Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Работа состоит из  1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

    Негізгі қорлардың толық барын көп  жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік  жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй;  б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған;  в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны -  бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.

      Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.

                              Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12  (16)                 мұндағы,   Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;

            Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;

      Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;

             Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың

             функционирлену уақыты;

             Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі

                                 өтіп кеткен уақыт. 

      Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін  тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.                                                                                                               

                      Тозу сомасы                                                  

                                       Негізгі қорлардың толық бастапқы құны        (17)

немесе      Ктозу = 1 – Кжарамд.

      Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін  анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар  көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.

                           Негізгі қорлардың қалдық  құны            

                                                       Толық бастапқы құн                               (18)

  

немесе     Кжарамд. = 1 - Ктозу

      Тозу  және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына  қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.

      Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері  период ішінде негізгі қорлардың  түскенде және шыққанда оның көлемін  және құрылымын сипаттайды. Негізгі  қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады: 

                                                Жаңа  негізгі қорлар құны                           

                                  Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны       (19)  
 

      Ол  қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың  қатынастық сипатын көрсетеді.Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады: 

                                         Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны              

                                         Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны         (20) 

Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын  талдау үшін негізгі қорды жаңартудың   интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

                                             Жойылған негізгі қорлар құны  

                                       Қайта енгізілген негізгі қорлар құны                   (21) 

      Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі  қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

      Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын  жою коэффициенті: 

                                                  Жойылған негізгі қорлар құны            

                                           Негізгі қорлардың жыл басындағы құны         (22) 
 

8 кесте -"Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдардың қозғалысын және техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер 2004 жыл 2005

жыл

 
+;-
 
%
1 Тозу коэффициенті 0,27 0,21 -0,06 -0,8
2 Негізгі қор  жарамдылық коэффициенті. 0,73 0,79 0,06 108,2
3 Негізгі құралдардың  істен шығу коэффициенті 0,28 0,23 -0,05 82,1
4 Негізгі құралдар жаңару коэффициенті. 0,45 0,21 -0,24 0,5

    Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді 

      Жоғарыдағы  кесте мәліметтері "Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдарының техникалық жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың  есепті жылы 21% тозғанын байқаймыз. Соған  сәйкес 79% өндірісте жарамды болып есептеледі. 2004 жылы кәсіпорында негізгі құралддардың 28% істен шыққан, кәсіпорында тозған негізгі құралдардың есепті жылы тек қана 21% ғана жаңартылған, ал алдыңғы жылы негізгі құралдардың 45% қызметінің соңғы нәтижесіне әсер етті. Есепті жылы өндіріс тиімділігі күрт төмендеп кетті, өйткені кәсіпорын шығынмен жұмыс атқарды.  
 
 
 
 
 
 
 

3. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 

3.1  Негізгі капиталдың  тиімді пайдалану  жолдарын  жоғарылату 

      Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары экономикалық болашақтық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың  тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.

      Кәсіпорынның  техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды  көтерудің негізгі жолдары –  бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы  және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.

     Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын  азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.

     Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды  жақсарту мына жолдармен жетуге болады:

    - кәсіпорындағы  негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;

    - құралдарды  жөндеулерді уақытында және сапалы  түрде жоспар бойынша өткізіп  тұру;

    -   жоғары сапалы негізгі құралдармен  мүліктену;

    -   қызмет көрсетуші персоналдардың квалификациялық деңгейін көтеру;

    -  шамадан тыс моральды және  физикалық тозуды болдырмау мақсатында  негізгі құралдардың, әсіресе  активті бөлімді уақытылы жаңартып  отыру;

    - өндіріс  процессіне материал және шикізат  дайындығын сапалы жақсарту;

    -   өндірістің механизация және  автоматизация  деңгейін жақсарту;

    -   экономикалық мақсатта жөндеу  қызметтерін орталықтандыру;

    -   өндірісті концентрациялау, мамандандыру  және құрамалау деңгейлерін жақсарту;

    -   азқалдықты, қалдықсыз, энерго және  отынүнемді – жаңа техника және жетілдірілген технологины ендіру;

    - машиналар  мен жабдықтарды, тоқтаулар мен  жұмыс уақытын жоғалтуларды қысқарту  мақсатында ұйымның өндірісі  мен еңбегін жетілдіру;

    -   кәсіпорындаңы негізгі құралдарды  пайдалануды жақсартудың жолдары  сол немесе басқа  кезеңде болған нақты шарттарға байланысты болады.

     Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып  төмендегілер табылады:

      1. шығарылатын өнім сипаты;
      2. шығарылатын өнім көлемі;
      3. механизация және автоматизация деңгейі;
      4. мамандандыру және коопирациялау деңгейі;
      5. кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.

      Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы жетілдірілген жұмыс машиналарының үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.

      Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концентрацияның, маманданудың, коопирациялау және өндірісті  біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың салмақты элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.

      Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын  жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:

         -    құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;

          -  станок және машиналардың жетілдірілген түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, әмбебап агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық бағдарламалармен басқарылатын станоктар;

          -  ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану