Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция
Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифты енгізу және бірыңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Кедендік одақ тауарлар мен қызметтердің ішкі интеграциялық алымсыз саудасын және олардың аймақтағы 1-ші кесте қозғалысының толық еркіндігін көздейді. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекет аралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап (қажет) етеді. Көбіне олар тұрақты қызмет ететін мемлекетаралық секретариатқа негізделген тиісті ведомстволарды басқаратын министрлердің мезгілді кеңесі түрінде өтеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бірынғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан, сырткы саясатты мемлекетаралық үйлестірудің анағұрлым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде (әдетте кылына 1-2 рет), қаржы министрліктерінің, орталық банктердің және басқа да экономикалық ведомстволардың басшыларының жиірек кездесуі кезінде іске асырылады. ЕО-та бұл мемлекет және үкімет басшылары Европалық Кеңесі, ЕО-тын министрлер Кеңесі кәне ЕО-ың секретариаты.
1-кесте
Интеграциялық процестің кезеңцері
өзара саудада тарифтік және де басқа да тарифтік емес кедергілерді қысқарту
Үшінші елдерге қатысты ұлттық тарифтерді сақтау
Мемлекет аралық басқару органдары құрылмайды
|
1. Преферен- циялдық сау-да келісімі (preferential trade agreement)
Өзара саудада тарифтік және тарифтік емес тосқауылдарды алып тастау
Тауар мен қызметтердің мемлекет аралық қозғалысының еркіндігі
Кішігірім мемлекетаралық секретариат |
2. Еркін сауда аймағы (free trade zone)
ге қатысты бірдей тарифтік және тарифтік емес реттеу
Министрлер деңгейінде мемлекетаралық кеңес және секретариат |
3. Кедендік одақ (customs union)
Өндіріс факторларының қозғалысы еркіндігі
М емлекет басшылары кездесуі, министрлер кеңесі, секретариат
|
4. Ортақ нарық (common market) Экономикалық саясатты үйлестіру |
5. Экономикалық одақ (economic union) |
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Бұл кезеңде жай іс-әрекетті үйлестіру және экономикалық дамуды бақылау ғана қабілеті бар органның орнына, бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган қажет. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше мемлекеттер Үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО-ғы шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси Одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым кепшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялык. топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті әз алдына бұндай мақсаттар қойған жок.
ЕО, НАФТА-ға
кіретін Солтүстік Америка
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, ендірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдерінің ассоциациялары кемегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртүтас экономикалык кеңістіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, 6үл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден,
интеграциялық процестің
Халықаралық экономика тұрғысынан интеграцияны бағалаудың екі көзқарасы бар: ол не ауқымдырақ еркін саудаға қадам, не сауда жолдарындағы тосқауыл ретінде қарастырылады. ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес, ең қолайлы жағдай режимінен бір ғана ауытқу бекітілген - ол ГАТТ-ң 24 бабы. Осы бап бойынша кедендік одақ және еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі бар. Ережелерге сәйкес интеграция құрудан бұрын, біршама ұзақ мерзімге "өтпелі келісімдер" қабылдануы мүмкін. Нәтижесінде кедендік одақ немесе еркін сауда аймағы құрылады, бірақ мына шарт орындалуы қажет: тек мүше-елдер арасында "барлық тауарларға" сауда тосқауылдары жойылып, басқа елдермен саудада тосқауылдар саны көбеймеуі қажет.
Интеграциялық қауымдастық дамудың қай деңгейінде тұрғанын дәл анықтау өте қиын. Бұл бір жағынан нақтылай, толық ақпараттың жоқтығы, екінші жағынан, жарияланған мақсаттар мен қол жеткен жетістіктер арасындағы үлкен келіспеушілік нәтижесі. Кейбір жағдайда, өзін экономикалық одақ деп атайтын топ, тек кедендік тарифтерді өзара жоюдың алғашқы сатысында болуы мүмкін, яғни тіпті еркін сауда аймағы деңгейіне де жетпеген. Немесе, ортақ кедендік тарифтер әлі қарастырылмаған, тек қағаз жүзіндегі кедендік одақ болуы мүмкін.
Халықаралық
экономикада интеграциялық
Әрекет етуші негізгі интеграциялық топтарды жарияланған түпкі мақсаттары бойынша классификацияласақ, қазіргі халықаралық экономикада интеграциялық процестің дамуының әрбір сатысында тұрған интеграциялық топтардың бар екенін байқауға болады (2-ші кесте). Кейбір топтар белгіленген интеграциялық бағдарламасын толық орындап, тек оның кейбір жақтарын жетілдіруде (Австралия-Жаңазеландия ЕСА, Балтық ЕСА, Орталық Америка ортақ нарығы және т.б.). Бірак, басым көпшілігі қойылған мақсатқа жетудің алғашқы сатысында. Мысалы, өзін кедендік одақ деп атайтын Шығыс-кариб елдерінің ұйымының жеті елінін тек Доминика, Сент-Винсент және Гренадины сияқты үш мемлекеті ғана үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік тарифті қолданады. Ал өзінін мақсаты ретінде 51 Африка мемлекеттерінен экономикалық одақ құруды көздеген Африкан экономикалық қауымдастығы оны 1994 жылдан бастап 34 жылға созылатын өтпелі кезеңде қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, экономикалық интеграцияның алғашқы қадамдарынан кедендік одаққа дейінгі деңгейді іс жүзіне асыру оңайырақ. Жарияланған мақсаттары мен аттарына қарамастан, басым көпшілік топтар не преференциалдық сауда келісімдері, не ЕСА деңгейінде тұр. Олар макроэкономикалық саясатты үйлестіру немесе унификациялау міндеттемелерін қарастырмайды, сондықтан іс жүзінде енгізу үшін қолайлырақ (оңайырақ). Ең дамыған интеграциялық қауымдастық, әрине, Еуропалық Одақ. Белгілі дәрежеде ол интеграцияның кейбір элементтері меңгерілген модель.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 1,2
Тақырып 13. Валюталық бағам және оны реттеу
Қандайда болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық
түпкіт мақсаты-бағалар тұрақтылығын,
экономикалық өсу мен толық
жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда
айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін
өзгерістері айналымдағы
мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету қатар, экономикалық саясаттың
маңызды аралық мақсаты
болып табылады. Бірақ валюта бағамы
өзгерісі экономиканың
барлық салалары мен секторына біркелкі
әсер етпейді. Ұлттық күшеюге экспортқа жұмыс
істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін
азайтады. Сонымен қатар ұлттық валюта
құнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді,
өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс
істейтін өндіріс салалары тұрады. Ал
ұлттық валюта құнының азаюы кезінде
ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады.
Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер
өз экономикалық іс-әрекетінің жоспарлаудың
тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін
болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен
жұмыс істеуге ұмтылады.
Валюта бағамдарының
өзгерісінің экономика
Осыған байланысты валюта бағамына түзету қажеттілігін көрсететін көрсеткіштерді анықтау маңызды болып табылады.
Түзету кажеттілігін көрсететін кәрсеткіштер. Сауданың аз бағалық икемділігі кезінде тепе-теңдікті бұзатын сыртқы факторлар әсерінің орнын толтыруы, валюта бағамдарының өте үлкен өзгерістерін қажет етеді. Валюта бағамының ауытқуларының ұлғаюы капитал ағымына кері әсерін беруі мүмкін. Өйткені шетел инвесторлары, иілмелі валюта бағамының, осы мемлекеттің қатал ақша-несие саясатын ұстану мүмкіндігіне кері әсерін беруіне байланысты мазасыздану жағдайында болады.
Сөйтіп төлем балансының, әсіресе ағымдағы операциялар балансын теңестірілуінің негізгі міндеті - валюта бағамына жүктеледі. Ол тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұранысты көрсетіп, ішкі (ΔP) және сыртқы (ΔSP**) нарықтағы тауарлар бағасымен анықталады. Бұл жерде сыртқы нарықтағы бағалар спот-курсты (ағымдағы) пайдаланып ішкі нарықтың бағаларына келтірілуі тиіс. Ағымдағы есеп пен шетел және ішкі рыноктардағы салыстырмалы бағалар арасындағы функционалды тәуелділік (SP*) /(Р) ретінде көрсетіліп, тура пропорционалды болады. Егер (SР*)/(Р) жоғарыласа, ағымдағы есеп балансы да өседі.
Ағымдағы операциялар есебіне әсер ететін тағы бір фактор, ел ішінде (Ү*) және шетелде (Ү*) жасалатын ұлттық табыс болып табылады. Ел ішінде жасалатын ұлттық табыс тауарлар мен қызмет көрсету импорты арқылы ағымдағы есепке әсер етеді. Ал импорттың өсуі тұтынудың жоғарылауына әкеледі. Импорт тұтынудың бір бөлігі болғандықтан, импорт табыспен бірге жоғарылап, ағымдағы есептің азаюына әкеледі. Сол себептен Ү* мен ішкі ағымдағы есептің арасындағы қатынас оң болады. Басқаша айтқанда Ү* өсуі шетелдіктердің импортының өсуіне әкеледі (немесе ұлттық экспорт өсуіне) және ағымдағы еееп балансының өсуіне әкеледі. Сөйтіп ағымдағы есеппен көрсетілген өзгермелер арасындағы функционалды байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
САВ = САВ (SР*/(Р, Ү, Ү*) (1)
Капиталды есеп те кейбір өзгермелерге тәуелді. Оның қатарына: мемлекет ішіндегі және оның шекараларынан тыс салыстырмалы пайыздық қойылымдар жатады. Ішкі пайыздық қойылым мен капиталды есеп арасындағы функционалды тәуелділік тура пропорционалды болады. Басқаша айтқанда ел ішіндегі пайыз қойылымының өсуі шетел капиталын тартып, халықаралық қорлар ағымының келуін қамтамасыз етеді. Соған сәйкес капиталды есеп пен шетелдегі пайыздың қойылымы (R*) арасындағы байланыстылық кері пропорционалды. R* өсуі мемлекеттен инвестициялық қорлардың кетуіне әкеледі. Ең соңында капитал есебі айырбас бағамына (е) тәуелді. Пайыздық қойылым, айырбас бағамы мен капиталды есеп арасындағы тәуелділік былай көрсетіледі.
КА =КА (г, г*, е) (2)
Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, капиталды және ағымдағы есепке әр түрлі валюта бағамының тәртіптері қалай әсер ететінін көрейік.
Бекітілген валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Бұл жағдайда жеке меншік сектор тауарлар мен активтердің кез келген көлемін тұрақты айырбас бағамымен сатып, не сатып алуы мүмкін. Егер шетел валютасына сұраныстың өсуі болса, орталық банк оның дефицитімен кезігеді. Ол шетел валютасының қымбаттануына әкеледі, ал бұл бекітілген айырбас бағамы жағдайына тиімсіз. Егер шетел валютасының ұсынысы көп болса, орталық банк оны сатып алып, өз қорларын толықтырып, осы әрекет арқылы шетел валютасының қажетсіз құнсыздануын болдырмайды. Сөйтіп валюталық нарықтағы орталық банктің баға реттеу мен интервенциялар сәйкестіліктің мөлшерлік әдістері болып, шетел валютасына бекітілген бағаларды ұстауға мүмкіндік береді.