РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)
Шығын құрылымы Ж       Ы       Л       Д       А       Р
1990 1991 1995 1998 2000 2001
өндіріс пен өткізу шығыны
  1. Материалды шығындар:
  • шикізат пен материал
  • отын
  • энергия
  1. Еңбек жалақысы мен әлеуметтік қажеттілікке аударылатын шығындар
  1. Негізгі фонд амортизациясы
  2. Өзге шығындар
 
 
100,0

73,8

-

-

- 
 
 
 

11,8 

12,5

1,9

 
 
100,0

70,9

53,0

5,3

4,6 
 
 
 

17,3 

3,3

8,5

 
 
100,0

72,7

47,7

10,1

8,2 
 
 
 

9,4 

3,8

14,1

 
 
100,0

74,1

47,0

8,9

9,3 
 
 
 

14,6 

4,7

9,6

 
 
100,0

74,2

53,8

8,6

6,2 
 
 
 

13,9 

2,1

9,8

 
 
100,0

73,7

53,3

8,0

6,7 
 
 
 

15,4 

2,4

8,5

     

      1999 ж. ресейлік қара металлургияның  даму сипаты өзгерді – тауарлы өнімнің өндіріс көлемі сәйкестендіру бағасында 1998 ж. салыстырғанда 14,4% -ға өсті.

        Екінші кезеңдегі қара металдар  өндірісінің көлеміндегі өсім ( 1999 – 2000жж ) ішкі металл тұтыну  мен металл өнімдері экспортының  ұлғаюымен негізделген болатын. 1999ж. дайын прокаттың өндіріс көлемінің ұлғаюы 89% -ға прокаттың сыртқы саудасының оң сальдосының өсімімен және 11% -ға оның ішкі тұтыну өсімімен негізделген болатын. 2000ж. жағдай өзгерді – дайын прокаттың өндіріс көлемінің ұлғаюы толығымен ішкі тұтыну өсіміне негізделді. Соңғысы 1999ж. салытырғанда 38% -ға өсті.

        2001ж. дайын прокаттың өндіріс  көлемінің өсім қарқындылығы  күрт баяулады. Бұл бір уақытта  үш фактордың әсер ету салдарынан  болды – дайын прокатты ішкі  тұтынудың өсім қарқындылығының  айтарлықтай төмендеуі ( 2000ж. салыстырғанда 13% ), прокат экспорты көлемінің өсуі ( шамамен 8% -ға ), прокаттың импорт көлемінің өсуі (шамамен 11% -ға ). 2002ж. прокат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы біршама жоғарылады. Оның негізгі себебі дайын прокаттың сыртқы саудасындағы оң сальдоның ұлғаюы болып табылады.

       1998 ж. тамызынан кейін қара  металлургия кәсіпорындары жұмысының  экономикалық және қаржы көрсеткіштерінің  айтарлықтай жақсаруы байқалды. Сала өнімінің рентабельділігі  1999 және 2000 жж. 28,2 және 25,6% құрады, ал сальдолық қаржы нәтижесі 37,7 және 66,3% құраған. Түсімі жоқ шығынды кәсіпорындар мен ұйымдар үлесі 1998ж. 45% -дан 1999 – 2000 жж. 28% -ға дейін төмендеді. Еңбек өнімділігі 2000 ж. 1998 жылмен салыстырғанда 24% -ға өсті.

       Сала кәсіпорындарының үшінші кезеңдегі ( 2001 – 2002 жж ) жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы 21–кестеде көрсетілген. 2001 ж. кезеңінде I-жарты жылдықта кәсіпорындар жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы байқалды. Ол негізінен екі жағдаймен негізделген болатын: ішкі бағаның өзгермеуі жағдайында өнімнің өзіндік құнының өсуі және прокаттың орташа экспорттық бағаларының шамамен 10% -ға кемуі.

      2002 ж. тауарлық өнімнің орташа  өзіндік құны 2000 жылдың орташа  жылдық көрсеткіштерімен салыстырғанда шамамен 29 %-ға өсті. Бұл сыртқы (монополист салалар қызметінің баға мен тарифтеріндегі өзгерістер) және ішкі факторлардың (материалды ресурстардың шығын нормасының, өнімнің төлемдері көп қажет етуінің т.б. өзгеруі) әсерінен болды.

Кесте 21

 

Сала  кәсіпорындарының 2000–2002жж. жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы.

Көрсеткіштер Жылдар
2000 2001 2002
Баға  мен траиф индекстері, бірлік*

-электр  энергиясы

-табиғи  газ

-кокстелетін  көмір

-темір  мен жүк тасымалы

Еңбек етушілер саны, мың адам*

Еңбек өнімділігінің индексі, бірлік*

Орташа  еңбек ақы, руб.*

Металл  өнімдеріне ішкі баға индексі*

Прокаттың орташа экспорт бағаларының индексі, бірлік*

Өнімнің орташа рентабельділігі, %

Сальдолық қаржы нәтижесі (кіріс пен шығын  айырмасы), млрд.руб.

 
1.0

1.0

1.0

1.0

778

1.00

4008

1.00 

1.00

25.6 

66.3

 
1.26

1.53

1.25

1.34

784

0.96

5430

1.01 

0.91

13.2 

33.8

 
1.58

2.08

1.40

1.61

717

1.08

7153

1.28 

0.96

16.1 

41.0

 

      *Жалпы  сала бойынша кезеңнің соңына. Еңбек өнімділігі 1 жұмысшыға келетін  болат балқыту бойынша есептелген.        

      Қарастырылып  отырған кезең бойында аса  маңызды материалды ресурстардың шығын  нормаларының төмендеуі 2.5 %-ға дейін  болды. Өзге факторлар әсерінен өнімнің  өзіндік құнының  өсімі байқалды. Өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы 79 %-ға ішкі, 21%-ға сыртқы факторлар әсерімен негізделген болатын /23/.

      Кесте 22

Ірі кәсіпорындардағы өнім өндірісі мен өткізу шығындарының құрылымы 

Кәсіпорындар (комбинаттар) жылдар өндіріс пен өткізу шығындары
барлығы Соның ішінде
Материалды  шығындар Еңбек жалдақысы мен әлеуметтік қажеттілікке аударылатын шығындар Негізгі қор  амортиза-циясы өзге шығындар
Магнитогорск 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

73.1

77.0

78.6

10.4

9.7

9.6

7.1

2.2

2.0

9.4

11.1

9.8

Череповецк 

(“Северсталь”)

1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

73.6

70.9

75.4

10.7

10.7

21.6

4.9

1.6

1.3

10.8

16.8

10.7

Новолипецк 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

78.4

77.9

79.8

7.4

9.4

12.8

6.3

3.1

1.8

7.9

9.6

5.6

Батыс Сібір 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

68.9

73.9

74.6

13.8

17.0

19.0

7.6

3.4

2.3

9.7

5.7

4.1

Нижнетагильск 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

83.1

77.2

69.5

6.4

9.6

12.1

3.7

2.8

3.1

6.8

10.4

15.3

Кузнецк 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

72.0

69.6

72.1

10.7

18.6

17.1

2.8

3.8

1.7

14.5

8.0

9.1

Орск-Халиловск

(“Носта”)

1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

72.6

70.6

77.9

14.6

14.1

14.7

5.8

2.3

2.0

7.0

13.0

5.4

Челябинск

(“Мечел”)

1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

71.2

75.4

74.4

10.4

10.1

13.2

5.1

3.5

1.6

13.3

11.0

10.8

Оскольск 1996

1999

2001

100.0

100.0

100.0

67.7

65.9

66.9

13.3

10.7

15.1

6.9

2.6

1.7

12.3

20.8

16.3

      “Эксперт  РА” рейтингтік агенттігінің мәліметтері  бойынша есептелген. 

      Тарауда жасалған талдау қалыптасқан жағдайда ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың  қызмет нәтижелері негізінен сыртқы факторлар әсерімен анықталады: доллар курсы, отын-энергетикалық кешен мен темір жол транспорты өнімі мен қызметінің баға өзгерісі, әлемдік металл өнімі рыногының конъюктурасы. Дәл осы факторлар әсерінен 2001-2002 жж. сала  кәсіпорындарының экономикалық және қаржы көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді.

      Сала  кәсіпорындарында өндіріс эффективтілігін жоғарылату резервтері жеткіліксіз пайдаланылады-еңбек өнімділігінің өсім қарқындылығы төмен, өнімнің материалдық қажеттілігі төмендемей отыр.

      Сала  кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру қажет. Олардың  қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

      -табиғи  монополиялардың тарифтік саясатын  аса тиімді реттеуді қамтамасыз  ету;

      -металл  өнімдерінің негізсіз импортынан  ішкі рынокты қорғау;

      -сыртқы  рыноктарды ресейлік өндірушілерді  қорғауды жүзеге асыру. 
 
 
 

      Қорытынды 

      Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі қалыптасқан  жағдайында Ресейдің  аса  маңызды  салалық мамандануының бірі-ұлттық металлургиялық  өнеркәсіп.

      Ресейдің  металлургиялық кешен құрамына тек  қара және түсті металлургия  ғана  емес,  өндірістік процестің өзара байланысты салалары мен  стадияларының  тұтастығы – минералды  шикізат  өндіруден  дайын өнім  шығаруға  дейін –кіреді. Ресейдегі қара металлургия өндірісі негізінен үш аса маңызды металлургиялық база кәсіпорындарында орналасқан: Орал, Орталық және Сібір.

      Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай  үлес алады: 2001 ж. Ресейде 59 млн тонна  болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы  экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді. Қара металлургияның ресейлік экспортында шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н құрайды.

Информация о работе РФ өнеркәсібі