РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

      Жалпы алғанда, металлургиялық өнеркәсіптің даму және модернизация перспективалары айтарлықтай мөлшерде металлургиялық компаниялардың өзіндік қаржы көздерін қалыптастыру мен несие тарту мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Бұл, өз кезегінде, инвестициялық, тарифтік, инновациялық және бюджеттік саясат, сыртқы экономикалық қызмет, салық салу, баға бекіту және өзге де көптеген салалардағы заңдарды жетілдірумен байланысты.

      Қазіргі кезде металлургиялық кәсіпорындлардың айтарлықтай бөлігі өзінің рентабельділік шегіне жетті. Егер саналы дамытудың  оптимизациясына қатысты түбегейлі шаралар қолданбаған жағдайда металлургиялық өнекәсіпті дамудың негативті сценариі күтіп тұр.

Ресей металлургиялық өнеркәсібінің дамуындағы айтарлықтай тежеу оның өнімдерінің  бәсекелестігінің жеткіліксіз болуы  болып табылады. Бұл Ресейдің металлургиялық өндірісінің технологиялық деңгейі өнеркәсіптік дамыған елдермен салыстырғанда төмен болуына байланысты. Металлургияда қолданылып жүрген технологиялық схемалардың тек 30%-ы ғана  қазіргі кезгі дүниежүзілік деңгейге сәйкес келеді, ал 28%-ы ескірген болып саналады және модернизацияға ерекше резервтері жоқ. Оның үстіне металлургиялық өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің (машина мен құрал-жабдық) орташа тозу деңгейі қазіргі кезде 70% құрайды.

      Өндірістердің жеткіліксіз жоғарғы технологиялық деңгейі Ресей металлургиясының бірқатар негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің дамыған елдер (АҚШ, ЕО, Жапония) металлургиясынан айтарлықтай артта қалуын негіздейді:

      Металл  өнімдері рыногының даму перспективалары  мен отандық металлургияның бәсекелестігіне әсер ететін факторлар металлургия өнеркәсібінің 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Ресейдің металлургия өнеркәсібінің алдағы уақытта, дамуының басты мақсаты ішкі және сыртқы рынокқа талап етілетін номенклатура сапасы мен көлемі жағынан бәсекеге төзімді өнім жеткізу.

      Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы–барлық  өндірістік қайта өңдеулерде түрлі  инновацияларды кең көлемде және жылдам ендіру. Инновациялық – инвестициялық  іс-әрекетті күшейту Ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың дамуын тежейтін жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, өндірістік потенциалдың түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді. 

      Мазмұны

      Кіріспе……………………………………………………………………

І Тарау. Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама………

1.1  Металлургиялық  өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы  ролі………...

1.2   Ресей металлургиясының 2010 жылға  дейінгі дамуының 

негізгі бағыттары……………………………………………………….………

1.3 Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдары………………….…. 

ІІ-Тарау.  Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері  …….

2.1 ТМД  елдерінде қара металлургия мен  болат рыногының 

даму  тенденциялары…………………………………………………………..

    1.   Қара металлургия өнімдерінің негізгі экспортер – кәсіпорындарына

шолу………………………………………………………………………….….

    1.   Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің

өзгеру  тенденциялары…………………………………………………………

      Қорытынды ………………………………………………………….….

      Әдебиеттер  тізімі………………………………………………………..

Информация о работе РФ өнеркәсібі