Понятие и виды инновационных стратегий

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:31, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

Работа состоит из  1 файл

раздел 2.doc

— 709.50 Кб (Скачать документ)

   Исследование  условий хозяйствования государственных  и частных туристских фирм Республики Башкортостан показало, что государственные  предприятия, как правило, оказываются  менее эффективными, чем частные, имеют более низкую прибыльность, обладают слабой восприимчивостью к инновациям и неоправданно большим управленческим аппаратом. Это подтверждают и мировые тенденции, где роль государства сводится к развитию социальной и институциональной инфраструктуры туризма.

     
 
 

   Рис. 1. Структура сферы туристских услуг в экономике региона 
 

     

   Рис. 2. Система организационно-экономических задач органов

   государственного  управления в развитии регионального  туризма 

   Следовательно, государство, создавая стимулирующие условия для частного бизнеса, без существенных финансовых затрат добивается двоякой цели: роста экономики и доходной части бюджета, с одной стороны, и развития регионального туризма – с другой.

   Важным  для регионального туризма многими  исследователями признается его программно-целевое развитие. При этом отмечается приоритетность государственной финансовой поддержки туристского предпринимательства, связанной с вложением немалых государственных средств (кредитные льготы, субсидии, освобождение от налогов, пошлин и т.д.). В работе сделан вывод о нецелесообразности применения таких затратных форм поддержки в современных российских условиях. По мнению автора, ведущая роль должна принадлежать более эффективным экономическим формам такой поддержки, в частности налоговым кредитам, налоговому и таможенному льготированию, организации целевых инвестиционных фондов, государственным гарантиям по кредитам и лизинговым операциям, а также льготному использованию государственной собственности. 

   Литература 

   1. Балабанов И.Т., Балабанов А.И.  Экономика туризма. – М: Финансы  и статистика. 1999. – 176с.

   2. Веретехин Л.В. Внедрение зарубежного  опыта в менеджмент туристических  предприятий // Экономика и управление. – 1997. – № 5.

   3. Валиев М.Ш. Социально-экономические предпосылки массового развития международного туризма //Сервис в XXI столетии.  Материалы региональной научно-практической конференции. Уфа: Издательство ДизайнПолиграфСервис. 2003. – 0,3 п.л. 
 

   Бұл мақалада таңымыздағы аймақтық туризмнің  құрылымдық және ұйымдастыру-экономикалық мәселелері қарастырылған. 
 

   In this paper regional tourism structuring and organizational-economic problems are discussed. 
 
 

Б.Ж. Ермекбаева, А.Н. Низтаева 

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

   Табыс салығы ежелгі және классикалық салықтардың бірі болып табылады. Салықтың бұл түрі негізінен XIX және XX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кең дамыды. Қазақстан Республикасында табыс салығы 1991 жылдың 24 желтоқсанынан «Қазақ ССР азаматтарынан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардан алынатын табыс салығы туралы» заң негізінде енгізілді. Заңды тұлғалар 1994 жылдан 2001 жыл аралығында табыс салығын төледі. 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративтік табыс салығы болып өзгерді

   Біздің  мемлекетімізде корпоративтік табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің ең басты көзі болып табылады. Оны мына төмендегі 1 кестеден көруге болады.

   1-кестеден 2008 жылдағы корпоративтік табыс  салығының үлесі 2006 жылмен салыстырғанда  4,4% -ға кемігендігін байқаймыз.  Оған дәлел:

  • біріншіден, заңға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша инвестициялық салық преференцияларының берілуі;
  • екіншіден, 2008 жылдағы Салық кодексіне сәйкес еркін экономикалық аймақтардың корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылуы.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарамағындағы Салық Комитетінің әдістеме бөлімінің басшысы Г.Малдыбаеваның айтуынша, Қазақстан Республикасы бойынша барлық салықтар түрлері бойынша салық төлеушілердің салық заңдылығын толық сақтамағандығы байқалады. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық заңдылығын толық сақтамаған салық төлеушілердің үлесі 29,6% болып шықты. Г.Малдыбаеваның пікірінше, жоғарыда аталған талдау қорытындысы корпоративтік табыс салығы бойынша 2006-2007 жылдардың Салық кодексінің 15 тарауының 81 «Тауарларды (жұмыстарды,қызмет көрсетулерді) өткізуден түсетін табыс», 83 «Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар», 84 «Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар», 90 «Өтеусіз алынған мүлік», 92 «Шегерімдер», 104 «Шегерімге жатпайтын шығыстар», 103 «Салықтар шегерімі», 107 «Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу» баптарына қатысты заңның толық сақталмағандығы анықталды.  

                                                                                                                    

 

    1-кесте

   Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетіне 2006-2008 жылдарда түскен салықтық түсімдердің құрамы

                                                                                                                  

   
 
 
 
Көрсеткіштер
 
   2006    
 
   2007    
 
   2008
сомасы

(млн.теңге)

үлес салмағы (%) сомасы (млн.теңге) үлес салмағы

(%)

сомасы

(млн.теңге)

үлес салмағы (%)
Салықтық  түсімдер, оның ішінде: 2209102 100 2356040 100 2539259 100
Корпоративті  табыс салығы 776609 35,2 758301 32,2 782992 30,8
Қосылған  құн салығы 489572 22,2 629279 26,7 611800 24,0
Жеке  табыс салығы 165033 7,5 221025 9,4 241250 9,5
Жеке  меншікке салықтар 65248 3,0 82931 3,5 75245 3
Акциздер 47433 2,1 58753 2,5 51588 2,0
Әлеуметтік  салық 236569 10,7 295733 12,6 225638 8,9
Қалған  салықтар мен алымдар 428638 19,3 310018 13,2 550746 21,8

    

   Мәліметтер: 2006-2007 жылдар аралығындағы мәліметтер - Статистический ежегодник, Астана, 2007г. 2008 жылдың қорытынды мәліметі – www.afn.kz   ресми сайты [6] мәліметтері негізінде авторлармен құрастырылған. 

   Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2008 жылғы жағдай бойынша жылдық жоспардың  95,32%-ына  орындалды  және іс  жүзіндегі түсімдер 2539,25  млрд. теңгені құрады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспарланған 808,4 млрд.теңге орнына, бюджетке 783,0 млрд.теңге түсті немесе жоспар 96,9%-ға орындалды. Бұл жағдай коропоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер жүйесінің  дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесі деуге болады.

   Салық жүйесін, оның ішінде кез келген салықты жетілдіру жолдарына сәйкес ұсыныс айту үшін, бұл алдағы өзгерістердің мемлекет, салық төлеуші және халық үшін не береді, олардың мүддесі қалай сақталады деген пікірді негізге ала отырып айту қажет.

   Салықтық  құралдың реттеуші рөлі экономиканың дағдарыс жағдайында өте ерекше. Салықтың фискалдық қызметін дамытумен шектелу мүмкін емес. Салық өнім өндірушілердің еркін шешім қабылдауына мүмкіндік беруі тиіс. Дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып өндірісті ынталандыру табылады. Ал, өндірісті ынталандыру елдегі шағын және орта бизнесті дамытумен тікелей байланысты. Әлемде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ең алдымен салықтық жеңілдіктер  берумен іске асырылады. Бұл орайда, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық салу режимі жүзеге асырылады. Дегенмен, салықтық жеңілдіктердің көп мөлшерде болуы тиімді емес.

   Біріншіден, салық жеңілдіктері барлық салық  төлеушілерінің теңдігі принципін  бұзады, өйткені бұл жеңілдік берілген салалар басқаларға қарағанда артықшылықта болады.

   Екіншіден, салық жеңілдіктері есептеу механизмін қиындатады, ал бұл түрлі қателіктер мен түсініспеушіліктерге әкелетіні  сөзсіз.

   Үшіншіден, жеңілдік берілген саланың кәсіпорындары, жеңілдік құқығын рәсімдеудің күрделілігіне байланысты оны дұрыс пайдалана алмай, жеңілдіктен бас тартуға мәжбүр болатын кездері де байқалуда.

   Тәжірибе  көрсеткендей кез-келген жеңілдік белгілі  бір қиындықтарға әкеледі. Жеңілдікті кәсіпорындар белгілі бір шартпен  алғандықтан, олардың өз әрекетін еркін жүргізуіне кедергілер пайда болады. Ал, шағын және орта бизнесті дамыту үшін кедергінің неғұрлым аз болғандығы жақсы. Ал, барлық кәсіпорындарға тең жағдайда салық салу үшін, корпоративтік салық ставкасын төмендету ең тиімді шешім болып табылады. Бұл мәселе Жаңа Салық кодексінде көрініс тапқан, яғни заң бойынша корпоративтік табыс салығының ставкасы 2009 жылы – 20%, 2010 жылы – 17,5%, 2011 жылы - 15% құрамақ. Біздің ойымызша, бұл мемлекеттің салық саясатындағы салық механизмінің элементерінің бірі салықтардың, соның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша қабылдаған дұрыс шешім. Дегенмен, Жаңа Салық кодексінде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.

   Заңды тұлғаның табысына қазіргі салық  салу механизмі өнімді шығару көлемінің өсуін ынталандырмайды, өзіндік құнын төмендетпейді, керісінше, шегерімді ұлғайтып, соның нәтижесінде заң негізінде салық салудан босатылуына әкеледі. Мысалға, корпоративті табыс салығы бойынша залалды ауыстыру  мерзімінің 3 жылдан 10 жылға ұлғаюы салықтан жалтарыну мәселесінің одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан, біздің ойымызша, корпоративтік табыс салығы бойынша залалды ауыстыру мерзімін 10 жылдан 3-5 жылға дейін төмендету және бұл жеңілдік түрін тек экономиканың басты салаларына ғана беру керек.

   Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне сәйкес, қазіргі таңда, өзекті мәселелердің бірі болып «ТАТ Ипотека» Ипотекалық ұйым» АҚ-ның Басқарма басшысының орынбасары Асхат Серикбекұлының пікірінше, микронесиелік ұйымдардың табысына салынатын корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдердің Жаңа Салық кодексінде көрініс таппаған. Атап айтқанда, күмәнді және тұрақсыз деп танылған микронесиелер бойынша қалыптасқан провизиялар (резервтер) бойынша шығындардың шегерімге жатпауы, бәрнеше жылдар бойы өтелмеген жеке тұлғалармен ұсынылған микронесиелердің сыйақылар бойынша күмәнді талаптарының шегерімге жатпауы. 

   Сонымен, бүгін үлкен мәселе ол корпоративтік  табыс салығы бойынша инвестициялық  салық преференциялары. Заңға сәйкес, инвестициялық салық преференциялары дегеніміз корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеуші заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру. Осы орайда, корпоративтік табыс салығын жетілдіруге байланысты, біз, келесідей енгізулерді ұсынамыз:

  • шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «күмәнді талаптар бойынша шегерім» бабын келесідей өзгертуді ұсынамыз: «күмәнді талаптар деп микронесиелік ұйымдар берген микронесие бойынша есептелген сыйақы бойынша қалыптасқан және талаптың қалыптасу мерзімінен бастап 1 жыл ішінде өтелмеген жеке тұлғалардың талаптары табылады»;
  • заңды тұлғалардың 2008 жылы корпоративтік табыс салығының 30% ставкамен төлеген салық сомасы мен Жаңа Салық кодексі бойынша корпоративтік табыс салығының 20% ставкамен төлеген салық сомасы арасындағы 10% айырманы салық төлеуші өз өндірісіне инвестициялауы керек, бұл механизм, өз кезегінде, тозған негізгі құралдарды жаңартуға, оларды іске қосып, өндірісті жаңғыртуға өз септігін тигізеді;
  • дамыған елдердің тәжірибесін сүйене отырып (мысалға, АҚШ), экономиканың басты салаларына корпоративтік табыс салығының дифференциалдық және регрессиялық ставкаларын енгізу, яғни салық салынатын табыс өскенде, салық ставкасын төмендету. Бұл салық төлеушінің жылдық жиынтық табысын арттыруға ынталандырады, сонымен қатар, салық салу базасын төмендетіп (жасырып) көрсетпей, нақты жағдайдағы көлемін көрсетуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Понятие и виды инновационных стратегий