Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Маркетинг экономикалық және қоғамдық қызмет түрлерінің ең маңыздыларының бірі болып табылады, дегенмен, оны көбінесе дұрыс түсінбейді. Маркетингтің мақсаты – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, оны алу жағдайын жақсарту, бұл өз кезегінде елдегі тұрмыс деңгейін арттыруға, тіршілік сапасын жоғарылатуға әкеледі.
Әрбір фирма қандай бизнес түрімен айналысуына сәйкес, меншікті маркетингілік кешен әзірлейді, яғни өзінің мәселелерінде және тапсырыскерлер проблемаларында барынша тиімділікпен шешуге мүмкіндік беретін маркетингтің құралдар жиынтығын.
Бір жағынан, маркетинг - бұл «болжап білу, сәйкестендіру және сатып алушылар қажетсінуін қанағаттандыру өндіруші үшін пайдалы болатындай» қорытындыланатын тұжырымдама.

Содержание

1 Тарау. Қызмет кӨрсету саласындағы маркетингтің мӘні мен қажеттілігі
1.1. Қызмет көрсету маркетингтің өзіндік ерекшелігі.
1.2. Қызмет көрсету кәсіпорынының маркетингілік ортасы
1.3. Көрсетілетін қызметке сұраным және қазіргі жағдайлардағы маркетинг тұрпаттамасы
1.4. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласындағы маркетингтің маңызы

2 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметін талдау
2.1. «Қазақтелеком» АҚ ҚР телекоммуникациясы нарығындағы қызметі
2.2. Қазақтелеком АҚ қызмет қөрсету түрлерінің және тарифтерінің анализы

3 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1. Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы
3.2. «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру

Работа состоит из  1 файл

Дип.-маркетингіге-және-кәсіпорындағы-маркетингілік-қызметті-басқаруға.doc

— 1,008.50 Кб (Скачать документ)

2. Шаруашылықты жүргізудің  нарықтық жүйесінің қалыптасу  жағдайларында, байланыстырушы буын  ретінде, сауданың ролі артады. Осы саладағы тауар айналымының, нарықтың тауарлар мен қанығуымен және халықтың сатып алу  қабілеттілігінің құдырауымен, өсу қарқынының азаюына қарамастан, шаруашылықтың бұл саласындағы өсу келешекті болады және маңызды мүмкіндіктерге ие.

3.  Статистикалық деректерді талдаулар негізінде, демалыстың жан-жақты дамыған индустриясын жасау есебінен санаториялық-курорттық қызмет көлемінің өсуінің маңызды келешегі туралы қортынды жасауға болады. 

4. Көрсетілетін қызметтер  құрылымында   радикалдық ығысулар  өтуде. Шешімдер қабылдау үшін және кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету үшін ақпаратты қажетсінудің артуымен, ақпараттық және кеңес беруші қызметтердің үлесі жоғарылайды.

5.  Ары қарай кеңею, жаңа қажетсінулердің пайда болуы және жұмысшы күшті өндірістік сектордан босату оның қызмет көрсету секторына ағылуына жағдай жасайды, ол елдің экономикасындағы қызмет көрсету саласының үлесін кеңейтеді.

 

 

 

2 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметін талдау

 

2.1. «Қазақтелеком» АҚ ҚР телекоммуникациясы нарығындағы қызметі

 

"Қазақтелеком" АҚ – Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы, байланыс қызметінің толық тізбесін көрсететін кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі.

Компанияның орталық  офисі Қазақстан орталығы - Астана қаласында орналасқан.

Компанияда 33 мыңнан астам  жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағындағы әрбір адамға байланыс қызметін көрсетудің кепілдігі  болып табылатын елдің әр облысында  КАЗАХТЕЛЕКОМНЫҢ аймақтық бөлімшелері  бар.

Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алып, экономикалық қатынастардың рыноктік түрлеріне көшкеннен кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің электр байланысы кәсіпорындары мен ұйымдары базасында “Қазақтелеком” Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды, ол 1997 жылдың 20 ақпанында “Қазақтелеком” Ашық акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді және 2003 жылы “Қазақтелеком” Акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.

Қазір Қазақтелеком бизнес-бағдарланған компанияға түрлендірілуде, жыл сайын  «үлкен төрттік» аудиторларымен тұрақтылығы мен ізгілік беделі дәлелденуде. Бұның өзі шетелдік әріптестермен өзара тиімді бірлесіп қызмет істеуді нығайтуға және атқарып жатқан қызметіміздің өрісін кеңейтуге көмектеседі.

Қазақтелеком халықаралық  оператор ретінде әлемнің 230-нан  астам елімен байланысты қамтамасыз ете отырып, 154 алыс шетелдермен және 23 ТМД және Балтық елдерімен тығыз ынтымақтастық қатынасты жүзеге асыруда.

Компанияның акциялары  Қазақстан қор биржасының ресми  тізіміне енгізілді және “көгілдір  фишкалар” мемлекеттік пакеттерін іске асыру бағдарламасына кірді.

Fitch халықаралық рейтинг  агентігі "Қазақтелеком" АҚ-на "ВВ" деңгейінде жергілікті және шетел  валютасымен ұзақ мерзімді корпоративтік  несиелік рейтинг тағайындады.  Компанияның рейтингтік келешегін  агенттік “тұрақты” ретінде бағалады. ”Қазақтелеком” АҚ-ның бұл рейтингі республиканың егемен рейтингімен бір топта тұр.

2004 жылы EUROMONEY халықаралық  журналы ”Қазақтелеком” АҚ-ын  Орталық Азияда жетекші компания  деп таныды.

Қазақтелеком телекоммуникация қызметін көрсету сапасына және оған жалпының бірдей қол жеткізуіне аса көніл бөле отырып, " Қазақтелеком" АҚ телекоммуникациялар желілерін жаңғырту мен дамыту бойынша ірі ауқымды Бағдарламаны табысты іске асыруда.

Қазіргі кезде Қазақтелеком телефон байланысын пайдаланатын 1.92 миллионнан астам қалалық телефон абоненттеріне және 452 мың ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. 100 қала тұрғындарына шаққанда телефон саны 22,7-ге тең, ауылдық жерде - 7 телефон.

«Қазақтелеком» АҚ Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАСМ) салу жобасын іске асыруды жалғастыруда. Супермагистраль Қазақстанның барлық аймақтарын бірімен бірін оңтайлы жалғайды және дүниежүзілік ақпарат желісіне қатынауға мүмкіндік береді.

Супермагистраль республикада қазіргі заманның байланыс қызметін көрсетуді дамытуға, жедел деректер беруді енгізуге, сондай-ақ Азия, Орталық Азия және Еуропа арасындағы халықаралық транзитті ұлғайтуға септігін тигізетін болады.

Бүгінде елдің автоматты  қалааралық станцияларының бәрі –  цифрлық, желіде 3 Халықаралық Коммутация Орталығы (ХКО) жұмыс істейді. ХКО құру Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникациялар желілерімен байланыс ұйымдастырудың халықаралық қағидаларына көшуге мүмкіндік берді.

Магистралдық және аймақтық телефон арналарының 90%-ына жуығы  хабар таратудың цифрлық жүйелері болып құрылды.

Құрылған спутниктік байланыс желісі Қазақстанның қатынауы қиын және кішігірім енді мекендері  тұрғындарын ең жаңа қазіргі заманның телекоммуникациялық қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

«Қазақстан он-лайн»  деректер беру ұлттық желісін салу жобасы табысты аяқталды.

Қазақтелеком жүргізіп жатқан ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жаңа технологияларды енгізуді және ақпараттық, телекоммуникациялық қызмет көрсету  аймақтық рыногының қалыптасуын  қамтамасыз етеді, бірыңғай ақпараттық кеңістік құрады және Қазақстанның Орталық Азия аймағында аса ірі транзит орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, халықаралық телекоммуникациялар рыногында оның тұғырын нығайтады.

Көрсетілетін қызмет спектрінің өсуімен  қатар Қазақтелеком абоненттерге қызмет көрсету сапасын да белсенді түрде жақсартуда. Атап айтқанда, барлық технологиялық үдерістердің ISO 9000:2001 халықаралық стандарттарына сәйкес көшуіне үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні Қазақтелекомда ISO 9000:2001 бойынша сапа сертификатын Компанияның 4 филиалы алды және 2005 жылдың аяғына дейін қалған филиалдарды сертификаттау, сөйтіп, бүкіл компанияны сертификаттауды аяқтау жоспарлануда.

Қазақтелеком жүйелі түрде CRM-шешімдері  базасында Call-орталықтары желісін  құруда және өзінің барлық филиалдарында биллингті есептеу және телекоммуникациялардың техникалық есебін жүргізу автоматтандырылған жүйесін енгізді.

Бүгінде Қазақтелеком, мемлекет басшысы  және компания акционерлері қойған жаңа міндеттерді орындай отырып, Компанияны рынокқа бағдарланған философиямен және корпоративтік мәдениетпен қарқынды және ілгерішіл түрде сапалы түрлендіруді және клиенттеріміздің қалауын алдын ала сезуге қабілетті тиімді бәсекелестік бизнес құруды жүзеге асыру үшін алдын алу және балама шараларды қолдануда.

Саланы ырықтандырудың белсенді сатысында  және Қазақстанның ДСҰ-на кіру алдында  Қазақтелеком Қазақстан телекоммуникациялық  рыногында ең ірі оператор тұғырын  сақтауда және келешекте де мемлекеттің  телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуда өзінің жетекші рөлін сақтап қалу ниетін ұстануда. Осыған байланысты, Қазақтелеком алдында ғаламдық рыногта операторлық жасау, Қазақтелекомның бәсекелестікке қабілеті жоғары деңгейлігін қамтамасыз ететін тиімді менеджментті қалыптастыру, үздіксіз жаңартпалар, халықаралық рынокта бизнесті дамыту сияқты жаңа міндеттер тұр. Бұл міндеттер стратегиялық жоспарлар енгізу, қазірде бар бизнес-үдерістерді оңтайландыру, табысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру және басқаруды жаңғырту жолдарымен шешілетін болады.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігі тарапынан 2004 жылдың 28 мамырсында берілген № АБА №000001 . лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

Лицензияның формасы: Бас лицензия;

Әрекет аумағы: Қазақстан Республикасы;

Осы лицензияға сәйкес "Қазақтелеком" АҚ жалпылама пайдаланыстағы телекоммуникация тораптарын (ЖПТТ) дамытуды, енгізуді, қолдауды қамтамасыз ететін бірден-бір ұлттық оператор дәрежесіне ие және сонымен қатар ЖПТТ операторы, әрі Қазақстан Республикасы аумағындағы қалааралық және халықаралық байланыс қызметінің жеке-дара операторы жұмысын атқарады.

2006 жылдың 14-ші сәуірінен  бастап, «Қазақтелеком» АҚ-ың қызмет  көрсету жүйесінің жаңа орны  – заңды тұлғаларға қызмет  көрсету Агенттігі өз жұмысын  бастады. 

Республикада ашылып жатқан Агенттіктердің бірінші қатарында тұрған бұл жаңа Агенттік ірі қызмет көрсету орны болып табылады, және де оның атап өтерлік ерекшелігі сол - бұл жерде кіші бизнес субъектілеріне ғана емес, ірі корпоративтік тұтынушыларға да іс жүзінде «кедергісіз қызмет көрсету» қағидасы іске асырылған.

Бұл қызмет көрсету орнында ірі  қазақстандық байланыс операторының астаналық  клиентеріне телекоммуникациялар  қызметтерінің толық жиынтығы ұсынылады, және де оны дербес менеджермен кездесе  отырып алуға болады. Осылай компанияда, тұтынушымен өз ара әрекеттесудің әлеуметтік бағдарланған және де бір қағидасы – «бір орын» немесе бизнестік қолданыстағы «One stop shopping» деп аталатын қағида іске асырылған.

Бұл оқиға «Қазақтелеком» тарапынан  іске асырылған нақты клиентке бағдарланған бизнес компанияның үлгісін құруға ұмтылысының іс жүзіндегі айғағы болып табылатындығын атап өткен жөн.

Компанияның президенті Хайрат Кәрібжанов: «Біз қазақстандықтардың бәсекелестік мүмкіндігі зор экономикасы  бар дамыған елдердегі қызмет көрсету сапасы деңгейіндегі телекоммуникациялар қызметтерін алуын қалаймыз. Қызмет көрсетуді жақсарту мен қызметтер спектрін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс атқару біздің келешектегі жетістіктеріміздің негізі болып табылатындығына мен сенімдімін», – деп атап өтті.

Дамуына ерекше көңіл  бөлініп отырған компанияның  астаналық филиалы - «Астанателеком»  ҚТО-да осы жаңа Агенттіктің ашылуы осыған дәлел бола алады. Атап айтқанда, 2006 жылы Астанадағы телекоммуникациялар  желілерінің техникалық дамуына  «Қазақтелеком» тарапынан 2 млрд. теңге көлемінде инвестициялық қаржылар жұмсалды.

Компания, Елбасымыздың алдымызға қойған мақсаты – біздің қаламыздың әлемдегі ең дамыған 30 астаналық  қалалардың қатарына қосылуына қол  жеткізуді өз қызметі деп біледі.

Осымен бірге, «Қазақтелеком», атқарып отырған өз жұмысының көрсеткіштерін, астаналық қалалардың телекоммуникацияларының дамуының ең озық әлемдік үрдісіне лайықты телекоммуникациялық инфрақұрылымның техникалық технологиялық дамуының өзекті межелері мен сервистің сапалық параметрлеріне сәйкестелуіне ұмтылуда.

«Қазақтелеком» АҚ-ың Президенті Х.С. Кәрібжанов, астана қауымы келешекте де технологиялық және сервистік сипаттағы инновациялық шешімдердің іске асырылуын сенімді  күтуіне болатындығын нақты атап өтті.

Құрылымы 

Компания бөлімшелері

"Қазақтелеком" АҚ - Республикадағы  ең үлкен компаниялардың бірі, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс  істейді. Толық жұмыс кезеңі - қызметтерді өндіруден оны тұтынушыға  сатуға дейін және оларды сатудан  кейінгі қолдау - атқарылатын функциялардың  көп түрлігінде және Қазақстан Республикасының барлық территориясында орналасқан құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар санында көрсетілген.

“Қазақтелеком” АҚ филиалдарының  тізімі:

  • 14 облыстық филиалдар – Облыстық телекоммуникациялар дирекциялары:
    • Ақмола ОТД
    • Ақтөбе ОТД
    • Алматы ОТД
    • Атырау ОТД
    • Шығыс Қазақстан ОТД
    • Жамбыл ОТД
    • Батыс Қазақстан ОТД
    • Қарағанды ОТД
    • Қостанай ОТД
    • Қызылорда ОТД
    • Маңғыстау ОТД


    • Павлодар ОТД 
    • Солтүстік Қазақстан ОТД
    • Оңтүстік Қазақстан ОТД
  • 2 қалалық телекоммуникациялар орталықтары:
    • “Астанателеком” ҚТО
    • “Алматытелеком” ҚТО
  • “Алыспен байланыс” бірлестігі
  • Радиотехникалық бірлестік –
  • “Телеком-Жинақтау” дирекциясы
  • Корпоративтік сату дирекциясы
  • Пайдалану-шаруашылық бірлестігі
  • Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы
  • Мамандық деңгейін көтеру орталығы
  • “Қазақтелеком” АҚ Ресей Федерациясындағы өкілдігі (Мәскеу қ.)

 

НЕГІЗГІ ЖОБАЛАР 

Қазақтелеком республиканың  телекоммуникациялар желілерін  жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда. Жүргізіліп отырған жетілдіру ұлттық телекоммуникациялар желісінің барлық деңгейлері мен құрамдық элементтеріне ықпал жасады.


 

Ұлттық ақпараттық супермагистрал

 

1998 жылдан бастап ТАЕ қазақстандық  учаскесінің (Хоргос – Алматы  – Тараз – Шымкент – Ташкент)  оңтүстік сигменті жұмыс істейді. 1998 жылы Петропавл – Кормиловка (Ресей) маршруты бойынша талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталды. Ұзақтығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлы радиорелелік желі салынды, сонымен жоғары сапалық деңгейде Орта Азия – Ресей транзит арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін по радиальной ветке Алматы – Астана – Петропавл – Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлы шығу ұйымдастырылды.

2001 жылы Ұлттық Ақпараттық  Супермагистралдың (ҰАСМ) Батыс тармағының  пайдаланысқа енгізілуі телекоммуникациялар желілерін жетілдіру және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде айтарлықтай оқиға болды. ТОБЖ жалпы ұзақтығы – 2,473 км және Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Атырау – граница Ресей Федерациясының шекарасы маршруты бойынша өтеді. Өткізу мүмкіндігі 16 STM-1 транзиттік ағымды, сыйымдылығы - 30 240 арнаны құрайды.. Ұлттық магистралдың Батыс тармағы құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының жаңа, осызаманғы телекоммуникациялық инфраструктурасын қалыптастырудағы маңызды саты болды. Соның нәтижесінде Европадан Қытайға, жапонияға, Оңтүстік Шығыс Азияға ең қысқа жолмен қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болды.

Информация о работе Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы