Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 15:33, курс лекций

Описание

Қазіргі экономикалық дамудың көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады. Инновациялық өзгерістер қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық ұрпақ әлеуметтік өмірге өз ықпалын тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

ИнновУМК Маханова.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

Бәсекелестіктің маңызды басымдылығы менеджерлер мен персоналдардың мақсатары мен мотивациялары болып табылады. Бәсекелестік басымдылықты құруда  маркетингтік бөлімдердің табысты жұмыс істеуі, нарық, бәсекелестер, тауарлар, технологиялар туралы толық ақпараттардың болуы үлкен рөл атқарады.

Бірақта бұл факторлар өзгермелі  және бәсекелестік басымдылықты  ұзақ ұстап тұруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бәсекелестік басымдылықтардың жоғарғы  деңгейі фирманың бәсекелестік  күресте позициясын анықтайтын түпкілікті өзгерістерімен, стратегиялық факторлармен  байланысты.

Ең жоғарғы бәсекелестік басымдылықтардың қатарына М. Портер патенттелген технологияны, персоналдың жоғарғы біліктілігін бірегей тауарлар мен қызметтердің негізіндегі дифференциацияны жатқызды.

Фирманың бәсекелестік басымдылықты қалыптастыруда  И.Ансофф технологиялық стратегиялық факторлар мен ҒЗТКЖ жоғарғы денгейін мен сапасын ерекше көрсетеді. Стратегиялық факторларға ҒЗТКЖ инвестициялау, жаңа технологияның даму динамикасы, бәсекелестік күрестегі позициясы, фирманың бәсекелестілігінің және өнімнің жаңару динамикасы  жатады.

Фирманың бәсекелестік басымдылығын қалыптастыру стратегиясы экономикалық, технологиялық, әлеуметтік негізделіп, сыртқы және ішкі орта әсеріне  сүйенуі  керек.  Бәсекелестік басымдылықты жасауға сұраныс динамикасы, тұтынушылық қабілеттілігі,  бәсекелестіліктік интенсивтігі, нарық құрылымы,  инфрақұрылымдық және институционалдық аспектілер әсер етеді.

Бәсекелестік басымдылықты максималды өсіруге келесі «идеалды» моделде  болуы мүмкін:

фирманың жаңа технологиясы болса;

фирмаға  тұтынушылар жағынан  қызығушылық болса;

тауар өткізу каналдарының тиімділігін  жасаса; 

сұранысқа ие болса;

қарқынды бәсекелестері болмаса.

Салыстырмалы талдау әдісін қолдана  отырып, инновациялық менеджер бәсекелестік басымдылықты қалыптастыратын  нақты стратегияны жасау керек.

Инновациялық менеджер алдында тек қана бәсекелестік басымдылықты жасау мүмкіншіліктерін талдап қоймай,  фирманың  нарық сұранысының өзгерісін, жаңа технология алдындағы әлсіздік жақтарын зерттеу керек. Менеджер алдында  «бәсекелестік басымдылықты анықтау» негізінде бәсекелестік басымдылықты ұстау тактикасы мен стратегиясын қалыптастыру және бәсекелестік басымдылықтың өмірлік циклының ұзақтығын есепке алу проблемалары да туындайды.

Фирма қызметінің бәсекелестік басымдылығын өсіруді тездету   этапы радикалдық өзгерістер, серіктестіктермен өзарақатынас жүйесі, жабдықтаушылар, тұтынушылар негізінде болады. Өсуді бәсеңдету этапы күшті бәсекелестердің байқалуы, нақты жағдай мен өзгеріс болу жағдайлар арасындағы қатынастың алшақтығымен байланысты. Бұл этапта бәсекелестік басымдылықты сақтап қалудың шешуші шарты  технологияны жаңарту, персоналдың біліктілігін жетілдіру, жаңа жобаларға инвестиция жасау болып табылады.

 Толу периоды   жиналған нәтижелерді қолдану.  «Жемісті тату» периоды  технологияны  радикалды қолдану,  тұтынушының қажеттілігі фирма қызметімен сәйкестілігі,   заңдылықтардың өзгеруімен, фирманың басқа сегменттерге көшу, диферсификациялау дәрежесі шамасында ауытқиды.  Бәсекелестік басымдылықты сақтап қалу мақсатында,  нарықта ұзақ уақыт позициясын ұстау үшін фирма «екінші стратегиялық шабуыл» жасауға әрекет етуі тиіс. Стратегиялық шабуыл келесі бағыттарда жасалынуы керек: бәсекелестерге қарсы тұру, бәсекелестің әлсіз жерлерін қысу, бір уақытта барлық бағыттар бойынша шабыл жасау, күрес тактикасын өзгерту, маневр жасау, флангтық шабуыл.

Өмірлік циклдың құлдырауы  бәсекелестік басымдылықтың жоғалуымен анықталады. Бәсекелестік басымдылықтың  жоғалуы  өндіріс элементтерінің тозуымен,  күшті бәсекелестердің  пайда болуымен, қоршаған ортаның, әлеуметтік-саяси  өзгеруімен, инвестициялық климатпен байланысты.

Инновациялық даму стратегиясын қалыптастыруда келесі стратегиялық варианттарға бөлуге болады.

  1. Жаңа технологиялық приоритетін құру стратегиясы. Оны шартты түрде «кең түрлі өткізу» (сканирование) деп атауға болады, өйткені ол кең спектрлі технологияда радикалдық жаңалықты іздеуге негізделген. Қолданылатын үлгі инновациялық менеджмент-жобаны басқару
  2. Нарық сегментінде лидерствоны қамтамасыз ететін технологияны жасау стратегиясы.  Тар сегменте радикалды жаңалықтарды қамтамасыз етеді. Менеджмент характері-жобамен басқару және нарық қуысын іздеу.
  3. 2 пункте алынған бәсекелестік басымдылықтың беріксіздігі технологиялық лидерство стратегиясын қолдануды талап етеді. Басқару характері   позициялық бейімделуге әкеледі.
  4. Кәсіпорының күшті ресурстары болса,  ұзақмерзімді бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз ететін технологиялық «жару» болып табылады.  Сонда инновациялық менеджменттің  міндеті  зерттеу бағдарламаларын басқару  болып табылады.
  5. Тұрақсыз бәсекелестік басымдылығында  әрвариантылы стратегияны қолдану керек. Инновациялық басқару бірінші орында маркетингтік шараларға және нарық талабына икемделуіне сүйенеді.

Инновациялық өндіріс  үшін  өмір сүру мен тиімді жұмыс  істеудің   шешуші фактор  болып  оперативті басқарудың ерекше стилі. Компания  нарықтық өзгеріс жағдайдайларына  өзгеріп қана қоймай,  оперативті түрде технологиялық базасын, ассортиментін өзгерті қажет. 

Технологиялық базаларды  өзгерту экономикалық жағдайларға  байланысты болады. Кәсіпорынды жүйелі түрде  әртүрлі: лицензия алуға. ноу-хау, компания күшімен ҒЗТКЖ жүргізуге, арнайы жобалық ұйымдастырушылық және венчурлы құрылымдық бөлімшелер құру арқылы  жүзеге асыруға болады. Жаңа технологияға қол жеткізу   жаңа технологиясы бар компаниялардың бір-бірімен қосылуы немесе бірлескен кәсіпорындар құру, фирма аралық альянстар құру арқылы жүзеге асыруға болады.

Стратегиялық тұрғыдан бұл технологиялық, ғылыми-техникалық және өндірісті ұйымдастыру деңгейін жеке зерттеулер  негізінде интернальды  жаңару вариантын таңдау. Екінші жолы экстернальдық жағдайда жаңаруға негізделінеді.

Өндірістің технологиялық  және технико-ұйымдастырушылық деңгейін басқаруда басқарушылық іс-қимылының  жүйелігіне сүйену керек.  Бірінші  этапта өндіріс факторларын, технико-технологиялық  шешімдерді қабылдауды талдау болса, екінші этапта технико-ұйымдастырушылық деңгейінің құрылымын зерттеу жүргізіледі. Келесі этаптарда технико-ұйымдастырушылық, технологиялық, ғылыми-техникалық деңгейін, жаңа технологияның тиімділік көрсеткіштерін талдау жүргізіледі.

Өндірістің технико-ұйымдастырушылық деңгейін  талдауда өндірістің циклы, сериясы, ырғақтылығы, үздіксізділігі, паралельдігі, рационалдылығы зерттелінеді.

Технологияның интегральды  деңгейі технолгиялық интенсивтілімен,  адаптациялығымен, қауіпсіздігімен, басқарушылығымен, приоритеттілігімен анықталынады.

