Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кедейшілік проблемасы қанағаттанарлықсыз (жұпыны) тұрғын үй жағдайларымен және жылу проблемаларымен (40%), тамақтың жетіспеуінен (23,8%), медициналық көмекке және дәрі-дәрмекке ақшаның болмауынан (18,8%), киім-кешектің және аяқ-киімнің жоқтығынан шиеленісе түседі. Соңғы 3 жыл ішінде ауыл тұрғындарының көпшілігінің тұрмыс жағдайлары жақсармаған (56% респонденттер). Респонденттердің 32%-ы тұрмыстың нашарлар кеткенін атаса, ал 12%-ы ғана осы сұраққа оң жауап қайтарды.
Ауыл экономикасы және кедейшілік. Қазіргі кезде экономиканың ең жоғарғы табысты сласы мұнай-газ саласы (Атырау облысында), ал солтүстік облыстарда – сауда болып саналады. Соған қарамастан, ұзақ мерзім ді перспективада осы салаларға ауыл экономикасын дамытудың базасы ретінде қарауға болмады, өйткені олар ауыл халқын жаппай жұмыспен қамти алмайды. Сарапшылардың басым көпшілігі ауылдың болашағын елді мекендердің дәстүрлі мамандықтарымен сабақтастырады, мәселен, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және меслекеттік қызмет. Сарапшылардың пікірлері бойынша, зерттеу жүргізілген ауылдық аудандардың экономикасын дамытуға септігін тигізетін негізгі шара, мемлекеттің қосымша қаржыландыруы болып табылады. Бұдан бөлек, ауылдағы жағдайдың тұрақтануына ықпал ететін факторларға қатысты сұрақтарға жауап берген респонденттердің тең жарымынан көбі ауылшаруашылық өндірісінің салық салу режиміне қатты тәуелді екендігін айтқан (54%). Көпшілік респонденттер ауылшаруашылық өнімдерін сатып алудың ортақтындырылған жүйесінің болмауы, шаруа (фермерлік) қожалықтарын күрделі жағдайға қалдырғанын, тіпті тұйыққа тірегенін атап көрсетеді. Несиелердің болмау себебінен шаруашылықты жүргізу негізінен шикізатты шыққан жерінде қайта өңдеусіз әкетуге бағытталады, ол өндірілетін ауылшаруашылық өнімінің төмен пайдалылығына жетелейді. Қалыптасқан жағдайларда жергілікті халық арзымайтын бағаға алыпсатарларға өз өнімдерін амалсыздан сатуға мәжбүр, көбіне олардың бағасы тіпті өзіндік құндарынан да төмен болады. Зерттеу жүргізілген елді мекендердің көпшілігі қолайсыз көлік жайғасымында – негізгі трассалар мен өткізу базарларынан ұзақ қашықтарда орналасқан.
Ауылдық отбасының табыстары. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көздері – жалақы, зейнетақы және өздігінен жұмыспен қамтылу. Одан кейін ауыл тұрғындары қосалқы үй шаруашылығының маңызды рөлін меңзесе, огсы тізімді атаулы әлеуметтік көмек және туған туыстар тарапынан көрсетілетін көмек одан әрі жалғастырады.
Диаграмма 11. Бір үлгідегі ауыл отбасы табыстарының негізгі көздері.
Зерттеу барысында ауылдағы орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыс есептелді. Ауыл халқының ақшалай табыстарының деңгейінде үлкен алшақтықтар бар екендігін зерттеу нәтижелері растайды (852-3285 теңгеге дейін). Бұл цифрлар республикадағы күнкөріс минимумының деңгейінен едәуір төмен.
Кесте 45. Тексерілген аймақтарда тұратын ауыл тұрғындарының пікірлері бойынша орташа айлықтағы ақшалай табыстың жан басына шаққандағы есептік шамасы, 2002 жыл
Облыстар |
Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстың шамасы (мөлшері), теңге |
Алматы облысы |
3285 |
Атырау облысы |
1334 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1115 |
Қарағанды облысы |
980 |
Шығыс қазақстан облысы |
878 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
852 |
Ауылдағы ақшалай табыстардың өте төмен жағдайларында бір үлгідегі ауылдық отбасы тіршілігінің қам-қарекетіне үй шаруашылығы аса маңызды рөлге ие болады.
Диаграмма 12. Ауыл тұрғындары үшін қосалқы шаруашылығының мәні
72% - онсыз күн көре алмаймыз
17% - маңызы үлкен бірақ онсыз күнелтуге болады
9% - аса үлкен маңызы жоқ
2% - ешқандай маңызы жоқ
Кесте 46. Облыстар бөлігінде ауыл тұрғындары үшін қосалқы үй шаурашылығының маңызы (үй шаруашылықтары бар респонденттер)
Облыстар |
Онсыз күн көре алмаймыз |
маңызы үлкен бірақ онсыз күнелтуге болады |
аса үлкен маңызы жоқ |
ешқандай маңызы жоқ |
Солтүстік Қазақстан облысы |
89% |
7% |
3% |
1% |
Шығыс Қазақстан облысы |
76% |
16% |
7% |
1% |
Қарағанды облысы |
76% |
18% |
3% |
3% |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
66% |
19% |
14% |
1% |
Алматы облысы |
56% |
28% |
14% |
2% |
Атырау облысы |
56% |
20% |
23% |
1% |
Ауылдағы отбасылардың тең жарымына жуығында (44%) қосалқы үй шаруашылығы бар, олар отбасының өзін-өзі қамтамасыздандыруы үшін ауадай қажет, оны 72% респонденттер атады. Осындай отбасылардың ең аз саны Атырау (20%) және Оңтүстік Қазақстан (23%) облыстарында белгіленген. Мұндай шаруашылық ақшалай табыстарының деңгейі анағұрлым төмен аймақтар тұрмысында көбірек рөл атқарады, олар: Шығыс Қазақстан (43%), Қарағанды (53%) және Солтүстік Қазақстан (77%) облыстары.
Ауыл жұмыссыздығы. Ауылдық жердегі экономикалық белсенділіктің деңгейі соңғы үш жылдың ішінде елеулі өзгерістерге ұшырады, ол демографиялық және көші-қон үдерістерімен байланысты. Ауылдағы жұмыссыздық ауылдық жердегі тұрмыстың деңгейі мен сапасына едәуір ықпал етеді, ауыл тұрғындары үшін білім және денсаулық сақтау қызмет көрсетулерінің мүмкіндігін азайтады, сондай-ақ олардың өсімпаздық тәлімдерін өзгертеді. Әлеуметтік сауалнама деректері мынаны көрсетеді, зерттеу жүргізілген аймақтарда респонденттердің тең жарымына жуығы (46%) өздерін жұмыссыздар қатарына жатқызған. Олардың небәрі үштен бір бөлігі (34%) жұмыс іздеп, тек 6%-ы ғана өзінің меншікті жеке ісін бастағысы келген. Осындай жағдайдың негізгі себебі ауылда жұмыс табуға сенімнің жоғалғаны болып табылады.
Кесте 47. Жұмыссыздар үшін жұмыс іздемеу себептері
Жұмыс табуға үміт жоқ |
Қай жерден және қалай жұмыс табуды білмейді |
Денсаулық жағдайына байланысты | |
Барлығы |
40% |
23% |
6% |
Алматы облысы |
23% |
9% |
4% |
Атырау облысы |
45% |
29% |
2% |
Шығыс Қазақстан облысы |
40% |
21% |
9% |
Қарағанды облысы |
36% |
20% |
7% |
Солтүстік Қазақстан облысы |
60% |
17% |
9% |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
38% |
32% |
6% |
Ауылдағы негізгі жұмыс
беруші – мемлекет, ол 33% шамасындағы
жұмыс орындарымен
Кесте 48. Ауылдық аудандардағы негізгі жұмыс берушілер
Мемлекеттік (бюджеттік) ұйымдар мен мекемелер |
Мемлекеттік емес құрылымдар |
Шаруа қожалықтары |
Өздігінен жұмыспен қамтылғандар | |
Барлығы |
33% |
29% |
22% |
16% |
Алматы облысы |
27% |
38% |
21% |
14% |
Атырау облысы |
45% |
20% |
19% |
16% |
Шығыс Қазақстан облысы |
34% |
14% |
22% |
20% |
Қарағанды облысы |
35% |
28% |
21% |
16% |
Солтүстік Қазақстан облысы |
26% |
34% |
26% |
13% |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
32% |
28% |
23% |
8% |
Зерттеу нәтижелері ауыл тұрғындарының отбасылық немесе шағын бизнес ұйымдастырғысы және сол арқылы өздерінің тұмыстарын жақсартқысы келген тілектерін іске асыруды қиындататын айтарлықтай маңызы бар факторды анықтады. Ол – денсаулық сақтау проблемасы.
Диаграмма 13. Ауылдағы денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары
Сарапшылардың пікірлері бойынша, ауылдық аудандардағы тұрғын халықтың денсаулық жағдайына мынадай факторлар жағымсыз әсерін тигізген:
Ауыл тұрғындарының пікірлері бойынша, зерттеу жүргізілген 36 елді мекенде медициналық қызмет көрсетудің сапасы одан әрі нашарлап барады. 6 ауылда фельдшерлік пункт жоқ, 24 ауыл бастапқы жедел медициналық жәрдем ала алмайды, 5 ауылда балалар дәрігері жоқ. 13 ауылдың тұрғындарында босану үшін жәрдем тек аудан орталықтарында жоспарлы тәртіппен көрсетіледі. 23 ауыл ауруханадан 30 шақырым, емханадан 35 шақырым қашықтықта тұрады, ең жақын фельшерлік пунктке дейін 20 шақырым. Қажетті дәрі-дәрмекті тіпті ақылы түрде де 8 елді мекендегі тұрғындар дәріханалық ұйымдардың жоқтығынан сатып ала алмайды, барлық респонденттер дерлік бағаларының қымбаттығынан қажетті дәрі-дәрмектерге қолдары жетпейтінін айтады. Мамандандырылған (арнайы) медициналық көмектің болмауынан, ауыл халқының көпшілігі, әсіресе орталық және аудандық ауруханалардан шалғай қашықтықта тұратындары (200-500 км) амалсыздан республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына және Астана мен Алматы қалаларындағы мамандандырылған ҒЗИ қаралуға мәжбүр.
Ауылдағы денсаулық сақтау саласындағы проблемалар қатарында репонденттер мыналарды атады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Кедейшілік дегеніміз - күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдіни психологиялық терең тамырлары бар. Кедейшілік уақыт және кеңістік бойынша салыстырмалы. Оны сараптау мен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу керек. Қазақстандағы кедейшілік күрделі проблема күйінде қалып отыр. Соңғы жылдардағы экономикалық жетістіктерге қарамастан, елдегі әрбір төртінші адам – кедей тұрмысты. Қазақстандықтардың көпшілігі кейінгі жылдарда халықтың табыстары жалпы өсіп, жұмыспен көбірек қамтылса да, экономикалық өсудің өздерінің тұрмыс деңгейлеріне оң әсер еткенін сезе қойған жоқ. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік салдарлары бұқара халықтың денсаулық сақтау және білім салаларындағы қызмет көрсетулердің сапасы мен мүмкіндіктеріне келеңсіз әсер етті, ол қалада да ауылда да, елдің оңтүстік және солтүстік аймақтарында да аңғарылады. Сонда да болса, 1999 жылдан бері қарай экономикалық өсудің жылдам қарқындары көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қажеті жағдайлар жасауға септігін тигізді.
Кедейшілік проблемасын мойындай отырып, Қазақстанның Үкіметі оның шешімін табу үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсауда. 1997 жылы «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдауға байланысты «денсаулық сақтау, білім және қазақстандықтардың әл-ауқаты» даму саласындағы ұлттық жеті басымдықтың бірі болып жарияланды. 2003-2005 жылдарда кедейшілікті азайту туралы 2003 жылы қабылданған Бағдарлама кедейшілік проблемасына республикадағы адам әлеуетін дамуты көзқарасы тұрғысынан қарайды. Оның мақсаты экономикалық өсу, өнімді жұмыспен қамту және халықтың табыстардын ұлғайту, кедей тұрмысты бұқара халықтың денсаулық сақтау және білім салаларындағы қызмет көрсетулерге мүмкіндіктерін арттыру, саяси шешімдер қабылдау үдерісіне қоғамдық институттарды қатыстыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасау жолымен кедейшілікті азайту болып табылады. Бағдарлама кедейшілік проблемасын шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік және салалық өзге бағдарламалармен үйлесімде іске асырылады, олар: «Білім», «Халықтың денсаулығы», «2004-2010 жылдарда ауылдық аумақтарды дамыту Бағдарламасы», «Ауыз сулар», «2001-2005 жылдарда ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет жүргізу жөніндегі Бағдарлама» ж.т.б. құжаттар.