Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Работа состоит из  1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

    Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары  олардың материалды-техникалық базасының  негізін құрайды, олардың өсімі  және жетілуі өнімнің сапасын  көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

    Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар  ішінде пайдаланады, олар біртіндеп  тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.

    Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары  бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).

    Материалды  активтер сатып алыну мақсатына  байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

    Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

     өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

       - өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

    Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей  бөлінеді:

    -    меншікті – ол  субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

     арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

    - қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

    -    тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

     запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

    Заттай  құрамына байланысты негізгі қорлар:

    - мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);

    -   мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).

    Өндірілген  өнім және көрсетілген қызмет қай  экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол  экономика саласына және қызмет түріне жатады.

    

                                                                   

    

      

      

    

      
 
 
 

      

       

    1 сурет- Кәсіпорынның негізгі қорлары 

    Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

    1. Жерсубъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

    2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

      3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

          Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

          4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

          5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

          - күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

           күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).

          - өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

          - есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

           басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

          6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

          7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

          8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға   немесе   жеңілдетуге арналған құралдар –   жұмыс столы, шкафтар, және т.б.

          9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).

          10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).

          11. Жерді жақсарту  үшін капитал  шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

          12. Басқа да негізгі  қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б [4].

          Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету [6].

          Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің  маңызды  факторы болып табылады. Олардың  жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

          Нарықтық экономикаға  өту шарттары еңбек коллективін  өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі  қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің  арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

          Негізгі қорлардың  жағдайы және оларды пайдалану –  талдамалық жұмыстың негізгі бір  аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті  тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің  материалды айналуы болып табылады.

          Кәсіпорынның негізгі  қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек  өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

          Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды  және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

          Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.

          Қозғалыстағы –  пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).

          Запастағы негізгі  қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.

          Тоқтатылған негізгі  қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың  уақытша қолданысынсын тоқтатуын  белгіленген тәртіппен құжатты  хатталғандар.

          Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

          Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің  маңызды  факторы болып табылады. Олардың  жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде  тікелей әсерін тигізеді. 

            

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану