті. 2007 жылы инфляциялық үдерістер әр түрлі бағыттағы сипатта болды. Жылдың басында инфляцияның өсу қарқынның төмендеуі байқалды: жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 8,4%-дан 2007 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 7,6%-ға дейін төмендеді. 2007 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық үдерістер күшейді. 2007 жылғы қыркүйек-қарашада ғана бағалардың өсуі 9,7% жетті, бұл 2007 жылғы бағалардың жалпы өсуінің 50% астамын құрайды. Нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2007 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 7 жылдағы өзінің ең жоғары мәніне (18,8%) жетті, ал орташа жылдық инфляция 10,8% құрады. 2007 жылғы инфляциялық қысымның күшеюі бірнеше жылдар бойы әсер етуі жалғасып келе жатқан түбегейлі факторлардың ықпалымен емес, күйзелісті сипаты бар сыртқы факторлардың әсер етуінен туындады. Шетел валютасының ағыны, жиынтық сұраныстың жоғары өсу қарқыны, 2006 жылғы ақша ұсынысының ұлғаюы, еңбек өнімділігінің төмен болуы, жекелеген тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы бәсекенің жеткіліксіз деңгейі 2007 жылы инфляцияның түбегейлі факторлары болып қалды. Жоғарыда аталып өткендей, әлемдік нарықтарда 2007 жылғы тамызда бірқатаразық-түлік тауарларының (бидай, өсімдік майы) бағалары күрт өсті. Бұл Қазақстан Республикасы ішінде тиісті тауарлар мен олардан өңделіп жасалған тауарларды. бағаларына сәл кешігіп әсер етті. Атап айтқанда, 2007 жылғы қыркүйек-қарашада нан, ұн және күнбағыс майы сияқты өнімдердің бағалары біршама қарқынмен өсті. Осы өнімдердің бағасының өсуі басқа да азық-түлік тауарларына да мультипликативтік әсет еткенін ескерсек, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 2007 жылғы жылдық инфляция азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін есептемегенде қыркүйек-қараша аралығындағы кезеңде нақты 18,8% орнына 14,8% деңгейінде қалыптасқан болареді. Осылайша, көрсетілген факторлардың әсер етуі нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылға инфляцияға қатысты жасалған болжамы орындалмады. Ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес.
2007 жылға арналған инфляция жөніндегі болжам экономика дамуының 3 сценарийі («капиталдың қалыпты ағыны кезіндегі мұнайдың қалыпты бағалары», «капиталдың жоғары ағыны кезіндегі мұнайдың қалыпты бағалары» және «мұнайдың жоғары бағалары») бойынша айқындалды. 2007 жылдың қорытындысы «мұнайдың жоғары бағалары» сценарийінің жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, онда орташа жылдық инфляцияның болжамы 8,2%-9,2% шегінде белгіленді. Brent сұрыпты мұнайдың орташа базасы 2007 жылы бір баррель үшін 72,7 АҚШ долл. құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылы.ын ұстап тұру жөніндегі шаралары. 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты ақша-кредит саясатының операциялары бойынша қойылымларды көтеру жөніндегі саясатты жүргізуге, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін абсорбациялау жөніндегі шаралар қабылдауына бағытталған болатын. Шетел валютасындағы артық өтімділікті реттеуге валюта режимін ырықтандыру себепші болды. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасыны Заңымен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап резиденттер мен резидент еместер арасындағы күрделі операциялар бойынша шектеулер толық жойылды.Қысқа мерзімді ноталар шығару 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында ақша-кредит саясатының негізгі құралы болды. қаңтар-шілде аралығында шығарылған қысқа мерзімді ноталар 3,8 трлн. теңгені құрады (2006 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1 есе к.п). Ноталар бойынша орташа алынған кірістілік 2006 жылғы 4,69%-дан 2007 жылғы қарашада 5,64%-ға дейін өсті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы 1 наурыздан бастап айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі ноталарды шығаруға кірісті (1 наурызға дейін айналыс мерзімі тек 28 күн ғана болатын ноталар шығарды). Айналыс мерзімі 28 күн (1 ай), 3 ай, 6 ай және 1 жыл болатын ноталардың шығарылымы жүзеге асырылды. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында екінші деңгейдегі банктерден 4,1 трлн. теңге сомаға депозиттер тартылды, бұл 2006 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 34,5% аз. Банктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері бойынша қалды. 2007 жылғы шілденің аяғында 18,2 млрд. теңгеге дейін 86,2% төмендеді. Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері көлемінің төмендеуі олардың қысқа мерзімді ноталармен салыстырғанда тартымдылығының төмендеуіне байланыстыболды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатып алушы ретінде болды. Соған қарамастан, шетел валютасын нетто-сатып алу көлемі аса айтарлықтай емес – 291 млн. АҚШ долл. болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығындағы операциялары нәтижесінде (40,8 млрд. теңге) және банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттеріндегі қалдықтарының төмендеуі нәтижесінде (113,4 млрд. теңге) банктер алған теңгедегі өтімділікті ғана емес, сонымен бірге банктердің артық өтімділігінің бір бөлігін толық абсорбациялады (163,4 млрд. теңгеге).
2007 жылғы 11 ай бойы қайта қаржыландырудың ресми қойылымсы 9,0% деңгейінде, ал екінші деңгейдегі банктерден Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тартқан депозиттер бойынша қайта қаржыландырудың ресми қойылымсыны. ½ де.гейінде белгіленетін қойылым 4,5% деңгейінде қалды. 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап екі қойылым да тиісінше 11,0% және 5,5% дейін көтерілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары .Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылдың екінші жартыжылдығында жағдайдың өзгерісіне және банктердегі өтімділіктің ғаламдық дағдарысқа негізделген дефицитінің туындауына әсер ете отырып, банктерге өтімділік ұсыну арқылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қадамдар жасады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету пайдасына жасалған таңдау дұрыс болды және де көптеген орталық банктер, оның ішіне дамыған елдердің банктері осы жолды таңдады. Банктерді теңгедегі қысқа мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыздан бастап кері РЕПО операцияларын жүргізу көлемін ұлғайтты, шетел валютасын кепілге бере отырып, сондай-ақ банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі еркін айырбасталатын валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдытарды кепілге бере отырып валюталық СВОП операцияларын жүргізе бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің қысқа мерзімді ноталарын мерзімінен бұрын өтеу практикасын жаңартты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыны Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру заемдарының жаңа нысанын, атап айтқанда банктердің Қазақтан Республикасыны.Ұлттық Банкіндегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып қысқа мерзімді заемдар енгізді. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн мерзіммен жүргізілді. 2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 723,9 млрд. теңге көлемінде кері РЕПО операцияларын, 4043,1 млрд. Теңге көлемінде валюталық СВОП операцияларын жүргізді. 2007 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 4,0 млрд. теңгені, валюталық СВОП операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 123,8 млрд. теңгені құрады. 2007 жылғы тамыздан бастап банктер тарапынан қысқа мерзімді ноталарға деген сұраныс біршама қысқарды, нәтижесінде айналыс мерзімі 28 күн болатын ноталар ғана шығарылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер тарту бойынша ж.ргізілген операцияларыныө көлемі аз болды. Бұл банктердің «бос» өтімділігінің болмауына байланысты болды. Нәтижесінде айналыстағы ноталардың көлемі 228,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 57,1% төмендеді), банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерінің көлемі 9,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 92,4% төмендеді) қысқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатушы ретінде болды. Шетел валютасын нетто-сату көлемі 6,5 млрд. АҚШ долл. жетті. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда 58,2 млрд. теңгеге толықтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі нарықтағы операцияларының нәтижесі болды.