Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

 

Кесте 36. Қазақстандағы еңбек нарығының кейбір көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар

 

1998

1999

2000

2001

2002

Экономикалық белсенділік  деңгейі (%)

65,9

66,0

66,0

70,2

70,1

Жұмыспен қамтылған халық (мың адам)

6127,6

6105,4

6201,0

6698,8

6708,9

Жұмыспен қамтудың деңгейі (%)

86,9

86,5

8702

89,6

90,7

Жұмыссыз халық (мың  адам)

925,0

950,0

906,4

780,3

690,7

Жұмыссыздық деңгейі (%)

13,1

13,5

12,8

10,4

9,3

Тіркелуші жұмыссыздық  деңгейі (%)

3,7

3,9

3,7

2,9

2,6


 

       1999-2001 жылдары экономика секторлары  бойынша жұмыспен қамту құрылымы  бірқатар өзгерістерге ұшырады.  Ауыл шаруашылығында, аңшылық және  орман шаруашылығында жұмыс істейтін  халықтың үлесі өсті (22-ден 35%-ға  дейін). 2000 жылы ауыл шаруашылығында, аңшылық және орман шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар 45,3%-ға, 2001 жылы 21,9%-ға өсіп, 2002 жылы өзгерген жоқ. Жалпы экономиканың осы секторларында жұмыспен қамтылған адамдар саны 1999 жылғымен салыстырғанда 2002 жылы 77,2%-ға өсті. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың өсуімен қатар ауыл тұрғындарының қалаға қарай елеулі көші-қоны байқалады. Халықтың ауылдан кетулерінің басты себептері жұмыстың, жұмысқа орналасу перспективаларының немесе жеке іс ашу мүмкіндігінің (34,5%) жоқтығы болып табылды [44].  Сонымен қатар өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын қысқарып отырды – 2000 жылы 5,5%-ға, 2001 жылы 2,9%-ға және 2002 жылы 0,8%-ға кеміді. Жалпы алғанда ол 2002 жылы 1999 жылғымен салыстырғанда 8,9%-ға азайды. Бұл орайда өнеркәсіптің өңдеуші және кен өндіруші салаларында үрдістер сәйкес келмейді. Егер өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы байқалса (1999 жылғы 10,3%-дан 2002 жылдағы республикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 7,5%-на дейін), ал кен өндіруші өнеркәсіпте мұнай-газ кешеніндегі өндірістің және түсті металдар рудаларын өндірудің өсуі есебінен жұмыспен қамтылудың кейбір ұлғаюы белгіленеді. Алайда, осыны ескергеннің өзінде 2002 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі жұмыспен қамтылғандардың үлесі экономикада жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2,5% ғана құрап, 1999 жылғыдан небәрі 0,4%-ға ғана жоғары болды.

        Атаулы жалақы мен күнкөріс  минимумы мөлшерінің арақатынасына  сүйене келгенде, елдегі жұмыс  істейтін халықты бірнеше кіріс топтарына бөлуге болады. Жалдамалы жұмыскерлердің төмен төлемді кіріс тобы атаулы жалақының төмен деңгейдегі сатып алу қабілетін еншілейді, оның мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен немесе екі күнкөріс минимунан аз. Орташа төлемдегі кіріс тобының атаулы жалақысының мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен, яғна күнкөріс минимумының екілен жетіге дейінгі мөлшері аралығында болады. Соған сәйкес, жоғары төлемдегі кіріс тобы жоғары молшылық бюджетінен астам немесе күнкөріс минимумының жеті мөлшерінен көп атаулы жалақы алады.

            37 кестенің деректері Қазақстандағы жалдамалы жұмыскерлердің көпшілігінің жалақы мөлшерлерінің баламасыздығы туралы байлам жасауға итермелейді: жалдамалы жұмыскерлердің 44%-дан астамы орташа жалақы мөлшеріндегі төмен төлемдегілердің санатына жатады, ол ең төменгі тұтыну бюджетінің көлемінен аспайды. Экономика саласында жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санының 10-13% ғана жоғары молшылық бюджетінің медесінен асатын жалақы алған. Одан әрі, елеулі экономикалық өсуге қарамастан, төмен төлемдегі жалдамалы жұмыскерлердің үлесі, 2002 жылы небәрі 0,9%-ға ғана кеміген. Бұл ретте қайта бөлу, ең алдымен, орташа төлемдегі жалдамалы жұмыскерлердің пайдасына шешілген. Бұл елдегі жалдамалы жұмыскерлердің ең кемі тең жарымының нақты жалақысын көтеру қажеттілігі туралы айғақтайды.

 

Кесте 37.  Жалақы мөлшері бойынша жалдамалы қызметкерлерді бөлу, 1998-2002 жж

 

1999

2000

2001

2002

Барлығы, %

100

100

100

100

Соның ішінде:

Төмен төлемдегілер, %

45

45

45

44,1

Орташа төлемдегілер, %

44,6

42,9

42

42,8

Жоғары төлемдегілер, %

10,4

12,1

13

13,1


 

     Жалақыдағы  саралау экономикалық қызмет  түрлері бойынша оның сатып  алу қабілетіндегі (атаулы жалақы  мен күнкөріс минимумының арақатынасы) айырмашылықтармен байланысты. Жұмыскерлердің атаулы жалақыларының сатып алу қабілетінің жоғары белгілері өтпелі кезеңдегі экономика секторларының даму ерекшеліктерін көрсетеді. Аумақтан тысқары ұйымдар қызметкерлеріне (мәселен, дипломатиялық өкілдіктердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері) төленетін төлемнің жоғары деңгейі нарықтық экономикасы дамыған елдердегі жоғары білікті еңбек төлеміне қолданылатын тәсілдерді көрсетеді және Қазақстан экономикасының ұлттық секторларында еңбек төлемін көтеру үшін бағдарлар сілтейді. Қаржы секторы экономикада нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында қарқынды дамиды және жұмыс күшінің жоғары сұранысымен және ұсынысымен сипатталады. Кен өндіруші өнеркәсіп жоғары қарқындағы даму қарқындарының салдарынан жұмыс күшін ұдайы толықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың есебін тапты. Жалақыны сатып алу қабілетінің орташа деңгейі ең алдымен, құрылыс, көліс байланыс пен өнеркәсіп сияқты дәстүрлі және кең тараған жұмыспен қамту салаларында тіркелді. Солармен бірге, осы топқа нарықтық экономикада тез дамушы дәстүрлі және қызметтің жаңа түрлері кірді, олар – сауда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, халыққа арнайы қызмет көрсету және бірқатар өзге шаралар. Мемлекеттік басқару, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулер және халыққа қызмет көрсетудің өзге де салаларында жалақының сатып алу қабілеті «орташа» санатқа жатқызылатынына қарамастан, ол төмен деңгеймен мөлшерлес болады. Білім, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету секторларындағы сондай-ақ балық аулау, ауыл және орман шаруашылықтарындағы жалақының төмен деңгейдегі сатып алу қабілеті ЖІӨ мен мемлекеттік бюджетті пайдаланудағы сәйкессіздікті көрсетеді және білікті кадрлар үшін экономиканың осы секторларының тартымсыздығы туралы айғақтайды.

 

Кесте 38.   Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақыны сатып алу қабілеті, 1999-2002жж

Атаулы жалақының сатып  алу қабілеті

1999

2000

2001

2002

Барлығы

3,5

3,6

3,8

4,3

А.Жоғары

       

Қаржы қызметі

9,8

9,0

9,1

10,6

Кен өндіру өнеркәсібі

7,3

8,0

8,0

8,4

Халықаралық және дипломатиялық ұйымдардың өкілдіктері

19,9

11,9

16,9

28,6

Б.Орташа

       

Құрылыс

4,7

5,2

5,8

6,8

Көлік және байланыс

4,3

4,7

5,3

6,1

Жалпы өнеркәсіп

4,8

5,2

5,2

5,5

Соның ішінде:

Электр энергиясын, база мен суды өндіру және бөлу

4,6

4,3

4,4

4,5

өңдеуші

4,1

4,4

4,3

4,6

Жылжымайтын мүлік операциялары, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетулер ұсыну

3,3

4,2

4,8

6,2

Қонақүйлер мен ресторандар

4,0

4,0

4,7

6,9

Коммуналдық, әлеуметтік және арнайы қызметтер көрсету

3,0

3,2

3,7

4,4

Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен ұзақ пайдаланылатын заттарды жинау

3,2

3,2

3,3

4,0

Мемлекеттік басқару

3,3

2,9

3,3

3,6

В. Төмен (төменге  жуықтары)

       

Білім

2,4

2,1

2,2

2,7

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер

2,0

1,8

1,8

2,3

Балық аулаушылық, балық өсірушілік

1,7

1,7

1,6

1,8

Ауыл шаруашылығы, аңшылық  және орман шаруашылығы

1,4

1,4

1,5

1,7


 

 

 

2.3 Қазақстандағы  кедейліктің аймақтық айырмашылықтары

Қазақстанның аймақтары  бойынша кедейлік деңгейіндегі өткір  дифференциация байқалады.

Кесте    Аймақ  халқының санына қатысты кедей тұрмыстылардың үлесі бойынша аймақтарды топтастыру

 

Кедейліктің деңгейі (аймақ халқының санындағы кедей  тұрмысты адамдардың үлесі)

Аймақтар 

Төмен (1,1-2,8%)

Астана, Алматы қалалары

Орташа (14-18,3%)

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары

Жоғары (21-29,1%)

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары


 

Кедейлік деңгейі бойынша  ең дұрыс жағдай 2004 жылы Астана және Алматы қалаларында болды, осы қалаларда күнкөріс минимумының мөлшерінен төмен табысты халықтың үлесі сәйкестігіне қарай 1,1 және 2,8 %-ды құрады. Кедейліктің ең жоғары деңгейі – 29,1 % Атырау облысында тіркелді, бұл ретте осы облыста халықтың жан басына шаққандағы жалпы аймақтақ өнімнің (ЖАӨ) өндіріс көлемдері мен орташа жалақы мөлшері өте жоғары. Сондай-ақ Маңғыстау және елдің оңтүстік облыстарында кедейліктің жоғары деңгейі байқалады (26-21%). Қазақстанда адамның кедейлігіне себеп болатын негізгі факторлардың бірі  оның тұрған жері болып табылады. Экономикалық реформалар экономика секторларының дамуына әркелкі әсер етті, соның салдары ретінде, әр облысқа олардың өндірстік мамандануына қарай әркелкі ықпалын тигізді. Әсіресе бұл ауылшаруашылығына қатты әсерін тигізді, осы салада қазір ең төменгі еңбек өнімділігі және соған сәйкес халықтың төмен табыстары орын алған. Оңтүстік ауылшаруашылық облыстары дәстүрлі түрде кедейліктің жоғары көрсеткіштерімен көзге түседі. Осы аймақтардағы халықтардың тұрмыс деңгейін нашарлататын тағы бір факторына ресми емес экономиканың болуы жатады, ол үй шаруашылықтары табатын табыстың бір бөлігін есепке тіркеуден жасыруға жағдай жасайды.

Қазқстанның батыс облыстарында (Атырау және Маңғыстау облыстарында) өнеркәсіп өндірісінің үлесі ЖАӨ-ң тең жартысынан асады. Алайда жергілікті халық мұнай-газ секторындағы жоғары табыстар өндірісіне мардымсыз қатыстырылған, соның нәтижесінде бұл облыстар да сондай-ақ кедейліктің ең жоғары деңгейі орын алған аймақтар қатарына жатады. Облыстар арасындағы кедейлік деңгейіндегі айырмашылықтар да сондай-ақ халықты жеткілікті жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін нашар дамыған еңбек нарығымен де байланысты. Қазақстанда ауылдағы кедейлік қаладағымен салыстырғанда анағұрлым көп жоғары. Соңғы жылдарда ауыл мен қала арасындағы кедейлік ауқымдарының дифференциациясына 2001 жылғы 1,9 еседен (сәйкестігіне қарай 38,5% және 20%) 2003 жылы 2,9 есеге дейін (30,9% және 10,8%) және 2004 жылы 2,7 есе өсті. Қалалық жерлерде 2004 жылы кедейлік тұрмыс Қызылорда (21,4%), Атырау (20,6%), Жамбыл (14,6%) және Оңтүстік Қазақстан (17,0%) облыстарында, ал ауылдық жерлерде Маңғыстау (47,0%), Атырау (41,8%), Қызылорда (35,7%) және Қарағанды (38,9%) облыстарында көбірек тараған.

 

Диаграмма 8. Аймақтар бойынша 2004 жылғы қала және ауыл кедейшілігі

 

 

 

 Ауыл және қала  кедейшілігі көріністерінің айырмасы  шамалы. Тұрған жерлеріне қатыссыз  Қазақстандағы кедей тұрмысты  халық негізінен еңбекке жарамды  азаматтар (жұмыс істейтіндер  және жұмыс істемейтіндер) және 16 жасқат дейінгі балалар арқылы көрсетілді. Ккедей тұрмысты ауыл тұрғындарының арасындағы балалардың болмашы басымдығы ауыл отбасыларының біршама үлкен көлемдерінен туындайды.

 

Кесте 39. Кедей тұрмысты қала және ауыл тұрғын халқының санаттары, 2002ж

 

Кедей тұрмысты қала халқы

Кедей тұрмысты ауыл халқы

Кедей тұрмысты халық, барлығы

100

100

Соның ішінде:

еңбекке жарамды халық

59,1

56,8

16 жасқа дейінгі балалар

31,3

35,1

Зейнеткерлік жасқа  жеткен және одан жастары үлкен адамдар

9,6

8,1


 

Қала тұрғындары сияқты, ауыл тұрғындарының табыстары да негізінен еңбек қызметі мен зейнетақылар есебінен құрылады. Бірақ ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда өз бетінше жұмыспен қамтылу мен жеке қосалқы шаруашылықтарына көбірек сенім артады.

 

Кесте 40. Қаладағы және ауылдағы кедей үй шаруашылықтарының 2004 жылғы табыстарының негізгі көздері

Табыстардың көрсетілген  көздері 

Қаладағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары, %

Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары, %

Жалданбалы жұмыс істеу (жалға жұмыс істеу)

68,5

62,8

Өздігінен жұмыспен қамтылу

13,9

19,4

Зейнетақы

33,2

37,2

Стипендия

1,0

0,2

Жеке қосалқы шаруашылықтың  өнімдерін тұтыну

26,4

59,8

Жеке қосалқы шаруашылықтың  өнімдерін сату

4,5

2,1

Меншіктен түсетін табыс

0,6

0,5

Туған-туысқандардың, таныстардың  көмегі

18,3

14

Әлеуметтік көмек

12,3

14,5

Кездейсоқ табыстар

9,0

11,5

Өзге табыс көзі

9,8

9,2

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде