Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Маркетинг экономикалық және қоғамдық қызмет түрлерінің ең маңыздыларының бірі болып табылады, дегенмен, оны көбінесе дұрыс түсінбейді. Маркетингтің мақсаты – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, оны алу жағдайын жақсарту, бұл өз кезегінде елдегі тұрмыс деңгейін арттыруға, тіршілік сапасын жоғарылатуға әкеледі.
Әрбір фирма қандай бизнес түрімен айналысуына сәйкес, меншікті маркетингілік кешен әзірлейді, яғни өзінің мәселелерінде және тапсырыскерлер проблемаларында барынша тиімділікпен шешуге мүмкіндік беретін маркетингтің құралдар жиынтығын.
Бір жағынан, маркетинг - бұл «болжап білу, сәйкестендіру және сатып алушылар қажетсінуін қанағаттандыру өндіруші үшін пайдалы болатындай» қорытындыланатын тұжырымдама.

Содержание

1 Тарау. Қызмет кӨрсету саласындағы маркетингтің мӘні мен қажеттілігі
1.1. Қызмет көрсету маркетингтің өзіндік ерекшелігі.
1.2. Қызмет көрсету кәсіпорынының маркетингілік ортасы
1.3. Көрсетілетін қызметке сұраным және қазіргі жағдайлардағы маркетинг тұрпаттамасы
1.4. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласындағы маркетингтің маңызы

2 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметін талдау
2.1. «Қазақтелеком» АҚ ҚР телекоммуникациясы нарығындағы қызметі
2.2. Қазақтелеком АҚ қызмет қөрсету түрлерінің және тарифтерінің анализы

3 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1. Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы
3.2. «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру

Работа состоит из  1 файл

Дип.-маркетингіге-және-кәсіпорындағы-маркетингілік-қызметті-басқаруға.doc

— 1,008.50 Кб (Скачать документ)

2004 жылы Шығыс ТОБЖ (Талдықорган – Өскемен – Семей  – Павлодар – Астана) құрылысы  аяқталды, соның нәтижесінде “Ростелекомның” Транс-Сібір байланыс желісі және Батыс ТОБЖ арқылы талшықтық-оптикалық сақина ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болып, SDH магистралдық желісінің сенімділігі мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

2004 ж. ұзақтығы 600 км  Атырау - Орал ЦРРЖ салынды және пайдаланысқа енгізілді.

2005 жылы Солтүстік  ТОБЖ (Ақтөбе – Қостанай –  Петропавл) пайдаланысқа енгізілді.  ҰАСМ соңғы ірі сегменті - Солтүстік  ТОБЖ құрылысының аяқталуы және  пайдаланысқа енгізілуі елдің  14 ірі қалаларын және 116 кіші қалаларын,  аудан орталықтарын және кенттерін Супермагистралдың бірегей цифрлы сақинасына біріктіруге мүмкіндік берді.

Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың  жобасын одан ары жүзеге асыру  шеңберінде 2005 жылдың аяғына дейін  Мақат-Теңіз-Ақтау ТОБЖ құрылысы аяқталады. 2006 жылы Алматы – Балхаш – Қарағанды ТОБЖ және Орал – Ақтөбе ТОБЖ салынатын болады, бұл Қазақстанның ортаазиялық аймақтың ең ірі транзиттік орталығы болып қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың  құрылысы барлық деңгейлердегі операторларға  жоғары сапалы цифрлы байланыс арналары мен көліктік орта беру негізінде республикада телекоммуникациялар нарығын қамтамасыз етеді және технологиялық басып озу мен халықаралық транзиттік ақпаратта ұзақмерзімді бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз ету үшін техникалық база жасауға ықпал етеді.

IP/MPLS технологиясы бойынша  мәліметтерді жіберудің ұлттық  магистроалдық желісінің құрылысы  Қазақстанның барлық облыс орталықтарында  хәне ірі қалаларында аяқталды. Желінің жлпы өткізу мүмкіндігі - 622 Мбит/сек. Мәліметтерді жіберудің ұлттық магистроалдық желісі Интернет трафигі үшін көлік болып табылады, жабық жекеше желілер (VPN) ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ телекоммуникациялық және ақпараттық технологияларды конвергенциялаудың негізі болады.

2004 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігімен бірге электрондық дауыс беруге (e-voting, e-poll) арналған автоматтандырылған "Сайлау" жүйесінің жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Осы және басқа да жобаларды  табыспен жүзеге асыру және инновациялық іс-әрекеттерді атқару “Қазақтелеком” АҚ мемлекеттің инфотелекоммуникация-лық инфраструктурасын ұтымды дамытуға жағдай жасайды, ол Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық кеңістігіне шоғырлануды жеделдетуге мүмкіндік береді.

2005 жылы Metro Ethernet технологиясы бойынша жоғары жылдамдықтағы қалалық қатынау желілерінің құрылысы аяқталды. Құрылған желілердің өткізу мүмкіндігі 1-ден 10-ға дейін Гбит/сек. “Metro Ethernet” жобасын жүзеге асыру ең жаңа технологияларды пайдаланып отандық Интернет-нарығын дамытуға бағытталған.

“Megaline” жаңа сауда маркасы бойынша “Қазақтелеком” әлемдік желіге кеңжолақты қатынау қызметін көрсете бастайды. Компания жәңа өнімге зор үміт артады, оны республика тұрғындары үшін бағасын айтарлықтай арзандату есебінен шынайы әйгілі және бұқаралық етуге ынталы.

“Megaline” сауда маркасымен Интернетке кеңжолақты қатынау қызметі ADSL технологиясы бойынша көрсетілетін болады.. Қызметті пайдаланушылар Интернетті және телефонды бір мерзімде пайдалана алады. Бұдан тыс оларға тұрақты “қоңырау шалусыз” тәулік бойы әлемдік ақпарат ресурстарына қатынау қамтамасыз етіледі.

Осы қызметті пайдаланушылар бес тарифтік жоспардың бірі бойынша 128 Кбит/с-тен 512 Кбит/с-ке дейінгі кепілдендірілген жылдамдығымен осы қызметті пайдалана  алады..

“Қазақтелекомда” ADSL- қосылу тарихы 1999 жылдан-ақ басталған, ол кезде бұл қызметті тек қана компанияның корпоративтік клиенті пайдалана алатын. Өткен жылы оған жеке тұлғалардың да қатынауға қолдары жетті. Соңғы кезде тұрғындар ADSL технологиясы бойынша Интернетке кеңжолақтық қатынауды әлдеқайда белсенділікпен пайдаланатын болды. Бүгінде “Қазақтелеком” осы қызыметке мейлінше көп қатынауға жол ашты. Компанияның тарифтік жоспарларының өзгеру динамикасы бөлінген Интернетке қатынау қызметінің элиталықтан бұқаралыққа айналғанын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ жақын болашақта  “Қазақтелеком” құрылған желінің  көмегімен өз абоненттеріне ІР-телефония, бейнебағдарламалар беру, сыртқы бейне-бақылау, дистанциялық оқыту, виртуалды анықтамалық  жүйелер, бейнемәжілістер, теміржол және авиа билеттерге тапсырыс беру және сақтап қою, кәсіпорындар офистерінде су мен жылудық пайдалануына дистанциялық бақылау жүргізу және басқа жда көптеген қызмет түрлерін көрсетуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ жақын арада “Қазақтелеком  абоненттері ойын клубтарына алыстан қатынау мүмкіндігі де, “бейне тапсырыс боцынша” да қатынау қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Немесе, абонент үйінен шықпай, ойын жазылған дисклерді немесе фильмдерімен кассеталарды алмай-ақ ойнай да, өз қалауымен таңдаған фильмді көре де алатын болады.

“Қазақтелеком” құрған осызаманғы желі компанияның корпоративтік  клиенттеріне де көрсетілетін қызмет спектрын кеңейтуге мүмкіндік берді. Жобаның жүзеге асырылуының арқасында  “Қазақтелекомда” толық көлемде  виртуалдық жекеше желілер (IP VPN) құру бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Енді компанияның клиенттері “Қазақтелекомнан” корпоративтік желілерді “түпкілікті” құру бойынша (жобаны жасау мен жабдықтарды жеткізуден желіні нақты уақыт режимінде басқаруға және оны дамыту бойынш келесі кеңестер беруге дейін) кешенді шешім ала алады.

2006 жылы Қазақстан Республикасының  барлық аймақтарын қамтитын NGN желісін  құру жобасы атқарылатын болады.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы коммутациялық  арналар технологиясы бойынша телефон  байланысы желісін құрудан пакеттерді коммутациялау желісін құруға көшу деген сөз.

Телефон байланысы желісін орнату, NGN технологиясын енгізу барысында  экономикалық артықшылықтардан тыс  ескі технологияларды пайдаланған  кезде қол жеткізуге мүмкін болмаған жаңа қосымша қызмет түрлерін көрсетудің жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді. Виртуалды АТС (Hosted PBX), виртуалды жекеше телефон желісі (IP-Centrex), бөлініп таралған Call Center, бірегейлендірілген хабарлама қызметі (Unified Messaging), электрондық коммерция (eCommerce), организация телефонной связи по широкополосным каналам Кеңжолақты арналар бойынша (ADSL, WiFi) телефон байланысын ұйымдастыру секілді қызметтерге қол жеткізуге болады.

Халықаралық, қалааралық және аймақтық телефон арналарының ұзындығы 463 млн.кан-км құрайды, оның 92% жіберудің цифрлық жүйелерінен құрылған.

Бүгінгі күні барлық 18 АҚТС - цифрлы, желіде үш МЦК жұмыс істейді. Қазақстанның 11 облыстық қалаларында SDH – ішкіқалалық  көлік ортасының сақиналары салынған, ол ҚТС стансааралық байланыстың  сапасын жақсартты және ақпараттың барлық түрлерін жіберуді, оның ішінде мәліметтерді, бейнеақпараттарды жіберуді және басқа да мультимедиялық қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.

Жергілікті желіде жалпы құрастырылған  сыйымдылығы 2,73 млн. нөмірден тұратын 3257 станса жұмыс істейді, оның 68,41% цифрлық.Бұрын тоқтатылып қойылған барлық ауылдық стансалар қалпына келтірілген. Телефон нығыздығы – 16,7.

Компания смарт-карталарда әмбебап  таксофон желілерін кеңейту бойынша  белсенді жұмыс жүргізуде. 01.09.2005 жылғы  жағдай бойынша әмбебап таксофондар желісі 5696 таксофонды құрайды.

Компания әлемдік деңгейде көрсетілетін қызметтер және клиенттерге  қызмет көрсету спектрын кеңейтуге  зор көңіл бөледі. Бизнес құрылымдарының сұраныстарын мейлінше толық қанағаттандыру үшін Jrun желісінде жергілікті, халықаралық және қалааралық цифрлы телефон байланысы қызметін көрсететін цифрлы телефония дамып келеді.

Республиканың ең алыс және қатынауы қиын жерлерін телекоммуникациялар  қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін серіктік байланыс желісі дамып келеді. Жасалып жатқан серіктік байланыс желісі 8 кбит/сек арналық жіберу жылдамдығымен дауысты сигналдармен алмасуға арналған. Желіде 326 DAMA стансалары жұмыс істейді, олардың 299 – алыс елді мекендерде.

Kulan серіктік бизнес-желісі корпоративтік клиенттерге телефон байланысы қызметін және мәліметтерді жөнелту қызметін көрсетуге арналған телекоммуникациялық серіктік байланыс желісі болып табылады.

“Қазақтелеком" АҚ халықаралық  телекоммуникациялық қызмет көрсету  саласында кең көлемдегі іскерлік байланыстармен қамтылған. “Қазақтелеком" АҚ бүгінде Қиыр шетелдердің 154 операторымен, ТМД және Балтия елдерінің 17 операторларымен өзара тығыз қызметтес. Олардың арасында MCI/ АҚШ, Deutsche Telekom/ Германия, British Telecom/ Ұлыбритания, AT&T/ АҚШ, France Telecom/ Франция, KDD/Жапония, China Telecom/ Қытай, ROSTELECOM/ Ресей тәрізді аса ірі телекоммуникациялық қызметпен қамдаушылар бар. “Қазақтелеком" АҚ әлемнің барлық елдеріне автоматты түрде шығуды ұсынады, осылайша тәулік бойы халықаралық сөйлесулерді және телекс, телеграф хабарларын табыстауды қамтамасыз етеді.

Шанхай (ҚХР) - Майндағы Франкфурт (Германия) Трансазияевропалық талшықтық - оптикалық байланыс желісінің (ТАЕ  ТОБЖ) цифрлық кабельдік жүйесі пайдалануға  берілуіне орай "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы Өзбекстан, Қытай, Түркменстан, Иран, Түркия тәрізді елдермен тура бағыттағы жоғары сапалы байланыс тізбектерін ұйымдастыруға мүмкіндік алды.

Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАСМ) құрылысының толық аяқталуы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы телекоммуникациялық жаңа инфрақұрылымын қалыптастырудағы маңызды кезең болды. Соның нәтижесінде Европадан Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік-Шығыс Азияға төте телекоммуникациялық жалғауларды қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Халықаралық қатынастарды дамытудағы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан телекоммуникациялар желісін Ресейдің цифрлы желісіне жалғау болды, мұның өзі Ресей мен қазақстан арасында қызмет көрсету ауқымын кеңейтуге және байланыс сапасын жақсартуға ықпал жасауда.

“Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының халықаралық телекоммуникациялық компаниялармен тығыз түрдегі қызметтестігі және өзінің меншік инфрақұрылымын жетілдіруі дүниежүзілік телекоммуникациялар рыногында берік шептерді жеңіп алуға жағдай тудыруда.

“Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының іскерлік қатынастағы әріптестерінің тізімі:

  • Siemens
  • Siemens-Elaza
  • Alcatel
  • Gilat Satellite Network Ltd
  • Sumitomo corporations
  • Turcell
  • Netas
  • Nec
  • Vesnet
  • Daewoo Telecom
  • Ericsson
  • ECI Telecom Ltd.
  • Lucent Technologies
  • Schlumberger
  • Kcell
  • Huawei Technologies
  • Telenor AS
  • NERA Network AS
  • Cables & Wireless
  • EC Datacom
  • Comverse Infosys Ltd
  • QUNTE AG
  • Teleglobe
  • Telia
  • Wandel & Golterman
  • SAP
  • Cisco
  • Sun Microsystems
  • Oracle
  • Motorola
  • Mercury Corporation

2.2. Қазақтелеком АҚ қызмет қөрсету түрлерінің және тарифтерінің анализы

 

"Қазақтелеком" АҚ  түрлі санаттағы пайдаланушылардың  жоғары талаптарын қанағаттандыратын  байланыс қызметтерінің көптеген  түрлерін ұсынады. Республиканың  қай түпкірінде болсаңыз да, әрі  кез келген уақытта, біздің компанияның телекоммуникациялық қызметінің сан қилы түрлерін алуға болады.

Тұтынушыларға мынадай  қызметтер ұсынылады:

    • дауыстық телефонның барлық негізгі қызметтері (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
    • телеграф және телекс;
    • мәліметтер жөнелту торабының қызметі, Internet-ке қосылу қызметі;
    • арналарды жалдау;
    • "Кулан" спутниктік торабының қызметі;
    • "J-run" бизнес-торабының телефон қызметі;
    • сым арқылы радио хабарын тарату.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның  бүкіл аумағында әлемнің кез  келген түпкіріне телефон соғуыңызға, телеграмма жіберуіңізге, Интернет торабы қызметін пайдалануыңызға, анықтамалық ақпарат алуыңызға, телефон аппаратын сатып алуыңызға мүмкіндік беретін және басқа да көптеген телекоммуникациялық қызметтер көрсету бойынша барынша дамыған орталық жүйелері бар компания. Қош келдіңіздер!

 

Бизнес - клиенттер

Біз, сапалы және алуан қызмет түрлерін көрсете отырып, әр клиентке дербес жол табуға тырысамыз.

Жекеше клиенттер

Біздің мақсатымыз тұтынушыға қамқорлық көрсету. Біз клиенттер  үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға тырысамыз.


 

Megaline

Бұл жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне қатынау қызметі.

Megaline басымдылықтары 
  • Интернет желісіне қатынаудың жоғары жылдамдығы (512 Кбит/сек. дейін)
  • Тартымды тарифтер
  • Қосымша Интернет-сервистер
  • Бос телефон
  • Интернет желісіне үнемі қатынау
  • Көрсетілген қызмет үшін оңтайлы төлем жасау
  • Жоғары деңгейдегі серфис

Қатынау жылдамдығы Интернет желісі ресурстарын пайдаланудың қолайлы  болуын қамтамасыз етеді. Megaline арқасында  Сіздің тез арада көлемі үлкен  ақпаратты алу және жөнелту, сондай-ақ әртүрлі интерактивті сервистерді пайдалану мүмкіндігіңіз болады.

Информация о работе Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы