Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Корея Республикасының  Орталық банкі валюта бағамын  реттеу мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Кореялық волютаның долларға қатысты ақылды девальвациясы корей тауар өндірушілерінің сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етті. Өкінішке орай, біз оны Қазақстанның Ұлттық банкі туралы айта алмаймыз. Бірақ девальвацияның тек қысқа мерзімде ғана тиімді болатынын ешқашан естен шығармау керек. Әйтпесе ол төлем балансындағы бұрмалау мен елдің сыртқы экономикалық орнының нашарлауына әкеледі.

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

 

Тақырып 14. Халықаралық  қаржылық нарықтар

 

  1. Халықаралық қаржы нарығының құрылымы
  2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары

 

1.Халықаралық қаржы  нарығының құрылымы. Әдетте валюта  нарығы спот мәмілелеріне және  де валюта дериваттарына бөлінеді  – тікелей форварттар, своптар,  фьючерстер, опциондар. 

Спот мәмілелері –  екі жұмыс күні ішінде жай стандартты келісімшарт негізінде екі валютамен есептесу.

Фьючерс – валютаға деген  стандартталған форварттық келісімшарттар, олардың саудасы биржада өтеді.

Форварт – нақты тауар  жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін  жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форварт мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді.

Опциондар – мезгілдік  биржа мәмілелеріне енгізілетін шарт, ол бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі.

Географиялық валюта нарығы қатты шоғырланған. Үш қалада (Лондон, Нью-Йорк және Токиода) валюта саудасының 55% өтеді, және де Лондонда 30%. Осы үш қаладағы валюта айналымы күніне 161- тан 464 млрд. долл дейін құрайды. Келесі топқа Сингапур, Гонконг, Цюрих және Франкфурт кіреді. Олардың күнсайынғы айналымы 76-105 млрд. долл. тең.

Валюталық нарықта техникалық мәмілелер сауда жүргізуші жақтармен тікелей немесе банктер, телефон, телефакс көмегімен жүргізіледі.

 Арбитраж — бір нарықта валютаның немесе басқада активтердің сатып алуын, оның басқа нарықта дер кезде сатылуын және сату мен сатып алу бағалары айырмашылығы негізінде пайданы алуды  қарастыратын операция.

• Қорғалмаған  пайыздық арбитраж — тәуекелдерді хеджирлеу механизмін пайдаланбай инвестицияларды жүзеге асыру үшін спот нарығында валютаны сатып алу.

 

2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Халықаралық қарыз нарығында қарыз міндеттемелері айналысқа түседі, олар қарыз алушыдан қарызды қарыз берушіге алып беру құқығын дәлелдейді. Бұл қарыз міндеттемелері алуан түрлі болуы мүмкін. өтеу мерзімі бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, қарыздар типі бойынша – мемлекеттік, мемлекетпен кепілденген, және жеке, қарыз түрі бойынша – ресми және жеке қарыз. Ресми қарыз  міндеттемелер халықаралық ұйымдар алдындағы және екі жақты міндеттемелер болып бөлінеді. Жеке қарыз міндеттемелері коммерциялық банктерге, облигацияларға, басқада қарыз болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік борыш, кепілденген мемлекеттік борыш, жеке кепілденбеген борыш.

Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:

  1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;
  2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге 
    келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде 
    осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;
  3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен 
    несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда 
    ғана беріледі;
  4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды 
    халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;
  5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің 
    есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы 
    қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып, 
    жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының  пайыздық қойылымы әр түрлі. Әлемдік  қайта құру мен даму банкі стандартты "квалификациялық қарыз алу  сомасы" қойылымын, ЕҚҚжДБ - LIBOR, ХВК, - арнайы қарыз құқығының (SDR) пайызымен анықталатын стандартты қойылымын пайдаланады.

Несие беру кезінде халықаралық  ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.

Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.

Сыртқы қарыз бойынша  әдебиеттерде мұнайды экспорттаушы елдердің ЖІӨ-де тұтыну нормаларын жоғарылатып, ал мұнай импортер елдері төмендеткенде әлемдік қарыз дағдарысы болмас еді деп к,арастырылған. Бірақ мұнай экспортер елдері экспорттан ұлғайып жатқан түсімдер шеңберінде тұтынуын жоғарылата, ал мұнай импортерлері ағымдағы операциялар есебінің дефицитін болдырмау үшін тұтынуын шектей алмады.

Мұнай өндіруші елдердің ағымдағы операциялар есебіндегі артық қаржылар нәтижесінде коммерциялық банктерді қаржыландырды. Банктер болса, осындай мол қорларды алғаннан кейін, оған пайыз төлейтін болғандықтан, тиімді орналастыратын тұтынушылар іздеді. Оларды сауда дефициті бар мұнай импортер елдерден тапты. Бұл шешім әркайсысына ыңғайлы болды: мұнай өндіруші елдер қысқа мерзімді салымдар жасап, одан пайыз көлемінде пайда алып отырды, ал мұнайды импорттаушы елдер мұнай импортын қаржыландырудың уақытша көздерін тапты.

Соңғы 15 жыл ішінде пайда  болған қарыз мәселелері батыс елдерінің  қаржы-несие саясаттарының тұрақты факторы болды. Оның шешілуін жеңілдету үшін екі клуб құрылды: қарыз беруші мемлекеттерді біріктіретін Париж клубы және 600 батыс елдерінің коммерциялық банктері мүше болып табылатын Лондон клубы. Қарыз міндеттемелері көп болған жекелеген мемлекеттердің қарыз құрылымын қайта қарау, мерзімін өзгерту мен кейде бір бөлігін немесе толықтай көшіру тәжірибесі күнделікті іске айналды. Бірақ кешірімді сомалар көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, ал Батысқа қарызданудың өсуі әлі шешімін тапқан жок,.

Көптеген  зерттеушілердің пайымдауынша, міндеттемелерді орындамаудың кең етек жайылуын болдырмау қажеттігі аталады. Өйткені бұл ірі қарыз берген несиелеуші-банктерді қаржы тұрақтылығы мен халықаралық төлем механизмінің дұрыс әрекет етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Қалыптасқан жағдайларда Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) ерекше орын берілді. ХВҚ жүргізілген шараларда маңызды орын алып, тікелей өзі немесе басқа ұйымдар мен коммерциялық банктердің келісілген несиелерді беруді үйлестіруді жүргізді.

Қаржы қиындықтары мол, борышы үлкен дамушы елдер 1982-1985 жылдар аралығында төлем балансының ағымдағы есеп дефицитін күрт азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл шаралар, 1983 жылы мен 1984 жылғы қолайлы халықаралық қаржы жағдайымен қосарланып, төлем балансының сыртқы дефицитінің күрт азаюына әкелді. Бірақ бұл азаю импорт пен капитал салымдарын күрт азайту есебінен ғана жасалды, ал ел экономикасының дамуы мен төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізді. Сондықтан осы әдіс арқылы экономикалык, жағдайын күрт жақсарту көп ел үшін қиын болып, жеке меншік несиелеушілердің жаңадан қарыз беретініне үміттенуге болмайтыны түсінікті  болды.

ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын  қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымда қаржыландыру (ЕСАФ) болуда. ЕСАФ 1987 жылы Атқарушы кеңес шешімімен құрылып, 1994 жылдың ақпан айында ол кеңейтіліп, ірілендірілді. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек (жеңілдіктері бар несиелер түрінде) көрсетудің негізгі механизмі болуда.

ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ шеңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.

Сонымен қатар, қарыз  мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға  айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды  қайта ұйымдастырумен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.

Қарызды қайта қарастыру  операцияларының мәні бар қарыз  міндеттемелерін ұлттық, немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін. Мысалға, жаңа қарыздың номиналды құны ескі міндеттемелердің номиналды құнының дисконтын көрсетуі мүмкін немесе номиналды к.ұны өзгеріссіз қалып, келісімді пайыз қойылымы ескі міндеттемелерге қарағанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 1980 жылмен 1997 жыл аралығында 50 мемлекет осындай қайта қарастыруға байланысты 250 келісім жасаған.

Бұл әдістің кемшілігі - мемлекеттің жағдайын қысқа мерзімде ғана жеңілдеткенімен, ұзартылған кезеңде қосымша пайыз төлеу есебінен жалпы нәтижелік қарыз көлемін ұлғайтады.

Мемлекет өз міндеттемелерін  орындай алмаған жағдайда борышты  өтеу шарттарын жеңілдету қажеттігі  туындайды және ол негізінен қарыздың құрылымын қайта қарау жолымен  жүзеге асырылады.

Қарыз құрылымын қайта  қарау тек қысқа мерзімде ғана тұрақтандырушы фактор болып, стратегиялық жоспарда дағдарыс жағдайын өзгерте алмайды. Оны өзгерту үшін, макроэкономикалық тұрақтандыру қатал шаралармен қатар жүзеге асырылуы керек.

Қарыз құрылымын қайта  қараудағы Париж клубының әлемдік  тәжірибесі қызығушылықтудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:

  1. төлемді кейінге қалдыру (каникул) механизмі;
  2. борышты жою механизмі;
  3. борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;
  4. жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;
  5. қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін 
    қосымша несиелеу жатады.

Қарыздар мемлекеттерде  туындайтын мәселелер бірдей - өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады (дұрыс басқару кезінде - қысқартады). Мысалға 1986-1988 жылдары Кеңес Одағының сыртқы борышының өсуіндегі негізгі себеп - қосымша қарыз алу емес, доллардың бағамының басқа валюталарға қатысты өзгеруінен болды.

Сөйтіп, сыртқы қарыз  алу ұлттық экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін ең бір күшті қауіп екені түсінікті.

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

Тақырып 15. Төлем  балансы

 

  1. Төлем балансы түсінігі
  2. Ағымдығы опреациялар шоты
  3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты
  4. Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі

 

1. Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.

  Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта  Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем балансын құру мен  анықтамаларының негізгі ережелеріне:

  • резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды 
    есепке алу;
  • операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;
  • қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;
  • әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем 
    сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
  • операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша 
    тіркеу.

Резидент  және резидент еместер. Төлем балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы үлкен маңызға ие болады.

Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді".

Информация о работе Международная экономика