Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43
КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67
3.2
“Жамбылгипс” АҚ-ның
негізгі капиталдың
тиімділігін жоғарлату
жолдарының негізгі
бағыттары
Нарықты экономика жағдайына көшкелі де егемен еліміз дамудың талай эксперименттік жолдарынан өтті. Ашығын айту керек, ілгерілеуден гөрі іркілістер әлі де басымырақ болып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны өткен жылғыдан біршама төмендеп кетті. Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп “тұсаулы” жағдайдан шыға алмай-ақ келеді.
Айта келе қорды пайдалануда жоғары нәтижеге жету үшін, жүйенің өндірістік-техникалық ерекшелігін мінездеу үшін факторла мен бағыттар қолдану қажет, ал бұл келесіде байқалады – берілген жүйе масштабы, оның динамикасы, ағымдағы қуат шоғыры, ресурс бөлігінің өзгеруі, иерархиялық басқару құрылымының күрделілігі, жүйелік, тұтастық, материалдық ресурстарды өзгертуге үлкен қабілеттілік және т. б.
Құрылыс
материалдар өнеркәсібінде
Қазақстан Республикасының
Бүгінгі таңда өндірістік өнеркәсіп ұғымы кең етек алуда. Ол жеке өндірістік бірлік, оның негізі болып кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы, өзінің қол астындағы өндірістік құрал-жабдықтар қолдана отырып, тұтынушыларға профиліне, түрлеріне қарай қажетті өнім шығару болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарға зауыттар, фабрикалар, карьерлер т.б. жататыны бізге жақсы мәлім.
Өнеркәсіптің ішкі ортасы адамдар, жұмысшылар, өндірістік құрал-жабдықтар, ақпарат және қаржы. Осы ішкі ортаның компоненттерінің бір-бірімен байланысуының нәтижесі болып дайын өнім болып табылады. Өндірістік кәсіпорынның негізін белгілі бір кәсіби құраммен, квалификацияланған адамдар құрайды. Оларға қажет құрал-жабдықтар, өнім шығаратын негізгі құрал-жабдықтар, айналмалы құрал-жабдықтар. Өнеркәсіпке қажет материалдар мен құрал-жабдықтар, жалақымен, электр қуатымен т.б. есептесу үшін ең бастысы қаржы керек. Ол қаржы банктегі есеп-шотында және өнеркәсіп кассасында жиналады. Сонымен қатар, өнеркәсіптің жұмыс істеуіне ақпарат керек, екеуі де ұмытылмауға тиіс.
Бүгінгі
таңда “Жамбылгипс” АҚ-мы ассортимент
түрлерін кеңейтуге және шығаратын
өнім сапасын жоғарлатуға ұмтылуда.
Болашақта бұл кәсіпорын
Кәсіпорын қызметі бағыттарының бірі болып импортты алмастыру өнімінің өндірісін ұйымдастыру, нақтырақ республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарының қажетсінулеріне сәйкес құрылыс цементінің өндірісі болып табылады.
Әрбір кәсіпорын материалдық игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетеді. Ресурстық тапшылық жағдайында әрбір кәсіпорын минималдық шығын деңгейінде максималды нәтижеге ұмтылу керек. Кәсіпорын жұмыс орнын ұсынып, жалақы төлейді. Салық төлеу жолымен ол мемлекеттің экономикасының дамуындағы мемлекеттік бағдарламалардың жұмысына қатысады. Бұл дегеніміз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің болашағына тигізер үлесінің бір бөлігі ретінде ол өзін-өзі ұйымдастырушы және өзі өндіретін әлеуметті-өндірістік механизм, өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік шешімдердің автономдық орталығы болып табылады деген сөз.
Кәсіпорын деңгейінде дамудың жылжымалы мотивтері болып сату көлемінің өсімі және бір жағынан кәсіпорынның экономикалық өсімін, ал екіншіден оның жұмысшыларының өмірлік стандартын қамтамасыз ететін пайда табу. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының өнімнің сатылуы мен ұлғаюына және пайда өсіміне деген қызығушылықтары әр-түрлі оянады. Ол әрбір өндірістің өзінің орны мен рөлімен және де өзінің өндірістік тәсәләмен тікелей байланысты. Сондықтан да кәсіпорынның алдына қйған мақсаттарының жетістіктерінде өте маңызды аспекті болып жұмысшылар қызығушылықтарының гармонизациясы болып табылады.
Түптеп келгенде, кәсіпорын негізгі құралдар тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары болып:
- тасымалдау прогрессивті жүйесін қалыптастыру, гипс шикізатын тиімді дайындау
- құрал-жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қадағалау, экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- құрал-жабдықтардың техникалық және реконструкциялық жағынан қайта қаруландыру.
- стратегиялық маңызды бағыттарды өткізу мүмкіндігін жасау, гипс өнімін және гипс шикізатын диверсификациялау.
Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формациялардың аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Қоғамдық өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі екендігі жақсы мәлім. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Демек, кәсіпорын тиімділігін жоғарлату жолының негізгі бағыты ретінде ғылыми-техникалық прогресстің алар орны өзгеше. Яғни, өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан басталған ғылыми-техникалық прогресстің өзіне тән қазіргі көріністері және ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктер кәсіпорынның тиімділігін жоғарлатуда аса маңызды рөл атқарады, атап айтқанда;
Қазіргі ҒТП өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл шикізаттарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді [12].
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін кәсіпорындар тиімділіктерінің жоғарлауының маңызы зор. Негізгі деп қаралатын мәселелердің қатарына біз шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы, техника мен технологияның бір типтегі түрлері, бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік-мамандық құрылымының өзгеруі, жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі, еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы, өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т.б. жатқызамыз.
Кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі-тұрақты жеке табыстың көзі. Өндіріске қажетті қаражатты (ағымдағы және күрделі қаржыны) кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың тәбетінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайдың өзінде де кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез-келген зиянды шығындарды мемлекет өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады. Ең бастысы, техника мен технологияны жаңарту талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың баршылығы экономикада кәсіпорынның реттегіш рөлін едәуір көтеріп отыр.
Дегенмен, кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Өндіріске
принципиалды жаңа технологияны енгізу,
өндіріс процесіне үлкен икемділік,
тез өзгеріп тұратын өндірістік және жеке
қажеттіліктерге бейімделу мүмкіндігін
беру, микроэлектрониканы кеңінен қолдану
мен тарату көптеген материалдық және
еңбек шығындарын үнемдеп, комплексті
автоматтандыруға көшуге жағдайдың тууы
кәсіпорынның игілігіне, сонымен қатар,
өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін
де күрт көтереді. Жалпы алғанда, кәсіпорын
жағдайына үлкен ықпал ететін циклды факторлардан
тәуелсіздігі аз, жоғары тұрақтылықты
сипаттайтын жоғары технология салалар
кешенін пәрменділікпен дамыту үлкен
маңызға ие болады. Ақпараттық саланың
рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды
– есептеу техникалары өндірісі мен оны
бағдарламамен қамтамасыз ету, сол сияқты
ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономиканы
диверсификациялауға
Қазақстанда
құрылыс өнеркәсібі экономикалық дамуындағы
маңызды сала болып табылады. Құрылыс
өнеркәібінің дамуында «Жамбылгипс» АҚ
алатын арны ерекше. Ол Тараз қаласында
гипс өндіруші алдыңғы қатарлы
Шикізаттық бағыттан арылу бүгінгі экономиканың басты мақсаты. Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды [1].
Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісінде қолданылатын техниканың ішінде моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасының жоғарылығы байқалады.
Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.
Өндірісті дамытудың негізі кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі капиталдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
«Жамбылгипс» АҚ негізгі капитал кәсіпорынның маңызды активері болып табылатындықтан негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу кәсіпорынның негізгі міндеті. Кәсіпорында өндірістік қорларды тиімді пайдалану үшін капталды жөндеу жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізіп отыру, бұрғылау ұңғымаларының толық өндіріске қатысуын, өндірістік қуаттарын толық пайдалануын қамтамасыз ету, негізгі қорладың тозу ысырабын азайту, не өндірісті және еңбекті жетілдіру негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос тұрып қалуын қысқарту арқылы олардың тиімділігіне қол жеткізіледі.
Сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, табысы азаяды, бұл кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқартады. Амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорларды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, кәсіпорының нарықтағы жайғасымы ысырап болады.
Қазақстан
Республикасының индустриалды инновациялық
даму үлгісін қалыптастыру экономика
дамуындағы басты бағыт болып
отыр. Өнім сапасының халықаралық
сандарттарға сәйкестендіру, техникалық,
амортизациялық саясатты жетілдіру
және білікті мамандарды дайындау мен
қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта
өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды
қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым
құру қазіргі заман талабы [26].