Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 15:33, курс лекций
Қазіргі экономикалық дамудың көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады. Инновациялық өзгерістер қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық ұрпақ әлеуметтік өмірге өз ықпалын тигізеді.
Технологиялық жүйені дамыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: базалық технологияеы және принципті жаңа технологияны жетілдіру. Технологияны модернизациялау, келесі толу стадиясына көшу, нарықтық толықтылығы сату мен пайда алу мүмкіншіліктерін төмендетеді. Сондықтан «жарып өтетін» технологияны қолдану туралы шешімдерін қабылдауға тура келеді.
Барлық экономикалық
обьектілердің өмірлік
-уақытша факторды есепке алу;
-орталық тенденция процесін анықтау;
өзгеріс динамикасының көрнекілігі;
процесті күшейту логиксы,
қаржылық ағымдардың, ақпараттардың көрнекілігі;
жоспарлаудың альтернативті
әдістерін қолдану
Бақылау сұрақтары:
СӨЖ тапсырмасы:
6-8 парақ көлемінде реферат жазу
Әдебиеттер тізімі:
1. Санто Б. Инновация как средство экономического развития – М.: Прогресс, 1990
2. Ильенкова С. Инновационный менеджмент – М.: Банки и биржи, 1992
3. Гончарова Н. Маркетинг инновационного процесса – Киев, 1998
4. Абдыгаппарова С. Инновационный менеджмент – Алматы: Экономика, 2003
5. Нарибаев К. Инновационный менеджмент – Алматы, 1998
Тақырып 3 Инновациялық менеджменттің әдісі мен функциясы.
Жоспар
1. Инновациялық менеджменттің негізгі әдістері
2. Инновациялық менеджменттің атқаратын функциялары
3. Жаңашылдықты қолдайтын факторлар және кері әсерін тигізетін факторла
Лекцияның мақсаттары: Инновациялық процесстің моделдерін зерттеу; инновациялық процесстің қазіргі әдістерін қарастыру; жаңалықтарға кері әсерін тигізетін және қолдайтын факторларды зерттеу
Лекцияның мазмұны
Бәсекелестік теория бойынша ғылымның дамуының инновациялық потенциалы және жаңа технологияны ендіру, бәсекелестіктің жоғарғы деңгейлі басымдылығын құрайды. Инновациялық менеджмент тұрақты нарықта жұмыс істеп, максималды жаппай өнім шығарудан гөрі, жаңа ғылыми идеяларға және оларды өндіріске жіберу, яғни жоғарғы жаңа өнім мен қызмет көрсету, бәсекелесті әртүрлі тауарлар шығаруға көп көңіл бөледі. Кез келген экономикалық обьектінің жаңаруы пайданы максимизациялау мүмкіндігін кеңейтеді. Көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына қарамастан, соңғы жылдары инновациялық даму жағына көшу байқалуда. Кәсіпорын басшыларының 25 % жаңа өнім шығару оны жаңа нарыққа сату, қызмет спектрлерін кеңейтуін басқару
бағыттарын іздейді. Инновациялық даму басқару аппаратының алдына стратегиялық бағыттармен мақсаттар ерекшеліктерін өзгертуді ендіреді.
Инновациялық кәсіпкерліктің жоғарғы тәуекелділігі, өнімнің өмірлік циклын қысқартуы, көпсериялы өндірістен бас тартуы, инновациялық менеджерлерге ерекше міндеттемелерді жүктейді. Инновациялық қызмет жағдайында менеджердің рөлі жоғарлап, оның қабілеттілігі, біліктілігі, кәсіпкерлігі компанияның тағдырын анықтайды. Персоналды инновациялық басқаруда менеджменттің функциясы мен әдістері ерекше өзгерістерге ұшырайды. Жаңа өзгерісті ендіру, процесстердің қиындауы, жаңа технологияның пайда болуы қызметкерлердің ерекше қабілеттілігінің. кәспкерлігінің, біліктілігінің жоғарғы болуын талап етеді. Инновациялық менеджменте біршама құрылым , құрам, басқару әдістерінің мазмұны өзгереді. Дәстүрлі менеджментке қарағанда инновациялық менеджмент талдауға, болжауға, сандық модельдеу әдісіне, әлеуметтік-психологиялық әсер етуіне көп көңіл бөледі.
Мақсаттар. Кәсіпорынның инновациялық менеджментінің мақсаттары фирманың миссиясымен, философиясымен, дәстүрімен, ұйымның өмірлік циклымен байланысты.
Қазіргі шаруашылық қызмет объектісі-бұл кәсіпорын, компания, фирма, корпорация, яғни әртүрлі қызмет түрін, серіктестігін, мүлкін таңдайтын және мемлекет алдында міндметтемелері бар заңды тұлға. Фирма өнім көлемін шығару, ассортимент түрлерін, технологиялық және ұйымдастырушылық құрылымдарын, нарықта өз позициясын орнатуды өзі таңдайды. Фирманың сыртқы және ішкі ортаның әсерін анықтайтын мақсаттық жүйесі болады.
Кәсіпорын қызметінің инновациялық мақсаттары барлық өндірістік жүйені жаңарту арқылы, өндіріс тиімділігін жоғарлату, ғылыми, ғылыми-техникалық, интеллектуалдық және экономикалық потенциалды тиімді қолдану негізінде кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығын жоғарлату.
Әлеуметтік мақсаттар жұмысшылардың жалақысын көтеруге, жұмыс жағдайын жақсартуға, әлеуметтік қорғауды көтеруге бағытталған.
Инновациялық менеджмент мақсаттарының алғышарттары болып инновациялқы қызметті белсендіру негізінде нарыққа жаңа технологияны, өнімді шығару, экономикалық өркендеу, өндірісті ары қарай мамандандыру мен диферсификациялау табылады.
Ұйымның тактикалық мақсаттарын өңдеу процесстерін интенсификациялау, жаңа өзгерісті меңгеру, инвестицияны қаржыландыруды ұйымдастыру, қайта оқыту, қызметкерлерді ынталандыру, басқару әдістерін жетілдіруді қарастырады.
Ұйымның құрылымдық мақсаттары өндірістің, персоналдың, қаржының, маркетингтің, менеджменттің тиімді жұмыс істеуімен байланысты.
Инновациялық менеджмент
мақсаттарының жалпы
- деңгей (стратегиялық және тактикалық);
Жоспарлау. Жоспарлау- инновациялық менеджментің арнайы
функциясы, ол фирма
стратегиясы мен алға қойған
мақсаттарына жетуді
-жаңа идеяларды
өңдеудің ғылыми-зерттеу
-тәжірибелі-конструкторлы жұмыстарды жүргізу;
-жаңа өнім шығару үшін шикізат түрлерін таңдау;
-жаңа өнім түрін
дайындаудың технологиялық
жобалау, дайындау, жаңа еңбек құралын: машиналарды, механизмдерді, приборларды меңгеру және зертеу,
-инновациялық қызмет
үшін персоналды таңдаудың
-нарыққа инновацияны ендіруді ұйымдастыру;
-жаңа өзгерістің нарықта өз орнын табу үшін маркетингтік шаралар ұйымдастыру.
Жоспарлаудың келесі этапы болып жоспарды орындау үшін қызметкерлерге ақпарат жеткізу және жоспарды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
Өндірісті жетілдіру және ары қарай жаңарту үшін резервтерді іздестіру жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұйымның дамуы мен
өсуін болжау процессі ұзақ перспективалы
стратегиялық көрініске ие болады.
Өндірістің жаңаруы мен өсуді
болжау дамудың альтернативті
Болжауда ситуациялық және имитациялық моделдеуге негізделген сандық әдістері кенінен қолданылады.
Жоспарлау процесі нарықтық
экономикада директивтік
Инновациялық менеджменттің орталық функциясы бола отырып жоспарлау процесі даму приоритетінің таңдалуынан тұрады.
Инновацияның көпқырлығы, әртүрлігі, екбексиымдылығы жоғарғы және төменгі иерархия сатысының өкілдіктерін қайтабөлуді талап етеді.
Кіші бөлімшелер өнімнің номенклатурасын, бағасын, жабдықтаушыларды, сату көлемін, ақша қаражатын жұмсауды өзі таңдайды. Жоғарғы деңгейлі менеджерлерге стратегиялық жоспарлау және болжау жасау үшін кеңінен еркіндік береді. Өкілеттілікті бөлу жауапкершілікті жоғарлатады, шешім қабылдау процесін тездетеді, жұмысшыларды ынталандырады.
Өкілеттілікті бөлу тиімді коммуникацияны талап етеді.
Инновациялық менеджментегі коммуникация процесі. Инновациялық қызметтің ерекшелігі менеджменттегі коммуникация формасы түрлерінің талаптарын жоғары болуы керек. Инновациялық өзгерістер, кәсіпкерліктің жоғарғы тәуекелділігі, шешімнің ынғайлы альтернативтігі мен көпварианттылығы жаңалықты құру процесінде коммуникация түрлерінің дифференциациясы мен көптүрлі формалы болу керектігін талап етеді. Коммуникация сапалы шешім қабылдауға көмектеседі.
Инновациялық менеджменттегі бақылау. Бақылау- кәсіпорын жұмысының сапалық және сандық нәтижелерін анықтайтын инновациялық менеджменттің маңызды функциясы. Бақылау функциясы қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін кері байланыс жүйесі. Бақылау- нәтижелерді нормативті базамен салыстыру, ауытқу және ауытқу дәрежесін анықтау, нәтижелерді соңғы рет өлшеуді орнататын әртүрлі шаралар жүйесі.
Бақылау кері байланыс процесі болып табылады, яғни жүйеге кіру мен жүйеден шығу процестерінің нәтижелерін және олардың сыртқы, ішкі ортаға әсерін анықтайды. Мысалы, жаңа өзгерісті жүзеге асырудағы алынған пайданың жоспардан төмен болуы:
а) нарықты барынша толық зерттемегеннен, дұрыс маркетингтік шаралар жүргізбеуінен,
б) нашар шикізат, өңдеу регламентін сақтаудағы қателіктер, техникалық бақылау жұмыс бөлімінің бұзылуымен ж.т.б.
в) нормативтен өндіріс шығындарының басым болу «жаңа өзгерістің өзіндік құнының жоғары болуына» алып келді ж.т.б.
Өндірістегі жаңа өзгерісті бақылау үшін бірқатар шарттар болу керек: арнайы кадрлық дайындық, бақылау формаларының түрлері және талдау әдістерін өңдеу, әдістемелік және ақпараттық базалардың болуы, бақылау құрылымдарын ұйымдастыру жағдайлары.
Шешім қабылдау инновациялық менеджменттегі соңғы процедура болып табылады. Көптеген менеджмент функциясының маңыздылығына қарамастан, шешім қабылдау ғана дұрыс нәтиже немесе жағымсыз нәтиже алынғанын көрсетеді.
Шешім қабылдау процедурасы ақпараттың толық болуын, менеджердің барынша біліктілікті болуын талап етіп, жауапкершілікті және тәуекелділікті қабылдаумен байланысты болады.
Интуитивтік шешім қабылдайтын ғылыми және қолданбалы инновациялық қызметер творчестволық процестер болып табылады. Мысалы, шетелдерде творчестволық процесте шешім қабылдауды экзистенциалды менеджмент категориясына жатқызады. Ғалымдар, өнертапқыщтар, инновациялық менеджерлер терең пайымдаусыз процестерге негізделген шешімдер қабылдайды.
Басқару шешімдері жан-жақты талданған варианттар мен таңдау альтернативтігі бар ғылыми әдістерге негізделген болуы керек.
Басқару шешімдерінің жүйелігі олардың әртүрлі менеджмент деңгейіне жатқызуы, басқару функциясына, шешім қабылдау әдістері мен формасына байланысты. Шешім қабылдау деңгейі бойынша стратегиялық, концептуалды және орындаушылық болып бөлінеді. Концептуалды шешім қабылдау фирманың даму перспективасы мен оның миссиясы, стратегиялық әріптестерді, инвесторларды іздеумен, жаңа нарыққа енумен байланысты. Орындаушылық шешімдер орта және төменгі деңгейлі менеджерлер қабылдайды. Негізгі шешімдерді инновациялық менеджмент функциясымен шектелген өкілетті менеджерлер қабылдайды. Шешім қабылдау этаптары өзара байланысқан қадамдардың жүйелігіне, ақпараттың толық болуына, таңдау альтернативтерінің болуына, тәуекелділік пен белгісіздіктің бағасына негізделінеді.
Информация о работе Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы