Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Маркетинг экономикалық және қоғамдық қызмет түрлерінің ең маңыздыларының бірі болып табылады, дегенмен, оны көбінесе дұрыс түсінбейді. Маркетингтің мақсаты – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, оны алу жағдайын жақсарту, бұл өз кезегінде елдегі тұрмыс деңгейін арттыруға, тіршілік сапасын жоғарылатуға әкеледі.
Әрбір фирма қандай бизнес түрімен айналысуына сәйкес, меншікті маркетингілік кешен әзірлейді, яғни өзінің мәселелерінде және тапсырыскерлер проблемаларында барынша тиімділікпен шешуге мүмкіндік беретін маркетингтің құралдар жиынтығын.
Бір жағынан, маркетинг - бұл «болжап білу, сәйкестендіру және сатып алушылар қажетсінуін қанағаттандыру өндіруші үшін пайдалы болатындай» қорытындыланатын тұжырымдама.

Содержание

1 Тарау. Қызмет кӨрсету саласындағы маркетингтің мӘні мен қажеттілігі
1.1. Қызмет көрсету маркетингтің өзіндік ерекшелігі.
1.2. Қызмет көрсету кәсіпорынының маркетингілік ортасы
1.3. Көрсетілетін қызметке сұраным және қазіргі жағдайлардағы маркетинг тұрпаттамасы
1.4. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласындағы маркетингтің маңызы

2 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметін талдау
2.1. «Қазақтелеком» АҚ ҚР телекоммуникациясы нарығындағы қызметі
2.2. Қазақтелеком АҚ қызмет қөрсету түрлерінің және тарифтерінің анализы

3 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1. Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы
3.2. «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру

Работа состоит из  1 файл

Дип.-маркетингіге-және-кәсіпорындағы-маркетингілік-қызметті-басқаруға.doc

— 1,008.50 Кб (Скачать документ)

Megaline бірнеше тариф  жоспарларын ұсынады, олардың  арасынан Сіз өзіңіздің қажетіңізге  және қаржылық мүмкіндігіңізге  қарай ең тиімдісін таңдай  аласыз. Megaline трафикті мегабайтпен есептеуді көздейді, оның уақытпен есептеуден айырмашылығы Сіздің веб-парақтарды қарап шығуға емес, ашуға ақы төлейтініңізді білдіреді.

Бұған қоса, Сіз Интернет желісінің ақпараттық, музыкалық  ресурстарына, онлайн-ойындарына, радиосына және басқа әртүрлі сервистеріне қатынай аласыз, Сіздің трафик тұтыну мониторингін жүргізу және Жеке Кабинет (Сіздің жеке веб-парағыңыз) арқылы өз бюджетіңізді басқару мүмкіндігіңіз болады.

Сіз бір уақытта Интернетте жұмыс істеп отырып, телефонмен де сөйлесе аласыз, мұндайда телефон байланысының сапасы төмендемейді.

Megaline Сізге тәулік  бойы Интернет желісіне қатынауды  қамтамасыз етеді және телефон  желісінің физикалық ажырауынан  басқа жағдайларда қосудың үзілуіне  жол бермейді.

Megaline көрсеткен қызметтерге төленетін ақы қызмет көрсетуді пайдаланған айдан кейінгі телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін жалпы есепшотқа енгізіледі.

Телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін есепшот  бойынша "Қазақтелеком" АҚ сервис пункттерінде, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, ТұранӘлем банкі және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, Қазкоммерцбанк банкоматтары арқылы және HomeBank.kz Интернет-порталында төлем жасауға болады

Megaline қызметтерін пайдаланғанда  Сізге телекоммуникациялық қызметтердің  ұлттық операторы - "Қазақтелеком" АҚ компаниясы жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Megaline жұмысының сенімділігі тәулік бойы техникалық қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі

“Қазақтелеком” АҚ жетекші  жобаларының бірі – 1997 жылы құрылған және Avaya жабдығы базасында іске асырылған Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі болып табылады.

Jrun цифрлық телефон  бизнес-желісі өзін жергілікті, қалааралық  және халықаралық цифрлық байланысқа  мамандандырылған Қазақстандағы  қарқынды дамып келе жатқан  және техникалық жағынан жетілдірілген үстеме салынған желі ретінде көрсетті.

Рынок өзгерістерін дереу  сезіне отырып, Jrun бизнес-желісі бизнесті табысты жүргізуге қажетті байланыс қызметінің ең қазіргі заманғы түрлерінің толық кешенін көрсетуді қамтамасыз етуде.

Jrun бизнес-желісінің артықшылығы  – жоғары сапалы байланыс, қосылу  тездігі, қол жетерлік баға, барлық  қажетті телекоммуникациялық қызметтер  көрсетуді бір оператордан алу  мүмкіндігі. Jrun бизнес-желісі көрсетілетін  қызметтердің тізбесін, оны ең  қазіргі заман шешімдерімен толықтыра отырып, кеңейтуде.

Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі өз абоненттеріне мына қызметтерді көрсетеді:

  • Жоғары сапалы жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс,
  • қалааралық және халықаралық байланыс арналарына басымдылықпен шығу,
  • ISDN-технологиясын пайдалана отырып, коммутацияланатын арналар бойынша деректер беру және Интернетке қатынау,
  • Парасаттық желі қызметі,
  • корпоративтік телефон желілері құрылысын салу мүмкіндігі.

Қазіргі кезде желі Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды қалаларын қамтыды. Жуық арада Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларында желі тораптарын ұйымдастыру жоспарлануда.

«Kazakhstan Online» ұлттық деректерді тарату желісі Қазақстан Республикасының 112 жергілікті пунктті қамтиды және 200 торапты есепке алады. Желі CISCO Systems жабдығын қолданумен жерүсті цифрлы арналар базасында құрылған. Желінің жалпы өткізу қабілеттілігі 2 Гбит/сек –тан жоғары. Kazakhstan Online желісі кеңжолақты АТМ – желісі болып табылады және АТМ форумының әлемдік стандарттарына жауап береді. Желінің негізгі артықшылығы:

    • бас тарту тұрақтылығының мүмкіндігімен белсенді желілі жабдықтың негізгі тораптары мен блоктарын резервте ұстау, байланыстың резервте ұстау желілерін құру және деректердің ағымдарын басқарумен қазіргі хаттамаларды қолдану;
    • сұраныс бойынша өткізудің динамикалық бөліну жолдарын қолдау;
    • желіні басқарудың 18 станци ясы.

Желінің ауқымдылығын оның қосымша  артықшылығына жатқызуға болады. Kazakhstan Online клиенттеріне желінің соңғы абоненттер санының икемді өзгеру мүмкіндігі, сондай-ақ қосымша жабдыққа аз мөлшердегі шығынмен желілі жүйенің өткізу қабілеттілігін арттыру ұсынылады.

Желіні басқару орталығы Алматыда орналасқан. 18 басқару сервері арналардың өткізу қабілетінің кіру есебімен трафиктерді икемді қайта бағыттау және «тар орындарды» түгендеумен жалпы желінің жұмысын динамикалық түрде бақылайды. Барлық тораптар мен желі элементтерінің тәулік бойғы мониторингі Cisco Info Centre, Cisco WAN Manager, HP Open View негізінде іске асырылған.

«Kazakhstan Online» желісінің Интернет желісіне кіруді ұйымдастыруға арналған төрт сыртқы жерүсті желісі бар:

  • Алматы - Гонконг, 155 Мбит/сек, Интернет-провайдер Sprint Link
  • Алматы – М әскеу , 155 Мбит/сек, Интернет-провайдер РТКомм.ru
  • Астана – Франкфурт, 100 Мбит/сек, Интернет-провайдер Sprint Link
  • Астана – М әскеу , 100 Мбит/сек, Интернет-провайдер Equant

Байланыстың төрт жерүсті  арнасының болуы әлемдік Интернет желісінің ресурстарына кіруге жол ашады. Ол жалпы өткізу қабілетілігі 510 Мбит/сек жоғары жылдамдығымен ұсынылар қызметтің жоғары деңгейдегі деректерді тарату мүмкіндігін тудырады.

Деректерді тарату саласындағы  соңғы жасалымдарды қолдану арқылы «Kazakhstan Online» желісінің клиенттеріне цифрлық және дауысты тарату трафигі, Multimedia-мен (бейнетрансляциялар мен бейнеконференциялар) қоса телекоммуникация қызметтерінің толық пакеті, сондай-ақ қолдау ұсынылады.

Kulan спутниктік желісі израилдік Gilat фирмасы жабдығын қолданумен құрылды және бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында телефон байланысының және деректер берудің жоғары сапалы қызметін көрсету мақсатымен жасалды. Байланысты ұйымдастыру талап ету бойынша арналар беру арқылы көп станциялық қатынау (DAMA) қағидасына негізделген, бұл тұтынушының тек эфирлік уақытқа ғана ақы төлей отырып байланыс арналарын тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Kulan спутниктік желісі Қазақстанға сәулесі арнайы бұрылған Intelsat 703 спутнигін 57Е бойлығында пайдаланады. Спутниктік терминалды осы сәуле түсетін аймақтың кез келген жерінде орнатуға болады.

Kulan – бұл ара қашықтыққа қарамастан, жер үсті байланыс арналарымен салыстырғанда, тез және үнемді желі құруға мүмкіндік беретін жүйе.

Kulan желісі арқылы байланыс ұйымдастыруда Faraway TM VSAT және Skystar Advantage пайдаланылады. Спутник байланысының осы технологиялары спутниктің қол жетерлік ресурстарын икемдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Faraway VSAT – спутник арқылы қашықтағы нысандармен байланыс жасау қызметін көрсететін телекоммуникациялар желісі. Онда сөзді, факсимильдік хабарларды және деректерді беру болуы мүмкін.

Faraway технологиясында  DAMA толық тораптық архитектурасы  іске асырылған, ол бар спутник  және жер үсті ресурстарын  пайдалану деңгейін барынша арттыруға  мүмкіндік береді.

Телефон байланысы мен  деректер беру қызметі жоқ, сенімсіз немесе қымбат аумақтар үшін Faraway VSAT экономикалық тиімді шешім ұсынады. Жүйе ортақ пайдаланымдағы телефон желілері мен жекеменшік байланыс желілері үшін қазіргі стандарттардың талаптарына сай келеді. Желі құрамы желіні басқару орталығынан, спутниктік сегмент көлемінен және көптеген қашықтағы терминалдардан тұрады. Қашықтағы терминал жабдықтары құрамында антенна, сыртқы құрылғы (ODU) және ішкі құрылғы (IDU) бар. Басқару орталығында желінің жұмыс істеу қабілетіне статистикалық есеп жүргізіледі, қоңырауларды бақылау және өңдеу жасалады, трафикті есепке алу және спутниктік сегмент ресурстарын басқару жұмыстары атқарылады.

Kulan спутниктік желісі дауыс және деректер беру қызметін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа SkyStar Advantage жабдығын іске қосты. Бұл жабдық деректер беруге бағдарланған, бірақ оны ITU G.723 ұсынымына сәйкес дауысты тығыздаумен 6,4 Кбит/с және 4,8 Кбит/с жылдамдықтағы дауыстық арналарды ұйымдастыру үшін пайдалануға да болады.

SkyStar Advantage орталық торап  пен іс жүзінде қанша болса да - ондаған немесе мыңдаған географиялық шашыраған қашықтағы станциялар арасында байланысты қамтамасыз етеді. SkyStar Advantage – көпмақсаттық модульдік VSAT-өнім, онда бірнеше жабдықтың әртүрлі ерекшеліктері бір тұғырға біріктірілген. Сол желінің бір өзі деректер, сөз және пейджинг интерактивті берілуі үшін де, мультимедиа IP арқылы таратылуы үшін де, симплекстік мультиплекстелген биттық арымдар берілуі үшін де пайдаланылуы мүмкін. SkyStar Advantage қатынаудың түпнұсқалық екі өлшемдік сызбасын пайдалануға негізделген. Бұл арзан ODU аппаратурасын қолдануға, спутниктік ресурстарды үнемдеуге және VSAT желісіндегі трафиктің қас қағымдық шарықтау шектерінде жауап беру уақытын онша созбай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Желі радиобайланыстың жиіліктер интерференциясынан болатын бұзылуына сезімтал емес.

SkyStar Advantage жүйесінің өзіне  тән ерекшеліктерінің бірі бірнеше  хаттамаларды қолдай алуы болып  табылады. SkyStar Advantage әр үлгідегі  бірнеше хаттаманы: SDLC, X.25, TCP/IP, оған IP және сөз берілуін бағыттауды қоса, бір мезгілде қолдау үшін конфигурациялануы мүмкін. Жүйе желінің өткізу қабілеті тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

SkyStar Advantage маңызды ерекшелігі  тез орнатып іске қосу мүмкіндігі  болып табылады. Оның құрастырулық  жинақылығы тез арада жеке  алаңдар жасауға және үлкен желілер жаюға мүмкіндік береді.

Бизнес - клиенттерге  қызмет көрсету 

Көрсетілетін телекоммуникациялық  қызметердің алуан түрлері, сапасы жақсы жағдайдағы бағасының оңтайлылығы (көптеген қызмет түрлерінің бағасы бәсекелестердікіне қарағанда әлдеқайда арзан), "Қазақтелеком" АҚ аудиториясымен қатар Қазақстанда бизнес жасап жүргендерді де қызықтырары сөзсіз.

Телекоммуникациялар саласында  әлемге әйгілі Ericsson, Nortel, Netas, Alcatel, Lucent Technologies, Nokia, Siemens, Motorola, Daewoo Telecom, ECI Telecom, Italtel, Bosch, Schlumberger, Landys&Gyr, Huawei секілді және басқа да шетелдік өндірісші компаниялармен және жабдықтаушылармен арада орнатылған ынтымақтастық жылдан жылға телекоммуникациялар тораптарындағы ең жаңа осы заманғы жабдықтар үлесінің ұлғаюына жол ашты, ал ол өз кезегінде байланыс қызметін көрсетуде сапалы серпіліске қол жеткізуде.

Қосымша құны бар қызмет көрсету саласының өте пайдалы  екені, ол бөгде байланыс операторларының  пайда болуын ынталандыратыны белгілі. Нарықтың бұл бөлігінде бәсекелестік әлдеқайда жоғары. Алайда, осыған қарамастан, "Қазақтелеком" АҚ соңғы кездерде осы қызметтер базарында маңызды орын алуға сәтті талпыныстар жасауда.

Біздің клиенттердің ұлан-ғайыр аудиториясына біз  мына қызметтерді ықыласпен ұсынамыз :

  • "J-run" бизнес - торабының (Джейран) қызметтері;
  • "Kulan" спутниктік торабының қызметтері;
  • "Kazakhstan online" мәліметтер жөнелту торабының қызметтері;
  • арналардың кез келген түрлерін, оның ішінде халықаралық жекеше желілерді (IPLC) жалдау қызметтері.

Жекеше клиенттер 

Көптеген жылдар бойы "Қазақтелеком" АҚ клиенттік аудиториясының ең басым бөлігі жеке тұлғалар болып  келеді. Бүгінде біз еліміздің  кез келген жерінде тұрып жатқан екі миллионға жуық телефон абоненттеріне  қызмет көрсетеміз, ал олардың қатары жыл санап өсуде.

Телефон байланысының дәстүрлі қызметтерінен (жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс) тыс, әрбір  адам қалауынша Қазақстан үшін жаңалық  болып табылатын "Интернет аймағы" аталатын Интернет торабына қосыла алады.

Өзінің компьютері, модемі және телефоны бар әр адам арнайы 8 - 750 - 1010 - 101 телефонына хабарласып, әлемдік Интернет торабына ене алады. Бұл қызметтің өте қолайлылығы қосылуды ресімдеудің және тиісті төлем өтеудің қажетсіздігінде. Интернет қызметін пайдаланғаны үшін есеп - шот телекоммуникациялар қызметінің жалпы есеп-шотына енгізіледі де, ай сайын пошта арқылы жеткізіледі. Бұл жағдайда Сіздің қайда болғаныңыздың : астанада, облыстық қалада немесе аудан орталығында және Сіз тұратын елді мекенде Интернет - провайдердің болу-болмауының ешқандай айырмасы жоқ. Әлемдік ақпараттық арнаға енгісі келетін әр адамды қамтамасыз ету жауапкершілігін біз өз мойнымызға аламыз.

Біз бәріміз үйден  тыс жерде болған кезде тез  арада телефон арқылы сөйлесу  қажеттілігі туындайтын жағдайға ұшыраймыз. Көшеде, дүкенде, демалыс және ойын-сауық орындарында кімге болса да жедел хабарласу қажет болса, "Қазақтелеком" АҚ көпшілікке арналған жаңа телефон тораптары болып табылатын әмбебап таксофондар қызметін көрсетеді.

Сіз кез келген телефон  арқылы тек қала ішінде ғана емес, Қазақстанның және әлемнің кез келген қаласына телефон соға аласыз. Ол үшін төлем құралы ретінде алынған, смарт-карта деп аталатын арнайы кәртішке сатып алу керек.

Жаңа таксофондар барлық ірі облыс және аудан орталықтарында орнатылады, пайдаланылуы оңай, әрі қолайлы.

"Қазақтелеком" АҚ  жаңа қызмет түрлерін ұсынуды  одан әрі жалғастыруда. Internet жүйесіне  еліміздің барлық тұрғындары  қол жеткізе алады. 

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан  бойынша әлемдік желіге шығуға  едәуір дәрежеде қор жинақтаған Internet провайдерлердің ең ірі және елеулілерінің бірінен саналады..

Информация о работе Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы