Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ауыл тұрғындарының ақшалай табыстары орта есеппен қала тұрғындарының табыстарынан 2,3 есе аз, ал тұтыну шығыстары қалалықтар шығыстарының тең жарымынан азын құрайды. Ең аз қамсыздандырылған ауыл отбасыларының табыстары ең аз қамсыздандырылған қала отбасыларының табыс деңгейлеріне ширекке жуық төмен.
Кесте 41. Кедей үй шаруашылықтарының 2002 жылғы табыстарын бөлу
Қаладағы үй шаруашылықтары, теңге |
Ауылдағы үй шаруашылықтары, теңге |
Қала мен ауылдың ара салмағы % | |
Ең аз қамсыздандырылған халықтың табыстары 10%% |
21070 |
3090 |
161 |
Ең аз қамсыздандырылған халықтың табыстары 10% |
27164 |
16080 |
169 |
Қаладағы және ауылдағы да кедей тұрмысты тұрғындардың жинаған қорлары аз: өздерінің табыстарының үлкен бөлігін олар тұтынуға жұмсайды. Ең аз қамсыздандырылған (ең төмен тұрмыстылар) тұрғындар өз табыстарының 97-98%, ең жоғары тұрмыстылар 94%-н тұтынуға жұмсайды. Тұратын жеріне қатыссыз, халықтың кедей тұрмысты топтарының тұтынуға жұмсалатын шығыстары құрылымында тамақ өнімдеріне жұмсалатын шығыстар басым (тұтынуға жұмсалатын барлық шығыстардың 57-59%). Тұрмыстары бүтіндеу адамдардың шығыстарының үлкен үлесі (50-54%) азық-түліктен бөтен тауарлар сатып алуға және көрсетілетін қызметтердің төлеміне жұмсалады. Қызмет көрсетулерге төленетін төлемдерге жұмсалатын шығыстардың үлесті салмағы (19-23%) табыстарының деңгейі әр түрлі отбасыларында бірдей дерлік. Бұл ең алдымен тұрғын-үй коммуналдық және көлік қызмет көрсетулеріне белгіленген тарифтердің өсуімен байланысты.
Кесте 42. Кедей тұрмысты халықтың 2002 жылғы материалдық әл-ауқатының деңгейі
Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары, % |
Қаладағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары, % | |
Қолдағы бар қаражаттары тіпті тамаққа да жетпейді |
12,8 |
18 |
Тек тамаққа ғана жетеді |
38,3 |
40 |
Қарындары тоқ, бірақ аяқ киімге, қажетті қызмет көрсетулердің төлемдеріне жетпейді |
33,4 |
28 |
Азды-көпті тамақтанады, жақсылы-жаманды киінеді және қажетті қызмет көрсетулерге төлем жасауға жағдайлары келеді |
13,3 |
12 |
Тамаққа киім-кешекке, ұзақ пайдаланылатын кейбір тауарлар сатып алуға (мәселен, тұрмыстық техника) қаражаттары жетеді |
1 |
1 |
Қарды жағынан тапшылық көріп отырған жоқ |
1,2 |
1 |
Қалада табыстар бойынша отбасыларды саралау деңгейі біршама жоғары: 2002 жылы ең қамтамасыздандырылған (тұрмысты) 10% қала тұрғындарының табыстары ең төмен тұрмысты 10% азаматтар табыстарынан 9 еседен көпке жоғары болды. Ал ауыл тұрғындарының арасындағы осы айырмашылық 8 есемен белгіленеді [45]
Қазақстанның қалалық және ауылдық мекендеріндегі жұмыссыздық деңгейлерінің де елеулі айырмашылықтары бар.
Диаграмма 9
Сонымен бірге 2001 және 2002 жылдарда ауылдық жердегі жұмыссыздықтың деңгейі төмендеп, қала жұмыссыздық деңгейінен аз болды. 2002 жылы қалалық және ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейі сәйкестігіне қарай 10,9 және 7,4%-ды құрады. Жалпы жұмыссыздар санында қала тұрғындарының үлесі - 66%. Жұмыс берушілердің саны өте шектеулі, көптеген адамдардың белсенді түрде жұмыс іздеуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ ауылдық жерлерде жұмыссыздық проблемасы біршама өткір мәселе болып отыр. Ел халқының жалпы санында қала тұрғындарының үлесі соңғы жылдар ішінде өзгермеді десе де болады. 2002 жылы қала халқының үлесі 56%-ды, ал ауыл халқы елдегі халықтың жалпы санының 44%-н құрады.
Кесте 43. Аймақтар бойынша ауылдық жердің демографиялық көрсеткіштері, 2001 жыл
Облыстар |
Ауыл халқының үлесі, % |
Ауылдық аумақтардың көлемі, мың шаршы км |
Ауыл аумақтарындағы халық тығыздығы, бір шаршы км-ге шаққандағы адам саны |
Ауылдық жерлердегі табиғи өсім |
Қазақстан Республикасы |
44 |
2648,6 |
2,8 |
7,7 |
Ақмола облысы |
60,0 |
121,1 |
3,6 |
... |
Ақтобе облысы |
44,9 |
298,1 |
1,0 |
4,2 |
Алматы облысы |
71,4 |
220,2 |
6,2 |
5,8 |
Атырау облысы |
41,7 |
115,1 |
1,6 |
10,3 |
Шығыс Қазақстан облысы |
55,0 |
251,6 |
3,2 |
-1,2 |
Жамбыл облысы |
54,7 |
144,0 |
3,7 |
... |
Батыс Қазақстан облысы |
58,4 |
150,6 |
2,3 |
... |
Қарағанды облысы |
27,7 |
416,2 |
0,9 |
-0,5 |
Қостанай облысы |
58,4 |
185,3 |
3,0 |
-0,9 |
Қызылорда облысы |
67,5 |
409,6 |
1,8 |
15,3 |
Маңғыстау облысы |
28,4 |
148,6 |
0,6 |
... |
Павлодар облысы |
32,0 |
97,5 |
2,5 |
1,3 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
72 |
97,8 |
5,2 |
-1,5 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
64,4 |
116,4 |
11,3 |
15,6 |
Ауыл халқы санының
азаюы мына жағдаймен
Кесте 44. Тегін медициналық (дәрігерлік) көмектің 2001 жылғы мүмкіндігі
Тегін көрсетілетін медициналық қызметтердің мүмкіндігі |
Қаладағы кедей тұрмысты үй шаруашылығы, % |
Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылығы, % |
Денсаулық проблемаларын бастан кешкен кедей тұрмысты отбасылардың үлесі |
68,8 |
56,6 |
Соның ішінде: | ||
Медициналық көмек алған отбасылар |
42,5 |
44,6 |
Медициналық көмек алмаған отбасылар |
34,2 |
33,1 |
Ішінара медициналық (дәрігерлік) көмек алған отбасылар |
23,3 |
22,3 |
Кесте 45. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын кедей тұрмысты отбасылар үшін 2001 жылғы денсаулық сақтау қызметтерінің мүмкіндігі
Үй шаруашылықтары мүшелерінің медициналық көмек алмауларының (немесе ішінара алуларының) себептері |
Қаладағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары % |
Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары % |
Ақылы қызмет көрсетулерге ақша жоқ |
80,2 |
74,3 |
Тегін медициналық көмек көрсетілмейді |
7,3 |
12,4 |
Қажетті мамандар жоқ |
2,1 |
5,5 |
Емделуге уақыт жоқ |
1,8 |
3,3 |
Өзгесі (өздігінен емделеді, дәстүрлі емес әдістермен емделеді, толық емделу үшін ақшы жоқ, т.б.) |
8,6 |
7,6 |
Кесте 46. Кедей үй шаруашылықтарының тұрғын үй жағдайлары, 2002 жыл
Тұрғын үй жағдайларына қанағаттану дәрежесі |
Қаладағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары % |
Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтары % |
Өздерінің тұрғын үй жағдайларына қанағаттанады |
32,1 |
24,5 |
Өздерінің тұрғын үй жағдайларына қанағаттанбайды |
65,6 |
72,7 |
Жауап бергенге қиналғандар |
2,3 |
2,8 |
Кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша, материалдық әл-ауқаттың жақсаруына елеулі ықпал ететін факторлардың ішіндегі басымдары: жалақыны, зейнетақыны өсіру және жұмыс беру. Қаладағы да, сондай-ақ ауылдағы да кедей тұрмыстылар жалақыны көтеруді өздерінің материалдық әл-ауқатын жақсартудағы ең маңызды факторлардың бірінен санайды. Маңыздылығы жағынан содан кейінгі фактор ретінде жұмыс беру аталды. Ауылдағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының көпшілігі осы факторды белгілей отырып, «жұмыс мүмкіндігі» ауылдық жердегі ең өткір проблема ретінде көрсетті.
Шағын қалалардағы дағдарыс. Қала кедейшілігі «шағн қалалар» аталатын мекендерде оқшауланады. Осы қалалардың көпшілігі социалистік экономика аяларында тым тәуір-ақ дамыды, бірақ шаруашылық жүргізудің орталықтандырылға жүйесінің ыдырауына және орын алған экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты, олар шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына тез бейімделе алмады. Шағын қалалар экономиканың артта қалушылық дәрежесі, табиғи және өндіріс ресурстары, географиялық орналасуы, қолайлы ауа-райы жағдайлары, жақсы дамыған инфрақұрылымы және т.б. бойынша сараланады.
Шағын қалалардың ортақ проблемалары болатындар:
Шағын қалалардағы жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық. Бүгінгі таңда шағын қалалардағы көпшілік тұрғындарға істейтін жұмыс табылдамайды. Өнеркәсіп кәсіпорындпры не жабылған, немесе тоқтап тұр (соңғысы бүкіл кәсіпорындардың 40%-ға жуығына қатысты), бюджет саласындағы кәсіпорындар саны қысқарған (1995-2000 жылдарда 30%-ға). Жеке кәсіпкерліктің дамуы халықтың қаражат тапшылығынан және әлеуетті кәсіпкерлердің қажетті білімдерінің болмауына тежеліп отыр. Соның нәтижесінде шағын қалалардағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігінен астамының (37%) тұрақты жұмыстары жоқ. Кедейшілікпен күресудің тұрақтандырушы және дамушы рөлі шағын қалаларда шағын кәсіпкерлікке беріледі. Өзінің жеке ісін 45%-дан астам респонденттер ұйымдастырғысы келеді, бірақ оған бастапқы капиталдың болмауы және халық үшін несиелер алудың мүмкін еместігі ең көп дәрежеде бөгет жасайды (жоғары пайыздық мөлшермелер, жеткілікті кепілзаттың болмауы, несие алу рәсімінің күрделілігі, несиені игерудің қысқа мерзімдері). Тоқыраудағы шағын қалалардағы жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 47%-ға жетеді. 1999-2000 жылдарда шағын қалалардағы жұмыссыз азаматтардың жалпы саны 1,5 есеге өсті. Солардың көпшілігіндегі жұмыссыздық созылыңқы сипат. 87%-ға жуық жұмыссыздар бір жылдан астам уақыт жұмыс таба алмай жүр. Тіпті білікті қызметкерлерге де жұмыс табу қиын. Жұмыссыздардың көпшілігі – орта білімді адамдар (59%); үштен біріне жуығы – арнайы орта білімі барлар (27%). Жоғары білімді жұмыссыздардың саны 2,4 есе ұлғайды.
Жұмыссыздар қосалқы шаруашылықтың (26%), ұсақ сауда-саттықтың (алып-сату) (24%), бір жолғы жалдамалы жұмыс орындаудың (22%), туған-туыстардың көмегінің (16%), үй мүлкін сатудың (6%), тұрғын үйді жалғы берудің (3%-дан сәл астам), сұраншылықтың, шарасыз заң бұзудың (2%) есебінен күн көреді.
Ауыл кедейшілігінің тұрпаты. 2002 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен республиканың алты облысында қарайтын ауылдық аудандарға зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті, Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер әлеуметтік тұрмыстың негіздерін қайта жасауға қозғау салды және ауылдағы проблемалардың сан алауан түрлерін туындатты. Зерттелген ауылдардың көпшілігінің шеткері қалған жағдайлары, олардың облыстық және аудандық экономикалық-әлеуметтік үдерістерге төмен деңгейде интеграция жасауы жергілікті әлеуметтік проблемаларды айрықшалайды.
Диаграмма 10. Ауыл тұрғындарының пікірлері бойынша ауылдық аудандардың негізгі проблемалары
Ауылдық аудандар
тұрғындарының пікірлері