Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

 

Кесте 31.   Жұмыс істейтін еркектер мен әйелдердің жалақысы, 1999-2004 жж., теңге [42]

Жалақы 

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Орташа айлық атуалы жалақы, барлығы

11864

14374

17303

20323

23128

28329

Соның ішінде:

           

Еркектер 

14304

17603

21511

24847

28476

34648

Әйелдер

9485

10819

12635

15340

17304

21445

Әйелдер жалақысының  еркектердің жалақысына %-дық қатынасы

66,3

61,5

58,7

61,7

60,8

61,9


 

Еркектер мен әйелдердің еңбек төлеміндегі айырмашылықты туындайтын факторлар:

  • әйелдердің жұмыспен қамтылуындағы сәйкессіздікпен пен деформация, соның нәтижесінде әйелдер көбіне жалақы аз төленетін салаларды жұмыс істейді;
  • кәсіптік сегрегация (бөлу) – бір салада жұмыс істейтін әйелдер мен еркектердің еңбекақысындағы айырмашылық, ол әйелдердің анағұрлым төмен мамандықтағы орындарда жұмыс істеуі және қызметтер атқырауының, әйелдер басшылық жұмысқа нақты қол жеткізу мүмкіндіктерінің шектеулілігінің  салдарынан болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылудың қоссекторлық үлгісін жасау және әйелдерді қосалқы секторға ығыстыру.

Осы аталған жағдайларға  қарай әйелдер көбіне материалдық  тұрғыда анағұрлым осал болады. Еркектер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуындағы және табыстарындағы айырмашылықтар зейнетақымен қамсыздандырудағы гендерлік алшақтықты ұлғайтып, егде жастағы әйелдер үшін кедейлік қаупін күшейтеді. 70%-ға жуық егде жастағы әйелдер кедей тұрмыстылар санатына жатады. Жалпы зейнеткерлер кедейлік ахуалы бойынша қауіп тобын құрайтынын ескергенде, зейнеткерлік жастағы әйелдердің анағұрлым айқын көрінетін осалдығы тағы мына жағдаймен де анықталады, еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы елеулі айырмашылыққа байланысты әйелдердің көпшілігі қартайған шақта жалғыз қалады. Бізге белгілісі, туылған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы 2004 жылы әйелдерге 72,5 жас болды, ол еркектер осындай көрсеткішінен 11 жас ұзақ. Өмір сүру ұзақтығындағы осы алшақтық 1990 жылғы 9,5 жастан осы кезең аралығында 1,5 жасқа ұлғайды, бұл еркектер мен әйелдер өлім-жітіміндегі күрделі гендерлік проблемалар туралы айғақтайды.

 

Диаграмма  7.  Жас бойынша жұмыссыздық деңгейі, 2002ж

 

  Экономикалық ресурстарды үйлесімсіз бөлу және оларға қол жеткізудегі еркектер мен әйелдердің әркелкі, бірдей емес мүмкіндігі республика үшін әлі де өзекті проблема күйінде қалып отыр. Қоғамдық өндіріс саласындағы жұмыспен қамту проблемасы, әйелдер үшін баламалы еңбекақы төлеу, еркектер мен әйелдердің зейнетақылық қор жинауына қатысты гендерлік айырмашылықтарды азайту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету – елдің экономикалық және әлеуметтік даму саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде шешімін табуы қажет міндеттер.

Республикадағы гендерлік тең құқықтылыққа қол жеткізу саласындағы мемлекет қызметі гендерлік саясаттың негізгі төрт басымдығын іске асыруға бағытталған:

    • әйелдердің саяси үдерістерге тең қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
    • әйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету;
    • әйедердің және олардың отбасыларының денсаулықтарын жақсарту;
    • әйелдерге қатысты зорлық көрсетуді түбірімен жою.

Елімізде Қазақстан  Президентінің жанынан отбасы мен  әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды және ол содан бері жұмыс істеп келді, осы комиссия әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды орындауға қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Осы құжатқа сәйкес әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси өмірге қатысуын жандандыру, сондай-ақ отбасылардың, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің қоғамдық бірлестіктерін көбірек тарту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету жоспарланды [43]

 

2.2 Экономикалық  өсудің кедейліктің деңгейіне  ықпалы

 

        Динамикалық және орнықты экономикалық  даму елдегі халықтың әл-ауқатының арту мен кедейшілік деңгейін азайтудың аса маңызды шарты болып табылады. Кедейшілікті азайтудағы Қазақстандағы оң үдерістер соңғы жылдар аралығында 1999 жылы басталған экономикалық өрлеумен байланысты, осы жылдардағы әрекет халықтың жұмыспен қамтылуы мен табыстарының артуына жағдай жасап, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастырды. Осыған орай кедейшілік себептерін талдау экономикалық өсу мен кедейшілік арасындағы өзара байланысты талдаудан басталады.

          Өтпелі кезеңнің басындағы экономикалық терең дағдарыс бес жылға созылды. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 0,5%-ға өсуі алғаш рет тек 1996 жылы ғана тіркелді. Ал 1999 жылдан бері республикада елеулі экономикалық өрлеу байқалады, осы өрлеу инфляцияның өсу қарқындарын бәсеңдетті (2.2.1. кесте). Былайғы тең жағдайлар кезінде осы ахуал халықтың жұмыспен қамтылуы (әсіресе ең жоғары деңгейде өрлеген салаларда) мен табыстарының өсуі, табыстардың сатып алу қабілетінің артуы және елдегі кедейшілік деңгейінің төмендеуі үшін қолайлы макроэкономикалық орта жасады. Расында да, 1998 жылдан 2002 жылдарға дейінгі аралықта Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 39-дан 24%-ға дейін кеміді. Діттелген үрдістің орнықты болуы үшін, ЖІӨ одан әрі нақты дамуы және оның құрылымында, мекен-тұрағына, жынысы мен жасына қатыссыз елдегі бүкіл халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін өзгерістер жасау қажет.

 

Кесте 32. Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері, 1998-2002жж

Көрсеткіштер 

1998

1999

2000

2001

2002

Өткен жылмен % бойынша салыстырғанда ЖІӨ физикалық көлемнің индексі

98,1

102,7

109,8

113,5

109,8

ЖІӨ:

Млрд теңгемен

1733,3

2016,5

2599,9

3250,6

3776,3

Ресми бағам бойынша  млрд АҚШ доллары

22,1

16,8

18,3

22,2

24,6

Халықтың жан  басына шаққандағы ЖІӨ

Млрд теңгемен

115,0

135,1,8

174,8

219,2

254,2

Ресми бағам бойынша  млрд АҚШ доллары

1468,8

1129,1

1229,2

1491,4

1645

Тұтыну бағаларының  индексі, %-бен, өткен жылғы желтоқсан  айымен салыстырғанда биылғы жылдың желтоқсанында

101,9

117,8

109,8

106,4

105,9


Кестеде көрсетілгендей, соңғы жылдардағы экономикалық өрлеу үй шаруашылықтарындағы шығыс көлемінің түпкі тұтынуға физикалық өсуімен және жалпы жинақтауға жұмсалатын шығыстардың өсуімен қатар жүрді. Бұл ретте жалпы жинақтауға пайдаланылатын шығыстардың өсу қарқындары үй шарушылықтарының түпкі тұтынуға жұмсайтын шығыстарының өсу қарқындарынан анағұрлым жоғары болды. Жалпы жинақтаудың өзінің және ең алдымен, негізгі капиталдың өсуін оң құбылыс ретінде бағалауға болады, соның нәтижесінде әлеуетті экономикалық өсуге арналған өндірістік база ұлғаяды және кемелдене түседі. Дамушы экономикада, жинақтаудың басымдығы, қағида ретінде, әбден орынды. Алайда, үй шаруашылықтарының түпкі тұтынуын қарқындарына қарай ғана емес, сонымен бірге өсу көлемдерінің абсолютті құндары бойынша да біршама озып кететін жалпы жинақтаудың өте жоғары, секірмелі өсуі назар аудартады. Экономикалық өсудің жалпы динамикасы оның құрылымдық параметрлеріне сәйкестенуі тиіс екендігінен, халықтың ағымдағы тұтынуының төмен деңгейі жағдайларында (Қазақстанда үй шаруашылықтарының түпкі тұтынуға жұмсайтын шығыстары салыстырмалы бағаларда 2001 жылы 1990 жылғы деңгейдің 56% құрады), адамдардың онсыз да біршама төмен табыстары, ең алдымен жалақыны қосқанда, өндірістік салаға жасалатын инвестицияларды қаржыландыруды әлеуметтік саланың дамуы есебінен аз дәрежеде жүзеге асыру маңызды. Болашақта экономикадағы жинақтаудың осындай жоғары өсу қарқындары кезінде ЖІӨ ықтимал қайта бөлу ауқымдарын сараптау және талдап шығу қажет, олардың экономикалық және әлеуметтік негізділігін де ескеру керек.

 

Кесте  33. Қазақстанда ЖІӨ пайдалану құрылымы

 

1998

1999

2000

2001

2002

ЖІӨ, %

100

100

100

100

100

Нақты түпкі тұтыну, %

84,1

84,0

74,4

73,1

67,0

Соның ішінде:

Үй шаруашылықтарының  тұтынуы, %

79,1

79,0

67,2

63,1

60,9

Мемлекеттік басқару  органдарының тұтынуы, %

5,0

5,0

6,3

8,0

6,1

Жалпы қорлану, % барлығы

15,8

17,8

18,1

26,8

27,3

Таза экспорт, %

-4,6

2,3

7,8

-3,0

0,9

Статистикалық алшақтық, %

4,7

-4,1

-0,3

3,1

1,9

Өткен жылғымен  % арқылы салыстырғанда, үй шаруашылықтарының  салыстырмалы бағаларла түпкі тұтынуға жұмсаған шығыстары

99,5

100,1

101,0

107,3

111,2


 

        Қазақстандағы экономикалық өсудің  салдарынан мемлекеттік бюджеттің  кірістері мен шығыстары да  едәуір өсті. Үкімет бюджет тапшылығын 1999 жылғы 69,8 млрд.теңгеден 2002 жылы 13,0 млрд.теңгеге дейін түсірді. Мұндай жәйт халықтың әл-ауқатын арттыру мен елдегі кедейшіліктің деңгейін азайтуға сеп болатын мемлекет бюджетінің әлеуметтік шығыстарын ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасады. Соған қарамастан, білім, денсаулық сақтау секторлары мен республика халқын әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру біршама төмен деңгейде сақталып отыр.

 

Кесте 34. ҚР мемлекеттік бюджетінің  кірістері мен шығыстары, 1998-2002жж

 

1998

1999

2000

2001

2002

Мемлекеттік бюджеттің  кірістері,

ЖІӨ, %

17,9

19,8

23,0

22,7

21,9

Мемлекеттік бюджеттің  кірістері,

млрд теңге

309,5

398,6

598,7

746,6

821,2

Мемлекеттік бюджеттің  шығыстары,

ЖІӨ, %

21,8

23,2

23,2

23,1

22,3

Мемлекеттік бюджеттің  шығыстары,

млрд. теңге

377,4

468,4

602,0

759,6

834,2

Тапшылық Дефицит (-), профицит (+), млрд. теңге

-67,8

-69,8

-3,3

-13,0

-13,0


 

Кесте 35. ҚР мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік шығыстары, 1998-2002жж

 

1998

1999

2000

2001

2002

Мемлекеттік бюджеттің  шығыстары,

ЖІӨ %

21,8

23,2

23,2

23,1

22,3

Соның ішінде білімге  жұмсалғаны,

млрд.теңге 

ЖІӨ %

 

69,5

4,0

 

78,5

3,9

 

84,7

3,3

 

106,4

3,3

 

121,1

3,2

Денсаулық сақтауға бөлінгені, млрд.теңге 

ЖІӨ %

 

26,0

1,5

 

44,8

2,2

 

54,3

2,1

 

62,3

1,9

 

71,1

1,9

әлеуметтік шығыстарға жұмсалғаны, млрд.теңге 

ЖІӨ %

 

53,6

3,1

 

159,1

7,9

 

171,1

6,6

 

186,7

5,7

 

201,4

5,4


 

           Еңбек нарығының ахуалы мен кедейшілік. Жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын жаңғырту ел экономикасының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты. Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсеке қабілеті төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халықтың ең осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды. Ол сондай-ақ жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларын нашарлататын келеңсіз үрдістерді де қолға алады. Жалпы экономикалық шаралар тоқтап тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіруге, өндірістерді қайта жарақтау мен осы заманғы технологияларды ендіруге ынталандырып, ресми емес жұмыспен қамтылу көлемдерінің қысқаруына сеп болады.

         Бұрын айтылғандай, Қазақстандағы  кедейшіліктің басты себептерінің  бірі жұмыспен тиімді қамтылу  проблемасының шешімін таппауы  болып табылады. Республика халқы  осы проблеманы өткір сезініп  отыр және оны кедейшіліктің  басты себебі ретінде атайды. Соңғы жылдардағы экономикалық өсуге байланысты, Қазақстанда еңбек рыногының дамуындағы оң үрдістер байқалды, ол еңбекке деген сұраныстың ұлғаюына және адамдардың экономикалық белсенділіктерінің өсуіне түрткі болды, бұл туралы 36 кестенің деректері айғақтайды. 1999 жылдан бері жұмыспен қамтылғандардың саны тұрақты көбейіп отырды.

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде