Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық миграция ұйымы (ХМҰ) 1951 жылы, Женевада құрылды. Осы  ұйымға 48 мүше-ел мен 35 бақылаушы-ел кіреді. Ұйымның маңызы жылдан жылға өсуде. Халықаралық миграция ұйымының мақсаты - халықаралық миграцияның жоспарлығы мен тәртіптелуін, оны ұйымдастыру, тәжірибе мен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Оның қалыптасқан ұйымдық құрылымы бар. Сол арқылы талаптанған мигрант пен еңбек бойынша мемлекеттік органдарды қандай да бір елдің еңбек рыногындағы жағдай туралы, оның ішінде кәсіптер, мамандану, жұмысқа алу жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Халықаралық еңбек ұйымы - 1919 жылдан жұмыс істеп келе жатқан, ең қадірлі ұйым болып табылады. Оның құрамына 160 мемлекет мүше болып кіреді.

Жоғарыда көрсетілген  ұйымдар эмиграция елдеріндегі жағдайды зерттейді миграция ағымдарының пайда болуын болжап,  барлық мүше елдерді миграциялық салада саясатын үйлестіріп, халық қозғалысына бақылау орнатуға байланысты ұсыныстар беріп, эмиграциялауға шешім қабылдаған адамдар санын қысқартудағы алдын ала шараларын ұсынады.

Сыртқы еңбек миграциясының  халықаралық құқықтық негіздеріне  жататын төмендегі құжаттар:

  1. 10.12.48 жылғы жалпы адам құқығы декларациясы.
  2. 16.12.1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы 
    халықаралық пактысы.
  3. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасу Кеңесінің қорытынды актісі 1.08.1975 жыл.
  4. 1986 жылғы Веналық кездесудегі Еуропадағы қауіпсіздік пен 
    ынтымақтасу кеңесінің мүше елдерінің қорытынды құжаты.
  5. Сыртқы еңбек миграциясы,  жұмысшы мигрант пен жанұя 
    мүшелері туралы Халықаралық еңбек ұйымының концепциялары 
    мен ұсыныстары.

Еңбек миграциясы - объективті экономикалық процесс. Ол ұлттық заңдар мен халықаралық нормативті актілер негізінде өркениетті түрлерімен жүзеге асырылады. Осы мәселеге қатысты әлемдік қауымдастықтың көзқарасы, еңбек миграциясының жұмысқа орналасу мақсатындағы іс-әрекеті халықаралық құқықтың объектісі болғаннан бері өзгерді. БҰҰ шеңберінде бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, олар азаматтардың басқа мемлекетте кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда заңды мүдделері мен абыройына нұқсан келтірмей, олардың құқықтары мен еркіндігіне қатысты қысымшылық жасау, экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы кедергілерді болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталды.

1966 жылы БҰҰ қабылдаған  азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт мүше елдерді азаматтардың келу құқығын қамтамасыз ететін норманы бекітті. Пактың 12 бабында әрбір адам кез келген елден, өзінің елінен де кетуге және келуге құқылы деп, Жалпы адам құқығы декларациясының 2 тарауының 13 бабын толық қайталауда (1948 жылы).

Қазіргі уақытта көптеген ұйымдар мен мекемелер, әсіресе  БҰҰ шеңберінде, жұмысшы күші мен халықтың миграциясы мәселерімен айналысуда.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

Тақырып 11. Халықаралық  экономикалық интеграция

 

  1. Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары
  2. Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері

 

1.Экономикалық интеграцияның  алғышарттары және мақсаттары. Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының зандылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көп жақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болды.

Экономиканы интеграциялау  оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара  саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді керсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама  сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскери қырғи-қабақ  саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенін  ғаламдық Қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақытында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі  елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы  жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді  және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттык және т. б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғарғы  технология және озық техниканың, информатика  және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін  шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы  бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономикасы дамуына және еңбек бөлінісінің терендеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймактардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халыкаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.

Қазіргі Экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен "integer" - толық) - экономикалық тұлғалардын бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінін тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық-шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара "кедергілерді" жою бағыттарында айқын көрінеді.

Көптеген  экономистер мемлекеттер интеграциясының  мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен 
    нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция, 
    көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе 
    дамушы елдер арасында қалыптасуда. Тіптен, индустриалды 
    дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық 
    процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер 
    арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер 
    арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері 
    кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жанадан дамып 
    келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау 
    әлі де болса ертерек. Шаруашылық механизмдерінің бастапқы 
    сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім- 
    шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және т.б. бастайды. Олардың 
    іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде 
    жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;
  • елдердің жағрапиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ 
    шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байла- 
    ныстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер 
    жағрапиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес 
    елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ 
    транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлес- 
    тікке ұмтылған бастапқы елдер тобына - интеграциялық өзекке - 
    біртіндеп басқа көрші мемлекеттер де кіре бастайды;
  • экономикалық интеграция экономикалық және басқа да 
    жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық. даму және 
    қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселе- 
    лердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер 
    алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол 
    себепті, негізгі міндеті нарықтық экономиканың негіздерін құру 
    болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ 
    валютаға өткелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол 
    сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті 
    мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының 
    еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық 
    құрылымға бара алмайды;
  • Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің  
    белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің 
    қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялык, әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;

- "домино эффектісі". Осы және басқа региондағы  көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары болмаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы - НАФТА-ға кіруімен түсіндіріледі.

Қазіргі халықаралық  экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды.

Масштабтың  экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді, трансакциондык. шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты қамтамасыз ету. Бұл, өз кезегінде, үлкен нарықтарға көбірек назар аударатын тікелей шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді, себебі олардың сұранысын қанағаттандыра алатын дербес өнеркәсіпті құру мәні пайда болады. Регионалды масштабтарды ұлғайту мақсаты көбіне Орталық Америка және Африка интеграциялық топтарында айқын көрінеді.

Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық бірлестіктердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдениеттік және басқадай экономикалық емес облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара түсінушілігін нығайту болып табылады. Жағрапиялық орналасуы жағынан бір-біріне жақын және даму барысында ұқсас мәселелердің бар болуы, өзара экономикалық міндеттермен нығайтылған, кершілес елдермен жақсы қатынастын қалыптасуы - маңызды саяси приоритет болып табылады. Оңтүстік -шығыс Азия және жақын Шығыс елдері интеграциялық бірлестіктерді құра отырып, алдарына дәл осы мақсатты нақты қойды.

Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция ВТО-ға мүше болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады. Елдердің регионалды блок атынан келісімді сөз сөйлеп-орындауы сауда саясаты облысында басымдырақ  және тілекке сәйкес салдарға жетуге мүмкүншілік береді деген көзқарас қалыптасқан. Сонымен бірге, жан-жақты сауда келіссөздеріне қарағанда, регионалды блоктар өзара сауда үшін тұрақты және алдын ала болжамды ортаны құруға мүмкүндік береді. Солтүстік және Латын Америкасы,) Оңтүстік-Шығыс Азия интеграциялық бірлестіктерінде коллективтік күшеюге көпжақты сауда келіссөз шеңберінде ерекше үміт жүктейді.

Экономиканың  құрылымдық қайта қүрылуына көмектесу. Нарықтық экономиканы құрушы немесе терең экономикалық реформаларды іске асырушы елдердің нарықтық дамудың жоғарырақ деңгейіндегі елдердің регионалды сауда келісіміне қосылуы нарықтық тәжірибенің берілуінің маңызды каналы таңдап алған нарықтық курстың өзгермейтін кепілі ретінде қарастырылады. Дамуы жоғарырақ елдер көрші елдерді интеграциялық процестерге қоса отырып, онда нарықтық реформасының тезделуіне және толық әрі сыйымды нарықтың құрылуына қызығушылықпен қарайды. Осындай мақсаттарды көздеп көптеген батыс еуропалық мемлекеттер ЕО-на әр түрлі формада қосылуда.

Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау. Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қарастырмайды, себебі ол жергілікті өндірушілерді қолдау жолы ретінде кеңірек регионалдық нарықтың пайда болуын қамтамасыз етеді. Осындай протекционистік көңіл-күй Латын Америкасы және Африка елдерінде СахараданОңтшүстікке,  әсіресе 60-70 жылдары басым болды.

2.Дамыған және дамушы  елдердің интеграциялық бірлестіктері. Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері, идеологиясы, анықтамалары мен аттарының белектігіне қарамастан, олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп Қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интегра-цияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі (1-ші кесте).

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы Кадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. "Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге карағанда қолайлырақ режим ұсынады. Белгілі дәрежеде бұл ГАТТ/ВТО-да қалыптасқан кедендік одақ құру мақсатымен қол қойылған уақытша келісімдердегі ең қолайлы жағдай принциптерінен ауытқу болып табылады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің алғашқы қадамы емес, тек оған дайындық кезеңі деп қарасты-рылуы қажет, себебі ол тек дамыған формаларында ғана сол процеске айналады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемелекетаралық органдар құрылмайды.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылык. өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолданылады. Еркін сауда аумағы мүше-елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекет аралық секретариатпен басқарылуы мүмкін,  бірақ көбіне аталған секретариатсызақ аумақ  дамуының негізгі параметрлерін тиісті ведомстволар басшыларының мезгілді қеңестерінде келісу арқылы жұмыс  атқарады.

Информация о работе Международная экономика