Өндірістің технико-ұйымдастырушылық деңгейін көтеру  өндірістік процесстің үш элементі: еңбек, еңбек құралы және еңбек затын қолдануда білінеді. Сондықтан мынадай экономикалық көрсеткіштер: еңбек өнімділігі, қорқайтару, өндірістік ресурстар, материалсиымдылығы,өндіріс ресурстарын қолданудың интенсивтілігі, айналым құралдарының айнанымдылығы жаңа технологияның экономикалық тиімділігі болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер еңбек өнімділігі, қорқайтарым, айналым құралдарының айнанымдылығы  жеке интенсификациялық  көрсеткіштер деп аталады. Оларды технико-ұйымдастырушылық деңгей факторлары арқылы талдау жүргізу керек.

 

Бақылау сұрақтары:

    1. Бәскелестік басымдылықтардың негізін салушы кім?
    2. Өнімнің бәсекеқабілеттілік факторларын ата?
    3. Инновациядағы бәсекенің орны
    4. Бәсекеқабілеттілік көрсеткіштерін ата?

СӨЖ тапсырмасы:

Тауардың бәсекеқабілеттілігін арттыру жолдары  Жұмыс көлемі 4-5 беттен аспау тиіс

Әдебиеттер  тізімі:

1. Круглова Н. Инновационный менеджмент: учебное пособие – М.: РДЛ, 2001

2. Фатхутдинов Р. Инновационный менеджмент – СПб: Питер, 2003

3. Абдыгаппарова С. Инновационный потенциал Казахстана: механизмы активизации – Алматы: Экономика, 2001

4. Есімжанова С.Р. «Маркетинг»  Алматы: «Экономика», 2003ж.

 

Тақырып 10: Инновациялық қызметті қаржыландыру жолдары.

Жоспар

1. Дамыған мемлекеттердегі  инновациялық қызметтің қалыптасуы

2. Венчурлық қаржыландыру  түсінігі    

     Лекцияның мақсаттары: Кәсіпорынның инновациялық қызметін қаржыландыру жолдары, венчур түсінігі, венчурлық қорлардың атқаратын қызметі және венчурлық қаржыландыру түрлері.

Лекция мазмұны:

Инновациялық қызметтің  табысы оны қаржылық ұйымдастырушылық пен қаржылық  қолдау формасымен  анықталынады.  Ғылыми зерттеулер  мемлекеттің ұлттық күшінің негізі  деп санаған дамыған елдер инновацияны дамыту және қолдау үшін барлық мүмкіншіліктерді іздейді. Инновациялық қызметті қаржыландырудың әртүрлі әдістері және  жанама қолдау шаралар спектрлері де кеңеюде.

Дамыған елдерде инновациялық қызмет үшін қаржылық ресурстарды мемлекеттік қазынадан және жеке көздерден кесіп алады. АҚШ  пен Батыс Европа елдерінде ҒЗТКЖ үшін қаржылық ресурстарды мемлекеттік және  жеке капиталды бірдей бөледі.

Ғылыми потенциалды  бірінші орында фундаментальды зертеу ғылымымен,  ғылыми зерттеулерді дамыту үшін  инвестициялау көлемімен, сонымен бірге, патент және лицензиямен, әлемдік ғылыми әдебиетке үлес қосумен анықталады. Алдыңғы индустриалды елдерде  ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған шығын көлемі  ішкі жалпы өнімнің 3% құрайды. Мысалы, АҚШ-та 1998 ж. зерттеулік жұмыстарды қаржыландыру үшін 200 млрд. доллар бөлінген, ал «үлкен жеттік» елдеріде 200 млрд. доллардан кем емес қаржы бөлген. Бұрынғы СССР-да  ҒЗЖКЖ үшін  бөлінетін қаржының көлемі ұлттық табыстың 5,5% құрағанын айта кеткен де жөн.

Инновацияық қызметті  тек дамыған қаржылық жүйе негізінде  дамыту мүмкін.  Нарықтық  экономика  үлгісіндегі қаржылық субьектілері жеке кәсіпорындар, өндірістік компаниялар, қаржылық топтар, кіші инвестициялық  бизнестер, инвестициялық және инновациялық қорлар болып табылады.  Осы ұйымдардың барлығы инновациялық қызметті дамыту  процесстеріне қатысады.  Қазіргі уақытта инновацияны қаржыландырудың келесі түрлері бар:  қаржылық көздері бойынша: мемлекеттік инвестициялық ресурстар

(бюджеттік қаражаттар, бюджеттен тыс қор қаржылары, акция пакеттері, мемлекеттік меншік мүліктері); инвестициялық, соның ішінде қаржылық ресурстар, коммерциялық және коммерциялық емес субьектілері, қоғамдық ұйымдар ж.т.б.

Толық инновациялық нарықтың пайда болуы үшін тұрақты жұмыс істейтін тізгіннің, яғни нарық сұранысы- өндірістің өсуі- инновацияға деген сұраныс шарттары орындалу керек.

Инвестицияны қаржыландырудың  кең тараған түрі акция мен  облигацияны эмиссиялау арқылы қаржы  ресурстарын алу.

Акционерлік қоғамдарды қаржыландырудың тартымдылығы инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастырудың басында қажетті ресурстар келіп түседі.  Бұл қаржыны тарту формасы қарыздарды төлеу уақытын кейінге қалдыру мүмкіндіктері туса, табысты қайта бөлу мүмкіндігі артады.

Инвестициялық қызметтің  әлемдік тәжірибесі инвестициялық  және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру перспективалы және жоғарғы сұранысқа  ие болатынын көрсетті. Бұл бағыт  өндірісті жаңарту, модернизациялауды  қажет ететін елдер  үшін  маңызды.

Егер осыдан 10-15 жылдар бұрын әлемдік экономикада құрылыстық инвестициялық жобалар  маңызды рөль атқарса, қазіргі уақытта модернизациялау, өндірісті жаңарту, қайтақұру жобалары басым болуда.

Жаңалықты қаржыландырудың  көздері инвестициялық, инновациялық, қаржылық компаниялар, сақтау және лизингтік компаниялар болып табылса, негізгі кредиттік жүйені коммерциялық банктер, соның ішінде арнайы инвестициялық және инновациялық банктер құрайды.

 Басым көпшілікте  жағары сапалы, бәсекелесті өнімді  шығаратын жобалар қаржыландырылады. Жобаның  табысты болу үшін өңделген технолгияны, нарық  сынынан өткен,  нарыққа бейімделген өнімдерді қаржыландыру ұсынылады. Инновациялық факторлардың өсуін жұмылдыруды венчурлық бизнеске жатқызады, ол капиталды жұмылдыратын әдістерге, құрылымдық көздерге, қаржы ұсыну әдістеріне қарағанда өзгешелеу болатын инновацияны жүзеге асыратын  форма ретінде қарастырады. Венчурлық бизнес жоғарғы белсенділігі бар принципиалды жаңалықтарды өңдеуге бағытталған. Сондықтан венчурлы бизнеске күшті фирма қарыздар. Мысал ретінде, Калифорния штатындағы Силиконды даладағы жағарғы технологияны ендіруді қарастыруға болады.

Соңғы 10 жылда индустриалды дамыған елдерде  жобалық қаржыландыру формасы кең етек алуда. Алғашқы   банктік ұзақмерзімді несиелеу түсінігінің  бүгінде көптеген түрлері қалыптасуда.

АҚШ-та қаржылық ресурстар  федералды және муниципалды бюджетінен (1998ж. 49%), жеке фирмалардан (46,7%) түседі. Университеттер, колледжерлер,  жеке өкіметтік емес қорлар ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға (5%) қатысады. АҚШ-та инновацияны мемлекетік қолдауда соңғы жылдары бағдарламалы-мақсаттылы әдісі таралуда. Ал қаржылық ресурстар  технологиялық приоритет ретінде (биотехнология, энергетика, электроника, денсаулық сақтау), салалық бағыттар бойынша (аэрокосмос, әскери-өндірістік ж.т.б.), шоғырланады. Авиокосмос өндірісін мемлекеттік ассигнованиялаудың төртен үш бөлігін құрайды.

Европалық елдерде ҒЗТКЖ  –ды қаржыландырудың тиімді әдістері

салықтық льготалар, үкіметтік  льготалы несиелер, амортизациялық шығындарды алып тастау арқылы жүргізіледі. Мұндай әдістер Францияда, Австрияда, Швецияда қолданылады. Ал Жапонияда ҒЗТКЖ-ды жеке компаниялар (80%) қаржыландырады. Приоритетті ғылыми бағыттарды инвестициялауда Жапония бірінші орынды алады. Басты инновацияны өңдеуде жеке фирмаларға 3жылдан 5 жылға дейін салықтық льготалар беріледі. Тәуекелділік қаржыландыру инновациялық қызметті жетілдіретін, экономикалық жүйені тиімді жұмыс істеуін жоғарлататын инвестициялық механизмді құрады. Инновациялық бизнес ҒЗТКЖ-ды инвестициялаудың құрылымына біршама өзгерістер енгізеді. Мысалы, 1980 жылдарың басында негізгі инвестиция болып жеке салымдар болса, онда 1980 жылдың аяғында мынадай көрініс тапты: -пенсиондық фондар-47%;

Информация о работе Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы