Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Работа состоит из  1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

    Кәсіпорынның  өндірістік қуаты негізгі қорлардың өнімді барынша көп шығару жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады да, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды, енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Бұған қоса кәсіпорындардың өндірістік мақсатқа жатпайтын қорлары да болады. Осыған сәйкес өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қорлары өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлар мен өндірістік мақсатқа жатпайтын негізгі қорлар болып бөлінеді. Талдау кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамын және осы талданып отырған кезеңде құрамда болған өзгерістерді зерттеуден басталады. «Жамбылгипс» АҚ  негізгі құралдар құрылымы келесі кестедегідей болып қалыптасқан.

      Өндірістік  негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын  көрсетеді. Яғни актив бөлігінде  негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және  өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді [11].

      Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.

5 кесте – “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі құралдарының құрылымын талдау

 
Негізгі құралдардың топ атауы
 
2004

жыл

мың тг

    %
 
2005

жыл

мың тг

 
%
Ауытқулар
+;-

мың тг

%
  Негізгі құралдардың  барлығы 143132,0 100 168915,0 100 25783,0 118,0
1 Үйлер, құрылыстар 5450,0 3,8 11268,0 6,6 5818,0 2,06 есе
2 Ғимараттар 126,0 0,09 96,0 0,9 - 30,0 76,2
3 Көлік құралдары 4440,0 3,1 17049,0 10,1 12609,0 3 есе
4 Өткізгіш құралдар 2035,0 1,4 1835,0 1,09 - 200,0 90,2
5 Машиналар мен  жабдықтар 128946,0 90,1 138667,0 82,5 22330,0 116,7
6 Өндірістік  мүкәммалар 1884,0 1,3 2268,0 1,3 384,0 120,4
7 Басқа да негізгі  құралдар 251,0 0,2 185,0 0,1 - 66,0 73,7

     Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

      Жоғарыда  кесте мәліметтері “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі құралдарының жалпы  жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен үйлердің есепті жылы есепті жылы  2, 06 есе, көлік   құралдарының   3  есе өскендігін

байқаймыз. Көлік құралдарының көбеюі есепті жылы кәсіпорынға өндірістік мақсатта 15929 мың тг көліктер еңгізілді. Сондай-ақ мәліметтерден  кәсіпорында өндірістік үрдіске қатысатын негізгі құралдар – машиналар мен құрал жабдықтарүлесінің жоғарылығын байқаймыз. Ол барлық негізгі құралдардың  90  пайызын құрайды.  “Жамбылгипс” АҚ-дағы машина және құрал-жабдықтардың жіктемесін келесі кестедегі мәліметтері қамтиды. Кәсіпорынның табысты қызметінде мүлкінің қоғалысы да маңызды роль  ойнайды.  Сондықтан кәсіпорын тозығы жеткен құрал-жабдықтарды есептен шығарып, оның  орнын  жаңасымен толықтыруға тырысып жатады.  

6 кесте – “Жамбылгипс”АҚ-дағы машиналар және жабдықтар құрамы 

 
Көрсеткіштер
 
2004 жыл
 
2005 жыл
Ауытқу
+,- %
  Машиналар мен  жабдықтар, барлығы:

Соның ішінде

 
128946,0
 
138667,0
 
9721,0
 
107,5
1 Қуатты күшті  машиналар мен жабдықтар: 168,0 777,0 609,0 4,6 есе
- Жылу техникалық жабдықтар  164,0 777,0 613,0 4,7 есе
- Электро қозғалтқыштар 4,0 - 4,0 -
2 Жұмыс маштналары мен жабдықтары 127129,0 126123,0 - 996,0 99,1
- Құрылыс материалдарын  шығаратын машиналар мен жабдықтар 127111,0 126123,0 - 988,0 99,2
- Өлшеуіш техника 8,0 - 8,0 -
3 Басқа да машиналар  мен жабдықтар 646,0 8665,0 8019,0 134,1
- Өнеркәсіптік трактор 136,0 556,0 420,0 4,1 есе
- Металл кесетін  машиналар мен жабдықтар 4,0 - 4,0 -
- Темірді соғып  сығымдайтын құрал-жабдықтар 3,0 - 3,0 -
- Көтеріп таситын  жүк тиеу машиналары 58,0 6907,0 6849,0 119,1 есе
- Кесу машиналары мен жабдықтары 5,8 160,0 102,0 27,6 есе
- Техникалық  үрдістерге арналған өзге де ыдыстар 154,0 142,0 -12 92,2
- Өзге де машиналар  мен жабдықтар - 900,0 900,0 -
4 Компьютерлер 1013,0 649,0 -364,0 64,1

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді

 
  Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй;  б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған;  в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны -  бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.Көріп отырғанымыздай "Жамбылгипс" АҚ-ның барлық негізгі құралдардың көбейгенін көріп отырмыз, бұған басты себеп кәсіпорынға келіп түскен негізгі құралдар кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құнынан жоғарылап отыр. Бұл сондай-ақ машиналар мен жабдықтар, көлік құралдар үлесін көбейту.

      “Жамбылгипс” АҚ-мы қазіргі кездегі таулы-техникалық құрал-жабдықтармен, күшті өндірістік базамен, арнайы техни-камен, сорттап-майдалау комплекстерімен жабдықталған. Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 350 мың. тоннаға дейін гипс тасын алуды және жылына 50 мың тонна құрылыс гипсін шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызатындай темір жол мен автокөлік жолдарымен де қамтамасыз етілген. 

    1. Кәсіпорынның  негізгі капиталын  тиімді пайдалануын  талдау
 

      Кәсіпорынның  негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.

      Кәсіпорынның  негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:

    1. Негізгі қорларды пайдаланудың  нұсқаулық шешімдері; және

    2)       перспективаға мақсатталу.

      Перспективалық  анализ – бұл инвестицияларды  талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық  бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық  және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.

      "Жамбылгипс" АҚ-ның бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:

      2004 жылы  ФОо = 331500,5/143132,0 = 2,32   тенге

      2005 жылы  ФО1 = 339136,9/168915,0= 2,02 тенге

      2005 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,02 тенгеге өнім көріп отырмыз.

      Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын  индекс:

Iфо = ФО1 / ФОо                (12)

                            Iфо  = 2,02 / 2,32 = 0,86  немесе  14%

яғни, қор  қайтарымдылық коэффициенті 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда –0,31 кеміген.

      Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда  базистік жылға қарағанда есептік  жылы қор қайтарым көрсеткіштері  айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің кемігенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.

      Қор қайтарымның кемуі дәл қай  фактордың есебінен кемитінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің  абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.

    Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да  қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.

7 кесте –  "Жамбылгипс" АҚ-ның  негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер Өлшем  бірлігі 2004 2005 Ауытқу
+ / - %
1 Өнімді өткізуден  түскен түсім мың тг 331500,3 339136,9 7636,6 102,3
2 Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны мың тг. 143132,0 168915,0 25783,0 118,0
3 Қор қайтарымы теңге 2,32 2,01 -0,31 86,6
4 Қор сиымдылығы  теңге. 0,43 4,32 3,89 10,05 есе
5 Жұмысшылар  саны адам 417 481 64 115,3
6 Қормен карулану мың теңге. 343,2 351,2 308,0 102,3

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

     Жоғарыда  көрсетілген кестедегі мәліметтерді мына формулалардың көмегімен анықтадық;

     Негізгі қордың тиімділігін сипаттайтын  көрсеткіштер;

  1. Ққ=
    ; тг/тг       (13)
  2. Қс=
    ; тг/тг           (14)
  3. Кқарул=
    ; тг/Адам      (15)

     “Жамбылгипс”  АҚ-ның негізгі қорлардың жылжуы туралы есеп беруіне сүйене отырып, негізгі қордың тиімділік көрсеткіштері  қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және жұмысшылардың қор қарулануы анықталды. Анықталған мәліметтерге сай, кәсіпорын жыл сайын жаңа құралдарды өндіріске еңгізгені нәтижесінде қор қайтарымы есепті жылы базистік жылға қарағанда біршама жоғарылаған.

      Екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келгенде  "Жамбылгипс" АҚ-ның кәсіпорынының  негізгі құралдарының жағдайы, яғни орташа жылдық құны төмендегенін байқаймыз.Есепті жылы 2004 жылмен салыстырғанда 54405,5 мың тенгеге көбейіп отыр. Менің ойымша кәсіпорындағы негізгі құрал –жабдықтың моральдік тұрғыдан шектен тыс тозуы сапалы өнім өндіруге, өндірістің толық қуатта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеуіне байланысты есептен шығарылып отыр.

      2004 жылы  "Жамбылгипс" АҚ-ның қор  қайтарымдылығы 2,12  тенге, ал 2005 жылы 0,62 тенгеге төмендеп отыр. Қор  қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға  бекітілген қорлардан қаншалықты  табыс алатынын көрсетеді.

     Келесі  қарастыратын  көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін  көрсетеді. Қор сыйымдылығы –  бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал  салымдарының үнемдеуімен немесе олардың  ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 0,47 тенге, ал  2005 жылы  0,62 тенгені құрады.  Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.

       Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 437,5 мың тенгені көрсетті, ол  2004  жылға қарағанда 16 пайызға артты.

      Кәсіпорынның табысты қызметінде мүлкінің қоғалысы да маңызды роль  ойнайды.  Сондықтан кәсіпорын тозығы жеткен құрал-жабдықтарды есептен шығарып, оның  орнын  жаңасымен толықтыруға тырысып жатады. Тозығы жеткен құралдар есептен шығарылып, оның орнына басқа жаңа құралдармен ауыстырылып жатады.

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану