Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Резиденттерді анықтауда  түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері 
бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп 
жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания- 
лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта- 
рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне 
жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты. 
Американ  корпорацияларының   шет   елдегі   еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады.

Алманияда төлем  балансы тұрғысынан резиденттерге  шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.

Қазақстанда резиденттер  қатарына:

  • Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар, 
    сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік 
    қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;
  • Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар, 
    олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары 
    мен өкілдіктері резидент болып саналады:
  • Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома- 
    тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;
  • Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден 
    басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе 
    шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті 
    болып саналмайды.

Резидент  еместерге кіретіндер:

  • елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері, 
    маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып 
    жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына 
    байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).
  • дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан 
    шетелде жүрген әскери қызметкерлер.

Қазіргі заман  жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқындылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.

Егер де төлем  балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады  (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық  мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.

Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.

 

Операциялар

Кредит

Дебет

1. Ағымды есеп

 

Тауарлар мен қызмет көрсетулер

Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты

Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты

Табыс

Резидент  еместерден түскен төлемдер

Резидент  еместерге жіберілген төлемдер

Ағымдағы трансферттер

Резидент  еместерден түскен төлемдер

Резидент  еместерге төленген төлемдер

2. Капитал, қаржы және  қорлармен жасалатын операциялар  есебі

Капиталдар трансферті

Резидент  еместерден түскен төлемдер

Резидент  еместерге төленген төлемдер

Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен жүргізілетін операциялар

Қаржы ағымының келуі (резидент еместер алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың азаюы)

Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы)


 

Кредит - бұл құндардың  кетіп, осы елге оның орнын толтыратын Құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі  және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.

Екі жақты жазу әдісі  есебінде кредиторлық жазулар сомалары Дебеттік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нольге тең болуы тиіс, Көптеген алдын ала дайындау есебін өндеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен тұсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді керсететін  көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткішердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальды тепе-теңікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес төлем балансы әрқашан тепе-тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттағы қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде "таза қателіктер мен байқаусыздықтар" бабы болып, ол есептеуде көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды керсетеді.

Төлем балансында көрсетілетін ағымдар (қорлар емес) екі бағытта  болады. Ағымдар белгілі бір кезеңде  саналса, қорлар тек бір уақыт  мезгіліне ғана анықталады.

Төлем балансын құрастыруда  ағымдарды тіркеу уақытын білу өте  маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің  төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір  жыл болып белгіленеді. Өйткені  кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақта, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты.

Операциялар меншік құқығының  заңды түрде ету мезгілінде тіркеледі. Оны келісімге қатысушы екі жақтың бухгалтерлік кітаптарында операцияны тіркеу кезінде жүзеге асырылады деп саналады. Бүл жерде екі жақта осы операцияға бір мезгілде әсер ету тиіс. Операция бойынша төлем уақыты келгенде есептеп қосу әдісі негізінде, мысалға нақтылай есеп айырысу кезінде емес, пайыздарды төлеу кезінде жүзеге асырылады, Көбінесе сауда, қаржы, қызмет көрсету операциялары екі жақта бір мезгілде тіркелмеуі де мүмкін. Бүл жағдайда кәсіпорындарды сұрастыру нәтижелері мен түскөн сауда және валюта құжаттар негізіндегі бастапкы мәліметтерге уақытша өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.

 

 

 

2. Ағымдығы  опреациялар шоты. Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді:

а) нақты ресурсты нақты (бартер) немесе қаржылық (нақтылай 
ақшасыз есеп айырысу, несие және т.б.) ресурсқа айырбастау.

Соңғысына жаңа қаржы  талаптары мен міндеттемелерін  жасақтау немесе жоқ қылу (қарызды  кешіру) кіреді.

б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау;

в) өндіріс факторларын пайдаланудан (еңбек пен капитал) түскен 
табыстар мен төлемдер;

г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа 
экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі 
немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды 
кабылдауы.

Трансферттер ағымдағы және капиталды болуы мүмкін. Халықтың көшіп-қонуымен байланысты материалдық және қаржы ресурстарының қозғалысы капиталды трансферттерге кіреді.

Барлық қаржылық, сауда  және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондыктан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет.

Бірақ нарықтық бағаларды  қолдануға келмейтін операцияларды қалай бағалау керек? (оларға біз бартерлік мәмілелерді, филиалдар арасындағы операциялар мен трансферттерді жатқызамыз). Бұл жағдайларда нарықтық бағалардың орнына олардың орнын басатын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Мысалға, бартерлік сауда кезінде, бағалар олардың сатылу жағдайындағы деңгейде есептеледі.

Экспорт пен  импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франкоборт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорттауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ төлем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі.

Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді. Мәліметтерді жүзеге асырылған валютамен есептелінетін бірлікке келтіру кезінде, операциялар орындалған күндегі валюталық бағамның нарықтық бағамына сәйкес келемін пайдалану орынды.

Мәміленін орындалу мезетін белгілеу. Төлем балансына  енетін мәліметтерде операцияның орындалу мезетін белгілеу мәселесі де өте маңызды болып табылады. Бағалар сияқты, мәмілелерді орыкдау уақытында да кептеген мүмкін шешімдері бар. Операцияның орындалу уақытын көрсететін көрсеткіші ретінде шарттарға қол койылу немесе келісімге келу, тауарды түсіру, оны жеткізу, кедендік процедурадан өту, қызмет көрсету, табыс есептелінуі мен төлемдер жүргізу уақыты қызмет атқаруы мүмкін (ХВҚ басшылығы мәміленін орындалу мерзімін таңцағанда, меншіктің ауысуы ұлттық есепте жүргізу уақытымен бір кезде болуын ұсындық).

Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, телем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда, телем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіш-тері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, түрақты болады.

Ағымдағы операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалатын нақты операцияларды қамтиды. Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен көрсетіледі.

Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген одан кейінгі қайта импорт-қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толықтырулар жасалады. Ол "челноктық" сауда және операциялардың бағалау қундарындағы мәліметтермен толықтырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған импорттың СИФ құнын әдістеме талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі. Қазақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7 пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде бағаланып, ресми статистикада көрсетіледі.

Қызмет көрсетулер, олардың  барлық деңгейлерін қамтып, оған көбінесе жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кенес беру мен білім беру қызмет керсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалық, құрылыс, коммуникациялықжәне үкіметтік қызметтер кіреді.

Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен  капиталды пайдаланудан түскен табыс  қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады. Капиталдан алынған табыс дивиденд, пайыз немесе басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін.

Ағымдағы  трансферттер. Бұл бапқа, техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын грантгардың берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың ақша жіберулері мен салықтары, үкіметтің әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға төлейтін жарналары да кіреді.

Елдің халықаралық  жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт арақатынасы бағаланады. Шет елде сатылған және елге келген тауарлар көлемдерінің деңгейін анықтау бізге сауда балансын алуға мүмкіндік береді.

Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің  сауданың статистикалық мәліметтерін өңдеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мүмкін.

Информация о работе Международная экономика