Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21
2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Работа состоит из  1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)
ustify">    2 сурет - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі 

          Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада  (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында  (45%) [6].

    Негізгі қор бұл нақты  өзгертілмеген  үлгіде өзінің материалды заттай бағалау  құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі  жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде  пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

    1.2  Құрылыс   материалдар    өнеркәсібінің    негізгі    құралдарының    ұдайы өндірісі 

    Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс  тұсында жүріп жатқан саясат аса  маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.

    Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс  саясатының негізгі мақсаты –  макро деңгейде шаруашылық субьектілерге  ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.

    Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.

    Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:

    - жай ұдайы өндіріс, негізгі  құралдардың  тозу   шығындары амортизацияның  есебімен сәйкестенгенеді;

    -  кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі  құралдардың  тозу   шығындары  амортизация  есебінің сомасынан  жоғары болған кезде.

    Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің  басты мақсаты – кәсіпорында  негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі  қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:

    -    әр түрлі жағдайларға байланысты  істеп шыққан негізгі қорларды  қалпына    келтіру;

    -     өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында  негізгі  қорларды көбейту;

      -   негізгі   қорлардың    түрлі    технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.

    Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:

    • кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;
    • капиталды салымдар нәтижесінде;
    • міндетсіз беру нәтижесінде;
    • аренда ретінде.

    Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:

                                    Фк = Фн + Фв – Фл         (1)

    Мұндағы, Фк  - негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;

                     Фн - негізгі құралдардың жыл басындағы құны;

                         Фв - негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі          құралдардың құны;

                       Фл - негізгі құралдардың жыл бойына жою құны [3].

    Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін негізгі құралдардың  ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты модернизация  бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі. Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп бөледі.

    Типтік  модернизация – бұл сериялық құрылыста  топтық біртипті өзгерістер;

    Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты жетілдіру.

    Модернизацияның шарты үнемдеу немесе  қосымша түсімдердің өткізілуі мына формуламен анықтауға болады:

    С = П = (C1 – C2) V2 ,    (2)

    мұндағы,          С - өнімнің өзіндік құнын азайту;

                              П – қосымша түсім;

          С12-өткізілген модернизациядан кейінгі және       алдыңғы өнімнің 1 данасына кеткен өзіндік құны; 

                              V2 - модернизациядан кейінгі өнімнің шығару көлемі.

      СМ СССР-ң 22 қазан 1990 ж. № 1072 қаулысымен  «СССР-ң халық шаруашылығының негізгі құралдарын толық қалпына келтіретін  амортизациялық төлемдердің бірдей нормаларын еңгізді. Олар 1 қаңтардың 1991 ж барлық кәсіпорындар басқару  және иелік нысандарына қарамай    өнімнің  өзіндік құнына негізгі құрал жөндеу шығындарын өтеуге міндетті болды.

    Әрбір кәсіпорын жөндеуге кеткен шығындарының бірқалыптылығын  сақтау үшін жөндеу қорын (резервтік) құруға құқылы.

    Өндірістік  емес негізгі қорлар жөндеу және қалпында ұстау шығындары кәсіпорынның  таза түсімінен, яғни салықтан кейінгі түсім арқылы жүзеге асырылады [6].

    Негізгі өндірістік қорларға  кеткен жөндеу шығындары оның табиғи  тозу дәрежесіне, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу деңгейіне, машиналар мен құрал-жабдықтармен қызмет ететін персоналдардың біліктілігіне  айтарлықтай байланысты болады. Сондытан да әрбір кәсіпорындарда құрал-жабдықтардың шамадан тыс табиғи және моральдық  тозулар болдырмауға тырысу керек. Егер кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінде тозу біршама болған жағдайларда (40 %-тен жоғары), мұнда  құрал-жабдықтарды  жұмысқа қабілетті  жағдай ұстау үшін  қуатты жөндеу бөлімшелерін жасау қажет. Бұл жағдайда жөндеушілер саны бүкіл жұмысшылар санының 60 пайызын құрауы мүмкін. Бұл әсіресе тау-кен кәсіпорындарға мінездес келеді. Көптеген жағдайларда бұл кәсіпорындарда жөндеу шығындары айтарлықтай көп және олар шығындарды азайту жолдары  көп, олардың негізгілерін қарастырайық.

    Біріншіден, кәсіпорында  жоспарлы көрсетуші  жөндеулер (ЖКЖ) уақытылы және сапалы өтуі керек, яғни бұл аварияларды кемітіп, жабдықтардың тоқтауларын, капиталды және орта жөндеулерді азайтуға көмектеседі.

    Екіншіден, капиталды жөндеуге кіріспес бұрын  экономикалық жоспарда мұқият талдау жасап, капиталды жөндеу жасау немесе жаңа техника сатып алу тиімділігін анықтау керек.

    Негізінен 2-шісі  күрделі жөндеулерді жүргізу  экономикалық жағынан тиімді.

    Көп жағдайда күрделі жөндеу моральді тозуды жоймайды, сондықтан да күрделі жөндеумен  бірге модернизацияны бірге өткізу экономикалық мақсатта дұрыс саналады. Дегенмен, мұнда да санау жүргізіп, күрделі жөндеу модернизациямен бірге немесе жаңа техникамен мүліктену тиімділігін алдымен тапқан жөн.

    Үшінші  жағдайда кәсіпорынға тікелей қатысты  бөлшектерді, әсіресе өткір дефицит  кезінде қалпына келтіру.

    Тозған  бөлшектерді қалпына келтіру  мүмкіндік береді:

        - уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу  және кейбір запас бөліктердің  дифицитін жою; 

        -   жөндеу шығындарын азайту, өйткені  бөлшектерді қалпына келтіру,  ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған бөліктерден әлдеқайда тиімді;

        - кәсіпорынға жеткізілетін запас  бөлшектердің тасымалдау шығындарын  азайту.

    Тозған  бөлшектерді қалпына келтіру  экономикалық көзқарас жақтан пайдалы, егер:

    жаңа  бөлшектер салыстырымында

    в + Ен Кв) Y =< ( Ц + Зтр)              (3)

    Жаңа  бөлшектерді өзіңнің  қаражатымен  жасаған салыстырымында

    в + Ен Кв) Y =< ( Cизг + Eн Kизг)      (4)

    Мұндағы,

    Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;

    Ен  – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;

    Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен         мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.

    Ү –  жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген  бөлшектердің арасындағы қызмет ету  мерзімін есептейтін коэффициенті;

    Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан кәсіпорынға  жеткізу тасымалдау шығындары;

    Сизг - өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен өзіндік құн;

    Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.

    Тәжірибе  көрсеткендей орта және әсіресе ірі кәсіпорындарда  тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады. Жөндеу шығындарын азайтудың басқа да жолдары көп. Бірақ, минималды шығындар өз қорларының активті активін уақытылы жаңартып отыратын, моральді және табиғи тозудың шамадан тыс болдырмай, амортизацияның жедел түрін пайдаланатын, кәсіпорындар жөндеу шығындарын  көп есе азайта алады [19].

    Негізгі қордың жөндеуі:

    Кәсіпорында негізгі қорларды қолдану үрдісінде  үнемі тозып отырады. Оларды жұмысқа  қабілетті жағдайда ұстау үшін жөндеу жүргізіп отыру қажет. Жөндеудің үш түрі ажыратылады: қалпына келтіруші, ағымды, капиталды.

    Қалпына келтіруші жөндеуі – бұл әртүрлі  жағдайларға байланысты болатын  жөндеудің ерекше түрі: стихихиялық  аппараттар (суалу, өрт, жер- сілкінісі), әскери бұзушылық , негізгі қорлардың ұзақ тұрып қалу жағдайларына байланысты сияқты. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаржысына жасалады.

    Ағымды  жөндеу – бұл кіші жөндеу және негізінен  негізгі қорлар қызмет ету барысында  жасалады. Тәжірибе бойынша көп уақыт алмайды. Кіші жөндеуде  кейбір бөлшектер  және тораптар ауыстырылады, анықталған кіші жөндеулер орындалады.

    Капиталды жөндеу – бұл негізгі қорлардың  негізгі жөндеуін жүргізеді. Кәсіпорынды  жөндеуде машина толық бөлшектенеді, тозған барлық тораптар мен бөлшектер ауыстырылады. Капиталды жөндеуден кейін машинаның техникалық параметрлері бастапқыға жақындау керек [7].  

1.3 Негізгі құралдардың  пайдалану тиімділігін  бағалаудың әдістемелік  негіздері 

    Өндірістік  негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және  өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану