Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:14, дипломная работа

Описание

Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша – несиелік саясаты бойынша негізгі бағыттары көрсетілген. Бірінші бөлімінде ақша – несиелік саясаттың концепциялық мақсатының теориясы қарастырылады, ақша-несиелік саясатындағы жаңа құбылысы – инфляциялық таргитерлеу қарастырылады. Ақшалық база және алтын валютті резервтердің мақсаттың көрсеткіштерінен ақырындап инфляция бойынша мақсаттың көрсеткіштеріне ауысуы, бұл ҚР Ұлттық банкімен көбірек сәйкес келеді, инфляцияны таргетирлеу принципінің жолына ауысуы қабылданған. Инфляциялық таргитерлеу жоспарына ауысуын дайындап Ұлттық Банк жылдан бастап ақша – несиелік саясаттың –жылдық горизонталды жоспарлауын бекітеді, яғни жылдан бастап «базалық инфляция индексі есептеледі және инфляцияны қарастырылуы жіберіледі.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................5
1.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатындағы даму бағыты...................................5
1.2 Валюталық саясат және валюталық бағамды реттеу теориясы...................12
1.3 Инфляция және инфляциялық таргетирлеу...................................................21
2 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫСЫ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУШІСІ ...................30
2.1 ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі ақша-несие саясаты........................30
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу қатынастарының
қазіргі жағдайы.....................................................................................................54
3 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................................62
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2007-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................62
3.2 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................93

Работа состоит из  1 файл

Диплом каз Акша-несие саясаты.doc

— 967.50 Кб (Скачать документ)

Осы жағдайға байланысты қаржы-несиелiк саясатының негiзгi бағыты инфляцияны ұстау шамамен белгiлi орта мерзiмдi жоспарлық 2005-2007 жылға социалдық - экономикалық дамуын белгiлейдi.

Осы мақсатқа жету үшiн Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкi қаржы-несиелiк саясат операцияларын  нығайту шараларын  iстейдi және өзiнiң негiзгi қойылымның басқару әдiсiн дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 сурет. Банктің басқару аппаратының құрылымы

 

3 кесте

Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы (мұнайға қалыпты бағалар сценарийі)

 

 

2005

2006

2007

2008

Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

7,6

5,7-7,3

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру ставкасы, %

8,0

8,0

7,5

7,5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері,   млрд. АҚШ долл.

7,1

9,7

11,2

12,5

өзгеруі %-бен

-23,8

37,7

15,4

11,7

Ақша базасы, млрд. теңге

663

939

1184

1416

өзгеруі %-бен

14,7

41,7

26,1

19,6

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

2789

3561

4413

өзгеруі %-бен

25,2

35,0

27,7

23,9

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

1654

2228

2830

3525

өзгеруі %-бен

30,1

34,7

27,0

24,6

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге

2592

3676

4782

6028

өзгеруі %-бен

74,7

41,8

30,1

26,1

 

2005 жылдың алдын ала қорытындылары. Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы  тұрақты дамуда. Бұған  қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде. 2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі  2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 35,7% жетті. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді. 2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда 2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде – жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде қалды. Бірқатар факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің артуы 2005 жылы инфляциялық қысымның нығаюына ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар нарықтарындағы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағалардың өсуі сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  Brent сортты шикі мұнайға әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5% өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті тауарларға отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне алып келді. 2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге 23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді. Мұның өзі экономикалық белсенділікті ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның ұлғаюына ықпал етеді. 2005 жылы халық кірістерінің өсуінен туындаған инфляциялық күтулер қосымша инфляциялық фактор болды. 2005 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары (2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің деректері  іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25% астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде). Тұтыну бағаларының қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір дәрежеде әсер етті. Ақшаға сұраныстың өсуі  ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының  25,2%  өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі  ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2005 жылы 74,7% өсті. Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы  монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді. 2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша  8,6% өсіп, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде  өсу 59,0% құрады. 2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының  кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар)  2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4  млн. долларды құрады. 2005 жылы артық өтімділік деңгейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын күшейту шаралары қабылданды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды. Ішкі валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  валюта нарығына  өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді. Ақша-кредит саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-кредит саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап  депозиттік және кредиттік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты  ақша-кредит саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын  ақша-кредиттік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт»  заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу  уақытша тоқтатылды. Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды. Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды негізге ала отырып, ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды болжайды. 2006-2008 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі сценарийлік нұсқаны қарастырды. Сценарийлік нұсқаларға бөлудің өлшемі мұнайға әлемдік бағалардың деңгейі болып табылады (қалыпты бағалар сценарийі және жоғары бағалар сценарийі). Мұнайға төмен әлемдік бағалардың сценарийін  нарықта  бағаның күрт төмендеу мүмкіндігі  қысқа мерзімді болашақта барынша төмен болғандықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырмайды. Соңғы жылдардың тәжірибесі сыртқы қарыз алу көлемдерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай ықпалын көрсетіп отыр. Бұл фактор ақша кредит саясатын жүргізген кезде маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Мұның өзі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алу көлемдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы пайыздық ставкаларына қарамастан айтарлықтай болатынына байланысты.

Мұнайға қалыпты бағалар сценарийі 2006-2008 жылдары «Брент» сортты мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 45-60 доллар шегінде қалғанда, әлемдік пайыздық ставкалар шамамен ағымдағы деңгейде сақталады деп болжайды.  Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары экономиканың орташа жылдық өсуі 8-9%, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері – 12-38%, ақша массасы – 24-35%, ақша базасы – 20-42% шегінде күтіледі. Экономиканы монетизациялау деңгейі 2006 жылғы 32%-дан 2008 жылы 38%-ға дейін өседі.

Мұнайға жоғары бағалар сценарийі  алдағы үш жылдық кезеңде мұнайдың әлемдік бағасының одан әрі өсуін болжайды. Осы сценарий бойынша  «Брент» сортты мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асып түседі деп күтіледі. Мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда әлемдік пайыздық ставкалардың неғұрлым төменгі деңгейіне жету болжанады. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда экономиканың барынша жоғары орташа жылдық өсуі күтілуде. Халықаралық резервтердің, ақша агрегаттарының өсу болжамы мұнайға қалыпты бағалар сценарийіне қарағанда орташа алғанда 7-12 пайыздық тармаққа жоғары болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың  сценарийін  іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады.

Ақша-кредит саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2006-2008 жылдары  ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті»  қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде  қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің  нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы  ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр. Өтімділікті   шектеу бойынша көзделген шараларға қарамастан,  ақша ұсынысы экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады. Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын,  қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық жағдайын,  төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау  мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі  бойынша жұмыстар жалғастырылады. 

4 кесте

Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы (мұнайға қалыпты бағалар сценарийі)

 

 

2005

2006

2007

2008

Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

7,6

5,7-7,3

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру ставкасы, %

8,0

8,0

7,5

7,5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері,   млрд. АҚШ долл.

7,1

9,7

11,2

12,5

өзгеруі %-бен

-23,8

37,7

15,4

11,7

Ақша базасы, млрд. теңге

663

939

1184

1416

өзгеруі %-бен

14,7

41,7

26,1

19,6

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

2789

3561

4413

өзгеруі %-бен

25,2

35,0

27,7

23,9

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

1654

2228

2830

3525

өзгеруі %-бен

30,1

34,7

27,0

24,6

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге

2592

3676

4782

6028

өзгеруі %-бен

74,7

41,8

30,1

26,1

     

Ағымдағы  макроэкономикалық жағдайды және экономикалық саясат мәселелерін талқылау үшін,  2006 ж. 16 - 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасында ХВҚ миссиясы болды.

Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштері өте жоғары болып жалғасуда. Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура аясында экономиканы парасатпен басқару айтарлықтай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұнайға деген әлемдік жоғары бағалар және Қазақстан Республикасында мұнай өндірудің ұлғаюы мұнай секторы кірістерінің күрт өсуіне әкелді, бұлардың бір бөлігі әлеуметтік саланың кезек күттірмес қажеттіліктеріне және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі тез жоғарылады. 2000 ж. бергі кезең ішінде ЖІӨ жан басына шаққанда доллармен көрсетілуінде үш еседен астам өсті; ағымдағы жылы экономика осыдан алты жыл бұрынғысынан екі есе дерлік үлкен болады. Бұл ретте мұнай секторының үстеме кірістерінің едәуір бөлігі қазіргі кезде активтері 12 млрд (ЖІӨ-нің 17 пайызы) болып отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (ҚРҰҚ) бағытталды. Мұнай және мұнай емес секторлар кірістерінің  динамикалытүрде түсуі бұрынғысынша айтарлықтай профицит байқалып отырған бюджеттің нығаюына көмегін тигізді. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштері де жоғары болып отыр; ағымдағы жылы Ұлттық банктің резервтері 12 млрд. жетіп, екі есе дерлік өсті (бұл тауарлар мен қызмет көрсету импортының 6 ай кезеңіндегі көлеміне сәйкес келеді). Экономиканың таяу болашақта даму перспективалары қолайлы болады; дегенмен, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында макроэкономикалық саясат шеңберінде тәуекелдерді төмендетуге көбірек назар аудару қажеттілігі артатын болады. 2006 ж. бірінші жартылдығында ЖІӨ өсімі нақты көрсетілуінде 9 пайыздан асты; таяу болашақта оның өсу қарқыны осы қалпында сақталады деп күтілуде.  Жұмыссыздық деңгейі одан әрі төмендеуде; 2006 ж. ортасында ол 7 пайыз болды. Соған қарамастан, инфляциялық қысым күшейді; ағымдағы жылдың басынан бері тұтыну бағаларының инфляциясы шамамен 8,5 - 9 пайыз деңгейінде сақталып отыр. 2007 ж.  арналған бюджет жобасында көзделген салық-бюджет саласын айтарлықтай ынталандыру аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2007 ж. қаңтарында жоспарлы түрде 30 пайыз арттыру инфляциямен күрестің ауыртпалығын ақша-кредит саясаты толығымен өзіне алатынын білдіреді.  Соңғы уақытта ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде бірқатар қажетті шаралар қабылданды. Резервтік талаптарды қолдану кеңейді, негізгі пайыз ставкасы (ҚҰБ-ның депозиттер бойынша пайыз ставкасы)  25 базалық пунктке артты; ҚҰБ ноталарын шығару ұлғайды. Нәтижесінде 2006 ж. басынан бері банк кредиттері бойынша орташа пайыз ставкалары шамамен 100 базалық пунктке көтеріліп, 15 пайыздан асты. Оның үстіне, ҚҰБ теңгені едәуір нығайтты, мұның өзі инфляцияның одан әрі өсуін болдырмауға мүмкіндік берді . Инфляцияны тежеу үшін ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдату қажет. Ақша массасының кең ауқымды көрсеткіші және банктік кредиттеудің өсу қарқыны өте жоғары болып отыр (жылдан жылға тамыздағы жағдайы бойыншатиісінше 58 және 77 пайыз); банктердің сыртқы қарыз алуы жылдам өсуде. Оның үстіне, шілде айының аяғынан бергі кезеңде теңге бағамының едәуір бәсеңдеуі тақаудағы айларды сыртқы сауда тауарлары бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Сөйтіп, ақша массасының өсуін және кредиттеу көлемін баяулату үшін  әлемдік ставкалар деңгейінде қалып отырған және нақты көрсетілуінде теріс мәнді болып отырған базалық пайыз ставкасын одан әрі көтеру қажет; бұдан басқа, резервтік талаптарды арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Экономикалық ахуалды ескере отырып, теңге бағамы қозғалысының бағытын өзгерту инфляцияны тежеуде шешуші рөл атқаруы тиіс, мұның бәсеңдеуі оның өткен кезеңдегі нығаю нәтижелерін іс жүзінде соңғы уақытта  бейтараптандырды. Теңге бағамының номиналдық нығаюына жол бермеуге ұмтылу, бәрінен де бұрын, оның нақты көрсетілуінде инфляция қарқынының артуы салдарынан мұның міндетті түрде нығаюына әкелуі мүмкін . Ақша-кредит саясатын қатаңдату және теңге бағамын нығайту белгілі бір шығындар жұмсауды қажет ететінін мойындау керек. Неғұрлым жоғары пайыз ставкалары және реттеу көлемін ұлғайту салдарынан реттеуге жұмсалатын шығындар артады. Ұлттық валюта бағамын нығайту ҚҰБ-ның теңгемен көрсетілген халықаралық резервтер құнының төмендеуіне әкеледі, мұның өзі қайта бағалау бағамынан болған айтарлықтай (жұмсалмаған) шығынды білдіреді. Өткен жылы осындай шығындардың орнын толтыру мақсатында ҚҰБ капиталын толықтыруды көздейтін заң қабылданды; дегенмен, оның фундаменталды ережелерінің мәнін толық түсінуге қол жеткізу қажет. Осы түрдегі шығындармен экономикалық саясатты міндетті түрде қатаңдату қоса жүреді. Егер бюджеттен бұл шығындардың орны дер уақытында толтырылмаса, олар ақша-кредит және валюта саясатын жүргізуге кедергі келтіретін болады, мұның нәтижесінде инфляция жоғарылайды. Ақша-кредит саясатының шараларымен қатар пруденциалдық реттеуді қатаңдату жөнінде маңызды қадамдар қабылданды. Атап айтқанда, байланысты тараптарды  кредиттеуге, тұрғын үй кредиттеуге, сондай-ақ трансшекаралық несиеге  қатысты талаптар қатаңдатылды. Бұдан басқа, банктердің валюта өтімділігіне қатысты мейлінше қатаң нормативтер белгіленді, ашық валюта позициясының лимиттері қысқартылды, қысқа мерзімді сыртқы міндеттемелер көлемінің лимиті (банк капиталының   мөлшеріне байланысты) белгіленді. Осы пруденциалдық шаралар банк секторының осал жерлерінің артуына кедергі келтіретін болады деп күтілуде; дегенмен, егер банктік кредиттеудің  және сыртқы қарыз алулардың өсу  қарқынын айтарлықтай бәсеңдету жүргізілмесе, тақаудағы айларда қосымша шаралар қолдану қажет болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, мүмкін, банктердің қысқа мерзімді борышына қоса орта және ұзақ мерзімді сыртқы борышын жабу мақсатында сыртқы қарыз алу лимиттерін одан әрі қатаңдату және/немесе арттыру, валюта өтімділігінің нормативтерімен қатар, сыртқы қаржыландыруға қол жеткізу күрт қысқарған жағдайда, банктердің осал жерлерін азайтуға көмектесетін болады. Бұдан басқа, кредиттеудің өсу қарқынын баяулату және несие портфелі сапасының жылдам нашарлау тәуекелін шектеу мақсатында капиталдың жеткіліктілігін анықтау кезінде тәуекелдердің салмағын түзету туралы мәселені қарау керек. Қадағалау органдарының банктердің кредиттеу, оның ішінде, кредиттер беру және шет елде инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне назарын арттырудың, банк тәуекелдерін басқару практикасын жетілдірудің  зор маңызы болады. Осыған байланысты банктерде дер уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз ету үшін,  ең алдымен осындай тексерістерді жүзеге асыратын  қызметкерлердің кадр құрамын нығайту арқылы қадағалауды жүзеге асыруға арналған ресурстарды арттыру аса маңызды.  Сыртқы борышқа қатысты мониторингті жетілдіру жөнінде күш-жігер жұмсалуда. Сыртқы борыш жөніндегі статистика деректері мен сыртқы міндеттемелер жөніндегі ақша-кредит статистикасының деректері сәйкестендірілді. Сондай-ақ мемлекеттік борышты анықтауға мемлекеттік кәсіпорындардың міндеттемелерін қосу ниетін құптау керек. Өтеуге дейінгі мерзімдер негізінде жекеменшік сектордың сыртқы борышының статистикасын жүргізу және сыртқы міндеттемелерді өтеу кестесін жасау ролловермен байланысты осалдау жерлер мен тәуекелдерді бағалау үшін аса пайдалы. Біріктірілген сыртқы борыш бойынша мақсатты көрсеткіштерді ЖІӨ-ге қатысты пайызбен еркін белгілеудің құптарлық еместігіне қарамастан, экономикалық саясат шеңберінде сыртқы міндеттемелердің одан әрі, әсіресе банк секторында, тез өсуін  шектеу қажет. Сондай-ақ төлем балансының деректерін мұнай және мұнай емес құрамдастарға бөлу жөнінде одан әрі жұмыс жүргізу соңғы уақытта болған импорт ұлғаюының қандай үлесі мұнай өндіруге және көлікке салынатын инвестицияларға тиесілі екені туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. ХВҚ Статистика департаменті тақауда елге осы салада техникалық көмек көрсетті. Миссияның білуінше, қажетті ақпарат қолда бар және осындай бөлісті алу мақсатында Энергетика министрлігін қоса алғанда, тиісті ведомстволардың өзара іс-әрекетін жандандыруға табанды ұсыныс береді. Қазақстан Республикасында салық-бюджет саласының ресурстары ақша-кредит көзделеді, мұның өзі олардың тиімділігін мейлінше мұқият зерделеу қажеттігін көрсетеді; мұнай емес сектордың тапшылығы шамамен ЖІӨ-нің 0,7 пайызына ұлғаяды. Мұндай фискальды саясат инфляцияны тежеу мақсатында ақша-кредит саясатын және пруденциалдық салалардағы шараларды дереу одан әрі қатаңдатқан жағдайда, осы саланың тұрақтылығын тәуекелге ұшыратпай, шығыстарды ұлғайту және салық ставкаларын қысқарту үшін жеткілікті болып отыр. 2007 ж. арналған республикалық бюджеттің жобасы ҚҚС ставкасын 1 пайыздық пунктке (14 пайызға дейін) қысқартуды және жеке тұлғалардың табысына қазіргі кезде қолданылып жүрген ауқымы 5 пайыздан 20 пайызға дейінгі прогрессивті шкаланың орнына бірыңғай 10-пайыздық салық ставкасын жүргізуді көздейді. Сондай-ақ күрделі шығыстар және даму институттарына қаражат беру де айтарлықтай ұлғаятын болады. Бұдан басқа, 2007 ж. қаңтарында 30 пайызға өсірілуі көзделетін мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттырудың екінші кезеңі жүзеге асырылатын болады. Және де мемлекеттік қызмет құрылымының  реформасын жүргізу  жөніндегі жоспарларды әзірлеу аяқталатын болады, мұның шеңберінде 2007 ж. мемлекеттік қызметшілер санының, негізінен, қолданыстағы қазіргі вакансиялар есебінен 30 пайызға қысқартылуы мүмкін. Нәтижесінде, шығыстардың мемлекеттік басқару секторының шамамен  25 пайыз ұлғаюы қатаңдату және  ұлттық валюта бағамын нығайту  қажеттігіне үндейді.

Информация о работе Ақша-несие саясаты