Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 03:38, курсовая работа
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады.
Кіріспе...................................................................................................................3
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері........................................................................................................................5
1.1. Кәсіпорындағы жоспарлаудың теориялық және ұйымдастырушылық аспектілері....................................................................................................................5
1.2. Жоспарлаудың түрлері және олардың ерекшелігі....................................8
2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың тәжірибелік негіздері...........14
2.1.Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру бизнес-жоспарының үлгісі........................................................................................14
2.2 Бизнес-жоспардың экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы маңызы........................................................................................................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................39
Батыста соңғы жылдары әдетте осал орынға өткізу, қаржылар немесе жұмысшы күштері жатады.
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (акив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бғыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жеклеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.
Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
Бизнес-жоспар келесі жағдайларда жасалады:
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі аспекттері суреттелетін, кәсіпкерге кездесетін басты мәселелер талданатын және оларды шешудің негізгі әдістері анықталатын құжат.
Бизнес-жоспар еркін формада жасалады, оның құрылымы мен мазмұны қатаң реттелмеген, ол 6,7,12,18 және басқа да бөлімдерден тұруы мүмкін. Ол біріншіден қаржылық-экономикалық қызметте жеңіске жетуге бағытталған. Бірақ бизнес-жоспар құрған кезде келесі шарттарға көңіл бөлу керек:
Біздің ойымызша құрамы және мазмұны бойынша оңтайлы бизнес-жоспар 7 бөлімнен тұру керек:
2.1.Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру бизнес-жоспарының үлгісі
Жобаның тұжырымдамасы
Шығыс Қазақстан облысында
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге |
2 012 |
Негізгі капиталға инвестициялар |
2 360 |
Айналым капиталы |
716 |
Барлығы |
3 076 |
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге |
Сомасы |
Кезеңі |
Үлесі |
Негізгі капиталға инвестициялар |
716 |
03.2012 |
23% |
Айналым капиталы |
2 360 |
03.2012 |
77% |
Барлығы |
3 076 |
100% |
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы |
тенңе |
Пайыздық ставка, жылдық |
7% |
Өтеу мерзімі, жыл |
6,0 |
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу |
ай сайын |
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
3 |
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
6 |
Өтеу түрлері |
тең үлестермен |
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге |
509 |
Активтердің рентабельділігі |
23% |
10% дисконттау ставкасы
кезінде инвестицияланған
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) |
13% |
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге |
267 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл |
4,8 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
5,8 |
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын құруға;
- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын ауданның бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.
Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:
- сары майдан жасалған кептірілген нан;
- ірімшік қосылған печенье;
- «Марго» кепкен тоқаштары.
Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылатын болады.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.
Кәсіпорынның осы бизнес-
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген.Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1-ден 2 айға дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері – . нәзіктігі мен суда бұқтырылуы. Кептірілген нан нәзік болуы тиіс. Олардың суда толық бұқтырылуы 60 оС кезінде 1-2 минут болуы қажет.
Печенье. Пече́нье — қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады.
Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар. Бұдан басқа осы топқа нан қиықшалар мен нан таяқшалар да кіреді.
Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен жасалады. Бір бубликтің салмағы 50-100 г, шығыршығының диаметрі 7-10 см, шығыршықтың қалыңдығы 3,3 см, ылғалдығы 25-27 %.
Баранкалар диаметрі 7-9 см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің салмағы 25-40 г, ылғалдығы 14-19 %.
Сушкилердің баранкалардан айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4-6 см)мен шығыршығының қалыңдығы (1,0-1,7 см). Бір өнімнің салмағы 6,5-12 г, ылғалдығы 9-13 %. Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100-280 мм болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның түріне байланысты 7-ден 11% дейін.
Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.
1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
Атауы |
Түрі |
Печенье |
Ірімшікпен |
Кептірілген нан |
Сары май қосылған |
Сушкалар |
Марго |