Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 03:38, курсовая работа

Описание

Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері........................................................................................................................5
1.1. Кәсіпорындағы жоспарлаудың теориялық және ұйымдастырушылық аспектілері....................................................................................................................5
1.2. Жоспарлаудың түрлері және олардың ерекшелігі....................................8
2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың тәжірибелік негіздері...........14
2.1.Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру бизнес-жоспарының үлгісі........................................................................................14
2.2 Бизнес-жоспардың экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы маңызы........................................................................................................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................39

Работа состоит из  1 файл

курсовая .doc

— 2.45 Мб (Скачать документ)

 

Кестеде кәсіпорынның залалсыздық  шегі  жылына  сату көлемі 5 378 мың  теңге болып табылатыны көрсетілген (1916 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 8 % құрайды, одан әрі бұл  көрсеткіш пайыздар бойынша шығыстардың  азаюына қарай (19% дейін) өседі.

Кәсіпорында жеке кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бар және шағын бизнес субъектілері үшін  салық салудың жеңілдетілген режимін қолданады. ҚР Салық Кодексіне сәйкес  жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың ставкасы кіріс сомасының (жалпы кіріс) 3% мөлшерінде  белгіленген.

 

22-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Салықтың түрі

Сомасы, мың тг.

ЖК қызметіне салық, ЕТҚ салығы

1 261

Жиыны

1 261


 

Осы жобаны іске асыру  нәтижесіндегі салықтық түсімдердің  көлемі 7 жылда    1 261 мың теңгені құрайды.

12. Әлеуметтік-экономикалық  және экологиялық әсер

    1. 12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні

Осы жобаны іске асыру  ауылдық жерде жаңа өндіріс ашуға  мүмкіндік береді, осылайша әкелінетін өнімді өңірде өндірілетін өніммен ауыстыруға ықпал етеді. 

Жобаны іске асыру:

- ауылдық жерде 5 жаңа  жұмыс орнын ашуды;

- Шығыс Қазақстан   облысының және  цех орналасатын   аудан әкімшілігінің бюджетіне  салықтар мен басқа да аударымдардың  түсуін (7 жылда 1млн.  теңгеден  астам) болжайды.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге  болады:

- ауыл тұрғындарының  сапалы және әр түрлі нан  өнімдеріне деген қажеттіліктерін  қанағаттандыру.

    1. 12.2 Қоршаған ортаға әсер

Жобаның идеясы кондитер цехын ашу кезінде қоршаған ортаға түбірінен қандай да бір өзгеріс енгізуді қарастырмайды.

Қалың және сұйық тұрмыстық  қалдықтарды  үнемі және уақтылы  шығарып тұрған кезде  қоршаған ортаның  ластануы барынша азаятын болады.

 

2.2 Бизнес-жоспардың  экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы  маңызы

 

Әлемдік қаржы нарығындағы  дүрбелең де Қазақстан экономикасына  өз әсерін тигізді. Ірі қаржылық институттар  өздерінің сыртқы ресурстарға тікелей  тәуелділігін көрсетті. Бұл Қазақстандағы  банктер, несиелік ұйымдар, биржа және өзге де қаржы институттары жоспарында резервті қаражат құралдары жеткіліксіз дәрежеде бөлінбегенінің себебі. Бизнес- жоспарлау қалыптасқан мәселелерді шешуге және алдан алуға қауқарлы. Дұрыс жоспарланған бюджет кәсіпорынның болашақ дамуының кепілі. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде бизнес-жоспарлау  белсенді рөл атқарады. Жоспарлауды  әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыздарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады.

Бизнесті жоспарлауды кеңінен қолданудың аталағн қажеттілігімен қоса, қазіргі жағдайларда кәсіпорындарда оның пайдаланылуын шектейтін факторлар бар.

Олардың негізгілері:

- Қоғамдық өмірдің  барлық салаларындағы жаһандық  өзгерістермен байланысты болатын  қазақстандық нарықтағы белгісіздіктің  жоғарғы деңгейі;

- Күрделі  қаржылық  өңдеулерді жүзеге асыру үшін  қаржылық мүмкіндіктерге  ие кәсіпорын  үлесінің төмендігі.

Жоспарлауды тиімді жүзеге асырудың зор мүмкіндіктеріне ірі  компаниялар ие. Оларда қаржы саласында  кең ауқымды жоспарлы жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары мамандарды тарту үшін қаржылық ресурстар да жеткілікті.

Шағын кәсіпорындарда, тәртіп бойынша, бизнесті жоспарлауға деген  қажеттілік ірі компанияларға қарағанда  жоғары болса да, ол үшін қаражаттар жоқ. Шағын фирмалар өз шаруашылық іс - әрекетін қамтамассыз ету үшін қарыз қаражаттарын тартуды көптеп қажетсінеді. Осының нәтижесі ретінде - шағын кәсіпорынның болашағы неғұрлым  белгісіз .

Бірқатар кәсіпорындардың  қызмет етуі тиімділігінің жеткіліксіздік себептеріне жасалған талдау негізгі мәселелерді анықтап, бизнес-жоспарды жасау жүйесін құру қағидаларын қалыптастыруға мүмкіндік берді:

- Кәсіпорындар мен  холдингтердің жүйесі мен құрылымдардағы  өзгерістерге сәйкес бизнесті  жоспарлау процесінде өзгеріп  отыруы керек.

- Бизнес-жоспар жүйесінің  өзгеру процесі ілесуі керек;

- Бизнес-жоспар «мақсаттар  ағашы» принципі бойынша «жоғарыдан  төменге» дейін жүзеге асырылуы  керек;

- Сыртқы орта, сыртқы  және ішкі тәуекелдерді ескере  отырып кешен ішілік  бизнесті  жоспарлау жүзеге асырылуы керек;

- Бәсекелестер қауіпінің  алдың-алу үшін қорғаныс шаралары  жоспарлануы керек;

- Экономикалық және  инвестициялық критериялар бойынша  меншік иесінің стратегиялық  қызығушылықтарын ескере отырып, жоспарлар мен өндірістік бағдарламаларды оптимизациялау керек;

- Жоспарлау жүйесі  кәсіпорындағы жауапкершілік, өкілеттік  орталығы жүйесіне бағынышты  болуы керек;

- Міндетті талап –  бизнесті жоспарлау жүйесі топ-менеджер, «кілтті» жетекшілер мен мамандар  үшін мотивация жүйесін қамтуы  керек.

Бизнесті жоспарлау жүйесін құрудың осы қағидаларын жүзеге асыру шығындар ықтималдылығын төмендету стратегияны құрып, орындауға мүмкіндік береді.

Қаржы саласындағы мамандардың  пікірінше, бизнес-жоспард құру процесі  «жоғарыдан төменге» қарай жүруі  керек. Мұндағы «жоғарыдан»- бұл бас жетекшеден емес, аталмыш бизнес құрылтайшыларынан, инвесторларынан болуы керек. Егер осы тәртіп сақталмаса, онда жоспарлау мән-мағынасыз акцияға айналады.

Бизнес-жоспар, әрине, еңбекке  қабілетті болуы керек және оларда компанияның бас жетекшелерінің нақты ынталары болғаны жөн. Сондай-ақ бизнес-жоспар нарық тұрғысынан шынайы болуы керек. Яғни маркетинг талдау қажет: нарық бар ма, қажетті тұтынушылар көлемі бар ма, олар ақша төлеуге дайын ба? Көбінесе компаниялар осыны ескермейді. Маркетингтік жоспарлауда басқарудың құраушысы ретінде кілтті жағдайға нарық жатады.

Бизнес-жоспарлаудың келесі аспектісі – ұйымдастырудын мүмкіндігі. Нарыққа шығуға ресурстардың жеткіліктілігін  ескеру қажет және енгізу барысында  туындайтын өте қажетті жағдай, жоспарлар менеджерлермен меңгерілуі керек. Олардың алдындағы мәселе жаңа бизнес деңгейіне өту. Осындай қажеттілікті қанағаттандыру үшін шетелдерде бизнесті дамыту үшін қандай маңызды ақпарат қажет, біздің еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын ескере отырып сондай ақпаратты қалай жинау керек екенін анықтау қажет. Ол үшін жеке арнайы ақпараттарды жинау орталығын құру керек.

Күрделі жоспарлауға  деген қажеттілік кейбір ұйымдарда  ғана байқалады. Қазіргі таңда жақсы  жоспарлар он компанияның бірінде  ғана кездеседі. Бірақ, екінші жағынан, компанияның көпшілігі оларды қазір жүзеге асыруда.

Басқару процесінде міндеттермен жауапкершілікті бөлу әрекеті бар. Жауапкершілікті бөлу дегеніміз  басқару шешімдерін қабылдау бойынша  құқұқты «төменге» беру дегенді  білдіреді, себебі адамнан ол ықпал ете алмайтынды талап етуге болмайды. Атқарушы директор өзіне ең маңыздысы не екендігін шешуі керек: атап айтқанда барлығын өз қолында ұстау әдеті немесе шешімнің тиімділігі. Демеушілердің болмауы инициативаның, келісімдік позициясының болмауына әкеледі. Ұйым мақсаттары корпаривтік басқарудың стратегиялық мақсаттарының ағымдық жоспарлармен байланысын қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі қаржылық дағдарыс қаржылық институттардың, кәсіпорындардың  жоспарлау жүйесіне тікелей әсер етпей қоймайды. Саланың жаңа бағытқа қарай бет бұруы да жоспарлауға жаңа талаптар мен әдістемелерді талап ететіні анық.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде бизнес-жоспарлау  белсенді рөл атқарады. Жоспарлауды  әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыздарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады.

Оның ішінде, құқық  қорғау органдары қызметкерлерімен және соттармен жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, өйткені олар азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға міндетті. Олардың осындай қылмыстарға  жол беруі, өзінің қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдалануы азаматтардың әлеуметтік әділдікке деген сенімін ғана жоғалтып қоймайды, биліктің және оның құрылымдарының беделіне нұқсан келтіреді.

Өкінішке орай, құқық  қорғау органдарының көптеген қызметкерлері  қылмыспен күресте қандай да болмасын әдісті, тіпті заңға қайшы болса да қолдануға болады деп есептейді. Мұндай әдістер тергеуде немесе жауап алуда зорлық-зомбылықты қолдануды тудырады. Қылмыстылық өсуде, осыған байланысты онымен күрес те қиындауда. Алайда, қылмыстық процеске тартылған жекелеген адамның өмірі қылмыстылықтың жағдайына тәуелді болмауы тиіс.

Бизнес-жоспар, әрине, еңбекке  қабілетті болуы керек және оларда компанияның бас жетекшелерінің нақты ынталары болғаны жөн. Сондай-ақ бизнес-жоспар нарық тұрғысынан шынайы болуы керек. Яғни маркетинг талдау қажет: нарық бар ма, қажетті тұтынушылар көлемі бар ма, олар ақша төлеуге дайын ба? Көбінесе компаниялар осыны ескермейді.

Бизнес-жоспардың қатаң  регламеттелген, ұстанылуы тиіс құрамы мен құрылымына арналған талаптар жоқ.

Алайда, онда бизнестің  негізгі мақсаттары мен міндеттерін  ашатын бөлімдер қарасытырылады, кәсіпорын  өнімінің қасиеттері сипатталады,  оның нарық талаптарына сәйкестігі анықталады, нарыққа баға беріледі және белгіленген нарықтық сегменттерде кәсіпорын әрекетінің стратегиясы бекітіледі, ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымы анықталады, істің қаржылық жобасы қалыптастырылады, оның ішінде инвестициялар бойынша ұсыныстар мен қаржыландыру стратегиясы жасалады, кәсіпорынның даму перспективалары анықталады.

Жақсы жасалған бизнес-жоспар жобаны жоспарлаудың барлық күрделі мәселелерін аша отырып, кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайына тоқтап қана қоймай, белгілі бір дәрежеде жоба бойынша дамуды болжауы тиіс: 

- Өндіріс қалай  дамитын болады;

- Тауар және  қызмет қала өтетін болады;

- Бұл ойдың  болашағы қандай;

- Кәсіпорын  жағымды жағдай қалыптасқанда  (экономикалық, саяси, бәсекелестік) және келеңсіз жағдайда қандай  қадамға баруы керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Экономикадағы реформалар тікелей басқарушылық көзқарастардың, жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерінің өзгесімен және жаңаруымен байланысты. Бұл өзгерістердің мәні жылдам өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға ілесіп, үлгеру болып табылады. Қазіргі заман қарқынына сай әрекет ету арқылы ғана табысқа жетіп, кәсіпорынның жағдайын жандандыруға болады. Бұл тікелей таңдап алынған бағыт пен дұрыс жасалған жоспарға тәуелділікпен айқындалады.

Кәсіпорынның өмiрлiк iс-әркетiн жоспарлаусыз елестету мүмкiн  емес. Кез-келген кәсiпорынды құру барысында оның iс-әрекетiнiң мақсаттары мен мәселелерiн анықтау қажет. Бизнесті жоспарлау кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға, болашақ шығындар мен табыстарды болжауға мүмкіндік беру мақсатымен құрылады.

Нарықтық экономика  жағдайында бизнесті жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуға тиіс.

Егер жоспарлы экономикада  қызметі жоспарлауда сүйеніш  бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықты экономикада айырбас  сферасына сүйенеді. Бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану жүзеге асырылады. Бизнеске баға берудің ең тиімді әдісі бизнес-жоспарға сүйенеді.

Кәсіпорынның өмiрлiк iс-әркетiн жоспарлаусыз елестету мүмкiн емес. Кез-келген кәсiпорынды құру барысында оның iс-әрекетiнiң мақсаттары мен мәселелерiн анықтау қажет. Бизнесті жоспарлау кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға, болашақ шығындар мен табыстарды болжауға мүмкіндік беру мақсатымен құрылады.

Бизнес-жоспардың мәні мен маңыздылығын зерделеу келесідей  қорытынды жасауға мүмкіндік  береді:

1. Бизнес-жоспардың экономикалық  маңызы, кәсіпорын қызметіндегі  маңызы ерекше болғандықтан, ол  терең ойластырлыған, жан-жақты  зерттеулерге сүйенген, нақты қаржылық қажеттіліктер мен нарық үшін таптырмас өнім шығарудағы артықшылқтарын анық көрсетуі тиіс. Бұл өз алдына, инвесторлар үшін, несие берушілер мен әліуетті бизнес серіктестер үшін таптырмас жарнама, кәсіпорынның тұғырын көрсететін құрал.

2. Бизнес-жоспардың құрылымы мен құрамына қойылатын талаптар, оларға қажетті ақпараттардың іріктелуі, бөлімдердің нақты, әрі түсінікті болуы бизнес-жоспарды ұйымдастыру жүйесінің нақтылануына жол ашады.  Бизнес-жоспарды жасауға қойылатын негізгі талаптардың орындалуына қатаң шаралар қолданылғаны абзал, себебі, бизнес-жоспар кез-кенген кәсіпорынның айнесы іспеттес.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау